"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді Егіндікөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Қ.Қ Әбішке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | К.Шинтемиров |
| Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 8С34-6 шешіміне қосымша |
Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалар және мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының тұратын мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін айқындайды және Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтіндер (бұдан әрі-мамандар).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.
2-тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі (бұдан әрі - тізім), екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Егіндікөл ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
8. ММ қызметкері мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде мм оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.