ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарында (бұдан әрі — Өлшемшарттар):
Өлшемшарттардың 1-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшаласына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Өлшемшарттардың 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
корсетілген бірлескен бұйрықтың 2 және 5-қосымшалары осы бірлескен бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялағаннан кейін орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субьектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы __________А. Амрин
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________М. Такиев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
| |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 қарашадағы № 120 мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 6 қарашадағы № 676 Бірлескен бұйрығына 1-қосымша Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі
№
|
Талаптар
|
Бұзушылық дәрежесі
|
1. Жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) бойынша
|
1
|
Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау
|
Өрескел
|
2
|
Қаржылық есептілікті және (немесе) аудиторлық есепті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау
|
Өрескел
|
3
|
Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, біліктілікті арттырудан және кәсіби ұйымдарға мүшелікке өту
|
Өрескел
|
4
|
Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы
|
Өрескел
|
5
|
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі
|
Өрескел
|
6
|
Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге бермеуі
|
Елеулі
|
2. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша
|
1
|
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну
|
Болмашы
|
2
|
Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру
|
Елеулі
|
3
|
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу
|
Елеулі
|
4
|
Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
|
Өрескел
|
5
|
Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
|
Өрескел
|
6
|
Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
|
Өрескел
|
7
|
Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
|
Өрескел
|
8
|
Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
|
Елеулі
|
9
|
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
|
Елеулі
|
3. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша
|
1
|
"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
|
Елеулі
|
2
|
Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру
|
Елеулі
|
3
|
Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).
|
Елеулі
|
4
|
Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу
|
Елеулі
|
5
|
Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ұсыну
|
Өрескел
|
6
|
Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну
|
Өрескел
|
7
|
Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
|
Елеулі
|
8
|
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
|
Елеулі
|
9
|
Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.
|
Елеулі
|
10
|
Өткен емтихандардың дұрыс жауаптары бар емтихан билеті өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйымның интернет-ресурсында жарияланады.
|
Елеулі
|
| |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 қарашадағы № 120 мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 6 қарашадағы № 676 Бірлескен бұйрығына 2-қосымша Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымша |
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
___________________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы
____________________Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
138-бабына сәйкес_________________________________________________________
жария мүдделі ұйымдарға (қаржы ұйымдарын
қоспағанда)___________________________________________________қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
№
|
Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші
|
Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі
|
Маңыз-дылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi
|
Шарттар / мәндер, xi
|
1-шарты / мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін
|
1
|
Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұза отырып, ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
100
|
1 факт
|
100%
|
2
|
Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды тағайындау
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
3
|
Қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
4
|
Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебіне сапаға жүргізілген сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша "4" төмен бағаның болуы
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
5
|
Теріс пікір білдірілген немесе пікір білдіруден бас тарта отырып берілген аудиторлық қорытындының болуы
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
6
|
Қаржылық нәтижесі теріс (залалды) болып отырған кәсіпкерлік субъектілері
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
7
|
Есепті кезең бойынша қаржылық есептілік деректері негізінде алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жиынтық жылдық табысы 50 және одан да көп пайызға төмендеген кәсіпкерлік субъектілері
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
8
|
Есепті кезең бойынша бухгалтерлік (қаржылық) есептілік деректері негізінде алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешегі 50 және одан да көп пайызға артқан кәсіпкерлік субъектілері
|
Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу
|
1 факт
|
100%
|
| |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 қарашадағы № 120 мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 6 қарашадағы № 676 Бірлескен бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Тексеру парағы
_______________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
саласындағы ________________________________________________Қазақстан
Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес ____________ жария
мүдделі ұйымдарға (қаржы ұйымдарын қоспағанда)
_________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылау тағайындау туралы акті
_________________________________________________________ күні №
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________
№
|
Талаптар тізбесі
|
Талаптарға сәйкес келеді
|
Талаптарға сәйкес келмейді
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау
|
|
|
2
|
Қаржылық есептілікті және (немесе) аудиторлық есепті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау
|
|
|
3
|
Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, біліктілікті арттырудан және кәсіби ұйымдарға мүшелікке өту
|
|
|
4
|
Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы
|
|
|
5
|
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі
|
|
|
Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ ____________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы____________________________ ____________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 қарашадағы № 120 мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 6 қарашадағы № 676 Бірлескен бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына 5-қосымша |
Тексеру парағы
_______________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
саласындағы ________________________________________________Қазақстан
Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес ____________ жария
мүдделі ұйымдарға (қаржы ұйымдарын қоспағанда)
_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акті
___________________________________________________________ күні №
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________
№
|
Талаптар тізбесі
|
Талаптарға сәйкес келеді
|
Талаптарға сәйкес келмейді
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
|
|
|
2
|
Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру
|
|
|
3
|
Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы 3 (үш) жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).
|
|
|
4
|
Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу
|
|
|
5
|
Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ұсыну
|
|
|
6
|
Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну
|
|
|
7
|
Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
|
|
|
8
|
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
|
|
|
9
|
Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады
|
|
|
10
|
Өткен емтихандардың дұрыс жауаптары бар емтихан билеті өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйымның интернет-ресурсында жарияланады