Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3 тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы №270 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4764 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нурадинов Алибек Нагыметуллаевичке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Мойынқұм ауданының әкімі | Е. Карентаев |