БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) жүрдек жолаушылар пойызы – сағатына 141 киллометрден 200 километрге дейiнгi қозғалыс жылдамдығымен жүретiн жолаушылар пойызы;";
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"50) Тежеу жолы – тежеу жүйесін басқаруға арналған аспаптар мен құрылғыларға, оның ішінде шұғыл тежеу кранының (тоқтату кранының) іске қосылуына әсер еткен сәттен бастап толық тоқтағанға дейін пойызбен өтетін жол;";
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"58) Шұғыл тежеу – максималды тежегіш күшін қолдану арқылы пойызды дереу тоқтатуды қажет ететін жағдайларда қолданылатын тежеу;";
мынадай мазмұндағы 60, 61, 62 және 63) тармақшалармен толықтырылсын:
"60) тұрақ тежегіші – теміржол жылжымалы құрамының бірлігінде орналасқан және оны тұрақта өздігінен кетуден ұстап тұруға, сондай-ақ мәжбүрлеп авариялық тоқтатуға арналған қолмен немесе автоматты жетегі бар құрылғы;
61) "Talgo" вагондары – "Patentes Talgo S. L." компаниясының технологиясы бойынша салынған жолаушылар вагондары;
62) жылжымалы блок-учаске – аралықтағы келесі пойыздар арасындағы қашықтықты өлшеу үшін қолданылатын радиобұғаттау кезіндегі станция аралық аралықтың бөлігі;
63) мобильді диагностикалық құралдар – теміржол жолы мен оның құрылыстарының жай-күйін бақылауға арналған, функционалы бойынша бір немесе шектеулі болуы мүмкін және өлшеулер мен тексерулердің жекелеген түрлерін орындауға арналған жылжымалы құрылғылар;
64) мобильді диагностикалық кешендер – жолдың және оның құрылыстарының техникалық жай-күйін аспаптық тексеруге арналған, кешенді өлшемдерді орындайтын, деректерді өңдеуді және беруді, қозғалыс қауіпсіздігін бақылау және жөндеу жұмыстарын жоспарлау жүзеге асырылатын тексерудің дәлдігі мен жылдамдығын арттыруды қамтамасыз ететін жылжымалы диагностикалық құрылғы немесе құрылғылар жүйесі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен, техникалық және сервистік қызмет көрсетуден өтуі тиіс.
Жыл сайынғы метрологиялық тексеруден аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес жоспарлы жөндеуден өтпеген: байланыс сканерлеу әдісін қолданатын мобильді диагностикалық құралдар үшін қызмет көрсету кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеу 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғырту 4-6 жылда кемінде бір рет болмаса, жолөлшеуіш құралдармен және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ-дар қолданысқа жіберуге; лазерлік сканерлеу әдісін қолданатын мобильді диагностикалық кешендер үшін жылына кемінде 1 рет техникалық қызмет көрсету, орташа жөндеу 5 жылда кемінде 1 рет, күрделі жөндеу немесе жаңарту 10 жылда кемінде 1 рет." рұқсат етілмейді;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Темiр жол жылжымалы құрамының иелерi және темiржол көлiгiнің оған тікелей қызмет көрсететін қызметкерлерi теміржол жылжымалы құрамының жарамды техникалық жай-күйiн, техникалық және сервистік қызмет көрсетуді, жөндеуді және белгiленген қызмет мерзімдерін сақтауды қамтамасыз етедi.
Қызмет мерзімі өткен, сондай-ақ өз осьтерінде алып тасталған (есептен шығарылған) теміржол жылжымалы құрамын магистральды теміржол желісінде пайдалануға жол берілмейді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымалы құрамның және АЖҚ-ның техникалық жай-күйі техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жүк және жолаушылар деполарында, зауыттарда және жөндеу базаларында, жол машиналық станцияларында және заманауи диагностикалық құралдармен жарақтандырылған АЖҚ-ға арналған деполарда локомативтік бригадалармен, кешенді және мамандандырылған бригадалармен техникалық және сервистік қызмет көрсету кезінде жүйелі түрде тексерілуге тиіс.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық қызмет көрсету, сервистік қызмет көрсету мен жөндеудi тiкелей жүзеге асыратын қызметкерлер, тиiстi зауыттардың, деполардың, жөндеу кәсiпорындарының, соның iшiнде АЖҚ деполарының, жол машина станцияларының, дистанциялардың, шеберханалардың және техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң шеберлерi мен басшылары техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң сапасын және жылжымалы құрам мен АЖҚ қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Пойыздық локомотивтерге және моторвагондық пойыздарға бiр машинист қызмет көрсеткен кезде мынадай қауiпсiздiк құралдарымен және құрылғыларымен:
1) пойыздың тежелуiн автоматты басқару жүйесiмен немесе борттық қозғалыс қауіпсіздігі жүйесі, сондай-ақ машинистiң сергектiгiн бақылау жүйесiмен;
2) артқы көрiнiс айналарымен немесе бейнекамера құрылғыларымен;
3) автоматты өрт сөндiру жүйесiмен және өртсөндiргiш жүйемен;
4) тежеу бұғаттамасымен;
5) автожүргiзу жүйесiмен жарақтандырылады.
Моторвагонды жылжымалы құрам есiктердiң жабылуын бақылау сигнализациясымен және "жолаушы – машинист" байланысымен жабдықталады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бiр машинист қызмет көрсететiн маневрлiк локомотивтер:
1) оларды вагондардан дистанциялық ағыту құрылғыларымен;
2) екiншi басқару пультiмен;
3) екі жағынан көрiнiс айналарымен немесе бейнекамералармен жан-жақты бақылау;
4) машинист кенеттен локомотив жүргiзу қабiлетiнен айырылған кезде автоматты тоқтату құрылғыларымен жабдықталады.
Созылмалы еңiстерi мен өрлеулерi бар аз қамтылған учаскелердегi жүк қозғалысының маневрлiк жұмысы кезiнде шығару, тапсыру, диспетчерлiк және басқа жұмыс түрлерiмен айналысатын локомотив, сондай-ақ локомотив тартқыштары жолаушы қозғалысындағы, моторвагонды жылжымалы құрамды қоспағанда пойыз локомотивтерiнiң бiр машинисiне қызмет көрсетуге рұқсат етiледi.
5) машинистің орналасқан жерін көрсететін арнайы сигнал шамдары.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мынадай ақаулылықтардың ең болмаса біреуі болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмейді:
1) дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы;
2) пневматикалық, электрпневматикалық, тұрақ тежегішінiң немесе сығымдағыштың ақаулығы;
3) кем дегенде бір тартқыш электр қозғалтқышын түзету немесе ажырату (тартқыш жүктемесі толық болмаған кезде локомотивтің энергия тиімділігін арттыру үшін жарамды тарқыш электр қозғалтқыштарын штаттық ажырату жағдайларын қоспағанда);
4) автоматты локомотивтiк сигнализациясының немесе қауiпсiздiк құрылғыларының ақаулығы, жылдамдықты бұру сенсорының (ЖБС) ақаулығы;
5) автотоқтатудың немесе машинистiң сергектiгiн тексеру құрылғыларының ақаулығы, пойызды автоматты басқара жүргізу жүйелері;
6) жылдамдық өлшегiштiң және оның құрылғыларының реттеушi жетегiнiң ақаулығы;
7) пойыздық және маневрлiк радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда – "жолаушы-машинист" байланысының ақаулылығы;
8) гидродемпферлердiң, аккумуляторлық батареяның ақаулығы;
9) автотiркегiш құрылғылардың ақаулығы, соның iшiнде ағыту тұтқышы шынжырының үзiлуi немесе оның деформациясы;
10) құм беру жүйесiнiң ақаулығы;
11) прожектордың, буферлiк шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы;
12) қамыттағы, серiппелi iлiнiстегi немесе серiппенiң түпкi табағындағы жарық, серiппе табағының сынуы;
13) букс корпусындағы, арба жақтауында жарық;
14) букстық немесе моторлы-осьтiк мойынтiректiң ақаулығы;
15) бөлшектердiң жолға түсiп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы;
16) тартқыш тiстi берiлiстiң ең болмағанда бiр ғана тiсiнiң жарығы немесе сызаты;
17) майдың ағып кетуiне әкелетiн тiстi берiлiс қорабының дұрыс жұмыс істемеуі;
18) өрт сөндiру құралдарының, автоматты өрт сөндiру сигнализациясының ақаулығы (локомотив конструкциясында көзделген);
19) қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдiң авариялық тоқтауынан сақтандыру құрылғыларының ақаулығы;
20) дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуы;
21) электр жабдығының қорғаныш қаптамаларының болмауы;
22) локомотивтi басқарудың микропроцессорлық жүйесiнiң ақаулығы.
23) жоғары вольтты камераның қорғаныс құлпының дұрыс жұмыс істемеуі;
24) ток қабылдағыштың ақаулығы.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ тұрақ тежегіштері жабдықталады. Жүк вагондарының бір бөлігінде құрылымына сәйкес тоқтату краны және тұрақ тежегіші бар өту алаңы болуы мүмкін. Теміржол жылжымалы құрамындағы тұрақ тежегіші жарамды жай-күйде ұсталуы қажет.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Автотiркегiш осiнiң рельс бастиектерiнiң деңгейiнiң үстiндегi биiктiгi:
1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында – 1080 миллиметрден артық болмайтын;
2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында, бос жүк вагондарында – кем дегенде 980 миллиметр;
3) төрт осьті (тиелген) жүк вагондарында және екі осьті арбалардағы буындалған үлгідегі вагондарда – кемінде 950 миллиметр, алты және сегіз осьті вагондарда кемінде 990 мм, бос рефрижераторлы вагондарда кемінде 1000 мм;
4) АЖҚ-та бос күйiнде – 1080 миллиметрден артық болмайтын, тиелген күйiнде – кем дегенде 980 миллиметр.
Рельстер басының деңгейінен жоғары автотіркегiш осінің биіктігін поездың бас және құйрық вагондарының бос автотіркегiште бақылау.
Рельс бастарының жоғарғы деңгейінен жоғары автотіркеу осінің биіктігі ағымдағы ағытпалы жөндеуге ағыту арқылы реттеледі.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Автотiркегiштердiң бойлық осьтерiнiң арасында биiктiгi бойынша:
1) жүк пойызында – 100 миллиметрден артық болмайтын;
2) локомотив пен жүк пойызының жүк тиелген бiрiншi вагоны арасында – 110 миллиметрден артық болмайтын;
3) локомотив пен жолаушылар пойызының бiрiншi вагоны арасында – 110 миллиметрден артық болмайтын;
4) сағатына 120 километр жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызында – 70 миллиметрден артық болмайтын;
5) сондай сағатына 121-140 километр жылдамдықпен – 50 миллиметрден артық болмайтын;
6) сағатына 141-160 шақырым – 30 миллиметр жылдамдықпен бірдей;
7) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бiрлiктерi арасында – 100 миллиметрден артық болмайтын айырмашылық белгіленеді.
Сағатына 161 километр және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызы вагондар арасындағы саңылаусыз автотiркегiшпен жабдықталады.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Жүктелмеген доңғалақ жұбының доңғалақтарының ішкі беттері арасындағы қашықтық болуы керек:
– 1439-дан 1443 миллиметрге дейін – моторлы-вагонды жылжымалы құрамда;
– сағатына 120-дан 140 километрге дейінгі жылдамдықпен пайдаланылатын локомотивтерде, вагондарда және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда – 1439-дан 1443 миллиметрге дейін;
– 1437-ден 1443 миллиметрге дейін – сағатына 120 километрге дейінгі жылдамдықпен пайдаланылатын локомотивтерде, вагондарда, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын теміржол жолдарына шығуға құқығы жоқ теміржол жылжымалы құрамында;
- 1440-тан 1443 миллиметрге дейін-сағатына 140-тан 200 километрге дейінгі жылдамдықпен пайдаланылатын локомотивтерде;
– 1439-дан 1443 миллиметрге дейін-сағатына 140-тан 160 километрге дейінгі жылдамдықпен пайдаланылатын жолаушылар вагондарында.";
70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Моторвагонды жылжымалы құрамнан немесе аунақшалы букс мойынтiректерi бар тендерден басқа, вагонда жол жүрiп келе жатқанда тереңдiгi 1 миллиметрден артық, бiрақ 2 миллиметрден көп болмайтын сырғақ (ойық), анықталған кезде мұндай вагонды (тендердi) пойыздан ағытпастан (жылдамдығы сағатына 100 километрден артық болмайтын жолаушылар пойызы, сағатына 70 километрден артық болмайтын жүк пойызы) таяу жердегi, доңғалақ жұбын ауыстыруға арналған құралдары бар техникалық қызмет көрсету пунктiне дейiн апаруға рұқсат етiледi.
Сырғақтың көлемi, ойшықтар, ұшқындар, ойықтар, раковиналар моторвагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6-миллиметрге дейiн, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай-ақ арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда 1-ден 2-миллиметрге дейiн болғанда, пойыздың ең жақын станцияға дейiн сағатына 15 километр жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың көлемi тиiсiнше 6-дан жоғары 12 миллиметрге дейiн және 2-ден жоғары 4-миллиметрге дейiн болғанда сағатына 10 километрге дейiнгi жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауыстырылуы тиiс ең жақын станцияға жету рұқсат берiледi. Сырғақтың көлемi, ойшықтар, ұшқындар, ойықтар, раковиналар вагон мен тендерде 12 миллиметрден астам, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонында 4 миллиметрден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерiлуi немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкiндiк бермеу шарты орындалған жағдайда сағатына 10 километр жылдамдықпен жылжуына рұқсат берiледi. Бұл ретте локомотив пойыздан ағытылуы, ал зақымдалған доңғалақ жұбының тежегiш цилиндрлерi және тартымдық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) iстен ажыратылуы тиiс.
71. "Talgo" вагондарының доңғалақтары дайындаушы зауыттың технологиялық нұсқаулығының талаптарына сәйкес келуі, оның ішінде мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) доңғалақтардың ішкі беттері арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, пойыздарда сағатына 160 километрге дейінгі жылдамдықпен айналатын "Talgo" вагондарында ауытқуларға 3 мм-ден аспайтын ұлғаю жағына және 1 мм-ден аспайтын кему жағына жол беріледі;
2) жотаның қалыңдығы кемінде 27 мм, доңғалақтардың диаметрі кемінде 840 мм болуы тиіс;
3) бір арбадағы доңғалақ диаметрінің айырмашылығы 10 мм-ден аспайды;
4) сырғанау бетінде 1,0 мм-ден (ұзындығы 60 мм-ге дейін) аспайтын сырғытпа (шұңқыр) болған кезде артикуляцияланған үлгідегі жолаушылар вагондарынан пойызды жылдамдықты төмендетпей (аралық вагондар үшін 160 км/сағ, шеткі вагондар үшін 120 км/сағ) межелі теміржол станциясына дейін, тереңдігі 1-ден бастап жылжымалы анықталған кезде жеткізуге рұқсат етіледі 2 мм (ұзындығы 60-80 мм) қоса алғанда, жылдамдықты темір жол станциясына дейін 60 км/сағ дейін төмендете отырып, межелі станцияға дейін, 2-ден 4 мм-ге дейін (ұзындығы 80-120 мм) қоса алғанда, жылдамдықты ең жақын теміржол станциясына дейін 15 км/сағ дейін төмендете отырып.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Сұрыптау, учаскелiк және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерiнiң, дөңесасты және пiшiнделген тартымдық жолдардың бойлық бейiндерiн үш жылда кемiнде бiр рет тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесi тексередi. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында бейiн он жылда кемiнде бiр рет тексерiледi.
