Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 желтоқсанда № 37595 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығына (Нормативтік құқықтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) қуаты аз объектілер (шағын өндіріс) – өнімділігі: ет, құс еті, балық, шұжық өнімдерін тәулігіне 3,0 тоннаға (бұдан әрі – т) дейін қайта өңделетін шикізатты (сүрлейтін цехтары жоқ); сүтті, оның ішінде ірімшік өндіретін (сүрлеусіз) – қайта өңделетін 3,0 т-ға дейін; нан және нан-тоқаш өнімдері – тәулігіне 3,0 т-ға дейін; кондитерлік өнімдер – тәулігіне 0,3 т-ға дейін; аспаздық өнімдер – тәулігіне 0,1 т-ға дейін; макарон өнімдері – тәулігіне 0,1 т-ға дейін; ет, балық және құс өндірісінің барлық түрлерін қоспағанда, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс және жидек шырындарын өндіру және көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу (кептіру, тұздау, маринадтау және ашыту) бойынша консервілеу өндірісі – тәулігіне 0,3 т-ға дейін; алкоголь және алкогольсіз өнімдерді, оның ішінде табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамаланған ауыз суды тәулігіне 4000 литрге дейін (жылына жүз мың декалитр) объектілер;";

      9-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Санитариялық-қорғаныш аймағын негіздемей, өнімділігі тәулігіне 0,3 тоннаға дейінгі адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына зиянды әсер болмаған, нормалау құжаттарына сәйкес тамақ өнімі өндірісінің технологиялық процестерінің оқшаулау принципі сақталған жағдайда жеке тұрған тұрғын емес ғимараттарда, тұрғын емес ғимараттарға жапсарлас, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда, көп бейінді объектілерде (әкімшілік, өндірістік, сауда);";

      5) өнімділігі тәулігіне 0,3 тоннаға дейінгі жануарлардан алынатын шикізатпен жұмыс істейтін объектілерден басқа қуаттылығы аз объектілерді адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына зиянды әсер болмаған және "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (Нормативтік құқықтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) 2-тарауы 7-тармағына сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағы негізделген жағдайда тұрғын үй ғимараттарында, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған, жапсарлас салынған және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларында және азаматтық мақсаттағы ғимараттарда орналастыруға жол беріледі;";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Санитариялық-қорғаныш аймағын негіздемей, өнімділігі тәулігіне 0,3 тоннаға дейінгі, ауылдық елді мекендерде, жеке тұрған модульдік цехтарда орналасқан, қуаттылығы аз объектілерге қойылатын талаптарды сақтай отырып және адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына зиянды әсер болмаған жағдайда, нормалау құжаттарына сәйкес тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін оқшаулау қағидатын сақтай отырып, қуаттылығы төмен объектілерді.".

      2. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің СҚА қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:

      1) СҚА және санитариялық ажырауларды белгілеуге қойылатын талаптар;

      2) СҚА және санитариялық ажырауларды жобалауға қойылатын талаптар;

      3) СҚА санитариялық ажырауларды және аумақтың режиміне қойылатын талаптар.";

      37-тармақ алып тасталсын;

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймағын аумағының режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумағында тіршілік ету ортасына және адам денсаулығына өзара теріс әсер болмаған кезде дәрілік зат және (немесе) дәрілік нысандарды өндіру жөніндегі объектілерді, фармацевтикалық объектілерге арналған шикізат және жартылай өнімдер қоймалары өнеркәсіптің тамақ салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме сауда қоймалары, ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендері орналастырылады.";

      50-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:

      32-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      34-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) элеваторлар, астық қабылдау пункттері (астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту және жөнелту);";

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ет, құс еті-, балық сүрлеу өндірістері (кәдеге жарату цехтары бар және суық, ыстық сүрлеу және қақтау процестері бар), сондай-ақ сүрлеу цехтары бар шұжық өнімдерінің өндірісі;";

      8) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) ірімшік жасау өндірісі (ыстау және қақтау әдісімен).";

      35-тармақта:

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ет, балық және құс өндірісінің барлық түрлерін қоспағанда, консервілеу өндірістері, оның ішінде жүзім, жеміс-жидек, көкөніс және жидек шырындарын өндіру және өнімділігі тәулігіне 2 т-дан жоғары көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу (кептіру, тұздау, маринадтау және ашыту) бойынша өндірістері;";

      10) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) өнімділігі тәулігіне 3,0 т-дан басталатын (сүрлеусіз) ет, құс, балық, шұжық өнімдерін қайта өңдеу, ет консервілерін өндіру және құс пен балықтан жасалған консервілер өндірісі, сүтті қайта өңдеу, оның ішінде май (жануарлар майы) және ірімшік өндіру өндірісі;";

      16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      36-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өнімділігі тәулігіне 0,3-тен 3,0 тоннаға дейін (сүрлеусіз) ет, құс, балық, шұжық өнімдерін қайта өңдеу, ет консервілерін өндіру және құс пен балықтан жасалған консервілер өндірісі, сүтті қайта өңдеу, оның ішінде май (жануарлар майы) және ірімшік өндіру өндірісі";

      2) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өнімділігі тәулігіне 0,1-ден 1,0 тоннаға дейінгі макарон өнімдері өндірісі;";

      12) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) тәулігіне 4000 литрден бастап – жылына жүз мың декалитр бөтелкедегі (қаптамаланған ауыз су), оның ішінде сыйымдылыққа өлшеп-оралған су өндірісі;

      14) ет, балық және құс өндірісінің барлық түрлерін қоспағанда өнімділігі тәулігіне 0,3 т-дан тәулігіне 2 т-ға дейін (қоса алғанда) консервілеу өндірістері, оның ішінде жүзім, жеміс-жидек, көкөніс және жидек шырындарын өндіру және көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу (кептіру, тұздау, маринадтау және ашыту) бойынша өндірістер;

      15) өнімділігі сағатына 0,5 тоннаға дейін жарма тартатын, диірмендер.";

      43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жылыжай және көшетхана шаруашылығы; саңырауқұлақ өсіру кәсіпорындары;";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жемістер, көкөністер, картоп, тұқым, жидектер сақтау орындары, қоймалары;

      2) материалдық қоймалар;

      3) құс шаруашылығы кәсіпорындарының инкубаториялары.";

      12-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бөлім. Кәріздік тазарту құрылыстары

      50. Кәріздік тазарту құрылыстары үшін СҚА-ның ең аз өлшемі кестеге сәйкес белгіленеді.

      Кесте

      Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың кәріздік тазарту құрылыстары үшін ең аз СҚА

Cарқынды суларды тазартуға арналған құрылыстар

Тазарту құрылыстарының есептелген өнімділігі кезіндегі метрге шаққандағы қашықтығы, тәулігіне мың шаршы метр (бұдан әрі – тәулігіне мың м3)

0,2-ге дейін

0,2-ден 5,0-ге дейін

5,0-ден 50,0-ге дейін

50,0-ден 280-ге дейін

1

2

3

4

5

6

1.

Сорғы станциялары және апаттық-реттеуіш резервуарлар, жергілікті тазарту құрылыстары

15

20

20

30

2.

Ашытылған тұнбалар үшін тұнба алаңы бар механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар, сондай-ақ тұнба алаңдары

150

200

400

500

3.

Жабық үй-жайларда тұнбаны термомеханикалық өңдеумен механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар

100

150

300

400

4.

Алқаптар:





сүзгілеу

200

300

500

1000

суару

150

200

400

1000

5.

Биологиялық тоғандар

200

200

300


      Ескертпе:

      1. Өнімділігі тәулігіне 280 мың м3 артық шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін, сондай-ақ cарқынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің жаңа технологияларын қабылдау кезінде СҚА жеке белгіленеді.

      2. Алаңы 0,5 гектарға (бұдан әрі – га) дейінгі сүзгілеу алқаптары үшін, көлемі 1,0 га дейінгі коммуналдық үлгідегі суару алқаптары үшін, өнімділігі тәулігіне 50 м3 дейінгі cарқынды суларды механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары үшін СҚА 100 м мөлшерінде қабылдау керек.

      3. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 15 м3-ге дейінгі жерасты сүзгілеу алқаптары үшін СҚА өлшемі 50 м өлшемінде қабылдау керек.

      4. Құю станцияларының СҚА өлшемі 300 м болып қабылданады.

      5. Ашық үлгідегі жер бетіндегі ағынды тазарту құрылыстарынан тұрғын үй аумаққа дейінгі СҚА өлшемі кемінде 100 м, жабық үлгісі – 50 м болады.

      6. Өнеркәсіптік объектілер аумағында орналаспаған тазарту құрылыстарынан және өндірістік суды бұрудың сорғы станцияларынан өндірістік cарқынды суларды өздігінен тазарту және айдау кезінде, сол сияқты оларды тұрмыстық cарқынды сулармен бірге тазарту кезінде де СҚА өлшемін cарқынды сулар келіп түсетін өндірістердегідей, бірақ кестеде көрсетілгеннен кем емес қабылдау керек.

      7. Қар ертінділері мен қар ерітетін пункттерден тұрғын үйдің аумағына дейінгі СҚА өлшемі 100 м қабылдау керек.";

      көрсетілген қағидаларға 2 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 165 Бұйрығына 1- қосымша
"Адамның өмір сүру ортасы мен
денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша

      Жеңіл автомобильдерге арналған ашық тұрақтардан (паркингтерден), гараждардан, автомобильдерді жуу орындарынан, жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету объектілерінен (бұдан әрі – ТҚКС) құрылыс салу объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажырату

Оған дейін қашықтық айқындалатын ғимараттар

Санитариялық ажырату, метр

жеңіл автомобильдер саны кезінде гараждар, паркингтер және ашық тұрақтардан (паркингтерден)

бекеттер саны кезінде ТҚКС және автомобильдерді жуу орнынан

10 және одан аз

11-50

51-100

101-300

10 және одан аз <1>

11-30 <1>

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тұрғын үйлердің қасбеттері мен терезелері бар бүйір жақтары

10

15

25

35

15

25

2

Тұрғын үйлердің терезесі жоқ бүйір жақтары

10

10

15

25

15

25

3

Қоғамдық ғимараттар

10

10

15

25

15

20

4

Жалпы білім беретін мектептер, интернаттық білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелер, демалуға, ойындар мен спортқа, балаларға арналған алаңдар аумағының шекаралары

15

25

25

50

50

<2>

5

Емдеу мекемелері, жалпыға ортақ пайдаланылатын ашық спорт ғимараттары, халықтың демалыс орындары (бақтар, скверлер, саябақтар), денсаулық сақтау ұйымы аумағының шекаралары

25

50

<2>

<2>

50

<2>

      <1> Сырлау, дәнекерлеу, қаңылтыр жұмыстарын орындай отырып, жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілерге санитариялық ажырату, өткізу қабілетін ескере отырып, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының шашырауы және физикалық әсер ету деңгейлері есептерінің негізінде айқындалады, бірақ кемінде 50 м. болады.

      <2> Санитариялық ажырату атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және жеңіл автомобиль тұрақтарының (паркингтердің) өткізу қабілетін ескере отырып, физикалық әсер ету деңгейлерін есептеу негізінде айқындалады, бірақ кемінде 50 м. болады.

      Ескертпелер:

      1. Арақашықтықты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен және жалпы білім беретін мектептердің, интернаттық білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен пациенттер тәулік бойы болатын стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жер учаскелері шекараларынан гараждардың, паркингтердің, ТҚК және автожуу орындарының қабырғасына, ашық тұрақтың шекарасына дейін айқындау керек. Ашық типтегі автотұрақ (паркинг) деп кемінде ең үлкен ұзындықтың қарама-қарсы жақтары ашық құрылыс та саналады. Егер жақ бойынша бөлінген саңылаулардың жалпы алаңы әр қабатында (қабат) осы жақтың сыртқы бетінің кемінде 50 % құрайтын болса, жақ ашық деп саналады.

      2. Секциялық тұрғын үйлерден қасбеттің ұзына бойына орналастырғанда 101-300 машина сыятындай ашық алаңдарға дейінгі арақашықтықты кемінде 50 м деп қабылдау керек.

      3. Кестеде көрсетілген отқа төзімділігі І-ІІ дәрежелі гараждар үшін арақашықтықты гараждарда ашылатын терезелер, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жағына бағытталған кіру жолдары болмаған кезде 25 %-ке қысқартуға жол беріледі.

      4. Сыйымдылығы 300 машина-орыннан артық жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған гараждар мен ашық тұрақтар (паркингтер) және жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілер бекеттер саны 30 бірліктен артық болған кезде тұрғын үйлерден кемінде 50 м қашықтықта өндірістік, коммуналдық-қойма, санитариялық-қорғаныш аумағында тұрғын үй аудандардан тыс орналастырылуы тиіс.

      5. Жерасты, жартылай жерасты гараж-тұрақтар, паркингтер мен тұрғын үйдің астында немесе тұрғын үйдің жер беті қабатының ішіне салынған (ішіне салынған-жалғастыра салынған), гараж-тұрақтары, паркингтер үшін кіру-шығудан және желдеткіш шахтадан жалпы білім беру, кәсіптік білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ, медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тұрғын үйлер, тұрғын үй-жайлар, демалу алаңдары және басқаларының аумағына дейінгі арақашықтық регламенттеледі, ол атмосфералық ауаға ластанудың тарауын есептеу нәтижелері және физикалық әсердің деңгейі бойынша қабылданады.

      6. Тұрғын үйлердің жеңіл автокөлікті орналастыруға арналған және заңды тұлғаға (немесе жеке кәсіпкерге) тиесілі емес қонақ автотұрағынан жерасты гараж-тұрағы аумағынан ара қашықтық белгіленбейді.

      7. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың астында орналасқан жерасты гараж-тұрақтарынан шыққан желдету шығындылары ғимараттың ең биік бөлігінің төбесінен 1,5 м жоғары ұйымдастырылады.

      8. Жерасты гараж-тұрағының жобаланатын, пайдаланылатын шатырында желдеткіш шахталарынан, кіру-шығу жолдарынан, өту жолдарынан 15 м қашықтықта пайдаланылатын шатырды атмосфераға шығарылатын сағада ШРЕК қамтамасыз ету шартымен демалыс алаңдарын, балалар, спорт, ойын алаңдарын және басқа да құрылыстарды орналастыруға жол беріледі.

      9. Тұрғын үй құрылысын салу жаңадан орналастырылған темір жолдан шеткі теміржол жолы ортасынан санай отырып ені 100 м кем емес санитариялық ажыратумен ажыратылады. Темір жолдарды ойыққа орналастырған кезде немесе гигиеналық нормативтерді сақтауды қамтамасыз ететін шудан қорғайтын арнайы іс-шараларды жүзеге асырған кезде санитариялық ажыратудың енін 50 м азайтуға жол беріледі. Бақша учаскелерінің шекараларына дейінгі санитариялық ажыратудың ені кемінде 50 м болуы керек.

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 165 Бұйрығына 2- қосымша
"Адамның өмір сүру ортасы мен
денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
9-қосымша

Санитариялық-қорғаныш аймағы жобасының құрамына қойылатын талаптар

      1. СҚА жобасына түсіндірме жазба мынаны қамтиды:

      1) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін объектілер туралы жалпы мәліметтер;

      2) объектілер орналасқан ауданда аумақтың функционалдық пайдаланылуын талдау;

      3) аумақтардың табиғи-экологиялық ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы;

      4) атмосфералық ауаның ластану факторы бойынша СҚА есептеу;

      5) шудың әсер ету факторы бойынша СҚА есептеу;

      6) теріс әсердің басқа факторлары бойынша СҚА есептеу;

      7) су тұтынуды және су бұруды талдау;

      8) өндірістік қалдықтардың түзілуі;

      9) адамның өмір сүру ортасына теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар;

      10) көрсеткіштер жиынтығы бойынша СҚА шекараларын негіздеу;

      11) СҚА шекаралары атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындылары көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көздерінен немесе объект аумағының шекараларынан (СҚА мөлшерін белгілеу тәсіліне байланысты) қашықтықтар мен есептік нүктелерді көрсете отырып, 8 (сегіз) румбадан СҚА шекарасын трассалаудың мәтіндік сипаттамасы бар схемада;

      12) СҚА бос аумағын жоспарлы ұйымдастыру, абаттандыру жөніндегі іс-шаралар мен құралдар;

      13) СҚА аумағын пайдалану режимі (СҚА аумағында немесе шекараларында орналастыруға рұқсат етілетін объектілерді);

      14) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін);

      15) топографиялық негізде (1:500 – 1:2000) масштабта орындалған графикалық және кестелік материалдар.

      Объектінің шекарасынан нормаланатын аумақтардың шекарасына дейін нормативтік (ең аз) СҚА 2 (екі) есе және одан артық қашықтықта, сондай-ақ зираттар, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектілері үшін халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау орынсыз. Нормаланатын аумақтардың шекарасына дейінгі қашықтық, нормативтік (ең аз) СҚА 2 (екі) еседен аспайтын қысқарған кезде халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды орындау қажет.

      СҚА шекараларын трассалау – ластаушы заттар шығарындыларының ең жақын көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көзінен СҚА шекарасына дейінгі (солтүстік батыс, солтүстік, солтүстік шығыс, шығыс, оңтүстік шығыс, батыс, оңтүстік батыс, оңтүстік) сегіз (8) румба бойынша бақылау нүктелері мен қашықтықтары бар жергілікті жердің жағдаяттық жоспарындағы трасса (сызық).

      2. СҚА жобасының құрамында мынадай кестелік материалдар ұсынылады:

      1) объектілер аумағының теңгерімі;

      2) объектілердің атмосфералық ауаға шығарындыларымен негізделген ластаушы заттардың тізбесі;

      3) фондық шоғырлануларды ескере отырып, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының шашырауын есептеу нәтижелерін талдау;

      4) есеп айырысу нүктелерінде ластаушы заттардың шоғырлануы (СҚА шекарасында, одан тыс, тұрғын үй құрылысында);

      5) қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесі;

      6) аумақты ұйымдастыру, абаттандыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың жоспар-кестесі;

      7) СҚА шекарасында және объектілер үшін іргелес тұрғын аймақ аумағында өндірістік бақылау бағдарламасы.

      3. СҚА жобасының құрамында мынадай графикалық материалдар ұсынылады:

      1) объектілер орналасқан ауданда аумақты функционалдық пайдалану схемасы;

      2) объектілердің бас жоспары;

      3) атмосфералық ауаның шығарындылары мен ластану көздерін орналастыру схемасы (қазіргі жағдай және болжам);

      4) шу, діріл, ЭМӨ және басқа да физикалық факторлар көздерін және олардың әсер ету аймақтарын орналастыру схемасы (қазіргі жағдай және болжам);

      5) СҚА шекарасын белгілеу жөніндегі схема;

      6) СҚА жоспарлау ұйымының схемасы;

      7) СҚА абаттандыру жоспары;

      8) өндірістік бақылау бекеттерін орналастыру схемасы.

      Кесте

СҚА жобасының түсіндірме жазбасының мәтінінде жиынтық деректерді ұсыну үлгісі

Ластаушы заттың атауы (коды)

РЕШК үлестеріндегі атмосфералық ауаның беткі қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары концентрациясының мәні.

Тұрғын аймақтың шекарасын-да фонды есепке алмай

Тұрғын аймақтың шекарасын-да фонды ескере отырып

Фонды есептеме-генде СҚА шекарасын-да

Фонды ескере отырып, СҚА шекарасын-да

1.

Көміртек оксиді (337)

0,04

0,50

0,03

0,49

2.

Азот диоксиді (301)

0,282

0,65

0,282

0,65

3.

Күкірт диоксиді (330)

0,004

0,02

0,004

0,02

4.

Шекті көмірсутектер С12-С19 (2754)

0,12

0,12

0,12

0,12


О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 декабря 2025 года № 165. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2025 года № 37595

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № ҚР ДСМ-36 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам по производству пищевой продукции" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22673) следующие изменения и дополнение:

      в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам по производству пищевой продукции", утвержденных указанным приказом:

      подпункт 27) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "27) объекты малой мощности (мини-производство) – объекты, на которых производительность: по переработке мяса, птицы, рыбы, колбасных изделий до 3,0 тонн (далее - т) перерабатываемого сырья в сутки (без коптильных цехов); молока, в том числе сыродельные (без копчения) – до 3,0 т перерабатываемого сырья в сутки; хлеба и хлебобулочных изделий – до 3,0 т в сутки, кондитерских изделий – до 0,3 т в сутки; кулинарной продукции – до 0,1 т в сутки; макаронных изделий - до 0,3 т в сутки; консервные производства, в том числе производство виноградного, фруктовых, овощных и ягодных соков и по переработке овощей, фруктов и ягод (сушка, засолка, маринование и квашение) производительностью - до 0,3т./сутки, за исключением всех видов мясо-, рыбо-, и птицепроизводств; алкогольной и безалкогольной продукции, в том числе упакованной питьевой воды, включая природную минеральную воду, до 4000 литров в сутки (сто тысяч декалитров в год);";

      подпункты 4) и 5) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "4) объектов малой мощности с производительностью до 0,3 тонн в сутки, в отдельно стоящих нежилых зданиях, в помещениях, пристроенных, встроено-пристроенных к нежилым зданиям, в многопрофильных объектах (административные, производственные, торговые), при условии отсутствия вредного воздействия на среду обитания и здоровье человека, соблюдения принципа изоляции технологических процессов производства пищевой продукции, в соответствии документами нормирования, без обоснования санитарно-защитной зоны;";

      5) объектов малой мощности с производительностью до 0,3 тонн в сутки, кроме объектов, работающих на сырье животного происхождения, в жилых зданиях, во встроенных, пристроенных и встроено-пристроенных помещениях жилых зданий и зданиях гражданского назначения, при условии отсутствия вредного воздействия на среду обитания и здоровье человека, и обоснования санитарно-защитной зоны в соответствии с пунктом 7 приказа исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2022 года № ҚР ДСМ-2 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к санитарно-защитным зонам объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26447);";

      пункт 9 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) объектов малой мощности с производительностью до 0,3 тонн в сутки, размещенных в сельских населенных пунктах, в отдельно стоящих модульных цехах, с соблюдением требований, предъявляемых к объектам малой мощности и при условии отсутствия вредного воздействия на среду обитания и здоровье человека, соблюдения принципа изоляции технологических процессов производства пищевой продукции, в соответствии документами нормирования, без обоснования санитарно-защитной зоны.".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2022 года № ҚР ДСМ-2 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к санитарно-защитным зонам объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26447) следующие изменения и дополнения:

      в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к санитарно-защитным зонам объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека", утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Санитарно-эпидемиологические требования к СЗЗ объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека включают в себя:

      1) требования к установлению СЗЗ и санитарных разрывов;

      2) требования к проектированию СЗЗ и санитарных разрывов;

      3) требования к режиму территории СЗЗ и санитарных разрывов.";

      пункт 37 исключить;

      заголовок параграфа 2 изложить в следующей редакции:

      "Параграф 2. Санитарно-эпидемиологические требования к режиму территории санитарно-защитной зоны";

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. В границах СЗЗ и на территории объектов других отраслей промышленности размещаются объекты по производству лекарственных средств и (или) лекарственных форм, склады сырья и полупродуктов для фармацевтических объектов, объектов пищевых отраслей промышленности, оптовых складов продовольственного сырья и пищевых продуктов, комплексов водопроводных сооружений для подготовки и хранения питьевой воды при отсутствии при исключении взаимного негативного воздействия на продукцию, среду обитания и здоровье человека.";

      пункт 50 исключить;

      в приложении 1 к указанным правилам:

      подпункты 4) и 5) пункта 32 исключить;

      в пункте 34:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) элеваторы, хлебоприемные пункты (приҰмка, взвешивание, сушка, очистка и отгрузку зерна);";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "мясо, птице-, рыбокоптильные производства (с утильцехами и с процессами холодного, горячего копчения и вяления), а также производство колбасных изделий с коптильными цехами;";

      подпункт 8) исключить;

      дополнить подпунктом 13) следующего содержания:

      "13) сыродельные производства (с процессами копчения и вяления).";

      в пункте 35:

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) консервные производства, в том числе производства виноградного, фруктовых, овощных и ягодных соков и по переработке овощей, фруктов и ягод (сушка, засолка, маринование и квашение) производительностью свыше 2т/сут., за исключением всех видов мясо-, рыбо-, и птицепроизводств;";

      подпункт 10) исключить;

      подпункт 11) изложить в следующей редакции:

      "11) производство по переработке мяса, птицы, рыбы, колбасных изделий, производства мясных консервов и консервов из птицы и рыбы, по переработке молока, в т.ч. маслодельные (животные масла) и сыродельные производства производительностью от 3,0 т. в сутки (без копчения);";

      подпункты 16) и 17) исключить;

      в пункте 36:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) производство по переработке мяса, птицы, рыбы, колбасных изделий, производства мясных консервов и консервов из птицы и рыбы, по переработке молока, в т.ч. маслодельные (животные масла) и сыродельные производства, производительностью от 0,3 до 3,0 т. в сутки (без копчения);";

      подпункты 2) и 4) исключить;

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) производство макаронных изделий производительностью от 0,3 до 1,0 тонны в сутки;";

      подпункт 12) исключить;

      дополнить подпунктами 13), 14) и 15) следующего содержания:

      "13) производство бутилированной воды (упакованной питьевой воды) от 4000 литров в сутки - ста тысяч декалитров в год), в том числе, расфасованной в Ұмкости;

      14) консервные производства, в том числе производства виноградного, фруктовых, овощных и ягодных соков и по переработке овощей, фруктов и ягод (сушка, засолка, маринование и квашение) производительностью от 0,3т/сут до 2т/сут. (включительно), за исключением всех видов мясо-, рыбо-, и птицепроизводств;

      15) мельницы, крупорушки, производительностью до 0,5 т./час.";

      подпункт 1) пункта 43 изложить в следующей редакции:

      "1) тепличные и парниковые хозяйства, предприятия по выращиванию грибов;";

      пункт 44 изложить в следующей редакции:

      "1) хранилища и склады фруктов, овощей, картофеля, зерна, ягод;

      2) материальные склады;

      3) инкубатории птицеводческих предприятий.";

      раздел 12 изложить в следующей редакции:

      "Раздел 12. Канализационные очистные сооружения

      50. Минимальные размеры СЗЗ для канализационных очистных сооружений устанавливаются в соответствии с таблицей.

  Таблица

Минимальные СЗЗ для канализационных очистных сооружений хозяйственно-бытовых и производственных сточных вод

Сооружения для очистки сточных вод

Расстояние в метрах
При расчетной производительности очистных сооружений,
тысяч кубических метров в сутки (далее – тыс. м3/сутки)

до 0,2

от 0,2 до 5,0

от 5,0 до 50,0

от 50,0 до 280

1

2

3

4

5

6

1.

Насосные станции и аварийно-регулирующие резервуары, локальные очистные сооружения

15

20

20

30

2.

Сооружения для механической и биологической очистки с иловыми площадками для сбреженных осадков, а также иловые площадки

150

200

400

500

3.

Сооружения для механической и биологической очистки с термомеханической обработкой осадка в закрытых помещениях

100

150

300

400

4.

Поля:





фильтрации

200

300

500

1000

орошения

150

200

400

1000

5.

Биологические пруды

200

200

300


      Примечание:

      1. Для очистки хозяйственно-бытовых сточных вод производительностью более 280 тыс. м3/сутки, а также при принятии новых технологий очистки сточных вод и обработки осадка устанавливается СЗЗ индивидуально.

      2. Для полей фильтрации площадью до 0,5 гектар (далее – га), для полей орошения коммунального типа площадью до 1,0 га, для сооружений механической и биологической очистки сточных вод производительностью до 50 м3/сутки СЗЗ следует принимать размером 100 м.

      3. Для полей подземной фильтрации пропускной способностью до 15 м3/сутки размер СЗЗ следует принимать размером 50 м.

      4. Размер СЗЗ от сливных станций принимаются 300 м.

      5. Размер СЗЗ от очистных сооружений поверхностного стока открытого типа до жилой территории принимаются не менее 100 м, закрытого типа – 50 м.

      6. От очистных сооружений и насосных станций производственного водоотведения, не расположенных на территории промышленных объектов, как при самостоятельной очистке и перекачке производственных сточных вод, так и при совместной их очистке с хозяйственно-бытовыми размер СЗЗ следует принимать такими же, как для производств, от которых поступают сточные воды, но не менее указанных в таблице.

