Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы" бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 19 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы Қызылорда қаласында 1 (бір) шаршы метрге 2300 (екі мың үш жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |