Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 136 "Қарғалы ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесін төмендету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8528-04 болып тіркелген) күшiн жойды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Аманжолов |