ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27–бабына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтоғай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы №49 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6455-09 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Р. Абеуов |