"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 қарашада № 37470 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларда:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авторлық ұжым – әзірлеуші және (немесе) баспа қалыптастыратын жеке тұлғалар тобы.";

      мемлекеттік тілдегі 2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мектепке дейінгі білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – МБ ОӘК) – МЖМБС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына, Талаптарға сәйкес келетін және ұйымдастырылған қызмет ескеріліп, құрамына әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, демонстрациялық, үлестірме, аудио және бейне материалдар, хрестоматия, дидактикалық ойындар мен альбомдар кіретін оқу және әдістемелік басылымдар жиынтығы;";

      2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) сараптамалық топ – көрсетілетін қызметті берушінің сарапшылар базасына енгізілген, ғылыми-педагогикалық сараптамаға тартылатын сарапшылар тобы;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін әрбір 5 (бес) жыл сайын, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір 6 (алты) жыл сайын Тізбені жаңартуды қамтамасыз ететін сараптама жүргізу кестесін бекітеді.

      Бұл ретте білім беру саласындағы уәкілетті орган МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда әзірлеу және қайта басып шығару мерзімдерін олардың сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша өзгертуге құқылы";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысанда дайындауға Тақырыптық жоспар негіз болады.

      Келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспар жыл сайын 5 қаңтардан 15 наурызға дейін осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы баспа және (немесе) әзірлеуші ұсынған МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда енгізуге болжамды өтінімдер негізінде қалыптастырылады.

      Баспадан және (немесе) әзірлеушіден Тақырыптық жоспарға бір сыныпқа арналған пән бойынша оқулық пен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысанда бір аталым енгізіледі. Болжамды өтініштің көлемі жоспардан артқан жағдайда Тақырыптық жоспарға көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерінің жалпы көлемінен МБ ОӘК-нің, оқулықтардың, ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысанда тең үлестері енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі – Комитет) келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспарды енгізеді, Комитет ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Тақырыптық жоспарды бекітеді және бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады.

      3-2. Тақырыптық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде енгізіледі.

      Комитет Тақырыптық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында ақпаратты өзектендіреді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оқулық пен ЭО-ны дайындауды авторлық ұжымды қалыптастыру жолымен әзірлеуші немесе баспа ұйымдастырады, оның құрамына оқулықтар мен ЭО-ны әзірлеу мәселелері бойынша оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

      МБ ОӘК, ОӘК, оқу құралын, оның ішінде электрондық нысанда дайындауды оқу басылымының авторы және (немесе) авторлық ұжым жүзеге асырады.";

      10-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      3-тараудың 1-параграфы алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жаңадан әзірленген оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдау ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін, МБ ОӘК, ЭО, ЭОӘК, қайта басып шығарылатын оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы үшін ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.

      Оқу құралдарды, ЭОҚ-ны сараптамаға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. МБ ОӘК-ге, оқулықтарға, ОӘК-ге, оқу құралдарына, оның ішінде электрондық нысанда ғылыми-педагогикалық сараптаманы көрсетілетін қызметті беруші қалыптастыратын сараптамалық топ күнтізбелік 50 (елу) күн ішінде жүргізеді.

      Сараптамалық топ мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, сарапшылар базасына енгізілген "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер" біліктілік санаты бар ғалымдар мен педагогтер қатарынан тұрады. Ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізуге "ЖОО-ның үздік оқытушысы", "Үздік педагог" республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ведомстволық және мемлекеттік наградалардың иегерлері де тартылады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Көрсетілетін қызметті беруші Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілетін сараптама критерийлерін оқу басылымдарын бағалаудың негізгі өлшемдері бойынша әзірлейді:

      1) құрылымы мен ұйымдастырылуы;

      2) мазмұны;

      3) дидактикалық аспектілері;

      4) әдістемелік аспектілері;

      5) тіл деңгейі;

      6) психологиялық және психолингвистикалық аспектілері;

      7) этномәдени және құндылық аспектілері;

      8) цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалану;

      9) саралау аспектілері;

      10) макет пен дизайн.";

      63, 64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбеге енгізілген жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағыны бағалау мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесінде бірінші жыл пайдаланылғаннан кейін олардың сапасына мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.

      64. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбе бекітілген күннен бастап мониторинг жүргізу үшін жаңадан әзірленген МБ ОӘК-нің, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағы түрімен таныстыру (демонстрациялық) үшін электрондық нұсқаларын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      65. Жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағының сапасының мониторингін көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі бекіткен әдіснаманың негізінде оқу жылының ішінде бақылау, педагогтер, білім алушылар, ата-аналар немесе заңды өкілдерінің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      66. Талдамалық анықтама түріндегі мониторинг нәтижелері жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда жетілдіруге қатысты ұсынымдарды қамтиды және білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсынылады. Мониторинг қорытындылары қайта басып шығару кезінде МБ ОӘК-нің, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағыларының мазмұнына өзгерістер енгізуге немесе білім беру ұйымдары талап етпеген МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысандағыларын Тізбеден алып тастауға негіз болады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымшада:

      мемлекеттік тілдегі 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Әзірлеуші және (немесе) баспа (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай материалдарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МБ ОӘК сараптама жүргізуге өтініш;
2) оқу басылымының авторы / авторлық ұжым туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ғылыми дәрежесі мен атақтары, біліктілік санаттары, жұмыс орны және лауазымы, растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МБ ОӘК-ге баспаішілік сараптама жүргізу туралы баспа басшысының қолы қойылған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталған қорытынды;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МБ ОӘК-ні тәуелсіз бағалау туралы әзірлеуші қол қойған қорытынды;
5) сараптамаға жіберілетін МБ ОӘК-нің көлемі туралы (баспа парақтарымен және минуттарымен) баспа басшысы қол қойған хат;
6) әзірлеуші, баспа және оқу басылымының авторлары көрсетілмеген МБ ОӘК-нің (баспа-электрондық), оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасының макет-түпнұсқаның үш данасы, әзірлеуші, баспа және оқу басылымының авторлары көрсетілген МБ ОӘК-нің (баспа-электрондық), оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасының макет-түпнұсқаның бір данасы;
7) электрондық МБ ОӘК үшін – еркін формада берілген орнату жөніндегі нұсқаулық және пайдаланушыға арналған нұсқаулық;
8) төлемді растайтын құжат (ақылы негізде сараптама жүргізілгенде).
2. Әзірлеуші және (немесе) баспа (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай материалдарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқулықтарға, ЭО-ға, ОӘК-ге, ЭОӘК-ге, оқу қралдарына, ЭО-ға сараптама жүргізуге өтініш;
2) оқу басылымының авторы/ авторлық ұжым туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ғылыми дәрежесі мен атағы, біліктілік санаттары, жұмыс орны мен лауазымы және растайтын құжаттардың көшірмелері. Оқу басылымының авторы оқулықтарды әзірлеу саласында оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттарды қосымша ұсынады;
3) Тізбеге енгізілген жағдайда, баспаның, әзірлеушінің оқулықтар мен ОӘК-нің электрондық нұсқасын ePub форматында білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру туралы жазбаша келісімі;
4) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқулықтар мен ОӘК-нің баспаішілік сараптамасын жүргізу туралы баспа басшысы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған қорытынды;
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлеуші қол қойған оқулықтар мен ОӘК-ні тәуелсіз бағалау туралы қорытынды;
6) оқу материалдары мен бастапқы дереккөздерді пайдалануда авторлық және азаматтық құқықтардың бұзылуының жоқтығы туралы баспаның басшысы қол қойған кепілдік хат;
7) сараптамаға жіберілетін оқулықтар, ОӘК мен оқу құралдарының, оның ішінде электрондық нысандағы көлемі (баспа парақтары мен минуттары) туралы баспа басшысы қол қойған хат;
8) әзірлеуші, баспа және оқу басылымының авторлары көрсетілмеген оқулықтар (баспа-электрондық), ОӘК мен оқу құралдарының (оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасы) макет-түпнұсқаның үш данасы, әзірлеуші, баспа және оқу басылымының авторлары көрсетілген оқулықтар (баспа-электрондық), ОӘК мен оқу құралдарының (оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасы) макет-түпнұсқаның бір данасы, ЭО, ЭОӘК және ЭОҚ үшін иесіздендірілген платформада орналастырылған түпнұсқаға сілтеме және USB тасығыштағы (баспаны, әзірлеушіні және (немесе) оқу басылымының авторларын/авторлық ұжымды көрсете отырып) макет. ЭОҚ сараптамасын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы оны көрсетілетін қызметті берушіге сараптама жүргізу кезеңінде уақытша ұсынады. ЭОҚ-ны сақтау және қолдану үшін сараптама аяқталғаннан кейін жабдықтың бір данасы көрсетілетін қызметті берушіде қалады;
9) ЭО, ЭОӘК, ЭОҚ үшін – еркін формада берілген орнату жөніндегі нұсқаулық және пайдаланушыға арналған нұсқаулық;
10) төлемді растайтын құжат (сараптама ақылы негізде жүргізілгенде).
Ескерту:
Ақылы негізде қызмет көрсету кезінде (Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқу басылымдарын сараптауға қабылдау) қызмет көрсетуге екі жақты шарт жасау үшін оқу басылымы авторының / баспа басшысының жеке куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) талап етіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      ";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
Жаңадан әзірленген оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдау ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін, МБ ОӘК, ЭО, ЭОӘК, қайта басылған оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы үшін ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Оқу құралдарын, ЭОҚ-ны сараптамаға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800-080-7777 телефондары арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414" 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
М. Мелдебекова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 262
бұйрығына қосымша
Орта білім беру ұйымдарына
арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдісмемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және мониторинг
жүргізу, басып шығару
жөніндегі қағидаларға
2-1-қосымша
  Нысан

Тақырыптық жоспарға МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда енгізуге болжамды өтінім

Баспа/ әзірлеуші

Пән

Оқу басылымының атауы

Категория (оқулық, ОӘК түрі)

Бөлімдер саны

Сынып

Әзірлеу нысаны

Оқыту бағыты

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Әзірлеу тілі

Оқыту тілі

Басылым түрі

Авторлар

Бет саны

Баспа табақтағы көлемі

Минутпен көлемі

Тапсыру айы

Тапсыру жылы

10

11

12

13

14

15

16

17

18











О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июля 2012 года № 344 "Об утверждении Правил по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников для организаций среднего образования и учебно-методических комплексов для дошкольных организаций, организаций среднего образования"

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 24 ноября 2025 года № 262. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 ноября 2025 года № 37470

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июля 2012 года № 344 "Об утверждении Правил по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников для организаций среднего образования и учебно-методических комплексов для дошкольных организаций, организаций среднего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7876) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников для организаций среднего образования и учебно-методических комплексов для дошкольных организаций, организаций среднего образования, утвержденным указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) авторский коллектив – группа физических лиц, формируемая разработчиком и (или) издательством;";

      подпункт 10) пункта 2 на государственном языке изложить в следующей редакции, текст на русском не меняется;

      подпункт 22) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "22) экспертная группа – группа экспертов, включенных в базу экспертов услугодателя, привлекаемых к научно-педагогической экспертизе;";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Уполномоченный орган в области образования утверждает график проведения экспертизы, который обеспечивает обновление Перечня через каждые 5 (пять) лет для организаций дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего образования, через каждые 6 (шесть) лет для специальных организаций образования.

      При этом уполномоченный орган в области образования вправе изменять сроки разработки и переиздания УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме по итогам мониторинга их качества.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Основанием для подготовки УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме, служит Тематический план.

      Тематический план на следующий финансовый год формируется ежегодно

      с 5 января по 15 марта на основании прогнозных заявок на включение УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме, поданных издательством и (или) разработчиком через интернет-ресурс услугодателя в установленной форме согласно приложению 2-1 к настоящим Правилам.

      В Тематический план от издательства и (или) разработчика включается одно наименование УМК ДО, учебника и УМК, в том числе в электронной форме, по предмету на класс. При превышении объема прогнозных заявок от планируемого в Тематический план включаются равные доли УМК ДО, учебников, УМК, в том числе в электронной форме, от общего объема заявок услугополучателей.";

      дополнить пунктами 3-1, 3-2 следующего содержания:

      "3-1. Услугодатель до 1 мая текущего года вносит Тематический план на следующий финансовый год в Комитет по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Республики Казахстан (далее – Комитет), Комитет не позднее 15 мая текущего года утверждает Тематический план и размещает на интернет-ресурсе Комитета и услугодателя в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня его утверждения.

      3-2. В Тематический план изменения и дополнения вносятся в рамках средств, предусмотренных из республиканского бюджета.

      Комитет в течении 5 (пяти) рабочих дней с даты внесения изменений и дополнений в Тематический план актуализирует информацию на интернет-ресурсе Комитета и услугодателя.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Подготовка учебника и ЭУ, организуется разработчиком или издательством путем формирования авторского коллектива, в состав которого входят ученые, методисты, педагоги организаций образования, прошедшие обучающие курсы по вопросам разработки учебников и ЭУ.

      Подготовка УМК ДО, УМК, пособия, в том числе в электронной форме осуществляется автором учебного издания и (или) авторским коллективом.";

      подпункт 1) пункта 10 исключить;

      Параграф 1 Главы 3 исключить;

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Прием на экспертизу вновь разработанных учебников и УМК, осуществляется до 30 июня текущего года, УМК ДО, ЭУ, ЭУМК, переиздаваемых учебников и УМК, в том числе в электронной форме, до 1 октября текущего года.

      Прием на экспертизу пособий, ЭП осуществляется в течение календарного года.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Научно-педагогическая экспертиза УМК ДО, учебников, УМК, пособий, в том числе в электронной форме, проводится экспертной группой, формируемой услугодателем, в течение 50 (пятьдесяти) календарных дней.

      Экспертная группа состоит из числа ученых и педагогов, имеющих стаж работы по специальности не менее 5 (пяти) лет, квалификационную категорию "педагог-эксперт", "педагог-исследователь" и (или) "педагог-мастер", включенных в базу экспертов. К проведению научно-педагогической экспертизы привлекаются также победители республиканских конкурсов "Лучший преподаватель вуза", "Лучший педагог", обладатели ведомственных и государственных наград.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. Услугодатель разрабатывает критерии экспертизы, утверждаемые решением Ученого совета, по основным параметрам оценивания учебных изданий:

      1) структура и организация;

      2) содержание;

      3) дидактические аспекты;

      4) методические аспекты;

      5) языковой уровень;

      6) психологические и психолингвистические аспекты;

      7) этнокультурные и ценностные аспекты;

      8) использование цифровых технологий, в том числе применение искусственного интеллекта;

      9) аспекты дифферинциации;

      10) макет и дизайн.";

      пункты 63, 64, 65 и 66 изложить в следующей редакции:

      "63. Услугодатель для оценки вновь разработанных УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме, включенных в Перечень, проводит мониторинг их качества (далее – мониторинг), после первого года их использования в учебном процессе в организациях дошкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования, определенных уполномоченным органом в сфере образования.

      64. Услугодатель со дня утверждения Перечня размещает ознакомительные (демонстрационные) электронные версии вновь разработанных УМК ДО, учебников, УМК, в том числе в электронной форме, на своем интернет-ресурсе для проведения мониторинга.

      65. Мониторинг качества вновь разработанных УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме, осуществляется путем наблюдения, опроса среди педагогов, обучающихся, родителей или законных представителей, на основе методологии, утвержденной Ученым советом услугодателя в течение учебного года.

      66. Результаты мониторинга в виде аналитической справки содержат рекомендации по улучшению вновь разработанных УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме, и представляются на рассмотрение уполномоченного органа в области образования. Итоги мониторинга являются основанием для внесения изменений в содержание УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме в следующем переиздании или исключении из Перечня невостребованных организациями образования УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме.";

      дополнить приложением 2-1 согласно приложению к настоящему приказу;

      в приложении 4:

      пункт 8 на государственном языке изложить в следующей редакции, текст на русском не меняется;

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "

10

Требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой и через Государственную корпорацию

Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем в Государственную корпорацию – 15 (пятнадцать) минут.
Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя в Государственной корпорации – 15 (пятнадцать) минут.
Прием на экспертизу вновь разработанных учебников и УМК, осуществляется до 30 июня текущего года, УМК ДО, ЭУ, ЭУМК, переиздаваемых учебников, УМК, в том числе в электронной форме, до 1 октября текущего года.
Прием на экспертизу пособий, ЭП осуществляется в течение календарного года;
Услугополучателям, имеющим в установленном законодательством порядке полную или частичную утрату способности, или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться, прием документов для оказания государственной услуги производится работником Государственной корпорации с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080777.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.

      ".

      2. Комитету по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
М. Мелдебекова

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 24 ноября 2025 года № 262
  Приложение 2-1
к Правилам по подготовке,
экспертизе, апробации
и проведению мониторинга,
изданию учебников
для организаций среднего
образования и учебно-методических
комплексов для дошкольных
организаций, организаций
среднего образования
  Форма

Прогнозная заявка на включение УМК ДО, учебников и УМК, в том числе в электронной форме в Тематический план

Издательство / разработчик

Предмет

Наименование учебного издания

Категория (учебник, вид УМК)

Количество частей

Класс

Форма разработки

Направление в обучении

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Язык разработки

Язык обучения

Вид издания

Авторы

Количество страниц

Объемы в печатных листах

Объемы в минутах

Месяц сдачи

Год сдачи

10

11

12

13

14

15

16

17

18