ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
14) тармақша жаңа мазмұнда жазылсын:
"14) әлеуетті жеткізуші:
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әрекет етпейтін болып табылады;
оның тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз болып табылады;
оған қатысты заңды күшіне енген сот актісімен жалған белгілері бар қызметті жүзеге асыру, оның ішінде күмәнді шот-фактураларды пайдалану фактісі анықталған.
Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі;";
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 114-бабында көзделген салық есептілігі соңғы үш жылда жоқ немесе нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған.
Тауар өндірушілер мен жылдық көлемі құндық көріністе АЕК-тің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын ТЖҚ сатып алу кезінде әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін осы тармақша бойынша қабылдамауға жол берілмейді.
Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына нөлдік көрсеткіштері бар салық есептілігін беруді растайтын мәліметтердің электрондық көшірмелері қоса беріледі".
87-тармақ жаңа мазмұнда жазылсын:
"87. Егер ТЖКҚ сатып алу осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларына сәйкес осы Қағидаларды бұза отырып өткізілген болса, осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес ТЖКҚ сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылмайды.
Өтпеген ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың 65-тармағының 6), 7), 10), 11), 13) 14) тармақшаларына сәйкес барлық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері қабылданбаған жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс беруші өтпеген ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатыспаған жеткізушіден ТЖКҚ бір көзден сатып алмайды.
Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 65-тармағының 15) тармақшасында көзделген негіз бойынша конкурстық өтінімі қабылданбаған әлеуетті өнім берушіден өткізілмеген ашық конкурстың, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттықтың) қорытындылары бойынша бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі