ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацына және 22) тармақшасына, 56-бабының 12, 14 және 18-тармағына және 717-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың күнтізбелік ай үшін арнайы мобильді қосымшаға келіп түсетін төлемдер сомаларды қоспағанда жекелеген арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің шотына түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын салық төлеушілердің – жеке кәсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, заңды тұлғалардың санаттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеуші – дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тізбесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімінің нысаны (871.00-нысан);
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғаның (жалға беруші) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімін (871.00-нысан) жасау және мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді беру бойынша интернет-платформа операторларымен және арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсатында уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Интернет-платформа операторларының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар бойынша ұсынатын мәліметтерінің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризма және спорт
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 1-қосымша |
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың күнтізбелік ай үшін арнаулы мобильді қосымшаға келіп түсетін төлемдер сомаларды қоспағанда жекелеген арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің шотына түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың күнтізбелік ай үшін арнаулы мобильді қосымшаға келіп түсетін төлемдер сомаларды қоспағанда жекелеген арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің шотына түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді, мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес әзірленді.
Осы Қағидалар екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк ұйымдары) күнтізбелік ай үшін арнаулы мобильді қосымшаға келіп түсетін төлемдер сомаларды қоспағанда жекелеген арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің (бұдан әрі – төлеушілер) шотына түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер), мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы (бұдан әрі – АМҚ) – мынадай:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау тәртібін қолдану;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және декларацияны ұсынуы бойынша салықтық міндеттемелерді орындау;
салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу (мұндай тіркеуден алып тастау);
арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру мақсаттары үшін салықтық мобильді қосымша;
2) Secure File Transfer Protocol (бұдан әрі – sftp сервері) – сервердегі файлдарды қауіпсіз жүктеуге, жүктеп алуға және басқаруға арналған қорғалған деректерді беру хаттамасы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Банк ұйымдарымен Мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері
3. Мәліметтер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес қызмет көрсетуші банкке берілген банк құпиясын ашуға олардың келісімі (бұдан әрі – келісім) негізінде төлеушілер бойынша банк ұйымдарының ақпараттық жүйелерінен (бұдан әрі – АЖ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің АЖ-не (бұдан әрі – Комитет) беріледі.
Төлеушілер келісімге "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен міндетті куәландыра отырып, электрондық нысанда "E-salyq Business" АМҚ қол қояды.
АМҚ банк ұйымдарының келісімнің бар екендігін растайтын электрондық құжатты алуын қамтамасыз етеді.
4. Комитеттің АЖ-да электрондық өзара іс-қимыл арқылы Келісімнің бар екендігі туралы белгісі бар төлеушілердің бастапқы тізімі (бұдан әрі – Тізім) қалыптастырылады, түсіріледі, ол банк ұйымдарының АЖ-ға жүктеу үшін беріледі.
Төлеушілердің өзгертілген, қосымша, жойылған деректері бойынша тізімдегі ақпаратты жаңартуды Комитет онлайн-режимде электрондық өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырады.
5. Банк ұйымдары Мәліметтерді қалыптастырады және есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей XML-форматта электрондық деректерді қабылдау жөніндегі ашық API-сервисті пайдалану арқылы Комитеттің АЖ-ға ай сайын береді.
6. Комитеттің АЖ-ның банк ұйымдарының АЖ-мен интеграциясы болмаған жағдайда:
1) Комитет ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-і күні:
көрсетілген күннің 00-00 сағатындағы жағдай бойынша тізімді "ESB_BVU_spisok_кк.аа.жжжж" файлда қалыптастырады және жүктейді;
жоғарыда көрсетілген файлды банк ұйымдарының АЖ-ға жүктеуі үшін Комитеттің sftp серверіне "ESB_BVU_spisok_кк.аа.жжжж" папкасына орналастырады;
2) банк ұйымдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-і күні Мәліметтерді Тізім бойынша түсіреді және оларды Комитеттің sftp-серверінде "ESB_BVU_sved_ дд.мм.гггг" әрбір банк ұйымы үшін көзделген "ESB_BVU_ Банктің атауы_sved_ дд.мм.гггг" папкасында орналастырады.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде мына интернет-ресурста орналастырылған: kgd.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "Мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер".
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық өрнегі): СМП-1.
Кезеңділік: күнтізбелік ай.
Есепті кезең: 20__ жылдың ______ айы.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынуға тиіс тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-сі күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ | Ай | Жыл | Жеке тұлға/Дара кәсіпкер | Банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың деректемелері | |||
ЖСН | ТАӘ / атауы | БСН | БСК | атауы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Банктік шот валютасы | ТМК | Күнтізбелік айға түскен төлемдердің ТМК бөлісіндегі жиынтық сомасы (теңге) |
9 | 10 | 11 |
___________________________________________________________________
(нысанды құрастыруға жауапты адамның ТАӘ, қолы)
____________________________________________________________________
(басшының ТАӘ, қолы)
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ТМК – төлем мақсатының коды.
"Мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (бұдан әрі – нысан) (СМП-1, күнтізбелік ай)
1. Нысанның 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанда айы көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанда жылы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанда дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 5- бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанда банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанда банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың банктің сәйкестендіру коды көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанда банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанда банктік шотының валютасы көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанда төлем мақсатының коды көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанда күнтізбелік айда түскен төлемдердің ТМК бөлісіндегі жиынтық сомасы (теңге) көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 3-қосымша |
Төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын салық төлеушілердің – жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, заңды тұлғалардың санаттары
1. Дара кәсіпкерлер.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдар.
3. Арнайы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғалар.
4. Ойын бизнесінің субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 4-қосымша |
Төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банк ұйымдары) салық төлеушілер – жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, заңды тұлғалар – осындай санаттарға жататын салық төлеушілердің ағымдағы шотына төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2-бөлім. Мәліметтерді банк ұйымдарымен ұсыну тәртібі мен мерзімдері
3. Комитет жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей, есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Microsoft Excel форматында салық төлеушілердің – дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, санаттарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.
4. Комитет Тізімді қалыптастырған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде банк ұйымдарына Мәліметтерді ұсыну туралы сұрау жолдайды.
5. Банк ұйымдары Мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Мәліметтерді Комитетке Microsoft Excel форматында электрондық құжат түрінде береді.
6. Мәліметтер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мәліметтерді беруге уәкілетті адамның не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Салық төлеуші – дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер
жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер нысаны
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: "Салық төлеуші – дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер".
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық өрнегі): С-ИСП-1.
Кезеңділігі: жыл сайын.
Есепті кезең: 20____ жылғы ___________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: Мемлекеттік кірістер комитетінен сұрау алынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ | Жыл | Салық төлеуші |
Банктік шоттары ашылған | Банктік шоттың валютасы | Банктік шот нөмірі | Күнтізбелік жыл ішінде келіп түскен төлемдердің жиынтық сомасы | Есепті күнтізбелік жыл ішінде ағымдағы шотқа түскен мобильді төлемдердің жиынтық сомасы | |||
ЖСН/БСН | Атауы | БСН | БСК | Атауы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
__________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты адамның ТАӘ, қолы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(басшының ТАӘ, қолы)
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда).
"Салық төлеуші – дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы күнтізбелік жыл ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсініктеме (бұдан әрі – нысан) (С-ИСП-1, жыл сайын)
1. Нысанның 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанда мәліметтер ұсынылатын кезең көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанда мәліметтер ұсынылатын салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанда мәліметтер ұсынылатын салық төлеушінің атауы көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанда екінші деңгейдегі банк пен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанда екінші деңгейдегі банк пен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанда екінші деңгейдегі банк пен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанда банк шотының валютасы көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанда банк шотының нөмірі көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанда күнтізбелік жыл ішінде келіп түскен төлемдердің қорытынды сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанда есепті күнтізбелік жылда ағымдағы шотқа келіп түскен мобильді төлемдердің қорытынды сомасы көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 6-қосымша |
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тізбесі
1. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі.
2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының (бұдан әрі – ұйымдастырушы) жеке тұлғадан ақша алған күні мен уақыты.
3. Заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген тәсілдермен ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша сомасы.
4. Заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның ұйымдастырушыдан ақша алған күні мен уақыты.
5. Заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген тәсілдермен ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша сомасы.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 7-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер*
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі
(нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): БКТ-1.
Мерзімділігі: тәулік бойы.
Есепті кезең: 20____ жылғы ___________
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынуға тиіс тұлғалар тобы: букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тәулік бойы.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде.
___________________________________________________________________
(букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге
асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы
(бұдан әрі – ұймдастырушы), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
№ | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі | Заңда көзделген тәсілдермен ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша алған күні мен уақыты** | Заңында көзделген тәсілдермен ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша сомасы | |
Күні | Уақыты | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кестенің жалғасы:
Заңында көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның ұйымдастырушыдан ақша алған күні мен уақыты | Заңында көзделген тәсілдермен ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша сомасы | |
Күні | Уақыты | |
6 | 7 | 8 |
Ескертпе:
*Ойын бизнесін ұйымдастырушы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – МКО АЖ) аппараттық-бағдарламалық кешендерді интеграциялау арқылы мәліметтерді беру мақсатында мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша аппараттық-бағдарламалық кешен серверінің болуын;
2) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарына сәйкес МКО АЖ-мен интеграциялауды;
3) осы бұйрыққа және осы нысанға сәйкес букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар аппараттық-бағдарламалық кешендерді мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға жататын мәліметтер тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес күнделікті негізде мәліметтерді тәулік бойы үздіксіз өңдеу және автоматты режимде беру.
Тізбе бойынша мәліметтерді беру мыналарды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген SSL-сертификаттарды тіркеу куәліктерін қолдана отырып, hypertext transfer protocol secure (HTTPS) кеңейтілген көлік хаттамасын;
simple object access protocol (SOAP) өзара әрекеттесу хаттамасын;
web Service definition language (WSDL) сипаттау тілін;
электрондық цифрлық қолтаңба;
веб-әдістер мен олардың параметрлері үшін берілетін XML деректерді;
ақпарат алу кезеңділігін - Астана қаласының уақыты бойынша сағат 03:00-ден кешіктірмей:
ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша алуды;
жеке тұлғаның ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша алуды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс режиміндегі іркілістер немесе оны ауыстыру кезінде жұмыстың ақаулыққа төзімділігі және резервтік деректерді құруды;
5) деректердің өспелі қорытындысымен есепке алуды жүргізуді;
6) техникалық іркіліс туындаған кезде Тізбе бойынша мәліметтерді беру мүмкін еместігі туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына жазбаша түрде хабарлауды;
7) аппараттық-бағдарламалық кешеннің істен шығу себептері жойылған күннен бастап 3 (үш) тәуліктен кешіктірмей техникалық іркіліс кезеңі үшін тізбе бойынша мәліметтерді жіберу
8) деректерді:
микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – ойын бизнесін ұйымдастырушылармен бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 3 (үш) жыл;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – ойын бизнесін ұйымдастырушылармен бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 5 (бес) жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тізбеге сәйкес алынған мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
2) МКО АЖ сервистерінің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3) Тізбе бойынша мәліметтерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға себебін көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
**"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсініктеме "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер" (бұдан әрі – нысан) (БКТ-1, тәулік бойы)
1. Нысанның 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанда жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанда Заңда көзделген тәсілдермен ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша алған күні көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанда Заңда көзделген тәсілдермен ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша алған уақыты көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанда Заңда көзделген ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша сомасы көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанда Заңда көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның ұйымдастырушыдан ақша алған күні көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанда Заңда көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның ұйымдастырушыдан ақша алған уақыты көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанда Заңда көзделген тәсілдермен ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша сомасы көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 8-қосымша Нысан |
Мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)




| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 9-қосымша |
Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғаның (жалға беруші) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімін (871.00-нысан) жасау және мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғаның (жалға беруші) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімін (871.00-нысан) жасау және мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 56-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын (бұдан әрі – тұлға (жалға беруші)) уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғаның (жалға берушінің) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жасау және мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Тізілімді мемлекеттік кірістер органдарына жасау және ұсыну тәртібі
2. Тізілім тізілімнің өзінен (871.00-нысан) және есепті кезеңдегі үшін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін адамдардың (жалға берушілердің) мүліктік жалдау (жалдау) шарттары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған оған қосымшадан (871.01-нысан) тұрады.
3. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Сомалардың теріс мәндері тізілімнің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде "–" белгісімен белгіленеді.
5. Тізілім салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
Көрсеткіштер болмаған кезде Тізілімнің тиісті торкөздері толтырылмайды.
6. Тізілімге қосымша тізілімдегі тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде жасалады.
7. Тізілімге қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда тізілімге қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Тізілімді жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) Ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда – мемлекеттік кірістер органдарының есептілігін қабылдау жүйесі арқылы.
9. Тізілім қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады, қол қойылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен куәландырылады не адамның (жалға берушінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
1-параграф. Тізілімді жасау түсіндірме (871.00-нысан)
10. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" деген бөлімде:
1) "ЖСН(БСН)" бағанында тұлғаның (жалға берушінің) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – СТН (БСН));
2) "Тізілім ұсынылатын есепті кезең" бағанында – тізілім ұсынылатын есепті кезең (араб цифрларымен көрсетіледі);
3) "Салық төлеушінің атауы" бағанында – тұлғаның (жалға берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе атауы;
4) "Тізілімнің түрі" бағанында – тізілімнің түрі.
Тиісті торкөздер Тізілімнің тиісті тізілім түрлеріне жатқызылуын ескере отырып белгіленеді;
5) "Хабарламаның нөмірі мен күні" бағанында – хабарламаның нөмірі мен күні. А және В торкөздері хабарлама бойынша тізілім ұсынылған жағдайда толтырылады;
6) "Валюта коды" бағанында – "Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 "Валюта жіктеуіші" қосымшасына сәйкес валюта коды белгіленеді;
7) "Ұсынылған қосымшалардың саны" бағанында – ұсынылған қосымшалардың саны көрсетіледі.
11. "Сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары туралы мәліметтер" бөлімінде:
1) 871.00.001 жолында сауда объектілерінің саны көрсетіледі.
Егер, сонымен қоса ашық сауда базары болған жағдайда А ұяшығы толтырылады;
Егер, сонымен қоса жабық сауда базары болған жағдайда В ұяшығы толтырылады;
2) 871.00.002 жолында сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға алушылардың жалпы саны көрсетіледі.
А, В және С жолында "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (келесіде –Заң) сәйкес сауда қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жалға алушы-жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың (оның ішінде D, E және F бағаналарында ашық сауда базарындағы жалға алушылар саны көрсетіледі, G, H және I бағаналарында жабық сауда базарындағы жалға алушылар саны көрсетіледі) саны көрсетіледі.
3) 871.00.003 жолында мүліктік жалдау (жалға алу) шартына сәйкес барлық 871.01 нысандары бойынша I жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;
4) 871.00.004 жолында тізілімге (871.01-нысан) барлық қосымшалар бойынша J жиынтық жолының сомасы ретінде айқындалатын жалдау ақысының нақты төленген сомасы көрсетіледі;
5) 871.00.005 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша K қорытынды жолының сомасы ретінде айқындалатын мүліктік жалдау (жалға алу) шартына сәйкес төлеуге жататын өтелетін шығыстардың сомасы көрсетіледі;
6) 871.00.006 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша L жиынтық жолының сомасы ретінде айқындалатын өтелетін шығыстардың нақты төленген сомасы көрсетіледі.
12. "Салық төлеушінің жауапкершілігі" бөлімінде:
1) "Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда)" жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты және әкесінің аты.
Егер тізілімді жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер ұсынған жағдайда, жолақта жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі;
2) "Тізілімді тапсырған күні" бағанында – мемлекеттік кірістер органына тізілімді тапсырған күні;
3) "Тізілімнің түрі" бағанында – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) "Тізілімді қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)" жолында тізілімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
5) "Тізілімді қабылданған күні" бағанында мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тізілімді қабылданған күні;
6) "Мемлекеттік кірістер органы беретін құжаттың кіріс нөмірі" бағанында мемлекеттік кірістер органы беретін құжаттың кіріс нөмірі;
7) "Пошта штемпелінің күні" бағанында пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7) тармақшаларын тізімді қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
2-параграф. Тізілімге қосымшаны жасау бойынша түсіндірме (871.01-нысан)
13. Тізілімдінің қосымша (871.01-нысан) тұлғаның (жалға берушінің) есепті кезеңдегі мүліктік жалдау (жалдау) шарттары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған.
Егер тұлғада (жалға берушіде) бірнеше сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары болса, тізілімне (871.01- нысаны) қосымша әрбір сауда объекті, оның ішінде сауда базары бойынша жеке толтырылады.
14. Тізілімдінің (871.01- нысаны) қосымша "Салық төлеуші туралы және сауда объектісі, оның ішінде сауда базары туралы жалпы ақпарат" бөлімінде:
1) "ЖСН (БСН)" бағанында – сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін салық төлеушілердің ЖСН (БСН);
2) "Тізілім ұсынылатын салық кезеңі" бағанында – тізілім ұсынылатын есепті кезең (араб цифрларымен көрсетіледі);
3) "Сауда желісінің атауы" бағанында – сауда желісінің атауы көрсетіледі.
Егер сауда объектісі немесе сауда базары сауда желісіне кірген жағдайда толтырылады;
4) "Сауда объектісінің атауы" бағанында – сауда объектісінің атауы. Егер сонымен қоса сауда базары болған жағдайда А ұяшығы толтырылады;
5) "Сауда объектісі" бағанында – сауда қызметін реттеу туралы Заңның 1-бабының 32) және 33) тармақшаларына сәйкес тиісті торкөздер белгіленеді;
6) жалпы алаңы, шаршы метрде;
7) сауда алаңы, шаршы метрде;
8) жалға беруге арналған сауда орындарының саны;
9) сауда объектісінің орналасқан жерінің мекен-жайы.
15. Жалға алушылар бойынша мәліметтер" бөлімінде:
1) А бағанында кезекті реттік нөмірі;
2) В бағанында жалға алушының ЖСН(БСН) көрсетіледі;
3) С бағанында жалға алушылардың мынадай мәртебелерінің бірі көрсетіледі:
1-саны, егер жалға алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болса;
2-саны, егер жалға алушы жеке кәсіпкер болса;
3-саны, егер жалға алушы заңды тұлға болса.
4) D бағанында мүліктік жалдау (жалдау) шартының нөмірі (болған кезде) көрсетіледі;
5) Е бағанында мүліктік жалдау (жалға алу) шартының жасалған күні көрсетіледі;
6) F бағанында сауда орнының, сауда объектісінің мақсаты (мысалы, мейрамхана, кафе, өнеркәсіптік тауарлар және т. б.) көрсетіледі;
7) G бағанында сауда объектісіндегі сауда орнының орналасқан жері (мысалы, сауда объектісінің немесе орынның қатары, секторы және орналасу нөмірі) көрсетіледі;
8) Н бағанында сауда объектісін немесе орнын жалға алудың (пайдаланудың) нақты кезеңі көрсетіледі;
9) I бағанда мүліктік жалдау (жалдау) шартына сәйкес жалдау ақысының сомасы көрсетіледі;
10) J бағанында жалдау ақысының нақты төленген сомасы көрсетіледі;
11) К бағанында мүліктік жалдау (жалдау)шартына сәйкес төлеуге жататын өтелетін шығыстардың сомасы көрсетіледі;
12) L бағанында өтелетін шығыстардың нақты төленген сомасы көрсетіледі.
