ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 790-бабы 3-тармағана сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылған Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 554 бұйрықпен бекітілген |
Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 790-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және аккредиттелген зертханалардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекіту тәртібін белгілейді.
Тізбеде сатылатын минералдық шикізаттағы қатты пайдалы қазбалардың құрамын растауды жүзеге асыратын аккредиттелген зертханалар туралы мәліметтер қамтылады.
2. Тізбе ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей келесі жылға және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жаңартылады. Аккредиттелген зертхана аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастыратын аккредиттеу субъектілерінің тізілімінен шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбеден шығарылады.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген, аккредиттелген зертханалар тізбесіне кіруге ниеттенген сынақ зертханасы (бұдан әрі - Өтініш беруші);
2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті.
4. Тізбе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін сынақ зертханалары енгізіледі:
1) "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттеу аттестатының болуы;
2) халықаралық немесе өңірлік немесе ұлттық зертханааралық салыстыру бағдарламаларына қатысу.
2-тарау. Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту тәртібі
5. Өтініш беруші Тізбеге енгізу үшін келесі жылға ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейінгі кезеңде және тиісті жылға 1 мамырдан 1 маусымға келесі құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға қағаз немесе электрондық нысанда өтінім береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) аккредиттеу субъектісінің паспортын қоса бере отырып, аккредиттеу аттестатының көшірмесі;
3) сынақ жүргізу кезінде пайдаланылатын сынақ жабдығы мен өлшеу құралдарының техникалық паспорттарының көшірмелері;
4) халықаралық немесе өңірлік немесе ұлттық зертханааралық салыстыру бағдарламаларына қатысуды растайтын мәліметтер (еркін нысанда) және құжаттар;
5) аккредиттеу саласына сәйкес ұйым қызметі кезеңінде орындалған жұмыстардың көлемі (өндірілген немесе қайта өңделген шикізаттың талданатын сынамаларының саны туралы) жөніндегі мәліметтерді қамтитын еркін нысандағы анықтама. Қызметті 3 жылдан астам жүзеге асырған жағдайда, соңғы 3 жылда орындалған жұмыстардың көлемі (өндірілген немесе қайта өңделген шикізаттың талданатын сынамаларының саны туралы) бойынша мәліметтер ұсынылады.
6. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
7. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынса және (немесе) ондағы жалған мәліметтерді көрсетсе, уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінішті оған қоса берілген құжаттарды қоса бере отырып қайтарады.
Анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта ұсынады.
8. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және өтініш берушіні Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Тізбе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітіледі және бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі Тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
11. Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге өзінің алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдаудың уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Істі қарау туралы хабарлама заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарландыру алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өтеді.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті органның Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 91-бабында көзделген сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі.
| Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидаларына 1-қосымша нысан |
Арыз
Аккредиттелген зертханалар тізіміне __________________________________
(заңды тұлғаның атауы, телефон,электрондық пошта) енгізуіңізді сұраймыз.
Қосымша:
№ | Құжат атауы | Қол жетімділік белгісі |
1 | 2 | 3 |
1 | Аккредиттеу субъектісінің паспортын қоса бере отырып, аккредиттеу аттестатының көшірмесі | |
2 | Сынақ жүргізу кезінде пайдаланылатын сынақ жабдығы мен өлшеу құралдарының техникалық паспорттарының көшірмелері | |
3 | Халықаралық немесе өңірлік немесе ұлттық зертханааралық салыстыру бағдарламаларына қатысуды растайтын мәліметтер (еркін нысанда) және құжаттар | |
4 | Аккредиттеу саласына сәйкес ұйым қызметі кезеңінде орындалған жұмыстардың көлемі (өндірілген немесе қайта өңделген шикізаттың талданатын сынамаларының саны туралы) жөніндегі мәліметтерді қамтитын еркін нысандағы анықтама. Қызметті 3 жылдан астам жүзеге асырған жағдайда, соңғы 3 жылда орындалған жұмыстардың көлемі (өндірілген немесе қайта өңделген шикізаттың талданатын сынамаларының саны туралы) бойынша мәліметтер |
Қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы _______________ _________ ________________________________
(мөр басылған жер) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
| Аккредиттелген зертханалардың тізбесін бекіту қағидаларына 2-қосымша нысан |
Аккредиттелген зертханалардың тізімі
№ | Атауы | Куәлік нөмірі және оның әрекет ету мерзімі |
Өнімнің (объектінің) | Мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |