"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 8 сәуірдегі № 76 | |
қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі
№ | Тауарлы балық өнімдерінің түрі | Өндіріс көлемі, сатып алу (тонна, дана, бірлік) | Бір килограмм балық азығына, 1 (бір) дана балық өсіру материалын сатып алуға, балық өсіру-биологиялық негіздеме алуға субсидиялар сомасы (теңге) |
Субсидия сомасы, |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 236 тонна | 270 | 76464,0 |
1.2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 5 тонна | 285 | 2137,5 |
1.3 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азығы үшін) | 50 тонна | 105 | 21000,0 |
1.4 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азығы үшін) | 50 тонна | 210 | 16800,0 |
1.5 | Жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 25 тонна | 210 | 6300,0 |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
2.1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының ұрықтанған уылдырығы (дана) – 1 (бір) уылдырық | 1600000 дана | 5 | 8000,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 1271940 дана | 25 | 31798,5 |
2.3 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 14000 дана | 250 | 3500,0 |
2.4 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (30 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 2000000 дана | 15 | 30000,0 |
3. | Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | 8 бірлік | 500000 | 4000,0 |
Барлығы: | - | - | 200000,0 |