БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
8) тармақша алып тасталсын;
130) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"130) тарифтік учаске – шекарада тұтынушылардың бір тобы шегінде суды беруге арналған бірыңғай тариф бекітілетін және қолданылатын магистральдық құбыржолының учаскесі;";
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бөлім. Магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті есептеу ерекшеліктері";
57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті есептеу бекітілген шарттарға сәйкес субъект ұсынатын гидротехникалық құрылыстар кешенінің және (немесе) жасанды гидротехникалық құрылыстардың көмегімен магистральдық құбыржолы арқылы су тарту түріндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданылады.
58. Магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф осы параграфтың 1-бөліміне сәйкес тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі және судың 1 текше метрі үшін теңгемен өлшенеді.
Егер суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде магистральдық құбыржолдары жүйесінде тарифтер жекелеген учаскелерге бекітілген болса және көрсетілетін қызметтер екі және одан астам облыстың аумағында ұсынылса, бірыңғай тариф және тарифтік смета тұтастай бүкіл жүйеге есептеледі.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
n – тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе бүкіл кезеңге);
Tn –тарифтің қолданылу кезеңіне 1 текше метр үшін магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф, теңге;
Zn – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, қабылданған тарифтің қолданылу кезеңіне арналған экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;
ПРДn – тарифтің әрекет ету кезеңіне салық салынғанға дейінгі пайданың рұқсат етілген деңгейі, мың теңге;
Vn – тарифтің қолданылу кезеңінде көрсетілетін қызметтер көлемі, мың текше метр.";
242-1-тармақ алып тасталсын;
246 және 247-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"246. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф тұтынушылардың топтары бойынша мыналарды:
1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейі;
2) тұтыну көлемі;
3) инфляцияға әсері;
4) өңірдің өнеркәсіптік өндірісін дамыту деңгейі ескеріле отырып сараланады.
247. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:
1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;
2) өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ;
3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – үшінші топ.
Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:
1-кіші топ:
1 адамға айына 3 м3 дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын, халық санатына жататын жеке тұлғалар;
жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) қоректендіру көлемі шегінде;
бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар;
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
2-кіші топ – 1 адамға айына 3 м3-ден 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын, халық санатына жататын жеке тұлғалар;
3-кіші топ – 1 адамға айына 5 м3-ден 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын, халық санатына жататын жеке тұлғалар;
4-кіші топ – 1 адамға айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар.";
249-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"249-1. Тұтынушылардың бірінші тобының мынадай санаттары үшін сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:
Тхал.1 = Тхал.
Тхал.2 = 1,15*Тхал.
Тхал.2 = 1,3*Тхал.
Тхал.3 = 1,5*Тхал., мұндағы:
Тхал. = осы Қағидалардың 249-тармағына сәйкес айқындалған тариф;
Тхал.1 – 1-кіші топтың тарифі;
Тхал.2 – 2-кіші топтың тарифі;
Тхал.3 – 3-кіші топтың тарифі;
Тхал.4 – 4-кіші топтың тарифі.
Жеке есепке алу құралының болуына қарамастан, тұтынылған көлемге 1 адамға 1 айға есептеулердің жалпы көлемін есептеу кезінде:
3 м3-ге дейін – Тхал. деңгейінде;
3 м3 астамнан 5 м3-ге дейін – 1,15*Тхал. деңгейінде;
5 м3 астамнан 10 м3-ге дейін – 1,3*Тхал. деңгейінде;
10 м3 астамнан – 1,5*Тхал. деңгейінде тариф қолданылады.
Жеке есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін есептеу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша жүргізіледі.";
251- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"251. Екінші топ үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
T2 – екінші топтың тұтынушылары үшін бір текше метрге сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф, теңге;
Tа – бір текше метр үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф, теңге;
k2 – осы Қағидалардың 246-тармағына сәйкес айқындалған тұтынушылардың екінші тобына сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуден түскен кірістерді қайта бөлуге арналған коэффициент.";
2- бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бөлім. Магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді саралау";
261, 262, 262-2, 263, 264, 265, 266, 267, 267-1 және 272-2- тармақтар алып тасталсын;
273- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"273. Есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:
1) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобы үшін (ЕА жоқ Тхал):
ЕА жоқ Тхал. = 1,2 * Тхал. (теңге/Гкал);
1-кіші топ – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА жоқ Тхал. 1 = ЕА жоқ Tхал., мұндағы:
ЕА жоқ Тхал.1 – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі
2-кіші топ – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА жоқ Тхал.2 = ЕА жоқ Tхал.* 1.1, мұндағы:
ЕА жоқ Тхал.2 – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі
Бұл ретте, белгілі бір көлем үшін халықтың 1-кіші тобына арналғандай халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
Бұл ретте, ЕА жоқ Тхал.2 Та-дан аспайды.
3-кіші топ – жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА жоқ Тхал.3 = Та, мұндағы:
ЕА жоқ Тхал.3 – жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі;
Tа – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф (орташа босату тарифі).
Бұл ретте, белгілі бір көлем үшін халықтың 1 және 2-кіші топтары үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
2) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобы үшін (ЕА бар Тхал.):
ЕА бар Тхал. = (Тхал.* Qхал. – ЕА жоқ Тхал. * ЕА жоқ Qхал.)/ ЕА бар Qхал. (теңге/Гкал).
1-кіші топ – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА бар Тхал.1 = ЕА бар Tхал., мұндағы:
ЕА бар Тхал.1 – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифы;
2-кіші топ – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА бар Тхал.2 = ЕА бар Tхал * 1,1, мұндағы:
ЕА бар Тхал.2 – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі
Бұл ретте, белгілі бір көлем үшін халықтың 1-кіші тобы үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
Бұл ретте, ЕА жоқ Тхал.Та-дан аспайды.
3-кіші топ – жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА бар Тхал.3 =Та*(ЕА бар Тхал.1/Тхал), мұндағы:
ЕА бар Тхал.3 – жылытылатын ауданы 200 м2-ден асатын халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі
Tа – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф (орташа беру тарифі).
Бұл ретте, белгілі бір көлем үшін халықтың 1 және 2-кіші топтары үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобы үшін тариф (ЕА бар Тхал.) есептеу бойынша ≤0 деңгейінде айқындалса, ЕА бар Тхал. және ЕА жоқ Тхал. мынадай формула бойынша айқындалады:
ЕА бар Тхал. = 0,5* Тхал. (теңге/Гкал);
1-кіші топ – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА бар Тхал. = ЕА бар Tхал., мұндағы:
ЕА бар Тхал.1 – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі;
2-кіші топ – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар;
ЕА бар Тхал.2 = ЕА бар Tхал * 1,1, мұндағы:
ЕА бар Тхал.2 – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі.
Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халықтың 1-кіші тобына арналған халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
Бұл ретте, ЕА жоқ Тхал. Та-дан аспайды.
3-кіші топ – жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА бар Тхал.3 =Та* (ЕА бар Тхал.1/Тхал.), мұндағы:
ЕА бар Тхал.3 – жылытылатын ауданы 200 м2-ден асатын халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі;
Tа – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф (орташа босату тарифі).
Тхал. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған, тұтынушыларды бірінші тобына арналған тариф.
Бұл ретте, белгілі бір көлем үшін халықтың 1 және 2-кіші топтары үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
ЕА жоқ Тхал. = (Тхал. *Qхал. – ЕА бар Тхал. * ЕАбар Q)/ЕА жоқ Qхал. (теңге/Гкал), мұндағы:
Qхал. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың біріші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
ЕА жоқ Qхал. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
ЕА бар Qхал. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
1-кіші топ – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА жоқ Тхал. 1 = ЕА жоқ Tхал, мұндағы:
ЕА жоқ Тхал.1 – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі;
2-кіші топ – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА жоқ Тхал.2 = ЕА жоқ Tхал* 1.1, мұндағы:
ЕА жоқ Тхал.2 – жылытылатын ауданы 100-ден астамнан 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі.
Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халықтың 1-кіші тобына арналған халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
Бұл ретте, ЕА жоқ Тхал.2 Та-дан аспайды.
3-кіші топ – жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалар:
ЕА жоқ Тхал.3 =Та, мұндағы:
ЕА жоқ Тхал.3 – жылытылатын ауданы 200 м2-ден асатын халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі;
Tа – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф (орташа босату тарифі).
Бұл ретте, белгілі бір көлем үшін халықтың 1 және 2-кіші тобына арналғандай халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
3) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобы үшін (ЕА жоқ Төзге):
ЕА жоқ Төзге = 1,3* Төзге (теңге/Гкал);
4) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда, тұтынушылардың екінші тобы үшін (ЕА бар Төзге):
ЕА бар Төзге = (Төзге * Qөзге – ЕА жоқ Төзге *ЕА жоқ Qөзге)/ЕА бар Qөзге (теңге/Гкал),
Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобы үшін тариф (ЕА бар Төзге) есептеме бойынша ≤ 0 деңгейінде айқындалған болса, ЕА бар Төзге және ЕА жоқ Төзге мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ЕА бар Төзге = 0,7 * Төзге (теңге/Гкал);
ЕА жоқ Төзге = (Төзге* - ЕА бар Төзге * ЕС бар Qөзге)/ЕА жоқ Qөзге (теңге/Гкал), мұндағы:
Qөзге – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
ЕА жоқ Qхал. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
ЕА бар Qхал. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
5) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобы үшін (ЕА жоқ Тбюдж.):
ЕА жоқ Тбюдж. = 1,5* Тбюдж. (теңге/Гкал);
6) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда, тұтынушылардың екінші тобы үшін (ЕА бар Тбюдж):
ЕА бар Тбюдж. = (Тбюдж. * Qбюдж. – ЕА жоқ Тбюдж.*ЕА жоқ Qбюдж.)/ЕА бар Qбюдж. (теңге/Гкал).
Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобы үшін тариф (ЕА бар Тбюдж.) есептеме бойынша ≤ 0 деңгейінде айқындалған болса, ЕА бар Тбюдж. және ЕА жоқ Тбюдж. мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ЕА бар Тбюдж. = 0,5 * Тбюдж. (теңге/Гкал);
ЕА жоқ Тбюдж. = (Тбюдж.* - ЕА бар Тбюдж. * ЕС бар Qбюдж.)/ЕА жоқ Qбюдж. (теңге/Гкал), мұндағы:
Qбюдж. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
ЕА жоқ Qбюдж. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
ЕА бар Qбюдж. – жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.";
мынадай мазмұндағы 278-2-тармақпен толықтырылсын:
"278-2. Жылыту қажеттіліктеріне жұмсалатын жылу энергиясының көлемі жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған тұтынушылар үшін де, мұндай аспаптары жоқ тұтынушылар үшін де жылытылатын алаңға байланысты айқындалады.
Есепке алу аспаптары болмаған кезде жылыту қажеттіліктеріне жылу энергиясының көлемі Үлгілік қағидалардың 2-тарауына сәйкес есептік жолмен айқындалады.
Жылытылатын алаңның мөлшерін ескере отырып, жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде 1 м2 жылу энергиясының үлес шығысы мынадай формула бойынша айқындалады:

Q(жылу) – жылу энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жылыту қажеттіліктеріне босатылған жылу энергиясының жалпы көлемі, ал болмаған кезде Үлгілік қағидалардың 2-тарауында көзделген есептік жолмен айқындалады;
S(жалпы) – жалпы жылытылатын алаң, м2;
Үлестік шығыстың алынған мәні q(жылу) – әр тұтынушыға қатысты жылытылатын ауданының мөлшеріне байланысты жылу энергиясының көлемін айқындау үшін қолданылады.
1-кіші топ: жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар
Q(жылу ысырап) = q (жылу)×S(жалпы.) (Гкал), мұндағы
S(жалпы) – тұтынушының бүкіл ауданы 100 м2 дейін
2-кіші топ: жылытылатын ауданы 100-ден 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар
Qжылу ысырап1 = q(жылу)×S(100) (Гкал), мұндағы:
S(100) – тұтынушының ауданы 100 м2
Q жылу ысырап2 = q (жылу)× S100-200 , мұндағы
S 100-200 – тұтынушының ауданы 100 м2-ден бастап 200м2 дейін
3-кіші топ: жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалар
Q жылу ысырап2 = q(жылу)×S100 (Гкал), мұндағы
тұтынушының ауданы 100 м2
Q жылу ысырап2 = q (жылу)×S200 (Гкал), мұндағы
S (100-200) – тұтынушының ауданы 100 м2-ден 200 м2-ге дейін
Q жылу ысырап3 = q(жылу)×S200-ден астам (Гкал), мұндағы
S (200-ден астам) – тұтынушының ауданы 200 м2 бастап";
18-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 24 қарашадағы № 123 Бұйрыққа қосымша Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 18-қосымша |
Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу
1. Тарифтерге уақытша төмендету коэффиценті деңгейінің есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Кп = Т1/Т, мұндағы:
Кп– көрсетілетін қызметке уақытша төмендету коэффициенті;
Т – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен көрсетілетін қызметтің бірлігіне тариф;
Т1 – көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемінің бірлігіне есептік тариф мынадай формула бойынша анықталады:

V – көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемі;
V1 – көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемі;
T2 – көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемінен көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемінің өсу бірлігіне есептік тариф мынадай формула бойынша анықталады:

П – қолданыстағы тарифте салынған көрсетілетін қызметтің бірлігіне пайда;
дельта3 – шартты-ауыспалы шығындар.
2. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үлгісінде тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу:
1) суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу кезінде қолданылатын шартты деректер:
тұтынушы – "Адал су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
көрсетілетін қызмет түрі – суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру;
су құбыры ұйымының көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне бекітілген тариф (Т) – 1 текше метрге (бұдан әрі – м3) 28,42 теңге;
су құбыры ұйымының көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне қолданыстағы тарифте салынған пайда (П) – 2,1 теңге/м3;
көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемі (V1) – 49651 м3;
көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемі (V) – 45000 м3;
шартты-ауыспалы шығындар (дельта3) – 32623,63 теңге.
2) көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемінен көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемінің өсу бірлігіне есептік тариф айқындалады (3):
![]()
3) көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген бірлігіне арналған есептік тариф айқындалады (2):
![]()
4) көрсетілетін қызметтерге арналған уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі айқындалады (1):
![]()
Электр энергиясын беру және (немесе) электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке уақытша төмендету коэффициенті деңгейін есептеу
1-тарау. Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке уақытша төмендету коэффициенті деңгейін есептеу
1. Электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған тарифке уақытша төмендету коэффициенті (К1) деңгейін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
К1 = Тесеп/Т, мұндағы:
Т – электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге уәкілетті органның ведомствосы энергия беру ұйымы үшін бекіткен, мәлімделген кезеңдегі қолданыстағы тариф;
Тесеп – электр энергиясын желілер бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметке мәлімделген көлемді ескере отырып, есептеу тарифі, ол уақытша төмендету коэффициентін ескере отырып осы көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажет шығындар құнынан төмен емес және Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескереді және мынадай формула бойынша айқындалады:
Тесеп = (Т *Vтсиф + Тд* Vд)/Vз, (теңге/кВт.сағ.), мұндағы:
Vтсиф – мәлімделген кезеңде қолданыстағы энергия беруші ұйым тарифінің тарифтік сметасында бекітілген көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін көзделген электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің көлемі.
Бекітілген тарифтік сметада осы тұтынушы үшін көрсетілетін қызметтер көлемі болмаған жағдайда, алдыңғы кезеңнің тиісті кезеңі үшін көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі қолданылады;
Vм – мәлімделген кезеңде уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге тұтынушының өтінімінде көрсетілген Ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі;
Vқ – электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша берудің қосымша көлемі, яғни тұтынушы мәлімдеген электр энергиясын беру көлемі мен мәлімделген кезеңде қолданылатын энергия беруші ұйым тарифінің бекітілген тарифтік сметасында көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін көзделген көлемнің арасындағы айырма мына формула бойынша анықталады:
Vқ = Vм- Vтсиф, (кВт/сағ.)
Тқ – электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша берудің қосымша көлеміне есептелген тариф, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Тқ = (С ысырап + Ст + С пайда)/ Vқ, (теңге/кВт.сағ.), мұндағы:
С ысырап – электр энергиясының қосымша көлемін өңіраралық деңгей желілері бойынша беру кезінде нормативтік техникалық ысыраптардың құны, ол мына формула бойынша анықталады:
С ысырап = Z * Vш, (теңге), мұндағы:
Z – энергия беруші ұйымның қолданыстағы тарифтік сметасында көзделген нормативтік техникалық ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алудың орташа өлшенген бағасы, теңге/кВт.сағ.;
Vш – электр энергиясының қосымша көлемін өңіраралық деңгей желілері бойынша беру кезінде нормативтік техникалық ысыраптардың көлемі, ол энергия беруші ұйымның қорытындысында заттай шамада (кВтсағ, %-те) көрсетілуі және құзыретті орган растауы тиіс.
Энергия беруші ұйымның қорытындысында нормативтік техникалық ысыраптар көлемі немесе құзыретті органның растауы болмаған жағдайда, уақытша төмендету коэффициентін есептеу кезінде энергия беруші ұйымның қолданыстағы тарифтік сметасында көзделген энергия беруші ұйымның желілері бойынша нормативтік техникалық ысыраптардың орташа деңгейі қабылданады;
Ст – егер осы шығыстар (электр энергиясын үшінші тараптардың желілері бойынша беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу) қолданыстағы тарифтік сметада ескерілмеген жағдайда, электр энергиясының қосымша көлемін үшінші тараптардың желілері бойынша (режимдік шектеулер, жөндеулер) берумен байланысты шығындарды жабу үшін қажет шығындар.
Электр энергиясын үшінші тараптардың желілері бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты шығындардың деңгейі энергия беруші ұйымның қорытындысында көрсетіледі және құзыретті орган растайды;
С пайда – электр энергиясының қосымша көлемін беру кезінде энергия беруші ұйымның пайдасы, мына формула бойынша анықталады:
С пайда = П* Vқ, (теңге), мұндағы:
П – энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметінің бірлігіне қолданыстағы тарифке салынған пайда, теңге/кВт.сағ.
2. Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің (КЗ) деңгейін есептеу мынадай формула бойынша анықталады:
КЗ = Тесеп/Т, мұндағы:
Тесеп – электр энергиясын желіге босатудың мәлімделген көлемін ескере отырып, электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру қызметіне есептік тариф, мынадай формула бойынша айқындалады:
Тесеп= (Т Vтсиф + Тқ Vқ)/ Vм, (теңге/кВт.сағ.), мұндағы:
Т – уәкілетті органның ведомствосы мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін жүйелік оператор үшін бекіткен, электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған қолданыстағы тариф;
Vтсиф – мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін жүйелік оператор тарифінің тарифтік сметасында бекітілген көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін көзделген электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің көлемі, кВт.сағ.;
Vм – тұтынушының уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге өтінімінде көрсетілген электр энергиясын желіге босатудың мәлімделген көлемі;
Vқ – электр энергиясын желіге босатудың қосымша көлемі, яғни тұтынушы мәлімдеген электр энергиясын желіге босату мен мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін жүйелік оператор тарифінің бекітілген тарифтік сметасында көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін көзделген электр энергиясын желіге босатудың техникалық көлемі арасындағы айырма, мынадай формула бойынша айқындалады:
Vқ = Vм – Vтсиф, (кВт.сағ.)
Тқ – электр энергиясын желіге босатудың қосымша көлеміне есептелген тариф, мынадай формула бойынша айқындалады:
Тқ = С пайда + С ауыс/Vқ, (теңге/кВт.сағ.), мұндағы:
С пайда – электр энергиясын желіге босатудың қосымша көлеміне пайда, мынадай формула бойынша айқындалады:
С пайда = П* Vқ, (теңге)
П – жүйелік оператор қызметінің бірлігіне қолданыстағы тарифке салынған пайда, теңге/кВт.сағ;
С ауыс – электр энергиясын желіге босату көлемін ұлғайтудың нақты жағдайына сүйене отырып айқындалатын, бірақ осы тұтынушы үшін мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін жүйелік оператор тарифінің тарифтік сметасында көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін техникалық көзделген өндірістік өзіндік құн мен электр энергиясын желіге босату көлемін ескере отырып есептелген жалпы шығыстарының 10 %-ынан аспайтын электр энергиясын желіге босатудың қосымша көлемін техникалық диспетчерлендірумен байланысты жүйелік оператордың шартты-ауыспалы шығындарының сомасы. Шартты-ауыспалы шығындардың сомасы жүйелік оператордың қорытындысында көрсетілуі тиіс (шығындардың ұсынылатын деңгейін міндетті экономикалық негіздеумен) көрсетіледі.
3. Электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру көрсетілетін қызметке арналған тарифке уақытша төмендету коэффициентінің (К4) деңгейін қайта есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
К4 = Ттүз/Т, мұндағы:
Т – уәкілетті органның ведомствосы мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін энергия беру ұйымы үшін бекіткен электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру көрсетілетін қызметіне тариф;
Ттүз – электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру көрсетілетін қызметтерін тұтынудың нақты орындалған көлемін ескере отырып, электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру көрсетілетін қызметіне түзетілген есептік тариф және осы Қосымшаның 1-тармағының шарттары мынадай формула бойынша есептеледі:
Ттүз = (Т * Vтсиф + Тқ * Vқ)/Vн, (теңге/кВт.сағ.), мұндағы:
Vн – мәлімделген кезеңде энергия беруші ұйымның тарифіне бекітілген уақытша төмендету коэффициентінің қолданылу кезеңі үшін көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру қызметтерінің нақты орындалған көлемі;
Vтсиф – мәлімделген кезеңде жұмыс істеп тұрған жүйелік оператор тарифінің тарифтік сметасында бекітілген көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру көрсетілетін қызметтерінің көлемі, кВт.сағ.;
Vқ – электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру бойынша қосымша көлем, яғни нақты көлем мен мәлімделген кезеңде жұмыс істеп тұрған энергия беруші ұйымның бекітілген тарифтік сметасында осы тұтынушы үшін көзделген көлем арасындағы айырма мынадай формула бойынша айқындалады:
Vқ = Vн – Vтсиф, (кВт.сағ), мұндағы:
Тқ – электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру бойынша қосымша көлемге есептелген тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Тқ = (С ысырап + Сү + С пайда)/Vқ, (теңге/кВт.сағ), мұндағы:
С ысырап – электр энергиясының қосымша көлемін өңіраралық деңгей желілері бойынша беру кезінде нормативтік техникалық ысыраптардың құны, мынадай формула бойынша айқындалады:
С ысырап = Z* Vш, (теңге), мұндағы:
Z - нормативтік техникалық ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алудың нақты орташа өлшенген бағасы, теңге/кВт.сағ;
Vш – электр энергиясының қосымша көлемін өңіраралық деңгей желілері бойынша беру кезінде нормативтік техникалық ысыраптардың көлемі, ол энергия беруші ұйымның қорытындысында заттай шамада көрсетілген (кВт.сағ, пайызбен) және құзыретті орган растаған.
Сү – егер осы шығыстар (электр энергиясын үшінші тараптар желілері бойынша беру көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу) қолданыстағы тарифтік сметада ескерілмеген жағдайда, электр энергиясының қосымша көлемін үшінші тараптардың желілері бойынша (режимдік шектеулер, жөндеулер) берумен байланысты шығыстарды жабуға қажет шығындар.
Электр энергиясын үшінші тараптардың желілері бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты шығындар деңгейі энергия беруші ұйымның қорытындысында көрсетіледі және оны құзыретті орган растайды;
С пайда – электр энергиясының қосымша көлемін өңіраралық деңгей желілері бойынша беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру кезінде энергия беруші ұйымның пайдасы мынадай формула бойынша анықталады:
С пайда = П* Vқ, (теңге), мұндағы:
П – энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне қолданыстағы тарифке салынған пайда, теңге/кВт.сағ.
Ескерпе:
Есептеу жүргізу үлгісі
1. Шартты деректер
Тұтынушы: "А" АҚ.
Көрсетілетін қызмет түрі: электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру.
Т =2,4957 теңге/кВт.сағ. – уәкілетті органның ведомствосы энергия беруші ұйым үшін бекіткен электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, мәлімделген кезеңде қолданылатын тариф;
П = 1,0159 теңге/кВт.сағ – энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне қолданыстағы тарифте салынған пайда;
Vм = 550 000 кВт.сағ – мәлімделген кезеңде энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтеріне тұтынушы мәлімдеген (жоспарлаған) тұтыну көлемі;
Vтсиф = 450 000кВт.сағ – мәлімделген кезеңде қолданылатын энергия беруші ұйым тарифтінің тарифтік сметасында бекітілген көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін көзделген электр энергиясын өңіраралық деңгей желілері бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің көлемі;
Z = 8,65 теңге 1 кВт.сағ үшін – энергия беруші ұйымның тарифтік сметасында көзделген, нормативтік техникалық ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алудың орташа өлшенген бағасы;
Vысырап = нормативтік техникалық ысыраптар*қосымша көлем=6,1% х 100 000=6100кВт.сағ.
Vысырап – электр энергиясының қосымша көлемін беру кезінде нормативтік техникалық ысыраптардың көлемі;
6,1% – энергия беруші ұйым уақытша төмендету коэффициентін бекітуге Өтінім берген нақты тұтынушы үшін жеке айқындайды;
100 000 кВт.сағ – энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтерін тұтынудың қосымша көлемі;
Ст = 0 теңге – электр энергиясының қосымша көлемін үшінші тараптардың желілері бойынша берумен байланысты шығыстарды жабу үшін қажет шығындар – нөлге тең қабылданды.
2. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу
1) мәлімделген кезеңде энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтерін тұтынудың қосымша көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
Vқ = 550 000 – 450 000 = 100 000 кВт.сағ
2) электр энергиясының қосымша көлемін беру кезінде нормативтік техникалық ысыраптардың құны мынадай формула бойынша есептеледі:
С ысырап = 8,65 х 6100= 52 765 теңге;
3) электр энергиясының қосымша көлемін беру кезінде энергия беруші ұйымның пайда деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
С пайда =1,0159 х100 000 = 101 593 теңге;
4) электр энергиясын берудің қосымша көлеміне есептелген тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Тқ = (52 765 + 101 593)/100 000 = 1,544 теңге/кВт.сағ;
5) мәлімделген көлемді ескере отырып электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке есептік тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Т есеп = (2,4957 * 450 000 + 1,544 х 100 000)/550 000 = 2,323 теңге/кВт.сағ.
6) электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тарифке уақытша төмендету коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
К1= 2,321/2,4957= 0,931
Ескертпе:
Есептеу жүргізу үлгісі
1. Шартты деректер:
Тұтынушы: "В" акционерлік қоғамы.
Қызмет түрі: электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру (немесе импортталатын электр энергиясын тұтыну).
Бекітілген тариф – 0,182 теңге 1 кВт.сағ. үшін.
Жүйелік оператордың көрсетілетін қызметінің бірлігіне қолданыстағы тарифке салынған пайда: С пайда – 0,072 теңге/ кВт.сағ.
Мәлімделген кезеңде тұтынушы мәлімдеген энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтерін тұтыну көлемі: 5100 кВт.сағ.
Мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін жүйелік оператор тарифінің бекітілген тарифтік сметасында көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін техникалық көзделген электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру (немесе импортталатын электр энергиясын тұтыну) бойынша көрсетілетін қызметті тұтыну көлемі: 2250 кВт.сағ.
С ауыс = 10%*0,182x2250 = 40,95 теңге – электр энергиясын желіге босатудың қосымша көлемін техникалық диспетчерлендірумен байланысты, бірақ өндірістік өзіндік құн мен электр энергиясын желіге босату көлемін ескере отырып есептелген осы тұтынушы үшін жалпы шығыстардың 10%-ынан аспайтын мәлімделген кезеңде жұмыс істейтін жүйелік оператор тарифінің бекітілген тарифтік сметасында көрсетілетін қызметтердің осы тұтынушысы үшін техникалық көзделген жүйелік оператордың шартты-ауыспалы шығындарының сомасы.
2. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу
1) мәлімделген кезеңде жүйелік оператордың көрсетілетін қызметтерін тұтынудың қосымша көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
Vқ = 5100 – 2250 = 2850 кВт.сағ;
2) электр энергиясының қосымша көлемін техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік оператор пайдасының деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
С пайда = 0,072 2850 = 205,2 теңге.
3) электр энергиясын желіге босатудың қосымша көлеміне есептелген тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Тқ = (С пайда + С ауыс)/ Vқ теңге/кВт.сағ;
Тқ= (205,2 + 40,95)/ 2850=0,086 теңге/кВт.сағ.
4) электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру (немесе импортталатын электр энергиясын тұтыну) көрсетілетін қызметіне есептік тариф мәлімделген көлемді ескере отырып айқындалады.
Т есеп = (0,182* 2250 + 0,086 2850)/5100 = 0,128 теңге/кВт.сағ.
5) электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру (немесе импортталатын электр энергиясын тұтыну) көрсетілетін қызметіне тарифке уақытша төмендету коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
К3=0,128/0,182=0,703




