ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамсыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 139 Бұйрықпен бекітілген |
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін теңестіру коэффициентін (бұдан әрі – теңестіру коэффициенті) айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдыңғы кезең – ағымдағы тоқсанның алдындағы күнтізбелік тоқсанға тең уақыт кезеңі;
2) алдағы кезең – ағымдағы күнтізбелік тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан.
2-тарау. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау тәртібі
3. Теңестіру коэффициентін айқындау үшін есепке алудың бақылау аспаптары мен бақылау-касса машиналарының деректерінен, сондай-ақ ашық көздерден, оның ішінде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің ресми интернет-ресурстарын және тауар биржаларын мониторингтеу жолымен алынған деректер пайдаланылады.
4. Салық саясаты саласындағы уәкілетті органға:
1) мемлекеттік органдардың ресми деректері және (немесе) жалпыға қолжетімді ресми ақпарат көздері негізінде – алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасымен шекаралас өңірлердегі Аи-92 бензинінің бөлшек саудадағы орташа бағасы;
2) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынатын ресми деректер негізінде – алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы Аи-92 бензинінің бөлшек саудадағы орташа бағасы;
3) көмірсутектер саласындағы ұлттық компания – алдыңғы кезеңдегі өнім бірлігіне мұнай өндірудің орташа өндірістік өзіндік құны туралы ақпарат алдағы кезеңнің алдындағы айдың 1-інен кешіктірілмей беріледі.
5. Теңестіру коэффициенті Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының әрбір мөлшерлемесі үшін алдағы кезеңге айқындалады.
6. Теңестіру коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Егер түзету коэффициенті енгізілмеген болса, оның мәні бір бірлікке тең болады.
Мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

![]()
![]()
өз.құн – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын 20 пайызға ұлғайтылған өнім бірлігіне мұнай өндірудің орташа өндірістік өзіндік құны, тоннасына теңгемен;
мөлш – Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі;
![]()
Мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициенті шикі мұнайдың өндірістік өзіндік құнын мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағаларын шекара маңындағылармен жақындату үшін талап етілетін деңгейге дейін ұлғайту қажет болған жағдайда есептеледі. Мұнайдың өндірістік өзіндік құнын ұлғайту қажет болмаған кезде бағаның өзгеру коэффициентінің нөлдік мәні қолданылады.
Мұнайды меншікті өндірістік мұқтаждарға пайдаланған жағдайда, теңестіру коэффициентін айқындау кезінде мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициентінің мәні нөлге тең деп танылады.
Осы тармақта көзделген коэффициенттердің мәндері үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеледі.
7. Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган теңестіру коэффициентін осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындайды және шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығына теңестіру коэффициенттерінің кестесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша алдағы кезеңнің алдындағы айдың 15-інен кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
| Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Бастапқы коэффициенттер кестесі
Жылдық өндіру көлемі | Мұнайдың баррелінің құны, АҚШ доллары | ||||||||||||||||||
20 | 30 | 40 | 50 | 60 | 70 | 80 | 90 | 100 | 110 | 120 | 130 | 140 | 150 | 160 | 170 | 180 | 190 | 200 | |
250 000 тоннаға дейін | 0,13 | 0,13 | 0,13 | 0,10 | 0,08 | 0,08 | 0,07 | 0,07 | 0,07 | 0,06 | 0,06 | 0,06 | 0,05 | 0,05 | 0,05 | 0,05 | 0,05 | 0,05 | 0,05 |
500 000 тоннаға дейін | 0,17 | 0,17 | 0,17 | 0,13 | 0,11 | 0,10 | 0,09 | 0,09 | 0,09 | 0,08 | 0,08 | 0,08 | 0,07 | 0,07 | 0,07 | 0,07 | 0,06 | 0,06 | 0,06 |
1 000 000 тоннаға дейін | 0,18 | 0,18 | 0,18 | 0,14 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | 0,10 | 0,10 | 0,09 | 0,09 | 0,09 | 0,08 | 0,08 | 0,08 | 0,07 | 0,07 | 0,07 | 0,07 |
2 000 000 тоннаға дейін | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,15 | 0,13 | 0,12 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,09 | 0,09 | 0,09 | 0,08 | 0,08 | 0,08 | 0,08 |
3 000 000 тоннаға дейін | 0,21 | 0,21 | 0,21 | 0,16 | 0,14 | 0,13 | 0,13 | 0,12 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,09 | 0,09 | 0,09 | 0,08 | 0,09 |
4 000 000 тоннаға дейін | 0,22 | 0,22 | 0,22 | 0,17 | 0,15 | 0,14 | 0,13 | 0,13 | 0,13 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | 0,11 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,09 | 0,09 | 0,09 |
5 000 000 тоннаға дейін | 0,23 | 0,23 | 0,23 | 0,18 | 0,16 | 0,15 | 0,14 | 0,14 | 0,13 | 0,13 | 0,12 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | 0,11 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 |
7 000 000 тоннаға дейін | 0,24 | 0,24 | 0,24 | 0,19 | 0,17 | 0,16 | 0,15 | 0,15 | 0,14 | 0,14 | 0,13 | 0,13 | 0,12 | 0,12 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | 0,10 | 0,11 |
10 000 000 тоннаға дейін | 0,26 | 0,26 | 0,26 | 0,21 | 0,19 | 0,17 | 0,17 | 0,16 | 0,16 | 0,15 | 0,14 | 0,14 | 0,13 | 0,13 | 0,13 | 0,12 | 0,12 | 0,12 | 0,12 |
10 000 000 тоннадан жоғары | 0,28 | 0,28 | 0,28 | 0,23 | 0,21 | 0,20 | 0,19 | 0,18 | 0,18 | 0,17 | 0,16 | 0,16 | 0,15 | 0,15 | 0,15 | 0,14 | 0,14 | 0,13 | 0,14 |
| Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
20 __ жылғы__ тоқсанға арналған шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығына теңестіру коэффициенттерінің кестесі
Жылдық өндіру көлемі | Мұнайдың баррелінің құны, АҚШ доллары | ||||||||||||||||||
20 | 30 | 40 | 50 | 60 | 70 | 80 | 90 | 100 | 110 | 120 | 130 | 140 | 150 | 160 | 170 | 180 | 190 | 200 | |
250 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
500 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
1 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
2 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
3 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
4 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
5 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
7 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
10 000 000 тоннаға дейін | |||||||||||||||||||
10 000 000 тоннадан жоғары | |||||||||||||||||||