0001 жолдың I, J, K және L бағандарында мүліктік жалдау (жалдау) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасының,жалға беру төлемінің нақты төленген сомасының, мүліктік жалдау (жалдау) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстар сомасының және нақты төленген өтелетін шығыстар сомасының қорытынды мәні көрсетіледі.
I бағанының 0001 қорытынды жолының шамасы 871.00.003 жолына көшіріледі.
J бағанының 0001 жиынтық жолының шамасы 871.00.004 жолына көшіріледі.
К бағанының 0001 жиынтық жолының шамасы 871.00.005 жолына көшіріледі.
L бағанының 0001 жиынтық жолының шамасы 871.00.006 жолына көшіріледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 10-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді беру бойынша интернет-платформа операторларымен және арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсатында уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді беру бойынша интернет-платформа операторларымен және арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсатында уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 56-бабының 18-тармағына және 717-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органына:
1) интернет-платформа операторларының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – орындаушылар туралы Мәліметтер);
2) уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің (бұдан әрі – төлеуші) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Операциялар бойынша мәліметтер) беру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторизация – жүйеде пайдаланушының есепке алу деректерін тексеру және оның белгіленген қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтарын айқындау процесі;
2) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
3) негізгі каталог – SFTP сервері жағында орнатылған, хаттама бойынша қорғалған файлдарды (SFTP) беруге қосу кезінде пайдаланушының кіру шекараларын айқындайтын базалық директория. Негізгі каталог файлдық жүйеге кіру нүктесі ретінде қызмет етеді және оқшаулау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сервердің өзге бөлімдеріне қол жетімділікті болдырмай, пайдаланушының тек аталған директория мен оның кірістірілген құрылымдары шегінде жұмыс істеу мүмкіндігі мен көруін шектейді;
4) орындаушы –интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, жария шшарт негізінде тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
5) санкцияланбаған (авторизациясыз) қол жетімділік – белгіленген тәртіппен берілген құқықтар мен өкілеттіктерсіз, сондай-ақ уәкілетті адамдардың немесе органдардың келісімінсіз жүзеге асырылатын, белгіленген қауіпсіздік саясатына және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібіне қайшы келетін қол жетімділік;
6) тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген және онда қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырысты орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
7) Secure File Transfer Protocol (бұдан әрі – SFTP) – сервердегі файлдарды қауіпсіз жүктеуге, жүктеп алуға және басқаруға арналған қорғалған деректерді беру хаттамасы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық және Әлеуметтік кодекстеріне, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қолданылады.
3. Банк ұйымдарының, Операторлардың мемлекеттік кірістер органдарымен Орындаушылар бойынша және операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимылы осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Операторда ақпараттық жүйелердің (бұдан әрі – АЖ) интеграциясы болмаған жағдайда, Орындаушылар бойынша мәліметтерді беру осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша интернет-платформа операторларының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Операторларға Орындаушылар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.
Операторлар Орындаушылар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осындай Мәліметтерді Комитетке Microsoft Excel форматында Комитеттің SFTP-серверінде файлдарды қауіпсіз жүктеуге, түсіруге және басқаруға арналған деректерді қорғалған беру хаттамасы арқылы осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Оператор дәлсіздіктерді және (немесе) қателерді анықтаған жағдайда, Оператор Microsoft Excel форматында дәлсіздіктер және (немесе) қателер анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке нақтыланған Орындаушылар бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
5. Комитеттің SFTP серверіне қол жеткізу үшін Операторға авторландырылған кіру үшін логин мен пароль беріледі. Орындаушылар бойынша мәліметтерді алмасу үшін Комитеттің SFTP серверін авторландырылмаған пайдалануға тыйым салынады.
6. Оператордың авторизациясы санкцияланбаған қолжетімділікті болдырмау, корпоративтік ақпараттарды қорғау және орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін талап етіледі.
7. Комитеттің SFTP-серверіне қол жеткізу үшін Оператор Комитетке қажетті құқықтарды және негізгі каталогтан бөлімге толық жолды міндетті түрде көрсете отырып, еркін нысанда ресми хат (өтінім) береді. Негізгі каталогтан бөлімге толық жол болмаған кезде хат (өтінім) қабылданбайды және мұндай бас тарту Оператордың Орындаушылар бойынша мәліметтерді ұсынбауы үшін негіз болып табылмайды.
8. Оператордың өтінімін Комитет, оның ішінде бейінді басқарма, IT-менеджмент басқармасы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке жауапты адамдар келіседі.
9. Комитет Оператордың өтінімін келіскеннен кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қабылдап алу-беру актісі бойынша Комитеттің SFTP-серверіне қол жеткізу үшін Операторға қолма-қол есептік жазба (логин мен пароль) ұсынылады.
10. Орындаушылар бойынша мәліметтерді ұсыну мақсатында құрылған қол жетімділік үшін есепке алу жазбасын (логин мен парольді) Комитеттің және Оператордың үшінші тұлғаларға жария етуіне тыйым салынады.
11. Комитеттің SFTP-серверіне қол жетімділікті алғаннан кейін Оператор құпиялылықты сақтауға, дербес деректерді қорғауға және осы Қағидаларды орындау шеңберінде алынған немесе қалыптастырылған Орындаушылар бойынша мәліметтердің санкцияланбаған таралуына жол бермеуге жауапты болады.
12. Оператор осы Қағидалардың талаптарына сәйкес Орындаушылар бойынша мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
13. Ақпарат алмасу процесінде Комитет пен Оператор арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
3-тарау. Мемлекеттік кірістер органының орындаушылар бойынша Мәліметтерді беру жөніндегі операторлармен және уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен мәліметтерді арнайы мобильдік қосымшаға беру мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі
14. Операторлар Комитеттің АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылы болған жағдайда, осы тарауда айқындалған тәртіппен осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындаушылар бойынша мәліметтерді ұсынады.
Банк ұйымдары Операция бойынша мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
15. Орындаушылар мен операциялар бойынша мәліметтер төлеушілердің, оның ішінде қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғалардың келісімі негізінде банк ұйымдарының, Операторлардың АЖ-дан Комитеттің "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – SDF) беріледі.
16. Банк ұйымдарының АЖ-дан, Операторлардың АЖ-дан SDF АЖ-ға Орындаушылар мен операциялар бойынша мәліметтерді беру күн сайын XML-форматтағы электрондық құжаттар арқылы жүргізіледі.
Банк ұйымдары мен Операторлар SDF АЖ-ға төлеушілер, оның ішінде қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғалар тізімін беру туралы сұрау салу жолдайды.
17. Арнаулы мобильді қосымша платформасымен біріктірілген банк ұйымдары келесі қызметтерді пайдаланады:
төлеуші үшін банктік шот ашу сервисі;
төлемдерді төлеушінің банктік шотына аудару туралы деректерді беру жөніндегі сервис;
арнаулы мобильді қосымшаға қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар бойынша чектерді қалыптастыру, беру, күшін жою;
салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
18. Банк ұйымдарымен интеграциялық өзара іс-қимыл болмаған жағдайда:
Комитет жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, Microsoft Excel форматында төлеушілердің тізімін қалыптастырады және күнтізбелік 10 (он) күн ішінде банк ұйымдарына Операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды;
Банк ұйымдары Операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлеушілердің келісімі негізінде Комитетке Microsoft Excel форматында электрондық құжат түрінде немесе осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша CSV-форматта осындай мәліметтерді береді.
