"Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 719 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 қарашада № 37467 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларында, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш алған жағдайда;";

      көрсетілген Үлгілік қағидалардың 5-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібі:

      1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді;

      2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізін;

      3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін;

      4) онда құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізуге жататын құжаттарының тізбесін;

      5) сапаға сыртқы бақылауға жататын аудит бойынша жобаларды іріктеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмайтын бақылаушыларды іріктеу өлшемшарттарын (тәуелсіздікті қамтамасыз ету);

      6) аудиторлық қызмет көрсету шартын орындауға аудиторлық ұйым жолдаған ресурстардың жеткіліктілігін;

      7) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының, "Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 бұйрығының талаптарын сақталуын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23942 болып тіркелген), сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін;

      8) жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын сыртқы бақылау мәселелерін;

      9) сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйым сапаға сыртқы бақылау жүргізу барысында қол жеткізген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;

      10) бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеуді;

      11) аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін іске асыруы жөніндегі шараларды қамтиды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде осы Үлгілік қағидалардың қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит бойынша қызметін бағалау өлшемі және бағаның анықталатын цифрлық баламасы көзделген.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июня 2021 года № 574 "Об утверждении Типовых правил проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций, в том числе критериев проверок аудиторских и профессиональных организаций"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 ноября 2025 года № 719. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 ноября 2025 года № 37467

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июня 2021 года № 574 "Об утверждении Типовых правил проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций, в том числе критериев проверок аудиторских и профессиональных организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23080) следующие изменения:

      в Типовых правилах проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций, в том числе критерии проверок аудиторских и профессиональных организаций, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "1) в случае получения обращения на действия (бездействие) аудиторов, аудиторских организаций и профессиональных организаций;";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Сроки проведения планового и (или) внепланового внешнего контроля качества по каждой аудиторской организации определяются комитетом по контролю качества профессионального совета и (или) соответствующей профессиональной организацией в соответствии с утвержденным внутренним планом. При этом сроки проведения внешнего контроля качества комитетом по контролю качества профессионального совета и профессиональной организацией не превышают более 10 (десяти) рабочих дней, а для определения оценки по результатам внешнего контроля качества – не более 2 (двух) месяцев. В случае запроса уполномоченного органа сроки проведения внешнего контроля качества не превышают 7 (семи) рабочих дней, а для определения оценки по результатам внешнего контроля качества – не более 15 (пятнадцати) рабочих дней.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Порядок проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций включает:

      1) вопросы по организации процедуры внешнего контроля качества;

      2) основания отвода (самоотвода) контролера либо других лиц, участвующих в процедуре внешнего контроля качества;

      3) программу и этапы проведения внешнего контроля качества;

      4) перечень документов аудиторской организации, подлежащих внешнему контролю качества, который включает учредительные и правоустанавливающие документы, лицензии, квалификационные свидетельства аудиторов, документы по повышению квалификации аудиторов, документы по кадровому составу, внутрифирменные документы по контролю качества аудита, рабочую документацию по выполненным аудиторским заданиям;

      5) критерии отбора проектов по аудиту, подвергающихся внешнему контролю качества, а также отбора контролеров, исключающие конфликт интересов (обеспечение независимости);

      6) достаточности ресурсов, направленных аудиторской организацией на выполнение договора оказания аудиторских услуг;

      7) вопросы проверки системы внутреннего контроля качества аудиторской организации, соблюдения требований Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения", приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 августа 2021 года № 4 "Об утверждении Требований к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения для не финансового сектора" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23942), а также соблюдения требований законодательства об аудиторской деятельности;

      8) вопросы внешнего контроля качества отдельных аудиторских заданий;

      9) меры по обеспечению защиты информации, доступ к которой получен комитетом по контролю качества профессионального совета и профессиональной организацией в ходе проведения внешнего контроля качества;

      10) отчетность контролеров и оформление результатов прохождения аудиторской организацией внешнего контроля качества;

      11) меры по реализации аудиторской организацией результатов прохождения внешнего контроля качества.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. По результатам проведенного внешнего контроля качества в порядке проведения внешнего контроля качества предусматриваются критерии оценки качества услуг по аудиту аудиторской организации и цифровой эквивалент оценки, которые определяются по формулировке оценки, согласно приложению к настоящим Типовым правилам.".

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудита и оценки Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев