БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14089 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы халықаралық салыстырулар және елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжауында пайдаланатын еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Еңбек құнының индексін есептеу үшін бастапқы статистикалық деректерді өңдеу процесі кезінде алынған еңбек статистикасының біріктірілген деректері пайдаланылады.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Еңбек құны индексінің уақыт қатарларын күнтізбелік және маусымдық түзету";
20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Еңбек құны индексіндегі негізгі үрдісті анықтау үшін JDemetra+ бағдарламалық жасақтамасында X-13-ARIMA әдісін пайдалану арқылы еңбек құны индексінің динамикалық қатарына маусымдық және күнтізбелік түзету жүргізіледі. Уақыт қатары мына түрде ұсынылуы мүмкін:
Аддитивті модель:
Xₜ = TCₜ + Sₜ + Oₜ + Cₜ + Iₜ, | (11) |
Мультипликативті модель:
Xₜ = TCₜ*Sₜ* Oₜ* Cₜ*Iₜ, | (12) |
мұнда:
Xₜ - бастапқы уақыт қатар;
TCₜ - трендтік цикл;
Sₜ - маусымдық компонент;
Oₜ - ауытқулар;
Cₜ - күнтізбелік компонент;
Iₜ - тұрақсыз тербелістер.
21. Маусымдық түзету процесі үш кезеңмен орындалады.
Рәсімнің бірінші кезеңінде уақыт қатарын алдын ала түзету орындалады. Алдын ала түзетудің мақсаты – детерминирленген әсерлерді ескере отырып уақыттық қатарды түзету және ең соңғы деректердің маусымдық түзетуін жақсарту үшін қатарды болжамдар арқылы кеңейту. Осы кезеңде ARIMA моделі таңдалады, ал күнтізбелік әсерлер мен ауытқулар анықталып, қатардан жойылады.
Xₜ = Oₜ + Cₜ + Zₜ немесе Xₜ = Oₜ * Cₜ * Zₜ, мұнда Zₜ процесін ұстанады және | (13) | |
Zₜ = TCₜ + Sₜ + Iₜ немесе Zₜ = TCₜ * Sₜ * Iₜ, ұстанады | (14) |
мұнда:
Zₜ - ARIMA(p,d,q) бойынша үлгіленген стохастикалық компонент;
Oₜ, Cₜ - анықталған және жойылған ауытқулар және күнтізбелік әсерлер.
Рәсімнің екінші кезеңінде линеаризацияланған уақыт қатарын X-11 жылжымалы орташа сүзгілерін пайдалана отырып компоненттерге бөледі. Жылжымалы орташа реттің сүзгісі p+f+1 және коэффициенттері (салмақтары) {qi} былай анықталады:
| (15) |
Үшінші кезеңде әртүрлі маусымдылық тесттері, модельдің тұрақтылығы және түзетілген қатарлар негізінде маусымдық түзету процесінің сапасына диагностика жүргізіледі. Сапа диагностикасының негізгі принциптері мыналар:
модельдің/транформациялаудың нақты емес ерекшелігінің болмауы;
қалдық маусымдық/күнтізбелік әсерлердің немесе маусымдық/күнтізбелік әсерлердің шамадан тыс түзетулерінің болмауы;
ауытқуларды/маусымдық үзілістерді жеткіліксіз немесе шамадан тыс өңдеудің болмауы;
трендтік циклде/маусымдық/күнтізбелік компоненттерде тұрақсыздықтың немесе тұрақсыз компоненттегі заңдылықтардың болмауы;
трендтік циклде, маусымдық және күнтізбелік компоненттерде тұрақсыз әсердің ықпалының болмауы;
модель қалдықтарында корреляцияның болмауы.
22. Маусымдық және күнтізбелік түзету үшін қажетті шарт – тоқсандық уақыт қатарлары үшін кемінде бес (5) жылдық бақылаулардың болуы.
23. Жұмыс күнінің компонент моделі ресми мереке емес дүйсенбіден жұмаға дейінгі барлық жұмыс күндері ұқсас әсерлер беретінін және демалыс күндері (сенбі, жексенбі және ресми мереке күндері) де ұқсас әсерлер беретінін болжайды.
| (16) |
мұнда:
LYt - кібісе жыл регрессоры;
Njt - t кезеңнің j аптасының күні;
b0 және b1 - регрессия коэффициенттері.
Уақыт қатарының маусымдық компонентін сенімді бағалауды қамтамасыз ету үшін түзету процесінде Қазақстанның ұлттық күнтізбесі пайдаланылады.
Ұлттық күнтізбелік әсерлерге мыналар кіреді:
1) демалыс күндері;
2) мемлекеттік мерекелер;
3) кібісе жылдың әсері;
4) Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосы.
Күнтізбелік әсерлер Қазақстан үшін жұмыс күндері әсерлерінің әртүрлі комбинацияларын көрсететін он (10) күнтізбелік регрессордың көмегі арқылы есепке алынады.
10 күнтізбелік регрессордың сипаттамасы
Атауы | Сипаттамасы | |
1-регрессор | Non-Fixed | Мереке күндері жұмыс істемейді |
2-регрессор | Non-Moving | Құрбан айттың бірінші күні мен православ Рождествосында жұмыс істемейді |
3-регрессор | Non-Sunday | Жексенбі күндері жұмыс істемейді |
4-регрессор | Non Sunday & Fixed | Жексенбі және мереке күндері жұмыс істемейді |
5-регрессор | Non Sunday & Moving | Жексенбі күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
6-регрессор | Non Sunday & Fixed & Moving | Жексенбі күндері, мереке күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
7-регрессор | Non Saturday & Sunday | Демалыс күндері жұмыс істемейді |
8-регрессор | Non Saturday & Sunday & Fixed | Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді |
9-регрессор | Non Saturday & Sunday & Moving | Демалыс күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
10-регрессор | Non Saturday & Sunday & Fixed & Moving | Демалыс күндері, мереке күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
";
24 және 25-тармақтар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |



