БҰЙЫРАМЫН:
1. "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169 және 170 -жолдармен толықтырылсын:
"
153. | 4412 33 000 0 | Кем дегенде бір сыртқы қабаты жапырақты тұқымдас ағаштардың мынадай түрлерінен жасалған өзге, әр қабаттың қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын, тек ағаш жапырақтарынан тұратын (бамбуктан басқа) өзге желімделген фанера: қандыағаш (Alnus spp.), шаған (Fraxinus spp.), шамшат (Fagus spp.), қайың (Betula spp.), шие (Prunus spp.), талшын (Castanea spp.), шегіршін (Ulmus spp.), эвкалипт (Eucalyptus spp.), гикори (Carya spp.), атталшын (Aesculus spp.), жөке (Tilia spp.), үйеңкі (Acer spp.), емен (Quercus spp.), шынар (Platanus spp.), терек пен көктерек (Populus spp.), инеш (Robinia spp.), лириодендрон (Liriodendron spp.) немесе жаңғақ (Juglans spp.) |
154. | 4412 39 0000 | Сыртқы екі қабаты қылқан жапырақты ағаштан жасалған, әр қабаттың қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын, тек ағаш жапырақтарынан тұратын (бамбуктан басқа) өзге желімделген фанера |
155. | 7206 | Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы темір және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа) |
156. | 7218 | Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы коррозияға төзімді болат; коррозияға төзімді болаттан жасалған жартылай фабрикаттар |
157. | 7224 | Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандағы қосындыланған болаттардың басқа түрлері; қосындыланған болаттардың басқа түрлерінен жасалған жартылай фабрикаттар |
158. | 7402 00 000 0 | Тазартылмаған мыс; электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары |
159. | 7403 13 000 0 | Тазартылған мыс; илемдеуге арналған дайындамалар |
160. | 7403 29 000 0 | Өзге де мыс қорытпалары (7405 тауар позициясының лигатураларынан басқа) |
161. | 7413 00 000 | Электрлік оқшаулаусыз мыстан жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар: |
162. | 7601 20 200 9 | Алюминий қорытпалары: слябтар және өзге биллеттер |
163. | 7801 91 000 0 | Құрамында басқа элементтердiң арасында салмағы бойынша артық болатын элемент ретiнде сүрме бар өзге өңделмеген қорғасын |
164. | 7801 99 100 0 | Тазартуға арналған, құрамында 0,02 салм.% немесе одан астам күміс бар (қара қорғасын немесе веркблей) өзге өңделмеген қорғасын |
165. | 7801 99 900 0 | Өңделмеген қорғасын: өзге: өзге: өзге |
166. | 8482 10 | Шарикті мойынтіректер |
167. | 8482 20 000 | Жиынтықтағы сепараторы мен роликтері бар ішкі конустық шығыршықтарды қоса алғанда, роликті конустық мойынтіректер |
168. | 8482 30 000 | Роликті сфералық мойынтіректер |
169. | 8482 50 000 | Жиынтықтағы сепараторлар мен роликтерді қоса алғанда, цилиндрлік роликтері бар өзге мойынтіректер |
170. | 8482 80 000 | Аралас шарикті-роликті мойынтіректерді, өзгелерді қоса алғанда, мойынтіректер |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі