Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихатының төрағасы | |
| Т. Сарманов |
| Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қазандағы № 32-5/4 шешіміне қосымша |
Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 103-18 болып тіркелген) шешімі.
2. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 "Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-4/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189-18 болып тіркелген) шешімі.
3. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 "Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2025 жылғы 19 мамырдағы № 27-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 456-18 болып тіркелген) шешімі.