БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты тіркеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Тіркеуге меншік иесінің (жалға алушының) меншік құқығын растау үшін уәкілетті орган мекенжайдың тіркеу коды (МТК) бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығы пайда болуының негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметті ақпараттық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді.
Белгіленген нормативтерден асырып тіркеу кезінде азаматтардың осы санаттарға қатынасын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен не азаматтар ұсынған құжаттар бойынша алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тіркелуге (есепке алуға) жататын адамдар, оның ішінде республикадан тыс жерлерден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне, уақытша болатын (тұратын) жеріне келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік) түпнұсқада немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы;
2) тұрғын үй иесінің/иелерінің не сенім білдірілген адамның (тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның қатысуы қажет) жеке басын куәландыратын құжат және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланатын ғимараттарда және үй-жайларда тіркеген кезде – ұйым (мекеме) әкімшілігінің тіркеу туралы қолдаухаты) өтініш білдірген адамды тұрақты не уақытша тіркеуге тұрғын үй иесінің/иелерінің не сенім білдірілген адамның жазбаша келісімі.
Тұрғын үй иесін өзіне тиесілі тұрғын үйге тіркеу кезінде оның тіркелуге келісімі ұсынылмайды.
Республикадан тыс жерлерден тұрақты тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта паспортын жоғалтқан не қолданылу мерзімі өткен жағдайда – қайтып оралуға арналған куәлік), бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы құжатты (анықтаманы) ұсынады.
Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығының жоқтығы туралы құжаты (анықтамасы) болмаған кезде азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тіркеуден шығарылатын адамның қатысуынсыз және оның жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің/иелерінің өтініші бойынша;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға бұрын берілген рұқсат күшін жойған;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту/шығу, одан айыруды тіркеу кезінде адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуға тиіс.";
13-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уақытша болатын жерінен мәлімделген мерзімінен бұрын кеткен кезде адамдарды уақытша тіркеуден шығару тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің/иелерінің (сенім білдірілген адамның) не адамның өтініші бойынша ресімделеді.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және нормашығармашылық үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі