ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырыуды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 7 қарашадағы № 679 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10422 болып тіркелді):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:
Реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
20. | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының талаптарына сәйкес болуы керек |
";
Реттік нөмірі 23 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары Қазақстан Республикасы Салық кодексі 110-бабының талаптарына сәйкес болуы керек |
".
2. "Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10502 болып тіркелді):
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды жеке және заңды тұлғалар электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді".
3. "Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелді):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:
7-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;";
көрсетілген Қағидалардың 2 және 3-қосымшалар осы тізбенің 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбенің 1-қосымша |
|
| Дербес сәйкестендіру нөмір- кодтарын беру қағидаларына 2-қосымша нысан |
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация). |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көзделген жағдайларда дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 08.30–дан 18.00–ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа: этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуден: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген қызметті өз бетінше алу, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде). |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан (қажеттінің астын сызу керек):
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;
этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________________________;2) _______________________________________________;
3) _______________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ____________ (қолы)
Орындаушы: ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Телефон __________
Алдым: _________________________________/___________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, қызметті алушыдың қолы
аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе)
20__ жылғы "___" _________