ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының елу үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 13 қарашадағы № 1593 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақта 20) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) академиялық саясат – білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар мен рәсімдер жүйесі.";
10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"ӘОО біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170240 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) оқу бағдарламасын әзірлейді.";
17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жыл сайын ӘОО оқу жұмысының көлемі саны оқу-әдістемелік (педагогикалық) кеңес отырысында қаралады және оның шешімі негізінде ӘОО бастығы 15 шілдеге дейін оны бекітеді.";
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ӘОО бастығы алдағы оқу жылына оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға шешім қабылдайды және ол алда тұрған міндеттер мен жаңа талаптарды ескеріп, оқу жылының қорытындысын талдау нәтижесі бойынша жыл сайын бірінші тамызға дейін бұйрықпен ресімделеді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) оқу сабақтарының кестесін факультеттермен (кафедралармен, циклдермен, батальондармен, дивизиондармен) бірлесіп академиялық кезеңге жасайды, оны ӘОО бастығының оқу процесі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді және факультеттерге (кафедраларға, батальондарға, дивизиондарға, циклдерге) сабақ басталғанға дейін 10 күн бұрын кешіктірмей жеткізіледі. ӘОО бастығының оқу процесі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының шешімі бойынша академиялық кезең ішінде оқу сабағы кестесіне өзгеріс енгізуге жол беріледі. Білім алушыларды даярлау оқу-жаттығу, жауынгерлік машинаны жүргізу мен оқ ату, ұшу, парашютпен секіру қамтылған ӘОО-да кестені бір айға жасауға жол беріледі.
Кестеде академиялық ағым (курс), взвод, оқу тобы, кіші топ, пәндер, өткізілетін уақыты мен орны, сабақ өткізетін оқытушылардың тегі көрсетіледі.
Сабақ кестесін жасау үшін бастапқы құжат оқу жұмыс жоспарлары, мамандықтардың және тиісті біліктіліктің құрылымдық-логикалық схемасы, оқу жылына және бір айға ӘОО негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары, ӘОО оқу процесінің академиялық күнтізбесі және кафедра (цикл) оқытушыларын факультет, академиялық ағым (курс), взвод, оқу тобы мен кіші топ бойынша бекіту жоспары болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Академиялық саясатты оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) ӘОО факультеттерімен (кафедраларымен, батальондарымен, дивизиондарымен, циклдерімен) бірлесіп әзірлейді, ол:
1) жұмыс оқу бағдарламасы нысанын, құрылымын, әзірлеуді және бекітуді;
2) білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесін;
3) оқу-әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыруды;
4) оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру қағидаттарын;
5) білім алушылардың білімін әртүрлі бақылау және бағалау нысанын жүргізуді;
6) барлық практика түрін ұйымдастыруды және білім алушылардың одан өтуін;
7) білім алушыларды ауыстыруды, қайта қабылдауды, оқудан шығаруды;
8) қорытынды аттестаттауды;
9) ӘОО-дағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды айқындайтын өзге де бөлімдерді қамтиды.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Оқу бөлімінде (оқу-әдістемелік басқармада) оқу процесін жоспарлау мен есепке алу бойынша мынадай құжаттар әзірленеді және жүргізіледі:
1) оқу жұмыс жоспары;
2) факультеттер (кафедралар, циклдер) бойынша оқу жылына ӘОО оқу жұмысы көлемінің есебі;
3) ӘОО оқу процесінің академиялық күнтізбесі;
4) оқу сабағының кестесі;
5) емтихандар кестесі;
6) жұмыс оқу бағдарламасының нысаны, құрылымы, оны әзірлеу және бекіту тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар;
7) ӘОО-ның академиялық саясатын әзірлеуге қатысу.";
33-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33-1. Білім сапасын бағалау (мониторингтеу) бөлімінде (оқу-әдістемелік басқармада) оқу процесін жоспарлау мен есепке алу бойынша мынадай құжаттар әзірленеді және жүргізіледі:
1) ӘОО-ның академиялық саясатын әзірлеуге қатысу;
2) мамандықтар бойынша оқу жұмыс бағдарламалары жинағы (силлабустар);
3) оқу жылына кешенді тексеру жоспары;
4) бір айға оқу процесінің сапасын бақылау жоспары;
5) пәндер бойынша ағымдағы үлгерім мен баға ведомостары, транскрипт;
6) семестр (оқу жылы) қорытындысы бойынша білім алушылардың жеке рейтингісі, жиынтық ведомостар;
7) ӘОО қолбасшылығы, кафедра бастығы, батальон командирі өткізетін оқу сабағын бақылау журналы;
8) білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау нәтижесін талдау;
9) мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) жұмысы бойынша материалдар және МАК жұмысы туралы есеп беру;
10) кешенді тексерулер нәтижесі туралы есеп беру;
11) МАК кестесі;
12) ӘОО бітірушілерін есепке алу және диплом беруді тіркеу журналы;
13) белгіленген үлгіде берілетін анықтаманы тіркеу журналы;
14) сапаны ішкі қамтамасыз ету саясаты мен стандарттары.";
51-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Дипломдық тапсырма операцияны (жауынгерлік іс-қимылды) дайындау мен жүргізуге, командалық-штабтық және тактикалық (тактикалық-арнайы) оқу-жаттығуды, штабтық жаттықтыруды, топтық жаттығуды жүргізуге ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарды әзірлеуді көздейді. Білім алушылар дипломдық тапсырманы жедел өнер, тактика, жауынгерлік және қамтамасыз ету түрі, әскери жұмылдыру, сондай-ақ әскерді (күшті) жауынгерлік, жедел және жұмылдыра даярлау әдістемесі тақырыбы бойынша орындайды. Картада (схемада) берілетін графикалық бөлік және түсіндірме жазба түрінде ресімделеді.";
56-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Академиялық кезең академиялық күнтізбемен және ЖОЖ-бен айқындалады. ӘОО МЖМБС талаптарын ескеріп, оны ұйымдастырудың аралас нысанын қоса алғанда, академиялық кезең нысанын дербес айқындайды.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. ӘОО-ның оқу-әдістемелік қызмет орталығы факультет (кафедра, цикл) болып табылады.".
2. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"128. Екі ай ішінде әрбір магистрантқа оқуға қабылданғаннан кейін магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік ету үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы оқу кеңесінің шешімі негізінде Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Магистранттың ғылыми жетекшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 23.2-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) тағайындалады.
Магистрлік диссертациялардың (жобалардың) тақырыптары Тапсырыс берушімен келісіледі. Алдын ала қорғаудан өткеннен кейін магистрлік диссертация (жоба) тақырыбын нақтылауға жол беріледі.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. МАК шешімі жабық отырыста ашық дауыс берумен, қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс саны тең болғанда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
МАК шешімімен келіспеген білім алушы нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні апелляция береді. Апелляцияны өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 13-тарауында белгіленген тәртіппен оны берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және аттестаттау нәтижесі бойынша даулы мәселелерді шешу мақсатында ӘОО бастығының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, оның құрамы тақ сан болады және біліктілігі апелляциялық пәндер бейініне сәйкес келетін ӘОО-ның профессор-оқытушы құрамы қатарынан құрылады. Төраға ӘОО бастығының орынбасарлары қатарынан тағайындалады.
Апелляциялық комиссия білім алушылармен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Апелляцияны қарау білім алушының қорытынды аттестаттаудан өту нәтижесінің материалы бойынша жүзеге асырылады. Білім алушы апелляциялық комиссия отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берумен қабылданады және өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде шығарылады. Дауыстар тең болғанда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қолтаңбасын қоятын хаттамамен ресімделеді.".
3. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (бұдан әрі – әскери институттар) ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды қоспағанда, 1 наурызға дейін ҚР ҚМ-ның әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасайтын ҚР ҚМ бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, онда қабылдау квотасы көрсетіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қабылдау жылының 15 сәуіріне дейін ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының (бұдан әрі – БШ) құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, сондай-ақ Заңның 39-1-бабына сәйкес олардың мүддесінде мамандар даярлау жүзеге асырылатын әскери қызметшілері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге құқығы бар мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) және әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) бастықтары құрылымдық бөлімшеге қабылдау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсынады.
Қабылдау комиссияларының құрамы қабылдау жылының 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Әскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Әскери институттарға Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес азаматтар, сондай-ақ әскери колледж түлектері қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түседі.";
39-тармақтың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған азаматтар қабылдау жылының 15 – 31 шілде кезеңін қоса алғанда, құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді.";
41-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери бөлім командирі әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады және әскери қызметшіні қызмет орны бойынша ҰБТ қабылдау пункттеріне жібереді. Арнайы тексеруден өткен, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған әскери қызметшіге әскери институтқа келу күнін қабылдау жылының 31 шілдесінен кешіктірмей көрсетіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 135-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) оқу демалысы беріледі.";
42-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсырған, ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған Мектеп және "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітірушілер қабылдау жылының 31 шілдесінде түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери институтқа келеді.";
43-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43-1. Әскери колледждерді бітірушілер қорытынды аттестаттауды тапсыру нәтижесі негізінде әскери институттарға түседі.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Әскери институттарға қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.";
53-6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери институттарға қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы болады.";
55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"55. ҚР ҚМ, БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары кандидаттарды алдын ала іріктеуді, оларды кәсіби-психологиялық тестілеуді және аттестаттау комиссияларының отырыстарында қарауды жүргізеді.
Іріктелген кандидаттардың тізімдері қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін ҚР ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
"Әскери істегі талдау жұмысы" мамандығы бойынша ҰҚУ "Әскери дипломатия академиясы" факультетіне алдын ала іріктеуді және қабылдауды 14776 әскери бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың әскери қызметшілер мен қызметкерлері қатарынан кандидаттарды алдын ала іріктеуді тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады, бұл ретте мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелері қызметкерлерінің қатарынан кандидаттарды іріктеуді жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Іріктелген кандидаттардың тізімдері қабылдау жылының 20 мамырына дейін ҚР ҚМ-ға жіберіледі.
56. ҰҚУ жедел-тактикалық деңгейдегі магистратурасына және докторантурасына оқуға түсетін ҚР ҚК кандидаттарының тізімдерін ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады және Қабылдау жоспары негізінде қабылдау жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы бекітеді.
Бекітілгеннен кейін жедел-тактикалық деңгейдегі магистратураға және докторантураға тізімдер түсу емтихандарын өткізу үшін ҰҚУ-ға жіберіледі.
ҰҚУ жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейдегі магистратурасына оқуға түсетін ҚР ҚК кандидаттарының тізімдерін бағыттары бойынша ҚР ҚМ орынбасарларынан түсетін өтінімдер негізінде ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қабылдау жылдың 25 мамырына дейін қалыптастырады және 30 маусымға дейін Жоғары аттестаттау комиссиясына (бұдан әрі – ЖАК) конкурстық іріктеу және әңгімелесу өткізу үшін ұсынады.
Мемлекеттік органдардан кандидаттардың тізімдерін құрылымдық бөлімше жинақтайды және қабылдау жылының 1 маусымына дейін ҰҚУ-ға жібереді.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейінді магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
1) жоғары білімінің болуы және батальон командирінің орынбасары, оған тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы;
2) жеке мамандықтарға жоғары білім туралы үздік дипломының болуы және кемінде 1 жыл қызмет өткеруі.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Докторантураға жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кемінде 3 ғылыми жарияланымы немесе 2 оқу құралы бар, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар оқуға түсушілер қабылданады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. ҰҚУ-ға қабылдау оқуға түсу емтихандары негізінде жүзеге асырылады:
1) магистратураға:
бейіні бойынша;
дене дайындығы бойынша (азаматтық персонал үшін – шет тілі бойынша);
мемлекеттік тіл бойынша;
2) докторантураға:
бейіні бойынша;
шет тілі бойынша;
мемлекеттік тіл бойынша;
3) резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін – резидентура мамандығының бейіні бойынша;
4) қашықтан оқыту бағдарламалары бойынша оқу үшін:
бейіні бойынша;
шет тілі бойынша;
мемлекеттік тіл бойынша.
ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат болған кезде оқуға түсуші мемлекеттік тіл бойынша оқуға түсу емтиханын тапсырудан босатылады.
Резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін оқуға түсу емтихандарын қабылдау үшін тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, университеттік ауруханалардың, сондай-ақ резидентура базасы ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін тартуға құқылы.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Бейін бойынша емтихан бағдарламалары Сұрақтар тізбесін қамтиды және емтихан өткізу тәртібін және оқуға түсушілерді бағалау өлшемшарттарын айқындайды.
Емтихан билеттерін бейіні бойынша емтихан комиссиялары қалыптастырады.
Қабылдау жылының 1 мамырына дейін тапсырыс берушілер ҰҚУ-ға емтихан комиссияларының құрамын бекіту туралы бұйрықтың жобасына енгізу үшін кандидаттарды ұсынады.
Кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссияларының құрамы қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі және:
1) магистратураға, резидентураға – тапсырыс берушілер өкілдерінің қатарынан;
2) докторантураға – жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар әскери қызметшілер (қызметшілер) қатарынан, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган ұсынған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар қатарынан қалыптастырылады.
Емтихан комиссияларының хатшылары ҰҚУ профессор-оқытушы құрамынан тағайындалады.
Қабылдау және емтихан комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін ҰҚУ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде түсу емтихандарын өткізу тәртібі туралы ережені әзірлейді.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын;
2-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:
тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Білім алушыны шетел білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде академиялық анықтама немесе транскрипт беріледі.
Шетелде жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған білім алушы шетел білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тану рәсімінен өткен білімін аяқтағаны туралы құжат беріледі.
Шетелде жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім алған білім алушы шетел білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Білімі туралы құжаттарды тану қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелді) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тану рәсімінен өткен білімін аяқтағаны туралы құжат беріледі.".
5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген және әскери оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген, жиырма алты жасқа толмаған курсанттар мен кадеттер әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады.".
Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
1. Еркін нысандағы оқуға қабылдау туралы өтініш немесе оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
2. Жеке куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. Оқуға түсетін адам 16 (он алты) жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады.
3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).
4. Орта (толық) білім туралы аттестат не техникалық және кәсіптік білім алу туралы диплом, негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін – негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
5. ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген (өткеретін) адамдарды қоспағанда) ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтижесі кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл).
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (бұдан әрі – 075/у нысаны) және ӘОО-ға келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі:
жалпы қан талдауы;
мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);
жалпы зәр талдауы;
мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы;
12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша);
кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүргізіледі;
бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар);
амбулаториялық пациенттің медициналық картасы;
профилактикалық екпе картасы.
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшқыш мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:
физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография;
қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі;
қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;
дыбыстық аудиометрия;
электроэнцефалография.
7. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
8. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
9. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда):
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады.
11. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда).
12. Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына қосымша әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | "ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау" |
2. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі |
1. Жергілікті әскери басқару органы мен әскери оқу орны. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | күнтізбелік 200 күннен аспайды (1 қаңтар – 20 шілде) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі | Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда өндіріп алу тәсілі | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. |
9. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Портал арқылы өтініш жасаған кезде: |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігін ескеріп, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
ҰҚУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
1. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
2. Офицер жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес ресімделген оқуға жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру туралы анықтама.
4. Н-45 нысанындағы анықтама (әскери оқу орнына оқуға түсетіндер үшін анықтама "Қызмет бабында пайдалану үшін" шектеу белгісінсіз жасалады және артқы бетінде бөлім командирінің қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен расталады, құпия емес іс жүргізуде тіркеледі және тіркеу журналына қолын қойғызып беріледі).
5. Жоғарғы бастық (командир) куәландырған кәсіби-психологиялық іріктеуден өткенін растайтын құжат.
6. Жоғары медициналық білімінің болуы туралы құжат (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
7. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік және интернатура бойынша GPA көрсетіп, бір тілде (қазақша/орысша) жазылған транскрипт көшірмесі (транскрипте GPA көрсетілген болмаса, талапкер білім алған ұйымның қолтаңбасы мен мөрі қойылған интернатура бойынша есептелген GPA қоса беріледі) және интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттауы (ҚМА) нәтижесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
8. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
9. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат (бар болса).
ҰҚУ-ға оқуға түсу емтихандарын өткізу нысандары
Р/с № | Емтихан атауы | Өткізу нысаны |
1. | Бейіні бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
2. | Мемлекеттік тілі бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
3. | Шет тілі бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
4. | Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан | практикалық |
Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бейінді пәндер тізбесі
Р/с № | ӘОО атауы | Бейінді пән атауы |
1. |
Құрлық әскерлерінің | Математика және/ немесе физика және/ немесе география және/ немесе дүниежүзі тарихы және/ немесе құқық негіздері |
2. | Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты | Математика және/ немесе физика |
Биология, химия (әскери-медициналық мамандық үшін) | ||
3. | Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты |
Математика және/ немесе физика және/ немесе информатика |
4. | Шетел ӘОО-ы | Биология, химия (әскери-медициналық мамандық үшін) |
Шығармашылық емтихан (музыкалық мамандық үшін) | ||
Шетел тілі (аударма ісі үшін) |