Басты жолдардың бойлық бейiн аспап арқылы тексеру жолдарды күрделi және орташа жөндеу кезеңiнде жүргiзiледi. Жолдың жоспары мен бейiнiнiң өзгеруiне алып келетiн қайта құру жүргiзiлетiн магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерiн жұмысты орындаушылар жұмысты аяқтаған соң тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiне көрсетілген жұмыстар жүргізілгеннен кейін жолдарды пайдалануға бергенге дейін тиісті құжаттаманы ұсына отырып тексереді.
Станция аумағында жаңа объектiлер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды орындайтын кез келген ұйым қолданыстағы станцияның дамуына объектiнiң байланыстырылуын белгiлейтiн орындаушылық құжаттаманы дереу Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiне бередi";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Барлық шпалдар түрінде едәуiр тiк келетiн учаскелердегi жолтабанның енi:
1) радиусы 349-дан 300 метрге дейін – 1530 миллиметр;
2) радиусы 299 метр және одан кем – 1535 миллиметр.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Номиналдық мөлшерiнен ауытқу шамасы жолтабан енiнiң 1512 миллиметрден кем және 1548 миллиметрден артық болуына, сондай-ақ 2005 жылға дейін шығарылған темір-бетон шпалдары бар учаскелерде жолдың ені 1510 мм-ден кем пайдаланылмайды.
Жолдардың түзу учаскелерiнде жолды пайдалану бiр рельстiк жіктің екiншiсiнен 6 миллиметрге дейін биiк қатынаста деңгейде ауытқу шамасы бойынша жүзеге асырылады.
Қисық учаскелерде сыртқы рельс жігінің жоғары тұруы 150 миллиметрден артық болуына жол берілмейді.";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Темір жолдармен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін станцияларда және елді мекендерге, жақын орналасқан жерлерде қоршау құрылғылары орнатылады.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Мына ақаулықтардың ең болмағанда біреуі орын алған бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат етілмейді:
1) бағыттамалық үшкiрлердiң және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерiнiң ажырауы;
2) үшкiрде бiрiншi тартымның қарсы тұсында, үшкiр айқастырманың өзегiнiң ұшында стрелканың жабық күшiнде өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельстен айқастырмалық жылжымалы өзегiнiң жақтаудан 4 миллиметр және одан да артық кейiн қалуы;
3) үшкiрдiң немесе қарсы бағыттағы бағытта жылжымалы өзекшенi үгiтiлуi, бұл кезде жотаның төну қаупi туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы:
басты жолда 200 миллиметр және одан көп;
қабылдау-жөнелту жолдарында 300 миллиметр;
өзге станциялық жолдарда және кірме жолдарда 400 миллиметр.
4) үшкiр басының немесе жылжымалы өзекшенiң енi үстiңгi бетiнде 50 миллиметр және одан астам болып келетiн қимасында өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельсiнiң қарсысында және жылжымалы өзекшенiң жақтаудың қарсысында 2 миллиметрге және одан астамға төмендеуi;
5) айқастырма өзекшесiнiң жұмыстың қыры мен жанама рельс тiк қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 миллиметрден кем;
6) жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 миллиметрден артық;
7) үшкiрдiң немесе рамалық рельстiң омырылуы, айқастырманың (өзекшенiң, жақтаудың немесе жанама рельстiң) омырылуы;
8) бiр бұрандамалы iшпекте контррельстiк бұрандаманың немесе қос болтты iшпекте екеуiнiң де ажырауы.";
мынадай мазмұндағы 123, 123-1, 123-2, 123-3-тармақтармен толықтырылсын:
"123. Барлық кiру және өту бағдаршамдардың және қорғау бағдаршамдарының алдында ескертпелiк бағдаршамдар орнатылады. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде әрбiр өту бағдаршамы келесi бағдаршамға қатысты ескертпелiк бағдаршамы болып табылады.
Автоматты локомотивтік сигнализация дербес сигнал беру және байланыс құралы ретінде қолданылатын учаскелерде, сондай-ақ радиоблокировкамен жабдықталған учаскелерде кіріс бағдаршамдарының алдында ескерту бағдаршамдары орнатылмайды.";
123-1 Радиобұғаттау қамтамасыз етеді:
1) жолдың бейіні және пойыздар қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығы туралы ақпаратты борттық қауіпсіздік жүйесіне беру;
2) виртуалды блок-учаскелердің жұмыспен қамтылуын/еркіндігін бақылау;
3) борттық қауіпсіздік жүйесімен жабдықталмаған пойыздар немесе борттық қауіпсіздік жүйесі ақаулы пойыздар үшін барлық аралықтың жұмыспен қамтылуын бақылау;
4) пойыздардың қауіпсіз аралықтарын есептеу;
5) стационарлық құрылғылардан борттық қауіпсіздік жүйесіне сигналдарды беру;
6) ДСП (ДНЦ) командасының борттық қауіпсіздік жүйесіне тыйым салатын көрсеткіші бар кіріс (шығыс, бағдарлық) бағдаршамның жүруіне рұқсат беру туралы беру;
7) команданың борттық қауіпсіздік жүйесіне ДСП-дан (ДНЦ) локомотив пен команданы күштеп тоқтатуға беру;
8) бағдарламалық жасақтамаға, аппараттық құралдарға, басқару органдарына және байланыс арналарына рұқсат етілген қолжетімділік;
123-2 Радиобұғаттау құрамына кіретін борттық қауіпсіздік жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) борттық дисплей арқылы қозғалыс параметрлері туралы машинисті хабардар ету;
2) пойыздың жылдамдығын бақылау;
3) локомотивтің тежеу жүйесіне әсер ету үшін басқару командаларын құру;
4) нақты жылдамдықты жол берілетін жылдамдықпен үздіксіз салыстыру және есепті уақыт кезеңі ішінде берілген шектерде оны төмендету бойынша машинистің реакциясы болмаған кезде пойызды автоматты түрде тоқтатылмайтын шұғыл тежеу;
5) стационарлық құрылғылардан сигналдарды қабылдау;
6) осы нақты шарттар үшін рұқсат етілген жылдамдықпен қозғалысқа мүмкіндік беретін ақпаратты үздіксіз қабылдау;
7) радиобайланыс жоғалған жағдайда қозғалыстың соңғы алынған рұқсат етілген параметрлері бойынша қозғалыс мүмкіндігі;
8) борттық қауіпсіздік жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл тежеу;
9) машинистке тоқтау орнына дейінгі қашықтық (жабық бағдарлық немесе шығу бағдаршамы) және жол берілетін қозғалыс жылдамдығы туралы хабарлау;
10) жылдамдықтың уақытша шектеулері туралы ақпаратты қабылдау және оның негізінде қажетті жылдамдық режимін іске асыру;
11) машинистің пультінен радиоблокировканы пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес пойыз туралы қажетті ақпаратты енгізу;
12) борттық қауіпсіздік жүйесінің ақауларын көрсету және мұндай ақпаратты жүйенің стационарлық құрылғыларына беру;
13) пойыз құрамының тұтастығы туралы ақпарат жоғалған жағдайда машинистке хабарлау;
14) қозғалыс параметрлерін және басқару командаларын қорғалған электрондық тасығышқа кейіннен осы ақпаратты ашу мүмкіндігімен жазу;
15) радиобайланыс арнасының қосылуы мен жарамды жай-күйін бақылау;
16) борттық тіркеушіде борттық қауіпсіздік жүйесінің диагностикасы туралы ақпаратты жазу және ақпаратты машинистің дисплейіне шығару;
17) машинистті стационарлық құрылғылардың орналасқан жері туралы хабардар ету (жыжылмалы құрамның шығуын бақылау құрылғылары, бақылау-габариттік құрылғылар, кешенді техникалық мониторинг құралдары, теміржол өткелі және тағы басқасы);
Аталған талаптардың кем дегенде біреуі қамтамасыз етілмейтін борттық қауіпсіздік жүйесін пайдалануға жол берілмейді.
123-3 Радиобұғаттау құрамына кіретін борттық қауіпсіздік жүйесі:
1) автоматтандырылған жұмыс орнынан берілген пойыздық (станциялық) диспетчердің жауапты командасынсыз кіру (шығу, бағдарлық) бағдаршамның тыйым салатын көрсеткіштерінің жылжымалы құрамының өтуі;
2) жылжымалы құрамның пойыздық (станциялық) диспетчердің мәжбүрлі командасы оны тоқтатқаннан кейін мұндай команда тиісті түрде жойылғанға дейін қозғалу мүмкіндігі;
3) автоматты қауіпсіз аялдама үшін қажетті тежеу жолынан аз қашықтыққа алда келе жатқан пойызға жақындау мүмкіндігі.";
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"135. Автоматтық бұғаттаудың өтпелi бағдаршамдары блок-учаскелер арасындағы шектерде, ал жартылай автоматтық бұғаттаудың өту бағдаршамдары қосынаралық аралығындағы шектерде орнатылады.
Автоматты локомотивтiк сигнализациясы сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде блок-учаскелердiң шекарасында "Блок-учаскесiнiң шегi" деген сигналдық белгiлер орнатылады.
Қосжолды аралықтарда локомотивтiк бағдаршамның сигналдары бойынша терiс жолмен қозғалған кезде, дұрыс жолмен қозғалу үшiн орнатылған автобұғаттау бағдаршамы блок-учаскенiң шегi болып табылады.
Пойыздардың қозғалысын аралық реттеу үшін автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде жылжымалы блок-учаскелер қолданылады.";
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Аралықтар жол бұғаттауымен немесе радиобұғаттаумен, ал жекелеген учаскелерде аралықтағы екi бағыт бойынша локомотивтiк бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүргiзiлетiн дербес сигнализация және байланыс құралы ретiнде қолданылатын автоматты локомотивтiк сигнализациямен жабдықталады.";
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Автоматты бұғаттау автоматты локомотивтiк сигнализациямен және диспетчерлiк бақылау құрылғыларымен толықтырылуы тиіс.
Жартылай автоматты бұғаттау – жолдың белгiленген учаскелерiнде автоматты локомотивтiк сигнализациямен толықтырылуы тиiс.
Радиобұғаттау борттық қауіпсіздік жүйесімен толықтырылады.";
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"161. Автобұғаттаумен немесе сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын автоматты локомотив сигнализациямен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда басты жолдар, жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту жолдары, сондай-ақ пойыздарды тоқтатусыз өткiзуге арналған қабылдау-жөнелту жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталуы тиiс.
Жартылай автоматты бұғаттау кезiнде жақындау учаскелерi және станциялардың басты жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталады.
Дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде қолданылатын радиобайланыспен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту жолдары, сондай-ақ пойыздарды тоқтаусыз өткізу үшін қабылдау-жөнелту жолдары радиобұғаттау жүйесімен бақыланады.";
168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"168. Пойыздың жүрiсi кезiнде жылжымалы құрамның техникалық жай-күйiн автоматты бақылау құралдары:
1) алдағы орналасқан станцияның кезекшiсiне, ал диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – пойыз диспетчерiне пойызда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы және орналасуы және ақаулылықтың түрi жөнiнде ақпарат жiберiлуiн;
2) локомотив машинисiне пойыздарда ақаулы вагондардың бар-жоғы жөнiндегi немесе дауыстық хабарлағыштың пойызда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы жөнiндегi ақпараттың жiберiлуiн;
3) алда орналасқан станция бойынша кезекшіге, ал диспечерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде пойыз диспечеріне берілетін пойыздағы ақаулы жылжымалы құрамның болуы және орналасуы және ақаулық түрі туралы ақпараттың тіркелуін қамтамасыз етуі тиіс";
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"190. Темiр жолдың жүрдек жолаушылар пойыздарының айналымы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты автобұғаттаумен немесе радиобұғаттаумен, автоматты локомотивтi сигнализацияның автотоқтағышы бар автоматты локомотивтiк сигнализациясымен (бұдан әрi – АЛСН), көпмәндi АЛСН немесе борттық қауiпсiздiк жүйесiмен, сигналдар мен бағыттамалардың электрлiк орталықтандыруымен, диспетчерлiк орталықтандырудың немесе диспетчерлiк бақылаудың микропроцессорлық құрылғыларымен, ақаулы вагондарды автоматты анықтау құрылғыларымен, осы Қағидаларға сәйкес байланыс және радиобайланыс түрлерiмен жабдықталады, бұл ретте пойыздық радиобайланыс дуплекстi болуы тиiс.
Пойыздар қозғалысын автоматты басқару, автоматтандырылған жұмыс орындары жүйелерi жоспарлы тәртiппен енгiзiледi.";
214 және 215-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"214. Сигнализация және байланыс құрылғыларына қызмет көрсететiн қызметкерлер бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерiнiң тұрақты қалыпты көрiнуiн қамтамасыз етедi.
Бағдаршамдар көрсетулерiнiң көрiнуiн электр механик бағдаршамдық шамдарды, жарықдиодты модульдерді ауыстырған сайын жолдан тексередi.
Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрiнуiн аға электр механик локомотивтен айына кемiнде бiр рет және желілік сигнализация және байланыс шаруашылық кәсiпорындарының басшылары тоқсанына кемiнде бiр рет тексередi.
215. Автоматты локомотив сигнализациясы, радиобайланыстың және қауiпсiздiк құрылғыларының жұмысы тоқсанына кемiнде бiр рет тексеріледi.
Вагон-зертхана пойыз жүрісінде автоматты локомотив сигнализациясының, радиобұғаттаудың, пойыздық радиобайланыстың және жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін автоматты бақылау құралдарының әрекетін мерзімінде вагон-зертханасымен тексеріп тұрады.";
219-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"219. Электрлi жылжымалы құрамның токқабылдағышындағы кернеудiң деңгейi кем дегенде 21 киловольт, тұрақты ток кезiнде 2,7 киловольт және ауыспалы ток кезiнде киловольттан артық болмайтын және тұрақты ток кезiнде 4 киловольт болуы тиiс.
Жекелеген учаскелерде уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кернеу деңгейiнiң ауыспалы ток кезiнде кем дегенде 19 киловольт және тұрақты ток кезiнде 2,4 киловольт болуына рұқсат етiледi.
Автомат пен телемеханика құрылғыларындағы айнымалы токтың номиналдық кернеуi 115, 230 немесе 380 Вольт болуы тиiс. Номиналдық кернеудiң көрсетiлген шамаларынан ауытқу азаю жағына қарай 10%-дан артық болмайтындай, ұлғаю жағына қарай 5%-дан артық болмайтындай рұқсат етiледi.";
248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"248. Жұмыстардың басшысы қозғалысты тоқтатуға әкелетiн жұмыстарды, сондай-ақ оларды жүргiзу үшiн қозғалыс кестесiнде толаскездер көзделген жұмыстарды жүргiзу уақытына пойыз диспетчерiмен тұрақты байланыс (телефондық, радио немесе мобильді байланыс арқылы келіссөздер жазбаларын тіркей отырып) орнатады.
Пойыздардың қозғалыс кестесiндегi толаскездер тәулiктiң қараңғы кезiнде көзделетiн учаскелерде жұмыс басшысы жұмыстар жүргiзiлетiн жерге жарық берiлуiн қамтамасыз етедi.";
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
ұлттық экономикаминистрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі