ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен тіркелген жұмыс іздеп жүрген адамдар және (немесе) жұмыссыздар қатарындағы, өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32880 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 16-тармағында көзделген өңірдегі тұрғылықты жері бойынша кемінде бір жыл тұрақты тіркеуі бар, сондай-ақ қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не ақпараттандыру нысаны: "Migration.enbek.kz" порталы (бұдан әрі – Migration.enbek.kz порталы) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш пен өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күні оларды көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы жібереді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде, қызмет алушы толық құжаттар жиынтығын ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттар ұсынса, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек береді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама табыс етеді.
Веб-портал арқылы берген өтінішке қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
15. "Migration.enbek.kz" порталы немесе веб-портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мансап орталықтарына өтініштер "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы келіп түседі.
Өңірлердің мансаптық орталықтары өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініштерін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштің қабылданғаны туралы хабарламаны алады.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде "Migration.enbek.kz" порталы не веб-порталы арқылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған жағдайларда:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын;
2) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылданған күні аяқталатын құжаттарды ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
"Мigration.enbek.kz" порталы арқылы берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жүгінген күні тіркейді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы осы Қағидаларда көзделген ерікті түрде қоныс аударуда мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Бір қабылдау өңірінің ішінде қоныстандыру ауданынан/қаласынан тыс бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшкен жағдайда қандас не қоныс аударушы тиісті мансап орталықтарын себептерін көрсете отырып, көшіп кеткенге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей хабардар етеді және жаңа тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады.";
67, 68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Экономикалық мобильділік сертификаты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламасы, және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, оның ішінде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы, сондай-ақ қаржы институттарының ипотекалық кредиттеу құралдары мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде осы Қағидалардың 68 және 69-тармақтарында көзделген тәртіппен және шарттармен ауылдық елді мекендерде тұрғын үйді сатып алу немесе облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеу үшін ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша беріледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде 1 625 АЕК мөлшерінде беріледі.
Бұл ретте, егер тұрғын үйдің құны экономикалық мобильділік сертификатының мөлшерінен аспайтын болса, ақшалай төлем сатып алынатын тұрғын үйдің нақты бағалау құны мөлшерінде жүргізіледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығы қандастар мен қоныс аударушыларды мынадай санаттар бойынша саралайды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер;
2) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелері бар;
3) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар.
68. Экономикалық мобильділік сертификатын алу үшін қандастар мен қоныс аударушылар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Мigration.enbek.kz" порталы арқылы мыналарды:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган берген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді;
2) екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша тұрғын үй сатып алу жағдайында қарызды беруді мақұлдауы;
3) екінші деңгейдегі банктегі тұрғын үй қарыз шарты бойынша екінші деңгейдегі банкте сатушының немесе қарыз алушының ағымдағы шоттарын;
4) сатып алынатын жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату шартының және бағалау актісінің көшірмелері;
5) өтініш берушінің жаңа тұрғылықты жері бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушы мен отбасы мүшелері қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгенге дейін өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде қоныстандыру өңірлерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті алушының жаңа тұрғылықты жеріндегі еңбек қызметін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпия құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бұл мәліметтер ақпараттық жүйелерде сақталады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Қандас немесе қоныс аударушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан (зайыбынан) және өзінің жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан сатып алуына экономикалық мобильділік сертификатын пайдалануға жол берілмейді.
Экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып, меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті 5 (бес) жыл ішінде сатуға жол берілмейді.
Мансап орталықтары құжаттардың көшірмелерінің сапасын және олардың негізгі талаптар тізбесіне сәйкес өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, қандастар немесе қоныс аударушылардың экономикалық мобильділік сертификатын беру туралы өтініштері мен құжаттарын тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ қандас немесе қоныс аударушы ұсынған экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі бойынша құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан және үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеруді жүзеге асырады, өтініш тіркелген күннен бастап қандастың немесе қоныс аударушының экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы өтінішін еңбек мобильділігі орталығына қарау үшін жібереді.
Экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі туралы ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы тұрғысынан қосымша салыстыру мансап орталығы маманының мәміле объектісіне оны толық және мұқият тексеру үшін шығуын жүргізу туралы еңбек мобильділігі орталығының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мансап орталығы экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісін толық және мұқият қарап шыққаннан кейін фото және видео материалдармен қоса қорытынды ұсынады және оларды еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Бағалау туралы есепте белгіленген бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге де құнының дұрыстығына қатысты дау туындаған жағдайда, соның ішінде осы объект бойынша өзге бағалау туралы есебінің болуына байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау туралы есепке сараптама жүргізілуі мүмкін.
Бағалау туралы есепке қорытынды берген бағалаушылар палатасы мен осы есепке дау білдірген тұлғаның арасындағы даулар сот тәртібімен қаралады.
Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалауға дау айту туралы талап арыз беру экономикалық мобильділік сертификатын төлеу туралы өтінішті қарау мерзімдерін тоқтата тұрады.
Еңбек мобильділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім шығарады не осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін дәлелді негіздей отырып, оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Мыналар:
1) өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс екенін анықтау;
3) жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрының бірыңғай ақпараттық жүйесіне алынған осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген негіздердің болуы;
4) қандасқа немесе қоныс аударушыға мансап орталығы берген қоныс аударуға жолдамада көрсетілген межелі елді мекеннен тыс жерлерде тұрғын үй сатып алу;
5) тұрғын үйді сатып алу, егер аталған тұрғын үйді бұрын қоныс аударушы немесе қандас, немесе олардың отбасы мүшелері экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем есебінен сатып алған жағдайда экономикалық мобильділік сертификатын беруден бас тартуға негіз болып табылады.
69. Еңбек мобильділігі орталықтары экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы шешім қабылданған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты бойынша материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктегі тұрғын үйді сатып алу немесе банк займдары туралы келісімшартқа сәйкес сатушының не қарыз алушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударады.";
"71. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үйді сатып алу-сату шарты бойынша тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:
1) қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
72. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлеу үшін қандастар немесе қоныс аударушылар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, өтінішке тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі қоса беріледі.
Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және екі жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Еңбек мобильділігі орталығы субсидияларды төлеу туралы қарап, оны төлеу не осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін дәлелді негіздей отырып, беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін және (немесе) қызметтік тұрғын үй берілген кезде және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерді орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға қоныстануға арналған жалдау шартына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеу ұсынылмайды.
Жұмыс берушілер жалдау шартына сәйкес жалдамалы және (немесе) қызметтік тұрғын үй берген кезде қандастар мен қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ұсынылмайды.
Төлемдерді жүзеге асыру мынадай:
1) меншік құқығында, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алу;
2) алушыны жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, алып отырған тұрғын үйден шығару;
3) алушы басқа елді мекенге тұрақты тұрғылықты жерге, сондай-ақ қабылдау өңірінен тыс жерге кетуі;
4) қандастың немесе қоныс аударушының жалдау (жалдау) шартында көрсетілген мекенжай бойынша тұрмауы;
5) жалға берілетін тұрғын үйді қосымша жалдауға беру;
6) бұрмаланған және жалған мәліметтер беру жағдайлары туындаған кезде тоқтатылады.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге артық есептелген (төленген) ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар қайтаруға жатады.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге артық есептелген (төленген) ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды қайтару:
арызданушының өтініші;
еңбек мобильділігі орталығының шешімі;
сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
73. Материалдық көмек экономикалық мобильділік сертификатын алу үшін өтініш берілген жағдайларды қоспағанда, өңірлік квотаға енгізілген сәттен бастап алты ай мерзімнен кешіктірмей өтініш берілген жағдайда беріледі.
Экономикалық мобильділік сертификатын беруге өтініш тиісті қаржы жылы ішінде беріледі.
Өтініш беру мерзімі Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін үш ай ішінде берілген өтініш берушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтіруге жатады.
Өтінішке көрсетілген алты ай мерзімде материалдық көмек төлеу туралы өтініш беруге кедергі келтірген өтініш берушіге тәуелді емес мән-жайлар көрсетілген құжат және (немесе) осы мән-жайлардың болуын растайтын құжат қоса беріледі.";
мынадай мазмұндағы 73-2 және 73-3-тармақтармен толықтырылсын:
"73-2. Әлеуметтік көмек өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар порталда тіркелген күн әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
73-3. Қандас, қоныс аударушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек мобильділігі орталығының, лауазымды тұлғаның шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.
Шағым оның шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылатын Еңбек мобильділігі орталығына, лауазымды тұлғаға беріледі.
Шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылатын Еңбек мобильділігі орталығы, лауазымды тұлға шағымды және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте, шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылатын Еңбек мобильділігі орталығы, лауазымды тұлға, шағымдағы талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса немесе іс-әрекет жасаса, шағымды үш жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Шағымды тікелей қарайтын жоғары тұрған әкімшілік органға қандас немесе қоныс аударушының келіп түскен шағымы, оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, сотқа жүгіну ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын тұлғаларға жұмыс беруші жұмыскерге тұрғынжай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беріледі.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес және қабылдаушы өңірдегі мансап орталығымен, белсенді еңбекке орналастыру шараларына қатысатын тұлғалардың арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) туралы келісім жасалады, ол "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес рәсімделеді.";
көрсетілген Қағидаларға 3, 3-1 және 3-2-қосымшалар осы бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 11, 12, 13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 14, 15, 16 және 17-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды;
4) осы бұйрықты облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: |
3 | Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі |
14 жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету және ұсыну нысаны | Қағаз / электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияда – Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін мынадай құжаттар қажет: |
9 | Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартудың негізі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының (бұдан әрі - Заңы) 20-бабында көзделген мынадай шарттар болып табылады. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ШЕШІМ "___"_____ 20___ жылғы № _______
_____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган)
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөнінде оң шешім қабылдады:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Туған күні | |
Жынысы | |
Тұрғылықты мекенжайы |
Отбасы мүшелері (бар болса):
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты | Туған күні | Жынысы | Туыстық қатынас |

Басшының ЭЦҚ
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы
ШЕШІМ 20__ ж. "__" ________ № _____________
__________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган)
1 | Өтініш нөмірі | |
2 | Мәртебесі | |
3 | Өтініш түрі | |
4 | Қабылдау күні | |
5 | Орындалу күні |
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
№ | ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Жынысы | Туыстық дәрежесі |
1 | |||||
2 |
___________________________________________ халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңірлік квотаға енгізуден бас тартады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: _________________________________________________________________

Басшының ЭЦҚ
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ӨТІНІШ ______________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Мені / мені және менің отбасы мүшелерімді қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуды сұраймын
Отбасының мынадай құрамы бар:
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Азаматтық | Ұлты | Тұрғылықты мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін/:
_______________________________________________________________;
"Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ "___" ___________ _________________
(өтініш берушінің қолы)
__________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
ШЕШІМ 20___ жыл "___" _____ № _______
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оң шешім қабылдады:
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Туған күні | |
Жынысы | |
Тұрғылықты мекен-жайы |
Отбасы мүшелері (бар болса):
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Жынысы | Туыстық қатынас |

Басшының ЭЦҚ
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы
ШЕШІМ "___" ________20___ № _____________
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
1 | Өтініш нөмірі | |
2 | Мәртебесі | |
3 | Түрі қолдану | |
4 | Қабылдау күні | |
5 | Орындалу күні |
Көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтер:
№ | ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Жынысы | Туыстық дәрежесі |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіз болып табылады:____________________________________

_______________________________________
Басшының ЭЦҚ
_________ (Қолы) / ___
Өтініш
_____________________________________________________________________
__________________________________________________негізінде әрекет ететін
(Ереже, жарғы)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
атынан_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жұмыс беруші ретінде ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысушылар құрамына қосуды және 400 АЕК мөлшерінде субсидия тағайындауды немесе тұрғын үй шығыстарын өтеуді сұраймын.
Мәселе оң шешiлген жағдайда төмендегілер туралы:
1) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны кемінде екі немесе бес жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға;
2) жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ААЖ-да орналастыруды қамтамасыз ету;
3) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының көшуі, жаңа тұрғылықты жерінде жайластыруға жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі немесе жұмыскердің тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің шығыстарын толық немесе ішінара өтеу міндеттемелерін қабылдаймын.
№ р/с | Ерікті қоныс аударуға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Бұйрықтың №, күні | Кім ретінде жұмысқа қабылданды | Айлық жалақының мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қосымша:
1. Көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру немесе жұмыскердің тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу бойынша шығыстар сметасы.
2. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы өңірлік комиссияның шешімі.
3. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарының көшірмесі;
4) шығыстарды өтеу кезінде тұрғын-үйді сату-сатып алу келісімшартын;
5) жалдау немесе қайтарымсыз негізде пайдалану келісімшарты.
Басшы _____________________ ________________ қолы күні
М.О. (бар болса)
Жұмыспен қамту субсидияларын төлеу туралы
ШЕШІМ "___" _____ 20___ жылғы № _______
_____________________________ облысының Еңбек мобильділігі орталығы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 36-тармағы 1-тармақшасына сәйкес субсидия төлеу туралы өтінішті қарап, төмендегі шешімді қабылдады:
1. ________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
№ р/с | жұмыскердің (лердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (ЖСН) | жұмыскердің лауазымы (лердің) | субсидияның мөлшері (АЕК) | төлеуге сома (теңге) |
жұмысқа орналасуға мынадай мөлшерде субсидия төленсін:
2. Жұмыс берушінің ағымдағы шотына аудару KZ
_____________________________________________________________________
(банктің атауын, банктің жеке сәйкестендіру нөмірін, банктің банктік
сәйкестендіру кодын, алушының банктік шотының нөмірін көрсету)
Басшының қолы _______________/ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы
ШЕШІМ 20___ жылғы "___" _____ № _______
_______________________________ облысының Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларының 36-тармағының 2) тармақшасына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1.____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігі мынадай сомада төленсін:
№ | Жұмыскердің (лердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (ЖСН) | Жұмыскердің лауазымы (лер) | Төлеуге сома (теңге) |
2. Жұмыс берушінің ағымдағы шотына аудару KZ ________________
____________________________________________________________
(банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік сәйкестендіру коды, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі).
Басшының қолы_______________/ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу туралы өтініш
Мені/мені және менің отбасымының мүшелерін ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосуыңызды өтінемін
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
Төмендегідей отбасымның құрамы бар:
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Тұру мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________;
__________________________________________________________________;
__________________________________________________________________;
Осымен ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ "___" ___________ _________________________________________
( өтініш берушінің қолы )
Қоныс аударуға №___ жолдама
Қатысушы
_______________________________________________________________
_____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
өңірлік комиссияның 20 ___ жылғы "____" ________________ №____ шешіміне
сәйкес
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
тұру және __________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
Онымен бірге:
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Тұру мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
қоныс аударады
Мансап орталығының директоры
_________________________________________________-(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні __________________
М.О.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жолдама берген мансап орталығына қайтарылады.
№ ____ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_____________________________________________________
(қоныстанған аудан/қала, облыстың мансап орталығы)
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
20 __ жылғы "___"___________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес
(20_ жылғы________ № ___ бұйрық) ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушы болып табылады және оған
_________________________________________________________________
(елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары)
кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (қажеттінің астын сызу).
Мансап орталығының директоры
________________________________ ___________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Күні __________________
М.О.
Өтініш
Маған, тұрғын үйді меншікке сатып алу құқығын іске асыру үшін материалдық көмек түріндегі экономикалық мобильділік сертификаты бойынша тиесілі соманы төлеуді сұраймын.
Экономикалық мобильділік сертификаты:
(дұрыс таңдау және астын сызу)
- тұрғын үй сатып алу үшін____________________;
- ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша бастапқы жарна үшін
____________________________________________________________________;
(екінші деңгейдегі банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік сәйкестендіру коды, алушының Жеке шотының нөмірі көрсетіледі)
Тұрғын үй мекенжайы: қала (аудан, ауыл), көше, үй.
____________________________________________________________________.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган берген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім;
2) екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша тұрғын үйді сатып алған жағдайларда қарыз беруді мақұлдау;
3) тұрғын үй қарызы шартына сәйкес екінші деңгейдегі банктегі сатушының не қарыз алушының ағымдағы шоты;
4) сатып алынатын жылжымайтын мүлікке арналған сату-сатып алу шартының алдын ала келісімі және бағалау актісінің көшірмелері;
5) өтініш берушінің жаңа тұрғылықты жеріндегі еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері;
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______ __________
(күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды: 20____ жылғы "____" ________
_________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) қолы
_________________________________________________________________
Қандастың немесе/және қоныс аударушының мәлімдемесі
_____________________________________ қоса берілген құжаттармен бірге
______ дана қабылданды 20___ жылғы "_____" __________.
____ _________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Өтініш
Көшуге субсидиялар төлеу және (немесе) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы өтініш
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Тұрғылықты мекенжайы |
маған және менің отбасы мүшелеріме көшуге және (немесе) жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу туралы субсидиялар төлеуді сұраймын (керегінің астын сызу)
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Мәртебесі/Жағдайы | Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бізге тиесілі көшуге және (немесе) жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар сомасы аударылсын
_____________________________________________________
(банк атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің сәйкестендіру коды мекенжайы, дербес шотының нөмірі көрсетіледі)
бойынша тұрамын _____________________________________________________________________
(нақты тұрғылықты мекенжайы, (өңір, қала / аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі;
2) тұрғын үйді жалдау шарты.
____________________________________________
_____________________________________________
20__жылғы "___" _____
________________________
(өтініш берушінің қолы)
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша материалдық көмек төлеу туралы ШЕШІМ 20_ жылғы "___" _№ _______
_______________________________ облыстарының еңбек мобильділігі орталығы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларының 68-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1. Өтініш берушіге экономикалық мобильділік сертификаты бойынша материалдық көмек __________________ (сомасы жазбаша) теңге мөлшерінде төленсін.
№ р/с | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) | Сатып алынатын тұрғын үйдің мекенжайы | Төлем сомасы (теңге) |
2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару
(банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)
Басшының қолы _______________/(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Материалдық көмек төлеу түрінде көшуге субсидия туралы
ШЕШІМ 20___ жылы "___" _____ № _______
_______________________________ облыстарының еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 70-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1) өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) өтініш берушіге көшуге субсидия мынадай мөлшерде төленсін:
№ р/с | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) | субсидия мөлшері (АЕК) | төлем сомасы (теңге) |
2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару
(банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)
Басшының қолы _______________/(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Субсидиялар түрінде материалдық көмек тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды төлеу туралы
ШЕШІМ 20___ жылы "___" _____ № _______
_______________________________ облыстарының еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 71-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1. Өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) тұрғын үйді жалдау (жалға алу), Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерде субсидиялар төленсін:
№ | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) |
Субсидия мөлшері |
Төлем сомасы |
2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару
(банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)
Басшының қолы_______________/(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша материалдық көмектен бас тарту туралы
ШЕШІМ 20___ жылы "___" _____ № _______
___________________________________облыстарының еңбек мобильділігі орталығы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлем туралы өтінішті қарап шықты.
1. | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
2. | ЖСН | ||
3. | Өтініш нөмірі | ||
4. | Мәртебесі | ||
5. | Қабылдау күні |
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 68-тармағы жетінші бөлігінің __ тармақшасында көзделген негіздер бойынша экономикалық мобильділік сертификатын төлеуден бас тартады.
Басшының қолы_______________/( Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))



