ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
""Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
""Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы" (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай кіші түрлерін қамтиды: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
6. Көрсетілетін қызметті алушылар лицензия алу, қайта рәсімдеу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаның
8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
6-1. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан уәжді түрде бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттар қоса ұсынылған мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӘҚНК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНК), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті ұсына отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде sd@nitec.kz электрондық поштасы арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолымен "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (оператор) хабардар етеді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
9. Сұрау салуды өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйеге сұрау салу келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
лицензия беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті беруші түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың мазмұнын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес бір жұмыс күні ішінде тексереді;
2) аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен қорытынды жобасын, лицензия беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты және лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты үш жұмыс күні ішінде дайындайды;
лицензияны қайта рәсімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті беруші түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың мазмұнын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес бір жұмыс күні ішінде тексереді;
2) аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты үш жұмыс күні ішінде дайындайды;
лицензияның қолданылуын тоқтату кезінде:
1) көрсетілетін қызметті беруші берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес екі жұмыс күні ішінде тексереді;
2) ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарауы, дайындауы аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен қорытынды жобасын, лицензия беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты және лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті беруші сегіз жұмыс күні ішінде дайындайды.
9-1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 703 бұйрығына 1-қосымша "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу: "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары (бұдан әрі – портал) www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 4 (төрт) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның қолданылуын тоқтату немесе осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төлемақы алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді: |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-ден бастап 18.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) лицензия алу үшін: осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген, Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алу үшін заңды тұлғаның өтініші; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметін көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 703 бұйрығына 2-қосымша "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауын көрсету)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________
((шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта
______________________________________________________________
Телефоны
______________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
______________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
__________ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және
оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты
жолдауға болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым
салмағаны;
қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені;
өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны;
өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация
арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға
келіскені расталады.
Басшы
_________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 703 бұйрығына 3-қосымша "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Өтініш беруші туралы мәліметтер
Кәсіпорынның мөлшерлігі: | шағын | х |
орта | х | |
ірі | х | |
Қызметті растау | Қызмет түрлері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес келетінін растаймын | х |
(тиісті жолаққа х белгісі қойылады)
Басшының мәліметтерінің нысаны
Аудитор ретіндегі аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________
Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ________________
№ | Жұмыс орны | Лауазымы | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні | Алдыңғы жұмыс орнының ұйымның атауы | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
"Аудитор" біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері
№ | Куәліктің берілген күні | Куәлік нөмірі | "Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Аудиторлардың мәліметтер нысаны
Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Жұмыс орны | Лауазымы | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні | Алдыңғы жұмыс орнынан ұйымның атауы | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
"Аудитор" біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері
№ | Куәліктің берілген күні | Куәліктің нөмірі | "Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 703 бұйрығына 4-қосымша "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік
заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
____________________________________________________________________
20___ жылғы "___" _________ берілген № ________________________
лицензияны жүзеге асыруға қайта ресімдеуді сұраймын
(лицензияның нөмірі (- лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
(керегінің астын сызу)
__________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер) бойынша (тиісті жолға Х қою
қажет):
1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға х қою
қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
жеке шығу ____
бөліну ____
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі
___________________________________________________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі
____________________________________________________________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші
тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "обьектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы
____________________________________________________________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе,
лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, обьект нақты көшірілмей оның
орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талап болған
жағдайларда ____________________________________________________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі
_____________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы
________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта
______________________________________________________________
Телефоны
____________________________________________________________________
Факс____________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
________парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты
жолдауға болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым
салмағаны;
қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені;
өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны;
өтініш беруші мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация
арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға
келіскені расталады.
Басшы
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 703 бұйрығына 5-қосымша "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Лицензияның қолданылуын тоқтатуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің БСН)
__________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):
20___ жылғы "___" _________ № _________________________ берілген
____________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі (- лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
лицензияның қолданылуын тоқтатуды сұраймын
(керегінің астын сызу)
1) лицензияны ерікті түрде қайтару;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта
____________________________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________________
Факс_____________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат(стационарлық үй-жай) нөмірі)
________парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және
оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты
жолдауға болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым
салмағаны;
қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені;
өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны;
өтініш беруші мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация
арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға
келіскені расталады.
Басшы
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________