Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 284 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37641 болып тіркелді

      Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8545-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";

      көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:

      1 тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына қатысты жол берілетін шекті шығындардың үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 4-1 – тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін есептейді.";

      жоғары көрсетілген шешімнің 3 тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табасын көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.";

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ырғыз аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Турымов

О внесении изменении в решение маслихата Иргизского района от 18 марта 2024 года № 117 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе"

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 18 декабря 2025 года № 284. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2025 года № 37641

      Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести следующие изменения в решение маслихата Иргизского района от 18 марта 2024 года № 117 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8545-04):

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Иргизском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Иргизском районе.";

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Иргизском районе, утвержденных указанным решением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Размер и правила оказания жилищной помощи в Иргизском районе";

      в приложении 1 к указанному решению:

      Часть третья пункта 1 изложить в новой редакции:

      "Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пяти) процентов";

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее – Правила).";

      пункт 3 вышеуказанного решения изложить в новой редакции следующего содержания:

      "3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи согласно Правилам.";

      2. Государственному учреждению "Аппарат Иргизского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Иргизского районного маслихата, после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Иргизского
районного маслихата
М. Турымов