Қабылдап алу-беру актісі
Астана қаласы 20____ жылғы "_____" __________
Осы қабылдап алу-беру актісімен __________________________________
____________________________________________________________________
(логин мен парольді берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – ТАӘ))
бергенін, ал интернет-платформа операторы______________________________
____________________________________________________________________
(логин мен парольді алған интернет-платформа операторының атауы және
бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)
қағаз түрінде (ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын сақтау
мақсатында қолма-қол тапсырылады)
____________________________________________________________________
(интернет-платформа операторының өтінім нөмірі мен күні (хат)
ресми хатпен жолданған өтінімге сәйкес мемлекеттік кірістер органының
__________________________серверінің _____________________ бөліміне орналастыру
үшін логин мен парольді алғанын растаймыз.
Логинді және парольді үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады.
Берді: |
Қабылдады: |
Мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: "Мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер".
Әкімшілік деректерді Өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): АМҚ-4.
Кезеңділігі: күнтізбелік ай.
Есепті кезең: 20_____ жылғы "___" ________.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынуға тиіс тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: күнделікті.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ | Айы | Жылы | Жеке тұлға / дара кәсіпкер | Банктік шоттары ашылған банктің (Қазақстан Республикасы банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы) ұйымдардың деректемелері | |||
ЖСН | ТАӘ / атауы | БСН | БСК | атауы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Банктік шот валютасы | Банктік шот нөмірі | Күнтізбелік айға түскен төлемдердің жиынтық сомасы (теңге) |
9 | 10 | 11 |
____________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты адамның ТАӘ, қолы)
____________________________________________________________________
(басшының ТАӘ, қолы)
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін "Мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – нысан) (АМҚ-4, күнделікті)
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында айы көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында жылы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (Қазақстан Республикасы банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы) банк ұйымдарының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (Қазақстан Республикасы банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы) ұйымдардың банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (Қазақстан Республикасы банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы) ұйымдардың атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында банктік шоттың валютасы көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында күнтізбелік айға түскен төлемдердің жиынтық сомасы (теңге) көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 11-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Интернет-платформа операторларының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар бойынша ұсынатын мәліметтері
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Интернет-платформа операторларының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар бойынша ұсынатын мәліметтері".
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі
(нысан атауының қысқаша әріптік-сандық өрнегі): СМП-5.
Мерзімділігі: сұрау салу бойынша.
Есепті кезең: 20____ жылғы ___________
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынуға тиіс тұлғалар тобы: интернет-платформалардың операторлары.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: сұраныс бойынша.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Интернет-платформа операторы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________ (атауы/ТАӘ)
БСН/ЖСН ____________________________________________________
Интернет-платформаның атауы___________________________________
№ | Қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушы болып табылатын жеке тұлғаның ЖСН | Жыл, ай | Жалпы кіріс | оның ішінде | |
қолма - қол ақшасыз және қолма-қол төлемдермен алынған кіріс | интернет-платформа арқылы алынған басқа кіріс | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
____________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты адамның ТАӘ, қолы)
____________________________________________________________________
(басшының ТАӘ, қолы)
Ұсынылған күн
20____ жылғы "_______"__________
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
"Интернет-платформа операторларының қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар бойынша ұсынатын мәліметтері" Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсініктеме (бұдан әрі – нысан) (СМП-5, сұраныс бойынша)
1. Нысанның 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанда қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушы болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанда жылы және айы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында салық төлеушінің жалпы кірісі (теңге) көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төлемдермен (теңге) алынған салық төлеушінің кіріс сомасы (интернет-платформаны пайдалана отырып, төлеушінің қызметі немесе жұмысы құны) көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында салық төлеуші өзге тәсілмен алған сомасы (теңге) көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына 12-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын мен мобильдік төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19815 болып тіркелді).
2. "Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қазандағы № 1125 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24975 болып тіркелді).
3. "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына өзгерістер и толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27116 болып тіркелді).
4. "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидаларын, нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 273 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27158 болып тіркелді).
5. "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 160 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34167 болып тіркелді).



