ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасын және 20-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 395 Бұйрыққа қосымша |
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 10-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;
3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
5) жалақыны субсидиялау – жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу;
6) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
8) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
10) "Зейнетақы және жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ОДҚ" ААЖ) - Кодексте белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;
11) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
12) субсидияланатын жұмыс орны – жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірілмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;
13) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және саларалық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдері Кодекстің 111-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
4. Субсидияланатын жұмыс орындары жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін құрылады.
5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесі болған;
2) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
3) өтінім берген сәтте жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
4) Кодекске және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты жүргізген;
5) еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
6) банкроттық немесе таратылу рәсімі болмаған;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде болмаған;
8) өткен күнтізбелік жылы субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған (өтінім берілген сәтте) жұмыссыздарды (бар болса):
10 (он) және одан көп субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер үшін жұмыссыздардың кемінде 10%-ын;
10 (онға) дейін субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер үшін кемінде 1 (бір) жұмыссызды міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған;
9) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде болмаған;
10) жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізімінде болмаған;
11) өтінім беру кезінде тіркелген электрондық еңбек шарттары және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақының 10%-ынан кем емес мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында және 20-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жұмысқа орналастыру мынадай:
1) субсидияланатын жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына міндетті әскери қызметке шақырылған;
2) бала үш жасқа толғанға дейін оны күту бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болуы;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) қайтыс болған;
6) мүгедектігі бар;
7) хабарсыз кеткен деп танылған;
8) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған;
9) субсидияланатын жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелді себептерсіз өз бетінше тоқтатқан адамдарды есепке алмай есептеледі.
Жұмысқа орналасқандардың есебіне субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс беруші субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 3 ай ішінде жиі міндетті зейнетақы жарналарын аударып отырған адамдар алынады.
7. Жұмыс берушілердің осы Қағидалардың 5 және 17-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді жұмыс берушілер субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасы және (немесе) мансап орталығы жүзеге асырады.
Тексеруден өтпеген жұмыс беруші тексеруден өтпеген күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қайта тексеруден өтеді.
8. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы жүргізген қайта тексеру нәтижелеріне шағымдануға құқылы.
Шағымды қарауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртібіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
9. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытқа ие болады.
Қоғамдық жұмыстарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері жатпайды.
Қоғамдық жұмыстардың мынадай ерекшеліктері бар:
1) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;
2) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
3) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
Ауылда және шағын қалаларда қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерде, ал қалалар мен моноқалаларда жеке меншік нысанындағы жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
10. Әлеуметтік жұмыс орындары және (немесе) "Күміс жас" жобасы жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындары және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмыс орындары біліктілігі төмен кәсіптер немесе қызметтер үшін құрылмайды.
11. Жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша жұмыс орындары түлектер алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
12. Осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.
13. Жұмыс беруші бос жұмыс орны болған кезде жұмыссызды оның келісімімен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
2-тарау. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
14. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау Электрондық еңбек биржасында ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 20 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жұмыс берушілерді қоспағанда, жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын (әрбір түрі бойынша) ұйымдасыруға өтінімдерді қабылдау жұмыскерлердің тізімдік санының 10%-ы шегінде жүзеге асырылады.
15. Жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдауды ұйымдастыру үшін еңбек мобильділігі орталығы жыл сайын 15 желтоқсанға дейін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға аудандар (қалалар) және субсидияланатын жұмыс орындарының түрлері бөлінісінде алдағы қаржы жылына арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға көзделген қаражаттың көлемі туралы ақпаратты орналастырады.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет нақтыланған (түзетілген) жағдайда, еңбек мобильділігі орталығы қаржыландырудың жылдық көлеміне өзгерістер енгізеді.
16. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін:
1) жұмыс берушінің деректемелерін: құрылтайшының және бірінші басшының жеке сәйкестендіру нөмірлерін, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның лауазымын, тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), құрылтай құжатының атауы мен нөмірін, байланыс телефонын, заңды мекенжайын, банк деректемелерін көрсетеді;
2) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім толтырады, онда: субсидияланатын жұмыс орнының түрі, кәсіптік сала, кәсіп, жұмыс орындарының саны, айлардағы жұмыс ұзақтығы, жұмыстарды жүргізудің нақты орны, айдағы жалақы мөлшері, үміткерден талап етілетін білім деңгейі мен кәсіптік дағдылар, байланысатын адамның лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Екі және одан көп жұмыс берушінің құрылтайшысының және бірінші басшысының жеке сәйкестендіру нөмірлері бір-біріне сәйкес келгенде Электрондық еңбек биржасы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдерді қабылдаудан бас тартады.
Жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша бойынша жұмыс беруші өтінімде кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгердің келісімімен оның жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) және лауазымын көрсетеді.
Жұмыс беруші дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісімін береді және өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
17. Электрондық еңбек биржасы:
1) Кодекске сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға қатысатын;
2) әлеуметтік жұмыс орындарын және/немесе "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, ағымдағы қаржы жылында бюджет қаражаты есебінен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар және (немесе) микрокредиттер алған;
3) инфрақұрылымдық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алулар шеңберінде қызметтер көрсететін немесе жұмыстар атқаратын;
4) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алған;
5) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсететін жұмыс берушілердің өтінімдерін қабылдамайды.
18. Өтінімдерде көрсетілетін жұмыс орындары мен кәсіптердің саны субсидияланатын жұмыс орындарының түріне байланысты болады.
Жұмыс орындарының санын айқындау кезінде жұмыс берушінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, жұмыскерлердің тізімдік саны, сондай-ақ мансап орталығында 6 (алты) айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың саны есепке алынады.
19. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жұмыс орындарының саны:
1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабына сәйкес, бірінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып танылған жұмыс берушілер үшін 1-ден 10-ға дейін жұмыс орындарын құрайды;
2) акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және (немесе) олардың филиалдары үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды;
3) дара кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды;
4) үкіметтік емес ұйымдар және (немесе) олардың филиалдары үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды;
5) кенттердің және ауылдық округтердің әкімдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік ұйымдар үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жұмыс орындарының ең жоғары саны жұмыс беруші мына талаптардың біріне сәйкес келгенде:
1) мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарды, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушыларды және (немесе) "Мемлекеттік наградалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарды жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде;
2) өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде не қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жалақысының кемінде 50%-ын қоса қаржыландырған кезде;
3) алдыңғы күнтізбелік жылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың кемінде 60%-ын тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған кезде 2 есеге ұлғаяды.
21. Жұмыс беруші өтінім берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушінің өтінімі негізінде субсидияланатын жұмыс орны бойынша бос орын құрылады. Жарияланған бос орын 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткеннен кейін толтырмаса жойылады.
22. Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың арасынан субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқысы келетін үміткер Электрондық еңбек биржасындағы "жеке кабинеті" арқылы жұмыс беруші жариялаған бос орынға жауап жібереді.
Электрондық еңбек биржасына қолжетімділік болмаған кезде үміткер Электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беруге жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінеді.
Мансап орталығы үміткерлерге өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарында Электрондық еңбек биржасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажетті консультациялық көмек көрсетеді.
23. Жауап жіберу кезінде субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасуға үміткерге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 84 бұйрық) бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында бекітілген нысан бойынша жолдама беру туралы өтініш автоматты түрде қалыптастырылады. Өтінішке үміткер электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы мансап орталығына түседі.
Үміткер өтінішті жіберген күн мансап орталығы оны қабылдаған күн болып есептеледі. Егер үміткер өтінішті демалыс күні жіберсе, онда өтінімді жіберген күн демалыстан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Өтініштің келіп түскендігі туралы хабарлама үміткердің электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жіберіледі.
24. Мансап орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да үміткердің өтініші келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) үміткердің "Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №476 қаулысымен бекітілген субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;
2) № 84 бұйрықпен бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында бекітілген нысан бойынша субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастыруға жолдама қалыптастырады.
Үміткер жұмыстан босаған сәтке дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді.
Субсидияланатын жұмыс орнына жолдама жұмыс берушінің және үміткердің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеттеріне автоматты түрде түседі.
25. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетке жолдама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастыру туралы немесе жұмысқа орналастырудан бас тарту туралы шешім енгізеді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші үміткермен әңгімелесу өткізеді, бұл туралы жұмыс беруші өзінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетінде тиісті белгі қояды.
26. Үміткерді субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін:
1) субсидияланатын жұмыс орындары бойынша бос орындардың болмауы;
2) үміткердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлер үшін);
3) жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысудан бас тартуы;
4) жұмыс берушінің қызметін тоқтата тұруы негіз болып табылады.
Субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастыру немесе жұмысқа орналастырудан бас тарту туралы жұмыс берушінің шешімі үміткердің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне түседі.
Үміткерді жұмысқа орналастырудан бас тартқан кезде жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетінде бас тарту себебін көрсетеді.
27. Үміткер жұмыс берушінің жұмысқа орналастырудан бас тартуына шағымдануға құқылы.
Шағымды қарауды мансап орталығы жүргізеді.
Мансап орталығы жұмыс берушінің үміткерді субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) жұмыс берушіден 26-тармақтың 1), 3), және 4) тармақшаларында көзделген тиісті ақпартты алу арқылы тексереді.
Жұмыс берушінің үміткерді субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналастырудан негізсіз бас тарту фактісі анықталған кезде мансап орталығы осы факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бос жұмыс орнын жояды.
Мансап орталығы шағымды қарап, мынадай:
1) жұмыс берушінің әрекетінің күшін жою және бос орынды жою туралы;
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.
28. Жұмыс беруші субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдаған кезде, мансап орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) қалыптастырады және еңбек мобильділігі орталығы мен жұмыс берушіге жібереді.
Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетінде, еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, шартқа қол қояды немесе қол қоюдан бас тартады.
Мыналар:
1) үміткердің субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартуы;
2) үміткерден жұмыссыз есебінен шығару;
3) жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысудан бас тартуы;
4) жұмыс берушінің қызметін тоқтата тұруы;
5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржыландырудың болмауы;
6) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу немесе үміткерді субсидияланатын жұмыс орындарына қатысуға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтердің дәйексіздігін анықтау Шартқа қол қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Шартқа қол қою туралы хабарлама үміткердің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне және "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы мансап орталығына түседі.
29. Жұмыс беруші шартқа қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастырады және электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетте үміткермен еңбек шарты жасалғандығы туралы ақпарат енгізеді.
Субсидияланатын жұмыс орнына үміткердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат Электрондық еңбек биржасынан "Еңбек нарығы" ААЖ-ға беріледі.
Мансап орталығы мен жұмыс беруші ақпараттық жүйелердің көмегімен күн сайын жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруына мониторинг жүргізеді.
30. Жұмыс беруші жастар практикасына, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларына қатысушыларға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгер бекітеді.
31. Жұмыс беруші таратылған немесе жұмыс беруші осы Қағидаларды бұзған жағдайларда жұмыссыздар қалған мерзімі аяқталғанға дейін жұмыстарын басқа жұмыс берушіде жалғастырады.
32. Субсидияланатын жұмыс орындарындағы еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысады.
33. Мансап орталығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 5-тарауына сәйкес субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
3-тарау. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың еңбекақысын субсидиялау тәртібі
34. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау және экологиялық үстемеақыларды төлеу жергілікті бюджет қаражаты және (немесе) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
35. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
36. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
37. Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін жүргізеді.
Бұл ретте жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдар үшін еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшерін негізге ала отырып, салықтар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырады.
Жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуді еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Төтенше жағдай жарияланған аумақта субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбегіне ақы төлеуді еңбек мобильділігі орталығы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.
38. Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
39. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға жалақы төлеу (бұдан әрі – жалақы), сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға жалақының субсидияланатын бөлігін (бұдан әрі – жалақының субсидияланатын бөлігі) төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күнінде жұмыс беруші Шартқа 1, 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтердің негізінде жалақының және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігінің мөлшерін көрсете отырып, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың тізімін (бұдан әрі – тізім) қалыптастырады.
"Еңбек нарығы" ААЖ-да қалыптастырылған тізім автоматты түрде "ОДҚ" ААЖ-ға беріледі.
40. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ОДҚ" ААЖ-ға тізім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жалақы және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді қалыптастырады және оны еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған сомаларды еңбек мобильділігі орталығы жалақы және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін төлеу кезеңін көрсете отырып, одан кейінгі айға енгізуге тиіс.
41. Еңбек мобильділігі орталығы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бірақ есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қажеттілікке сәйкес есепті айға жалақыны және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуге арналған ақшалай қаражатты аударады.
42. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ақшалай қаражат түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде, бірақ келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастырады және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың шоттарына жалақыны және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін аударуды жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттар төленген жалақының және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасын қайтарған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қайтарылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығына хабарлама жібереді.
43. Еңбек мобильділігі орталығы хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарудың себебін қарайды және "ОДҚ" ААЖ-ға мәліметтерді бере отырып, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың шоттарына жалақыны және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін қайта аудару үшін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға өзгерістер енгізеді немесе қаражатты еңбек мобильділігі орталығына қайтару туралы шешім қабылдайды.
44. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы:
1) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек мобильділігі орталығына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының шотына түскен жалақының және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігінің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады;
2) есепті айдан кейінгі әрбір айдың 20-күнінен кешіктірмей еңбек мобильділігі орталығымен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жалақыны және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуге арналған қаражаттар бойынша салыстыру актісіне қол қояды.
45. Жалақыны және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін аударумен байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен еңбек мобильділігі орталығы арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
46. Қоғамдық жұмыстар және (немесе) жастар практикасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді еңбек мобильділігі орталығы жүргізеді.
| Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы № _______ шарт
_________________________________ _____________________
Жасалған орны Күні
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын ______________ облысының
(астананың, республикалық маңызы бар қаласының) еңбек мобильділігі орталығы
атынан __________________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже, жарғы және т.б)
__________________________________________ және бұдан әрі "Орындаушы"
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
деп аталатын ________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
атынан __________________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже, жарғы және т.б)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 3-тармағына сәйкес Электрондық еңбек биржасы арқылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1-тарау. Шарттың мәні
1.1. Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында оларға субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру.
1.2. Шарттың жалпы сомасы ______________ теңгені құрайды.
(жазбаша)
1.3. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдардың жалпы саны ______________ адамды құрайды.
(жазбаша)
2-тарау. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушыдан Шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
2) Шарт талаптарының орындалуына барып мониторинг жасауға құқылы. Мониторинг нәтижелері Шарт талаптарының орындалуына барып монторинг жүргізу актілерімен рәсімделеді.
2.2. Орындаушы:
1) өз қаражаты есебінен адамдарға қосымша үстемеақы төлеуді жүргізуге;
2) мансап орталығымен келісім бойынша өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстар және (немесе) жастар практикасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға экологиялық үстемеақы төлеуді жүргізуге;
3) адамның талабы бойынша әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыстың нәтижесі жөнінде пікір (ұсыным хат) ұсынуға құқылы.
2.3. Тапсырыс беруші:
1) адамдарды олардың келісімімен Орындаушыға ____________________
(жазбаша)
адамды субсидияланатын жұмыс орындарына, оның ішінде:
- қоғамдық жұмыстар бойынша __________ адамды;
(жазбаша)
- жастар практикасы бойынша ______________ адамды;
(жазбаша)
- әлеуметтік жұмыс орындары бойынша ________________ адамды;
(жазбаша)
- "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша ________________ адамды;
(жазбаша)
- "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша ________________ адамды;
(жазбаша)
- "Күміс жас" жобасы бойынша ____________________ адамды жұмысқа
(жазбаша)
орналасу үшін жіберуге;
2) ақпараттық жүйелердің көмегімен күн сайын жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруына мониторинг жүргізуге;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жалақының субсидияланатын бөлігін әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына уақтылы және толық көлемде аударуға;
4) Орындаушы ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы уақтылы және толық көлемде жалақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізуге;
6) Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді уақтылы және толық көлемде жүргізуге;
7) субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушының әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға салықтар мен әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеуіне ай сайын мониторинг жүргізуге;
9) жұмыспен қамтудың жеке картасында субсидияланатын жұмыс орынындағы жұмысы аяқталғаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) адамның субсидияланатын жұмыс орнына және тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметті көрсетуге міндеттенеді.
2.4. Орындаушы:
1) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құруға:
2) Мансап орталығы жолдамасы бойынша жүгінген адамдарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға;
3) Тапсырыс берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы хабардар етуге;
4) Еңбек кодексіне сәйкес әрбір адаммен еңбек шартын жасасуға;
5) ақпараттық жүйелердің көмегімен күн сайын жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруына мониторинг жүргізуге;
6) әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізуге;
8) Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына немесе "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді уақтылы және толық көлемде жүргізуге;
9) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
10) қажетіне қарай адамды арнайы киіммен, құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз етуге;
11) адамдарды Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
12) еңбек міндеттерін атқару кезінде адамның денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
13) жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін еңбек кітапшасына (бар болса) субсидияланатын жұмыс орынындағы жұмыс кезеңін енгізуге;
14) Тапсырыс берушіге Шартқа 1, 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді есепті ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
15) Тапсырыс берушіге Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды толық көлемде ұсынуға;
16) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялаудың тәртібін бұзған және (немесе) "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарды тұрақты жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, адамдардың жалақысының субсидияланған бөлігін төлеуге жұмсаған мемлекеттің шығыстарын бюджетке өтеуге;
17) жастар практикасы және "Алғашқы жұмыс орны" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға кәсіби білімдері мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлердің арасынан тәлімгер тағайындауға;
18) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге кемінде 6 (алты) ай қалған немесе зейнет жасындағы тәлімгер тағайындауға;
19) "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;
20) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстыруға;
21) "Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;
22) Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасының шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдармен еңбек шартын тоқтатқан кезде өтемақы төлеуге;
23) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне адаммен жасалған және тоқтатылған еңбек шарты туралы ақпаратты енгізуге міндетті.
3-тарау. Еңбекақы төлеу
3.1. Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді Орындаушы Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.
3.2. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін еңбекақы төлеуді Орындаушы мәліметтерінің негізінде Тапсырыс беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізеді.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара басқа біреуге беруіне жол берілмейді.
4.2. Орындаушы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, Шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзылуға тиіс.
Шарт талаптары бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл туралы екінші тарапты кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті.
4.3. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған заң бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.
5-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
5.1. Тараптар Шарт талаптарын, егер ол Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса, орындамағаны үшін жауаптылықта болмайды.
5.2. Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипатқа ие оқиғалар. Мұндай оқиғалар өртті, жер сілкінуін, су тасқынын, апатты жағдайларды және әскери әрекеттерді қамтуы мүмкін.
5.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Орындаушы орындылығына қарай Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама көздерін іздейді.
5.4. Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
6.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы тікелей келіссөздер процесінде араларында Шарт немесе соған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді шешуге барлық күштерін салуға тиіс.
6.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, онда тараптың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы мәселенің шешілуін талап ете алады.
7-тарау. Өзге де жағдайлар
7.1. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылды және Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалды.
7.2. Бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама пошта байланысы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы жіберіледі. Осы күндердің қайсысы кейін туындайтынына қарай хабарлама ол жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
7.3. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар жасалған Шарттың нысанында қосымша келісіммен рәсімделеді.
Орындаушы таңдауының негізі болып табылатын шарттардың өзгермеуі талаптарында жасалған Шартқа өзгерістер енгізу:
1) Шарт бойынша жұмыс орындары санының ұлғаюы;
2) Шарт бойынша жұмыссыздар санының ұлғаюы бөлігінде міндетті.
Егер жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орынына біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың арасынан кандидатты таба алмаса, онда Тапсырыс беруші Шартқа өзгерістер енгізбей-ақ, жұмыс берушінің өтінімі бойынша әлеуметтік жұмыс орнының кәсібін (мамандығын) өзгертуі мүмкін.
7.4. Егер қаржы жылы ішінде бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыру көлемі азайса, онда Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда бір Тарап екінші Тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес. Тапсырыс беруші кемінде 2 (екі) ай бұрын Орындаушыға бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыру көлемінің азайғаны туралы хабарлама жібереді және бұл жағдайда Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.
8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
8.1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі 20_ жылғы _ __ бастап 20_ жылғы _ _ дейін.
8.2. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Тараптардың заңды мекенжайлары:
Аталған құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.
| Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 1-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): СЖОА – 1
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылдың ________ айы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жұмыс берушілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай
ЖСН/БСН
|
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
Кесте
Жұмыс берушінің атауы | Субсидияланатын жұмыс орны түрінің атауы | Мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны | Субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамдардың саны | Субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған адамдардың саны | Субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кестенің жалғасы:
Әртүрлі себеппен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған адамдар саны | ||||||||
еңбек заңнамасын бұзу | өз еркі бойынша | сырқат-тану | Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің шұғыл қызметіне шақырту алу | жұмысқа орналасу | қайтыс болу | жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалысы | тұрақты мекен –жайды ауыстыру | өзге себептер |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
Орындаушы: ________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"_____________
Мөрдің орны (бар болса)
| "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға білім беру ұйымының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай ұсынылады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында субсидияланатын жұмыс орны түрінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамдардың саны көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында еңбек заңнамасын бұзу себебімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында өз еркімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында сырқатына байланысты субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мерзімді әскери қызметіне шақырту алу себебі бойынша субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
16. Нысанның 11-бағанында жұмысқа орналасу себебі бойынша субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
17. Нысанның 12-бағанында қайтыс болу себебі бойынша субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
18. Нысанның 13-бағанында жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалыста болу себебі бойынша субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
19. Нысанның 14-бағанында тұрақты мекенжайдың ауысуына байланысты субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
20. Нысанның 15-бағанында басқа да себептер бойынша субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.
| Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 2-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Әлеуметтік жұмыс орындары және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): СЖОЖ – 2
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылдың ________ айы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жұмыс берушілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай
ЖСН/БСН
|
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
Кесте
№ р/с | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кестенің жалғасы
Айдағы жұмыс күндерінің саны | Нақты жұмыс істеген күндері | Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері | Еңбек шартына сәйкес жалақының мөлшері, теңге | Жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасы, теңге |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
Орындаушы: ________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"_____________
Мөрдің орны (бар болса)
| "Әлеуметтік жұмыс орындары және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Әлеуметтік жұмыс орындары және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Әлеуметтік жұмыс орындары және (немесе) "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан есепті айдың 25-күніне қарай ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың есепті айда нақты істеген жұмыс күндері көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерінің саны көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбек шартына сәйкес жалақысының мөлшері көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасы көрсетіледі.
| Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 3-қосымша |
Нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік нысанының атауы: Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚЖЖП – 3
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылдың ________ айы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жұмыс берушілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай
ЖСН/БСН
|
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
Кесте
№ р/с | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Кестенің жалғасы
Адамның жеке сәйкестендіру нөмірі | Айдағы жұмыс күндерінің саны | Нақты жұмыс істеген күндері | Жұмысқа уақытша жарамсыздық күндері |
5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
Орындаушы: ________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)
"Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан есепті айдың 25-күніне қарай ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның есепті айда нақты істеген жұмыс күндері көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерінің саны көрсетіледі.
| Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және |
|
| субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға жалақы төлеуге арналған қаражат, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жалақының субсидияланатын бөлігі бойынша салыстыру актісі 20__ жылғы______ ай
Жол коды | Еңбек мобильділігі орталығының БСН | Түскен трансферттердің төлем тапсырмасының № | Келіп түскен трансферттердің төлем тапсырмасының күні | Сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы:_______________________________________. (сомасы жазбаша)