      7. Размер СЗЗ от снеготаялок и снегосплавных пунктов до жилой территории следует принимать 100 м.";

      приложения 2 и 9 к указанным правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      3. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Альназарова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 12 декабря 2025 года № 165
  Приложение 2
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к санитарно-защитным
зонам объектов, являющихся
объектами воздействия на среду
обитания и здоровье человека"

Минимальные санитарные разрывы от открытых стоянок (паркингов), гаражей,
моек автомобилей, объектов по ремонту и (или) технического обслуживания (СТО)
для легковых автомобилей до объектов застройки

Здания, до которых определяется расстояние

Санитарный разрыв, метр

от гаражей, открытых стоянок (паркингов) при числе легковых автомобилей

от СТО и моек автомобилей при числе постов

10 и менее

11-50

51-100

101-300

10 и менее <1>

11-30 <1>

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Фасады и торцы с окнами жилых домов

10

15

25

35

15

25

2

Торцы жилых домов без окон

10

10

15

25

15

25

3

Общественные здания

10

10

15

25

15

20

4

Границы территории общеобразовательных школ, интернатных организации образования и дошкольных учреждения, площадок для отдыха, игр и спорта, детские

15

25

25

50

50

<2>

5

Границы территорий организаций здравоохранения, открытие спортивные сооружения общего пользования, места отдыха населения (сады, скверы, парки)

25

50

<2>

<2>

50

<2>

      <1> Санитарный разрыв к объектам по ремонту и (или) техническому обслуживанию легковых автомобилей с выполнением малярных, сварочных, жестяных работ определяется на основании расчетов рассеивания выбросов загрязняющих веществ в атмосферном воздухе и уровней физического воздействия с учетом пропускной способности, но не менее 50 м.

      <2> Санитарный разрыв определяется на основании расчетов рассеивания выбросов загрязняющих веществ в атмосферном воздухе и уровней физического воздействия с учетом пропускной способности легковых автомобильных стоянок (паркингов), но не менее 50 м.

      Примечания:

      1. Расстояния следует определять от окон жилых и общественных зданий и от границ земельных участков общеобразовательных школ, интернатных организаций образования, дошкольных учреждений и организаций здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в стационарных условиях с круглосуточным пребыванием пациентов до стен гаражей, паркингов, СТО и автомоек, границ открытой стоянки. Автостоянкой (паркингов) открытого типа считается также такое сооружение, которое открыто, по крайней мере, с двух противоположных сторон наибольшей протяженности. Сторона считается открытой, если общая площадь отверстий, распределенных по стороне, составляет не менее 50 % наружной поверхности этой стороны в каждом ярусе (этаже).

      2. Расстояния от секционных жилых домов до открытых площадок вместимостью 101-300 машин, размещаемых вдоль продольных фасадов, следует принимать не менее 50 м.

      3. Для гаражей I-II степеней огнестойкости, указанных в таблице, расстояния допускается сокращать на 25 % при отсутствии в гаражах открывающихся окон, а также въездов, ориентированных в сторону жилых и общественных зданий.

      4. Гаражи и открытые стоянки (паркинги) для хранения легковых автомобилей вместимостью более 300 машино-мест и объекты по ремонту и (или) техническому обслуживанию легковых автомобилей при числе постов более 30 единиц следует размещать вне жилых районов на производственной, коммунально-складской, санитарно-защитной территории на расстоянии не менее 50 м от жилых домов.

      5. Для подземных, полуподземных гаражей-стоянок, паркинга и гаражей-стоянок и паркинга размещенных под жилым домом или встроенных (встроенно-пристроенных) в надземные этажи жилого дома, регламентируется лишь расстояние от въезда-выезда и от вентиляционных шахт до территории общеобразовательных, профессиональных образовательных и дошкольных образовательных организаций, а также организаций, осуществляющих медицинскую деятельность, жилых домов, жилых помещений, площадок отдыха и других, которое принимается по результатам расчетов рассеивания загрязнений атмосферном воздухе и уровней физического воздействия.

      6. Расстояния от гостевых автостоянок жилых домов, предназначенных для размещения легкового автотранспорта и не принадлежащих юридическому лицу (либо индивидуальному предпринимателю), территорий подземных гаражей-стоянок не устанавливаются.

      7. Вентиляционные выбросы из подземных гаражей-стоянок, расположенных под жилыми и общественными зданиями организовываются на 1,5 м выше конька крыши самой высокой части здания.

      8. На проектируемой, эксплуатируемой кровле подземного гаража-стоянки допускается размещать площадки отдыха, детские, спортивные, игровые и другие сооружения, на расстоянии 15 м от вентиляционных шахт, въездов-выездов, проездов, при условии обеспечения ПДК в устье выброса в атмосферу.

