БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
23-тармақ алынып тасталсын;
2) "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер жануарлар:
1) жөнелту пункті мен межелі пункт бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсетіле отырып, олар эпизоотиялық жағынан қолайлы болған жағдайда, республика аумағы бойынша;
2) жөнелту пунктінің және межелі пункт бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсетіле отырып, олардың аумағы бірдей аймақтарға бөлінген кезде республика аумағы бойынша;
3) мәліметтерін ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсете отырып, жануарларды кейіннен санитариялық сою үшін жануарларды сою объектілеріне (ет өңдеу кәсіпорындарына) жеткізу кезінде;
4) мәліметтерін ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсете отырып, жөнелту пункті эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы болған кезде кейін сою үшін қайта келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілген, орны ауыстырылған болса, онда жануарларды карантиндеу жүргізілмейді. Жануарларды сою межелі пунктте 72 (жетпіс екі) сағат ішінде жүргізіледі.
Осы тармақ осы Қағидалардың 9-1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Карантиндеу кезеңінде жануарлар ауырған және/немесе ауру жануарлар анықталған және/немесе жануарлардың саулығы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда (жоғары температура, қатты сілекей ағуы, депрессия, жиі тыныс алу, сынықтар, жарақаттар, диарея, аяқ-қолдардың салдануы), жануарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге және республика ішінде орнын ауыстыруға жол берілмейді.
Карантиндеу кезеңінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Жануарларды, жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары анықталған кезде барлық карантинделетін жануарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге және республика ішінде орын ауыстыруға жол берілмейді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігері осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жануарларға қатысты ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес ветеринариялық іс-шаралар жүргізеді.
Егер жөнелтуші елінде (үшінші елдер немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) немесе межелі пунктте республика ішінде түрлі типпен аймақтарға бөлінген эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) (бақылау аймағынан қолайлы аймаққа немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған қолайлы аймақтан вакциналанған қолайлы аймаққа) диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жануарларда оң (серологиялық, аллергиялық және басқа зерттеулер) реакциялар анықталса, онда ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) карантинделетін жануарлардың немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделетін жануарлардың барлық партиясын әкелуден бас тартады.
Үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген жануарларды карантиндеу кезеңінде жануарлардың ауруы және/немесе ауру жануарлар анықталған кезде оларды карантиндеу мерзімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы эпизоотиялық жағдайды анықтау және түпкілікті диагнозды белгілеу бойынша қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті кезеңге тиісінше ұзартады. Егер жануарларда диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оң (серологиялық, аллергиялық және басқа да зерттеулер) реакциялар анықталса, ведомство мұндай жануарларды республикадан тыс жерлерге (Еуразиялық экономикалық аймаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге) әкету мүмкін болмаған жағдайда, карантинделетін жануарлардың немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделетін жануарлардың барлық партиясын әкелуден бас тартады. Мұндай жануарларды республикадан тыс жерлерге (үшінші елдерге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге) әкету мүмкін болмаған жағдайда, Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу қағидаларына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы республика аумағына өткен немесе қайтарылған жағдайда, аталған жануарларға қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес шаралар қолданылады және жануарларды карантиндеу жүргізіледі.
Жануарларды карантиндеу ұзақтығы, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, кемінде күнтізбелік 21 (жиырма бір) күнді құрайды және ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық зерттеулер мен жануарларды ветеринариялық қарап-тексеруді жүргізуге және аяқтауға байланысты болады.
Карантиндеу кезеңінде жануарлар ауырған, және/немесе ауру жануарлар анықталған, және/немесе жануарлардың саулығы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда (температураның жоғарылауы, қатты сілекей ағуы, депрессия, жиі тыныс алу, сынықтар, жарақаттар, диарея, аяқ-қолдардың салдануы), Ветеринариялық (ветеринариялық) қағидаларға сәйкес ветеринариялық іс-шаралар жүргізіледі.";
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 491 бұйрығына 1-қосымша Жануарларды карантиндеу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан

Кімге______________________
_________________________
(ветеринария саласындағы
уәкілетті органның ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің атауы)
кімнен _________________________
___________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі))
Мекенжайы ____________________
________________________
Өтініш нөмірі: __________
Өтініш
__________________________________________________________________
(жануарлар саны) жануарды карантиндеуді сұраймын.
Ауыл шаруашылығы жануар(лар)ының жеке нөмір(лер)і:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері
ауыл шаруашылығы жануар(лар)ы туралы мәліметтерді (түрі, жасы (туған күні),
тұқымы, жынысы) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі
дерекқордан алады. Өндіріс объектісінің есепке алу нөмірі және қызмет
түрі________________________________________________________________
Өндіріс объектісінің мекенжайы ___________________________________
________________________________________________________________
Экспорттаушы ел (әкету кезінде)___________________________________
Импорттаушы ел (әкелу кезінде)____________________________________
Жөнелтуші шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік
(келген, сатып алған кезде)_________________________________________
Алушы шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік
(республика аумағында жануарлардың орны ауыстырылған кезінде)
_____________________________________________________________
Жоспарланған келу, әкелу, әкету, сатып алу, орнын ауыстыру күні 20 жылғы " "
Байланыс телефондары___________________________________________
Электрондық мекенжайы _________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге,
сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші немесе оның өкілі
______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы /электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20 жылғы " "

| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 491 бұйрығына 2-қосымша Жануарларды карантиндеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан

Кімге______________________
_________________________
(ветеринария саласындағы
уәкілетті органның ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің атауы)
кімнен _______________ ___________________________
((жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі))
Мекенжайы ____________________
________________________
Өтініш нөмірі: __________
Кері қайтарып алуға арналған өтініш
20 жылғы "___" № өтінішті қараусыз қалдыруды сұраймын, себебі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге,
сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші немесе оның өкілі________________________________________
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20 жылғы " "




