ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-2-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігімен
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
Және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 477 Бұйрықтың 1-қосымшасы |
Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 42-2-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібін, мерзімдері мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы инвестициялық келісімшарт – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортты кедендік әкелім баждарын төлеуден және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатуды көздейтін шарт;
2) өтініш беруші – арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға немесе бұзуға өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) Бірыңғай үйлестіру орталығы – "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі, мерзімдері мен шарттары
3. Арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
4. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не еркін қоймалар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме немесе еркін қойма иесі үшін еркін қоймалар тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі, көлік құралдарын және (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрауыштарын өндірушілер үшін көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісімнің көшірмесі.
3) өндірістік қуаттарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;
4) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді.
5. Өтінім берілген күні тіркеу нөмірі мен күні беріле отырып, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданады және тіркеледі.
6. Арнаулы инвестициялық келісімшарт өтініш беруші мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде жасалады:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген;
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманың иесі ретінде тіркелген;
3) өтініш беруші өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасады.
7. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасудан бас тартады:
1) өтініш берушінің осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
2) өтініш берушінің дәйексіз мәліметтерді ұсынуы;
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі.
8. Ұсынылған құжаттар толық және дәйекті болған жағдайда уәкілетті орган арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілік арнаулы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, осы келісімшартты қол қоюға дайындайды.
9. Арнаулы инвестициялық келісімшарт мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұзылады:
1) арнаулы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзім өткеннен кейін;
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы, еркін қойма иесі ретінде тіркеудің күшін жою, арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға негіз болған, заңды тұлғамен жасалған өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісімдерді бұзу кезінде;
3) арнаулы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде;
4) арнаулы инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде бұзушылықтар жойылмаған кезде;
5) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен шығарылған кезінде.
10. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда арнаулы инвестициялық келісімшартты бұзу үшін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісімдерді бұзу туралы уәкілетті органның ведомствосының, еркін қойманың иесі ретінде тіркеудің күшін жою туралы салықтардың түсуін және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның ведомствосының, арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы Бірыңғай үйлестіру орталығының хабардар етуі негіз болып табылады.
11. Арнаулы инвестициялық келісімшарттың қосымшаларына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.
12. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және (немесе) бұзу туралы хабарламаны уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының салық түсімдерін және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органына жібереді.
| Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидаларына, мерзімдері мен шарттарына 1-қосымша Нысан |
Арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінім
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер | ||
1. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы | |
2. | Орналасқан жері: заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері | |
3. | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |
4. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы |
______________________ |
5. | Қызмет түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің сыныптары деңгейінде) | |
* Өтініш беруші ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2. Арнаулы инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы
Өндірістік қуаттарды пайдалануға беру күні _________
1-бөлім: импортталатын технологиялық жабдықтардың, оның құрамдас бөліктері мен қосалқы бөлшектерінің, дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын шикізат пен материалдардың тізімі мен көлемі | |||||
Шығындар бабы | Технологиялық жабдық | ||||
№ р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өлшем бірлігі | Саны | |
Барлығы | |||||
Шығындар бабы | Технологиялық жабдыққа жинақтаушы және қосалқы бөлшектер | ||||
№ р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өлшем бірлігі | Саны | |
Барлығы | |||||
Шығындар бабы | Дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын шикізат пен материалдар | ||||
№ р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өлшем бірлігі | Саны | |
Барлығы | |||||
2-бөлім: еркін қоймалардың немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында немесе өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім шеңберінде өндірілетін өнімнің (дайын өнімнің) тізбесі | |||||
№ р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өлшем бірлігі | Саны | |
Барлығы | |||||
_______________________________________________ |
_____________________ | ||||
| Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидаларына, мерзімдері мен шарттарына 2-қосымша |
Үлгілік арнаулы инвестициялық келісімшарт
___________қаласы _________________ (күні, айы, жылы)
Осы арнаулы инвестициялық келісімшарт, бұдан әрі Тараптар деп аталатын
төмендегіні назарға алып, _______________________________________________
(ережелер және (немесе) бұйрық)
негізінде әрекет ететін __________________________________________ тұлғасында,
(басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
пен (жарғы немесе сенімхат) негізінде әрекет ететін басшысы
_____________________ тұлғасында _____________________________________
___________________________________________________ (бұдан әрі – Заңды тұлға),
(заңды тұлғаның атауы, БСН және мемлекеттік тіркелген күні)
арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе еркін қойманың иесі не өнеркәсіптік
құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан арнаулы инвестициялық жобаны іске асыратын
заңды тұлға болып табылатын арасында жасалды, бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар:
1) уәкілетті органға арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасуға және бұзуға тікелей байланысты құқықтар берілетінін;
2) тараптар арнаулы инвестициялық келісімшарт
____________________________________________________________________,
(арнаулы инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандығын назарға алып,
және төмендегілер туралы осы арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы арнаулы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнаулы инвестициялық келісімшарт – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортты кедендік әкелім баждарын төлеуден және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатуды көздейтін шарт;
2) жиынтықтауыштар, қосалқы бөлшектер-технологиялық жабдықтың конструктивтік тұтастығын құрайтын жиынтықтағы құрамдас бөліктер;
3) технологиялық жабдық - арнаулы инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған тауарлар;
4) үшінші тұлға – арнаулы инвестициялық келісімшарт бойынша тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
5) шикізат және (немесе) материалдар - технологиялық процесс арқылы дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе өзге де тауар;
6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Арнаулы инвестициялық келісімшарттың мәні
2. Осы арнаулы инвестициялық келісімшарттың нысаны Заңды тұлғаға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды мынандай түрде беру:
арнаулы инвестициялық келісімшарт негізінде арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізатты және (немесе) материалдарды алынған өнімде осындай шикізат пен материалдар сәйкестендірілген және шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуы танылған жағдайда, еркін кеден аймағының кедендік рәсімінің немесе еркін қойманың қолданылуы аяқталған кезде кедендік баждарды салудан босату;
арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босату;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ олардың компонентерінің құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтарды, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде кедендік баж салығынан босату түрінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну болып табылады.
3. Арнаулы инвестициялық келісімшарттың мақсаты
3. Осы арнаулы инвестициялық келісімшарт ____________________________________
___________________________________________________________________________
(арнаулы инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну мақсатында қолданылатын құқыққа сәйкес уәкілетті орган мен Заңды тұлға арасындағы шарттық өзара қатынастардың заңды шеңберін белгілейді.
4. Инвестициялық қызмет объектісі
4. Осы арнаулы инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық
қызметтің объектісі_______________________________________________________
(заңды тұлғаның мекенжайы)
мекенжайы бойынша орналасқан ___________________________________________,
(арнаулы инвестициялық жоба)
болып табылады.
5. Тараптардың Құқықтары
5. Уәкілетті органның:
1) өкілеттіктерді табыстау шегінде Заңды тұлғамен келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
2) арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға, бұзуға және тіркеуге;
3) арнаулы инвестициялық жобаның іске асырылуына бақылау жүргізуге, оның ішінде арнаулы инвестициялық жобаға қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
6. Заңды тұлғаның арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру үшін арнаулы инвестициялық келісімшарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттер жасауға құқығы бар.
7. Тараптар арнаулы инвестициялық келісімшарттың қосымшаларына тараптардың келісімі бойынша жылына екі рет өзгерістер енгізуге құқылы.
6. Тараптардың міндеттері
8. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу арқылы осы арнаулы инвестициялық келісімшарттың 2-тармағында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын беруге міндеттенеді.
9. Заңды тұлға:
1) арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру кезінде осы арнаулы инвестициялық келісімшарт ережесінің талаптарын сақтауға және бұзбауға;
2) осы арнаулы инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей, технологиялық жабдықты, оның мақсаты бойынша жинақтауштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштарын дайын өнім құрамында жеткізу мен мақсаты бойынша пайдалануды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жазып ұсынуға;
3) арнаулы инвестициялық келісімшарттың қолдану мерзімі ішінде осы арнаулы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшада көрсетілген еркін қойманың немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім шеңберінде өнімді (дайын өнімді) өндіру үшін импортталған шикізатты және (немесе) материалдарды пайдалануға міндеттеледі.
7. Форс-мажор
10. Арнаулы инвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындамаған міндеттемелер үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідірту еңсерілмейтін күш (бұдан әрі – форс-мажор) мән-жайынан туған болса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
11. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдайлар және соған ұқсас жатады.
12. Арнаулы инвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың форс-мажорлық жағдайлардан туындаған толық немесе ішінара тоқтауы кезінде бұл жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың қолданылу мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған кезден бастап қайта басталады.
13. Форс-мажор мән-жайлар туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап олар басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бұл туралы оқиғаның басталған күнді және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екінші Тарапты хабардар етеді.
14. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін келіссөздер жүргізеді.
8. Құпиялылық
15. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы арнаулы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.
16. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмастан, арнаулы инвестициялық келісімшарттың мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
9. Арнаулы инвестициялық келісімшартты беру шарттарының сақтауын бақылау
17. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының арнаулы инвестициялық келісімшарт беру шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
18. Жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді және бұзушылықтарды жою үшін үш ай мерзім белгілейді.
19. Егер уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждарды төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштары дайын өнім құрамында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, арнаулы инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштары бөлігінде төлейді.
20. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Дауларды шешу
21. Даулы мәселе туындаған жағдайда Тараптар арнаулы инвестициялық келісімшарттың кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді өзара келіссөздер жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады.
22. Тараптар бір тараптың екінші тарапқа жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде келісімге келе алмаған жағдайда, даулар "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотында, "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сот органдарында немесе тараптардың өзара келісімімен айқындалатын төрелікте қаралуы мүмкін.
23. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктер толықтай шешілгенге дейін арнаулы инвестициялық келісімшартта белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
11. Арнаулы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі және күшіне енуі
24. Осы арнаулы инвестициялық келісімшарт жасалған сәттен бастап күшіне енеді.
25. Арнаулы инвестициялық келісімшарт _____________________________
___________________________________ мерзім өткен соң күшін жояды.
12. Арнаулы инвестициялық келісімшартты бұзу талаптары
26. Арнаулы инвестициялық келісімшарт мынадай негіздер бойынша бұзылады:
1) арнаулы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі;
2) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізілімінен шығару;
3) тиісті өнеркәсіптік құрастыру туралы заңды тұлғамен жасалған келісімді, мұндай заңды тұлға, оның ішінде еркін қойма иесі немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушы осындай келісімде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған кезде бұзу;
4) арнаулы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде;
5) арнаулы инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзім өткеннен кейін;
6) Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен алып тасталған жағдайда.
13. Қосымша ережелер
27. Хабарламалар мен есептер қолма-қол немесе төменде көрсетілген мекенжайға хабарламасы бар почтамен жіберіледі:
Уәкілетті орган: _____________________________________________________
(атауы, заңды мекен-жайы, телефондары)
уәкілетті органның басшысы: _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Заңды тұлға: ____________________________________________________________
(атауы, заңды және нақты мекенжайлары, телефондары, электрондық мекенжайы)
заңды тұлғаның басшысы: ________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
28. Арнаулы инвестициялық келісімшарт бойынша мекенжайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екі апта мерзімде екінші Тарапты жазбаша хабардар етуге тиіс.
29. Осы арнаулы инвестициялық келісімшарт ___________ қаласында _____ жылғы "___" ____________ әрқайсысы бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы арнаулы инвестициялық келісімшарт ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда тараптар мемлекеттік тілдегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган: | Заңды тұлға: |
Қолы _____________ |
Қолы _____________ |
| Үлгілік арнаулы инвестициялық келісімшартқа 1-қосымша |
|
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есеп
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
Әкімшілік нысанның атауы: "Арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есеп".
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі: 1-СИК.
Жиілігі: жартыжылдық.
Есепті кезең: ағымдағы жылдың 25 шілдесіне дейін және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ағымдағы жылдың 25 шілдесіне дейін және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін.
ЖСН/БСН

(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі
Әкімшілік нысанның атауы: "Арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есеп"
Кесте
Өндірістік қуаттарды пайдалануға беру күні __________________ | ||||||
№ р/с | Шығындар баптары | Жоспар | Нақты | Ауытқулар (+;-) | Ауытқу себебі | Растайтын құжаттар (атауы,№, күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бөлім: импортталатын технологиялық жабдықтардың, оның құрамдас бөліктері мен қосалқы бөлшектерінің, дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын шикізат пен материалдардың тізімі мен көлемі | ||||||
1 | Технологиялық жабдық | |||||
2 | Технологиялық жабдыққа жинақтаушы және қосалқы бөлшектер | |||||
3 | Дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын шикізат пен материалдар | |||||
Барлығы: | ||||||
2-бөлім. Еркін қоймалар немесе арнайы экономикалық аймақтар аумағында немесе өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім шеңберінде өндірілетін өнімнің (дайын өнімнің) тізбесі | ||||||
4 | Объем произведенной продукции | |||||
Көрсетілген мәліметтердің шынайылығы мен дұрыстығын растаймыз.
Атауы _______________________ Мекен-жайы ___________________________________
Телефон ____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________________
Орындаушы __________________________________________ ______________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ____________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы)
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды
қоспағанда) _________________________________________________________________
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
| Арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есеп нысанына қосымша |
"Арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есеп" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индексі 1-СИК, кезеңділігі жартыжылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есептің нысаны "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-2 – бабының 5-тармағына (бұдан әрі-нысан) сәйкес әзірленді.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғалары 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып, технологиялық жабдықтың, оның мақсаты бойынша жинақтаушы және қосалқы бөлшектерінің жеткізілуін және пайдаланылуын растайтын құжаттарды, шикізатты және (немесе) дайын өнім құрамындағы көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының материалдарын, сондай-ақ құрауыштарын қамтиды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
3. Нысан келесідей толтырылады:
"Өндірістік қуаттарды пайдалануға беру күні" деген жолда 1-жолдың шығындар бабында көрсетілген тіркелген активті пайдалануға беру күні көрсетіледі;
1-бөлім. "Импортталатын технологиялық жабдықтың, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерінің, дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын шикізат пен материалдардың тізімі мен көлемі":
"№ р/с" 1-бағанында реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді ретімен үзбеуі керек;
"Шығындар баптары" деген 2-бағанда арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғаның арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінімге берілген жұмыс бағдарламасынан шығындар баптары көрсетіледі;
"Жоспар" 3-бағанында есепті кезеңде арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғаның арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінімге берілген жұмыс бағдарламасынан жұмсалған шығындардың сомасы көрсетіледі;
"Нақты" 4-бағанында есепті кезеңдегі растаушы құжаттарға сәйкес шығындар сомасы көрсетіледі;
"Ауытқулар (+;-)" 5-бағанында: "4" - бағанның деректері "3" - бағанның деректерін алып тастағанда;
"Ауытқу себебі" деген 6-бағанда "4" және "3" бағандары арасындағы туындаған айырманың себебі көрсетіледі;
"Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)" 7-бағанында есепті кезеңдегі шығыстар сомасын растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі.
2-бөлім: еркін қоймалардың немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында немесе өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім шеңберінде өндірілетін өнімнің (дайын өнімнің) тізбесі
"3" бағандағы деректер есепті кезеңде арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғаның арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінімге берілген жұмыс бағдарламасынан көрсетіледі.
Қалған көрсеткіштер 1-бөлімге ұқсас толтырылады.
4. Грамматикалық қателермен толтырылған немесе өзгертілген форматта ұсынылған нысан қабылданбайды.
| Үлгілік арнаулы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымша |
Еркін қоймалардың немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында немесе көлік құралдарын немесе ауыл шаруашылығы техникасын немесе көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім шеңберінде өндірілетін өнімнің (дайын өнімнің) тізбесі
Тармақшаның № |
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды * |
1. | ||
2. |
* ЕАЭО СЭҚ ТН-Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің 10 белгі деңгейіндегі бірыңғай тауар номенклатурасы.
Уәкілетті орган: | Заңды тұлға: |
Қолы ____________ мөр орны |
Қолы ______________ мөр орны |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 477 бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 11-1-4/631 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19700 тіркелген).
3. "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау мен тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 және "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 340 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23429 тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33481 тіркелген).
5. "Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың келісімшартты жасаудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14801 тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 207 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16722 тіркелген).
7. "Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 310 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20739 тіркелген).
8. "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 тіркелген).
9. "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 11-1-4/557 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19514 тіркелген).