      9. Жилая застройка отделяются от вновь размещаемых железных дорог санитарными разрывами шириной не менее 100 м, считая от оси крайнего железнодорожного пути. При размещении железных дорог в выемке или при осуществлении специальных шумозащитных мероприятий, обеспечивающих соблюдение гигиенических нормативов, ширину санитарных разрывов допускается уменьшать на 50 м. Ширину санитарных разрывов до границ садовых участков следует принимать не менее 50 м.

  Приложение 2 к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 12 декабря 2025 года № 165
  Приложение 9
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к санитарно-защитным
зонам объектов, являющихся
объектами воздействия на среду
обитания и здоровье человека"

Требования к составу проекта санитарно-защитной зоны

      1. Пояснительная записка к проекту СЗЗ включает:

      1) общие сведения об объектах, соответствующей целевому назначению земельных участков;

      2) анализ функционального использования территории в районе расположения объектов;

      3) краткую характеристику природно-экологических особенностей территорий;

      4) расчет СЗЗ по фактору загрязнения атмосферного воздуха;

      5) расчет СЗЗ по фактору шумового воздействия;

      6) расчет СЗЗ по прочим факторам негативного воздействия;

      7) анализ водопотребления и водоотведения;

      8) образование производственных отходов;

      9) мероприятия по снижению негативного воздействия на среду обитания человека;

      10) обоснование границ СЗЗ по совокупности показателей;

      11) границы СЗЗ на схеме с текстовым описанием трассировки границы СЗЗ по 8 (восьми) румбам с указанием расстояний и расчетных точек от источника выбросов загрязняющих веществ в атмосферный воздух и (или) источника физического воздействия или от границ территории объекта (в зависимости от способа установления размера СЗЗ);

      12) мероприятия и средства по планировочной организации, благоустройству СЗЗ;

      13) режим использования территории СЗЗ (размещение на территории или в границах СЗЗ объектов, допускаемых к размещению);

      14) оценку риска для жизни и здоровья населения (для объектов I и II класса опасности);

      15) табличные и графические материалы выполненных в масштабе (1:500 – 1:2000) на топографической основе.

      В случае, если расстояние от границы объекта в 2 (два) раза и более превышающем нормативную (минимальную) СЗЗ до границы нормируемых территорий, а также для кладбищ, животноводческих и птицеводческих объектов, выполнение работ по оценке риска для жизни и здоровья населения не целесообразно. При сокращении расстояния до границы нормируемых территорий, не превышающих 2 (двух) раз нормативную (минимальную) СЗЗ необходимо выполнить оценку риска для жизни и здоровью населения.

      Трассировка границ СЗЗ – трасса (линия) на ситуационном плане местности с контрольными точками и расстояниями по 8 (восьми) румбам (северо-запад, север, северо-восток, восток, юго-восток, запад, юго-запад, юг) от ближайшего источника выбросов загрязняющих веществ и (или) источника физического воздействия до границ СЗЗ.

      2. В составе проекта СЗЗ представляются следующие табличные материалы:

      1) баланс территории объектов;

      2) перечень загрязняющих веществ, обусловленных выбросами объектов в атмосферный воздух;

      3) анализ результатов расчетов рассеивания выбросов загрязняющих веществ в атмосферном воздухе с учетом фоновых концентраций;

      4) концентрация загрязняющих веществ в расчетных точках (на границах СЗЗ, за ней, в жилой застройке);

      5) план-график мероприятий по сокращению негативного воздействия на окружающую среду;

      6) план-график выполнения мероприятий по организации, благоустройству территории;

      7) программа производственного контроля на границе СЗЗ и на территории прилегающей жилой зоны для объектов.

      3. В составе проекта СЗЗ представляются следующие графические материалы:

      1) схема функционального использования территории в районе расположения объектов;

      2) генеральный план объектов;

      3) схема размещения источников выбросов и загрязнения атмосферного воздуха (существующее положение и прогноз);

      4) схема размещения источников шума, вибрации, ЭМП и других физических факторов и зоны их воздействия (существующее положение и прогноз);

      5) схема по установлению границы СЗЗ;

      6) схема планировочной организации СЗЗ;

      7) план благоустройства СЗЗ;

      8) схема размещения постов производственного контроля.

  Таблица

Пример представления сводных данных в тексте пояснительной записки проекта СЗЗ

Наименование загрязняющего вещества (код)

Значения максимальных концентраций загрязняющих веществ в приземном слое атмосферного воздуха в долях ПДК

На границе жилой зоны без учета фона

На границе жилой зоны с учетом фона

На границе СЗЗ без учета фона

На границе СЗЗ с учетом фона

1.

Оксид углерода (337)

0,04

0,50

0,03

0,49

2.

Азота диоксид (301)

0,282

0,65

0,282

0,65

3.

Сера диоксид (330)

0,004

0,02

0,004

0,02

4.

Углеводороды предельные С12-С19 (2754)

0,12

0,12

0,12

0,12