Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.
Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №19-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5185-08 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Сарысу аудандық мәслихат төрағасы | Ш. Мусабеков |