Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарқаралы ауданының әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 "Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5074 болып тіркелген) шешімі;
2) Қарқаралы ауданының әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 "Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31469 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Ә. Арғынов |