Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
"Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 256-18 болып тіркелген) шешімі;
"Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIIІ "Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 8 қазандағы № 19/6-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 356-18 болып тіркелген) шешімі;
"Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIIІ "Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2025 жылғы 28 наурыздағы № 25/8-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 434-18) болып тіркелген шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | |
| М. Нұрсұлтанұлы |