"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2-16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген);
2) "Алматы облысының жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-176 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| К. Байгоджаев |