БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларында:
12-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) үміткерде:
Сыныптауышқа сәйкес "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" ғылыми бағыты бойынша ұйымдар ұсынған үміткерлерді қоспағанда, ғылым және техника саласындағы халықаралық және (немесе) мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты атақтары;
Сыныптауышқа сәйкес "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" ғылыми бағыты бойынша ұйымдар ұсынған үміткерлерді қоспағанда, халықаралық ғылыми ұйымдар және (немесе) Қазақстан Республикасының салалық уәкілетті органдары тағайындаған ғылым және техника саласындағы стипендия (стипендиялар);
кемінде 3 (үш) философия докторы (PhD) және (немесе) ғылым кандидаттары немесе ғылым докторлары (дипломдардың, тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері және (немесе) үміткер ғылыми басшылықты жүзеге асырған ұйымдардың хаты) жетекшісі мәртебесі (бар болса);
шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) ғылым академияларындағы мүшелігі (бар болса);
инновациялардың жаһандық индексінің өзекті рейтингінде интегралдық микросхемалардың өнертабысына, өнеркәсіптік үлгісіне, пайдалы моделіне, селекциялық жетістігіне немесе топологиясына арналған Қазақстан Республикасының қорғау құжаты (гуманитарлық ғылымдар үшін – зияткерлік меншік объектісіне белгіленген үлгідегі құжаттың болуы) және күзет құжаттарына лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
жаһандық инновациялар индексінің өзекті рейтингінде көшбасшы орын алатын 30 (отыз) елдің бірінің өнертабысына, пайдалы моделіне, селекциялық жетістігіне немесе интегралдық микросхемалар топологиясына шет елдің қорғау құжаты (гуманитарлық ғылымдар үшін – зияткерлік меншік объектісіне белгіленген үлгідегі құжаттың болуы) және күзет құжаттарына лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттамалар (бар болса);
Заңға сәйкес толық ғылыми цикл жобасы (бар болса) бар екенін растайтын белгіленген үлгідегі құжаттардың көшірмелері.";
47, 48, 49 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Академия төралқасының шешімі бойынша зейнеткерлік жасқа толған және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін:
1) ғылыми қоғамдастық мойындаған ғылымның тиісті саласында ұлттық және (немесе) халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктері бар;
2) отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан және оны әлемдік аналогтар деңгейінде байытқан;
3) ғылыми қоғамдастықта, оның ішінде шетелде белгілі жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау мектебі бар;
4) ғылыми ұйымдарда және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға үлес қосқан Академияның толық мүшелері-академиктер Академияның құрметті академигі атағын алады.
48. Академия төралқасының ұсынысы бойынша "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің нақты мүшелері (академиктері) Академияның жалпы жиналысының шешімімен Академияның құрметті академигі болып сайланады және оларға құрметті академик атағы беріледі.
49. Академияның құрметті академигі атағын беру адамның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі саласындағы еңбегін, қабілеттерін, бастамашылығы мен жауапкершілігін мойындаудың көрінісі болып табылады.
мынадай мазмұндағы 51-тармақпен толықтырылсын:
"51. Осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес Академияның құрметті академигі атағы берілген адамдар Академия төралқасының шақыруы бойынша Академиктердің жалпы жиналысының отырыстарына қатысады.";
ескертудің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"** Бұл көрсеткіштер үміткерлерді "Әлеуметтік ғылымдар", "Гуманитарлық ғылымдар және өнер", "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" ғылыми бағыттары бойынша бағалау кезінде ескерілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Г. Кобенова |