БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 16 тармақпен толықтырылсын:
"16. "Қорқыт Ата" арнайы экономикалық аймағы:
1) тоқыма бұйымдарын өндіру;
2) киім өндірісі;
3) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;
4) жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан жасалған бұйымдар мен тоқуға арналған материалдар өндірісі;
5) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
6) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
7) негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
9) портландцементтен, глинозем цементінен, қож цементінен, суперсульфат цементінен, сульфатқа төзімді цементтен, тампонаж цементінен және ұқсас гидравликалық цементтерден басқа, боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер түрінде өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
10) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;
11) компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі;
12) электр жабдықтарын өндіру;
13) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;
14) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру;
15) әуе, ғарыш және ұқсас техника өндірісі;
16) өзге де дайын бұйымдар өндірісі;
17) әуе кемелері мен ғарыш кемелеріне жөндеу, техникалық қызмет көрсету;
18) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
19) инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған нысандарды салу және пайдалануға беру, жобалау-сметалық құжаттама шегінде;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |