ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына, 113-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілер (салық агенттері), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары таратылу кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілер (салық агенттері), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары қайта ұйымдастырылу кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі, сондай-ақ салық төлеушілерді жекелеген санаттарға жатқызу шарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Темирбеков |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрыққа 1 қосымша |
Салық төлеушілер (салық агенттері), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары таратылу кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушілер (салық агенттері), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары таратылу кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушілер (салық агенттері), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары таратылу кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың шеңберінде таратылатын салық төлеуші (салық агенті) (бұдан әрі – таратылатын тұлға) ретінде мынадай тұлғалар танылады:
таратылатын резидент–заңды тұлға;
Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтататын бейрезидент–заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше);
Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтататын бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі;
қызметін тоқтататын резидент – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
2-тарау. Таратылатын тұлғаның салықтық міндеттемені орындау тәртібі
1-параграф. Таратылатын тұлғаның салықтық міндеттемені орындаудың жалпы ережелері
3. Таратудың салықтық есептілігін салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын таратылатын тұлға салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – тексеруге салықтық өтініш) ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап, осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасайды.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Таратылатын тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКO) таратудың салықтық есептілігін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей төлейді.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін келетін болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігін МКO-ға ұсынған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүргізіледі.
5. Осы Қағидалардың 4 және 10-тармағында көрсетілген негіздерді қоса алғанда, таратылатын тұлғаның салықтық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден түскен қаражат есебінен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
Бұл ретте, бейрезидент заңды тұлға өзінің тұрақты мекемелерінің және құрылымдық бөлімшелерінің тобы бойынша салықтық міндеттемелерін қызметін тоқтататын тұрақты мекеме немесе құрылымдық бөлімше арқылы жиынтық түрде орындаған жағдайда, таратылатын тұлғаның салықтық берешегі де өтелуге жатады.
6. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салықтық берешекті толық көлемде өтеуге жеткіліксіз болса, салықтық берешектің өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда таратылатын тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) есебінен өтеледі.
7. Егер таратылатын тұлғаның артық төленген салықтар, бюджетке төлемдер және өсімпұл сомасы болса, онда бұл сомалар Салық кодексінің 122-бабында айқындалған тәртіппен таратылатын тұлғаның салықтық берешегін өтеуге есепке жатқызылады.
8. Егер таратылатын тұлғаның қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғанға дейін қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызылатын салық сомасы қайтаруға жататын есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету Салық кодексінің 125-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.
9. Таратылатын тұлғаның салықтық берешегі болмаған жағдайда:
1) қате төленген салықтар, бюджетке төлемдер мен өсімпұл сомалары осы таратылатын тұлғаға Салық кодексінің 123-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады;
2) артық төленген салықтар, бюджетке төлемдер мен өсімпұл сомалары осы таратылатын тұлғаға Салық кодексінің 122-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады;
3) төленген айыппұл сомалары Салық кодексінің 122-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша осы таратылатын тұлғаға қайтарылады;
4) кеден органдары өндіріп алатын артық (қате) төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұл сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы таратылатын заңды тұлғаға қайтарылады.
10. Таратылатын тұлға таратудың салықтық есептілігін ұсынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде туындаған салықтық міндеттемелер бойынша салықтық есептілік ұсынған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 170-бабының 6-тармағында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады.
11. Төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалар мен бейрезиденттерде таратудың салықтық тексеруі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде дивидендтер түрінде кірістері пайда болған жағдайда таратылатын тұлға өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға осындай салықтық міндеттеме бойынша таратудың салықтық есептілігіне қосымша салықтық есептілік ұсынады және оны толық көлемде орындайды.
12. Таратылатын заңды тұлға таратылу туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз орналасқан жері бойынша МКО-ға бұл туралы жазбаша хабарлайды.
13. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансын бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз орналасқан жері бойынша МКО-ға бір мезгілде:
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш);
тарату салықтық есептілігін ұсынады.
14. МКО таратылатын тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей салықтық тексеруді бастайды.
Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.
15. Таратылатын заңды тұлға салықтық тексеру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай шарттарды сақталған:
салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің, оның ішінде салықтық әкімшілендіру нәтижелері бойынша берешектің болмауы;
салықтар, бюджетке төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша артық (қате) төленген сомалардың, есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуінің, сондай-ақ қайтарылуға жататын артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждар, алымдар, салықтар мен өсімпұл сомаларының болмауы жағдайында тарату балансын ұсынады.
16. Таратылатын заңды тұлға МКО-ның берешектің болмауын көздейтін, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтерді тіркеуші органға жібергені туралы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қызметін тоқтату рәсімін аяқтау үшін тіркеуші органға жүгінеді.
17. Бұл ретте, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап 1 (бір) жылдан астам уақыт өткен жағдайда, МКО Салық кодексінің 12 және 15-тарауларына сәйкес қайта бақылауды қамтамасыз етеді.
2-параграф. Қазақстан Республикасында қызметін тоқтататын резидент құрылымдық бөлімшенің салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
18. Резидент заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, резидент құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша МКO-ға бір мезгілде:
1) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі – тоқтату туралы салықтық өтініш);
2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;
3) егер осы параграфта өзгеше белгіленбесе, құрылымдық бөлімшенің тарату салықтық есептілігін ұсынады.
19. Таратудың салықтық есептілігі қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімше дербес төлеуші ретінде танылған салықтар, бюджетке төлемдер және әлеуметтік төлемдер түрлері бойынша, құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салықтық кезеңнің басынан бастап, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынғаннан кейін келсе, мұндай кезекті салықтық есептілік таратудың салықтық есептілігін ұсыну күніне дейін ұсынылады.
20. Қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген таратудың салықтық есептілігінде көзделген салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді МКO-ға таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей төлейді.
Егер таратудың салықтық есептілігі алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін келсе, төлеу (аудару) МКO-ға таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
21. Егер қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімше салықтардың, бюджетке төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің дербес төлеушісі болып танылмаған жағдайда, таратудың салықтық есептілігі ұсынылмайды.
22. Қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімшенің салықтық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
3-параграф. Салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғаның және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
23. Салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға мынадай шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда таратылуға жатады:
1) Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі кезеңінде таратылатын тұлғаның түзетулерді ескере отырып жиынтық жылдық кірістерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 000 (үш жүз мың) еселенген мөлшерінен аспайды;
2) МКО-ға тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күнге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын жасалған жасалған салықтар бойынша аудит қорытындысы бар болуы;
3) Салық кодексінің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде есепке қойылмаған немесе Салық кодексінің 65-бабына белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде есепте тұрмаған.
Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижесінде салықтар мен бюджетке төлемдерді есептеу және төлеу, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау және аудару жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайда, таратылатын тұлға мұндай міндеттемелерді салық төлеушіге тиісті салықтар бойынша аудит қорытындысы берілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде орындайды.
24. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша МКO-ға бір мезгілде:
қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
таратылу салықтық есептілікті;
салықтар бойынша аудит қорытындысын;
Салық кодексінің 111-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Бақылау-касса машинасы МКO-да есепке қойылған жағдайда, бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы өтініш беріледі.
25. Таратылатын тұлға таратудың салықтық есептілігін қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бастап өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезеңде төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төлемдер мен әлеуметтік төлем түрлері бойынша жасайды.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігін ұсынғаннан кейін келсе, мұндай есептілік таратудың салықтық есептілігін ұсыну күніне дейін ұсынылады.
26. Таратылатын тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді МКO-ға таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей төлейді.
Егер таратудың салықтық есептілігі алдында табыс етілген салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төлемдерді төлеу және әлеуметтік төлемдерді аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін келсе, төлеу (аудару) күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
27. Таратылатын тұлғаның салықтық берешегі болмаған жағдайда:
1) қате төленген салықтар, бюджетке төлемдер және өсімпұлдар Салық кодексінің 123-бабында айқындалған тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылады;
2) артық төленген салықтар, бюджетке төлемдер және өсімпұлдар Салық кодексінің 122-бабында айқындалған тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылады;
3) төленген айыппұл сомасы Салық кодексінің 122-бабында айқындалған тәртіпте және негіздер бойынша қайтарылады;
4) кеден органдары өндіріп алған артық (қате) төленген кедендік баждар, салықтар, алымдар мен өсімпұлдар сомасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылады.
28. МКO осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асырады.
29. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда, МКO таратылатын тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жолдайды.
30. Таратылатын тұлға хабарламаны орындауды Салық кодексінің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
31. Салық төлеуші салықтық берешекті және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізеді.
32. Егер хабарлама орындалмаған және (немесе) МКO салық төлеуші ұсынған түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, МКO таратылатын тұлғаға қатысты Салық кодексінің 137-бабының 10-тармағына сәйкес, Салық кодексінің 15-тарауында айқындалған тәртіппен салықтық тексеру жүргізеді.
Бұл ретте салықтық тексеру хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен және (немесе) анықталған алшақтықтар бойынша келіспеушілік туралы түсіндірме алынған күн өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде басталады.
3-бөлім. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау тәртібі
1-параграф. Резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындаудың жалпы ережелері
33. Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына сәйкес камералдық бақылау бойынша салықтық міндеттемені орындауды мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығының төлеушілері болып табылатын, не қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмайтын, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жөнінде міндеттемесі туындамаған;
2) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
3) Салық кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын таратылатын резидент заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Осы тармақ талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған тиісті шарттарға сәйкес келетін резидент заңды тұлғаларға қолданылады.
Сондай-ақ осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз уақыт бұрын құрылған заңды тұлғаларға да қолданылады.
34. Қайта құрылатын заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына жатқызу шарттары осы бұйрықпен бекітілген осы бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілер (салық агенттері), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары таратылу кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидаларына (бұдан әрі – Қайта құру бойынша қағидалар) сәйкес белгіленеді.
35. Қызметті камералдық бақылау жүргізу арқылы тоқтату шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органнан соңғы жауап алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде МКО қызметті тоқтатудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аталған бас тарту сәйкес келмеу себептері міндетті түрде көрсетіле отырып, камералдық бақылау қорытындысында көрсетіледі.
2-параграф. Салықтық міндеттемені орындау тәртібі
36. Таратылатын резидент заңды тұлға таратылу туралы шешім қабылдаған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
2) аралық тарату балансы;
3) таратудың салықтық есептілігі;
4) Салық кодексінің 111-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Таратылатын тұлға бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті МКО-да бақылау-касса машинасын есепке қойған жағдайда ұсынады.
37. МКО таратылатын резидент заңды тұлғаның қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінде, резидент заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға – МКО-ның сұрау салуын алған күнге қызметін тоқтататын заңды тұлға жасаған, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен мәмілелер туралы және оның мүлкі туралы мәліметтер ұсыну туралы;
2) екінші деңгейдегі банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – МКО-ның сұрау салуын алған күнге таратылатын резидент заңды тұлғаның банк шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген МКО-ның сұрау салуы бойынша мәліметтер оны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
38. МКО осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген барлық мәліметтер алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижесі бойынша қорытынды (бұдан әрі – камералдық бақылау қорытындысы) жасайды.
Камералдық бақылау қорытындысында камералдық бақылау нәтижелері және салықтар, бюджетке төлемдер мен әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысудың жағдайы көрсетіледі. Камералдық бақылау қорытындысы кемінде екі данада жасалады және МКО-ның лауазымды адамдары қол қояды. Камералдық бақылау қорытындысының бір данасы қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей таратылатын тұлғаға беріледі.
39. Егер салық төлеуші (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, бірақ кейіннен салықтық міндеттемелерді азайтатын түзетулер енгізсе, МКО салықтық тексеру тағайындауға құқылы.
40. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда, таратылатын резидент заңды тұлғаға камералдық бақылау қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей Салық кодексінің 51-бабында айқындалған тәртіппен хабарлама жіберіледі.
Таратылатын резидент заңды тұлға хабарламаны орындауды Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
41. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық төлеуші ұсынған түсіндірмелермен МКО келіспеген жағдайда, таратылатын резидент заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мұндай хабарламаны орындау мерзімі өткен және (немесе) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар бойынша келіспеушілік туралы түсініктеме алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады.
42. Таратылатын резидент заңды тұлғаның салықтық берешегі оның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражат есебінен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
43. Салық төлеуші салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау қорытындысы жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
44. Таратылатын резидент заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға тарату балансын ұсынады.
Таратылатын резидент заңды тұлға салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы және осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген талаптар орындалған жағдайда, камералдық бақылау қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тарату балансын ұсынады.
45. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар, салықтық берешек немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайда, таратылатын резидент заңды тұлға мұндай алшақтықтар жойылған, осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген талаптар орындалған кезде, салықтық берешектер және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер өтелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тарату балансын ұсынады.
46. Осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген тарату балансы ұсынылғаннан және осы Қағидалардың 45-тармағында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін МКО заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуге қоюды, қайта тіркеуді және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын тіркеуші органға таратылатын резидент заңды тұлға бойынша МКО-да есепке алынатын берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді Салық кодексінің 75-бабының 9-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жолдайды.
| Қағидаларға қосымша |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды
20___ жылғы "__"_______№ _______
Мен (біз), _________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(мемлекеттік орган қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), лауазымы)
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес және қызметті тоқтату туралы 20 жылғы "__" ____________ № __ (20__ жылғы "___" ___ кіріс № ____) салықтық өтініш негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасадым (жасадық)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(резидент-заңды тұлғаның атауы)
бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
____________________________________________________________________
20__ жылғы "__" __________ бастап 20__ жылғы "__" ___________ дейінгі кезең үшін.
1. Салық төлеуші туралы мәліметтер
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік _________________________________________
2. Салық салу режим _________________________________________
3. Қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру орындары:
№ | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы (ҚЭҚТЖ) | Атауы | Мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 |
4. Банктік деректемелер:
Банк атауы: _____________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды (БСК)__________________________
БСН___________________________________________________________
Облыс (қала, аудан) ___________________________________________
Банк шоттарының деректемелері:
Шоттың атауы _____________________________________________
Нөмірі ________________________________________________________
Ашылған күні _________________________________________________
Жабылған күні _________________________________________________
Шоттағы ақшалай қаражат қалдығы _______________________________
(соманы және валюта кодын көрсету)
5. Бақылау-касса машинасын тіркеу туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
(тіркеу карточкасының нөмірі, маркасы, зауыттық нөмірі)
6. Қызметті тоқтата тұру туралы мәліметтер:
№ | Қызметті тоқтата тұрудың басталу күні | Қызметті тоқтата тұрудың аяқталу күні | Салықтық өтініш берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 |
7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы бұрын жіберілген хабарламалар және олардың орындалуы жөніндегі мәліметтер:
№ | Хабарлама № | Хабарлама күні | Жіберілген хабарлама бойынша алшақтықтың сипаттамасы | Орындалу нәтижесі (орындалды / орындалмады) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Камералдық бақылау нәтижелері
8. Камералдық бақылау барысында мынадай уәкілетті мемлекеттік органдардан, банктерден және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан мәліметтер алынды:
№ | Уәкілетті мемлекеттік органның, банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы | Сұрау салу жіберілген күн | Жауап алынған күн | Сұрау салуға берілген жауаптың сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
9. Салықтық есептілік нысандарының деректерін мемлекеттік кірістер органы деректерімен, бақылау-касса машинасының (БКМ) қолма-қол ақша есебі кітабымен, БКМ бойынша фискалдық есеппен, банктік шоттармен салыстыру:
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша шығыстар (шегерімдер) | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша шығыстар (шегерімдер) | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша салық салынатын кіріс | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша салық салынатын кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша залал | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша залал | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
10. Салық кодексінің 74 және 75-бабында белгіленген салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктерін сақтау***:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Салық кодексінің 75-бабының тармақшаларын және 137-баптың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын көрсете отырып, қолдану шарттарын сақтамау бұзушылықтарының сипатын егжей-тегжейлі сипаттау)
11. Салық кодексінің 723, 731-бабына сәйкес арнаулы салық режимдерін (АСР) қолдану шарттарының сақталуы, * ****:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Салықтық есептілік нысандарының деректерін басқа салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың деректерімен салыстыру*****:
№ | Салықтың немесе басқа міндетті төлемнің түрі | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша | Жеке шот деректері бойынша | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
13. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
13-1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | ЖБМЗЖ есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | ЖБМЗЖ есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
13-2. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | МКЗЖ есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | МКЗЖ есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
14. Әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
15. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | МӘМС аударымдарды (жарналар сомасын) есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | МӘМС аударымдарды (жарналар сомасын) есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3. Қорытынды
16. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасалған сәтке салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік аударымдар, МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ, МӘМС бойынша аударымдар және (немесе) жарналар жөніндегі есеп айырысу жағдайы ******:
№ | Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әлеуметтік аударымдардың, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, МӘМС бойынша аударымдар және (немесе) жарналардың түрі | Жеке шот деректері бойынша | Есеп айырысу сальдосы (+, -) | ||
Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әлеуметтік аударымдардың, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, МӘМС бойынша аударымдар және (немесе) жарналардың сальдосы (+, -) | Өсімпұл сальдосы (+, -) | Айыппұл сальдосы (+, -) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
17. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда, камералдық бақылау бұзушылықтарсыз аяқталған болып есептеледі.
18. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы мынадай салықтық есептілік түрлері бойынша хабарлама ресімдейді
№ | Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі | Бюджеттік сыныптаманың коды (БСК) | Салықтық есептілік нысанының коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік органның лауазымды адамдары
____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Қорытындыны
алдым________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, күні)
Қорытынды салық төлеушіге табыс
етілді__________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), қолы, күні)
Қорытынды салық төлеушіге
жөнелтілді___________________________________________________________
(жөнелту және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескертпе:
** жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша толтырылады. Мемлекеттік кірістер органында деректер, БКМ бойынша деректер болмаған кезде, сондай-ақ банктік шоттар болмаған кезде деректер 3-бағаннан 4-бағанға көшіріледі.
*** Салық кодексінің 74 және 75-бабында белгіленген салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктерін сақтау шарттарын бұзушылық анықталған жағдайда толтырылады, бұзушылықтың түрі егжей-тегжейлі жазылады және таратылатын салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі.
**** Арнаулы салық режимін қолдану шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда толтырылады, бұзушылықтың түрі егжей-тегжейлі жазылады.
***** Уәкілетті мемлекеттік органдарда салық салу объектісі туралы деректер болмаған жағдайда деректер 5-бағаннан 6-бағанға көшіріледі. Әрбір салық түрі және басқа міндетті төлемдер бойынша бөлек толтырылады.
****** Уәкілетті мемлекеттік органдарда деректер болмаған жағдайда деректер 4-бағаннан 5-бағанға көшіріледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына 2 қосымша |
Салық төлеушілерді (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын қайта ұйымдастыру кезінде салықтық міндеттемелерді орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушілерді (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын қайта ұйымдастыру кезінде салықтық міндеттемелерді орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілерді (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын қайта ұйымдастыру кезінде, бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін айқындайды.
2. Таратудың салықтық есептілігі бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері мен әлеуметтік төлемдер бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсыну міндеттемесі туындаған салықтық кезеңнің басталуынан бастап осындай есептілік мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКO) ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде таратудың салықтық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – қосылған заңды тұлғаға, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға жүктеледі.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2-тарау. Салық төлеушілерді (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын қайта ұйымдастырған кезде салықтық міндеттемелерді орындау тәртібі
3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша МКO-ға ол туралы жазбаша хабарлайды.
4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға беру актісі немесе бөлу балансы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша МКO-ға мынадай құжаттарды:
1) бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайды қоспағанда, таратудың салықтық есептілігі;
2) мынадай:
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті тоқтату (бұдан әрі – қызметті тоқтату туралы өтініш);
осы Қағидалардың 7-тармағының ережелері қолданылмаса, осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі – тексеруге салықтық өтініш) ұсынады.
5. Салықтық өтінішке:
бірігу немесе қосылу кезінде – беру актісі;
бөліну немесе бөлініп шығу кезінде – аралық бөлу балансы;
бақылау-касса машинасын (бар болған кезде) есептен шығару туралы өтініш қоса беріледі.
6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың жекелеген санаттары таңдауы бойынша камералдық бақылау жүргізе отырып, салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтініште көрсетеді.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
қайта ұйымдастыруға қатысушы:
1) тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған немесе тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған, бірақ өткізу бойынша айналым 10 000 (он мың) еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
2) тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күні қолданыста болатын 300 (үш жүз) еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған ҚҚС-тың асып кету (бұдан әрі – ҚҚС-тың асып кету) сомасы жоқ;
3) тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күні қолданыста болатын 20 (жиырма) еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
қайта ұйымдастыруға қатысушы және (немесе) құқықтық мирасқор:
1) тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрмаған;
2) тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілмеген;
3) тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күні оңалту рәсімін қолдану процесінде болмаған бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар жатады.
7. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға мынадай:
1) камералдық бақылау және (немесе) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін өткізу және (немесе) сатып алу бойынша айналымдар болған;
2) түзетілген беру актісін не түпкілікті бөлу балансын белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша МҚО-ға ұсынбаған жағдайда тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта ұсынады.
8. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салықтық өтінішті қабылдаудан бас тарту мынадай:
1) қайта ұйымдастыруға қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 4 және 5-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған;
2) салықтық өтініш берілген күні қайта ұйымдастыруға қатысушының немесе құқықтық мирасқордың банкроттық рәсімі жүргізіліп жатқан;
3) салықтық өтініш берілген күні қайта ұйымдастыруға қатысушыны немесе құқықтық мирасқорды мәжбүрлеу тәртібімен қызметін тоқтату процесінде тұрған;
4) салықтық өтініш берілген күні қайта ұйымдастыруға қатысушы немесе құқықтық мирасқор өзге негіздер бойынша тарату сатысында тұрған жағдайда жүргізіледі.
9. Салықтық өтінішті қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы өңдеу нәтижесі оны берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жіберіледі.
1-параграф. Салықтық тексеруді жүргізе отырып, бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемені орындау тәртібі
10. Бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қажет болған жағдайда салықтық тексеру актісінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес беру актісін түзетеді.
11. Бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын тұлға салықтық тексеру аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған;
2) салықтық тексеру нәтижелері бойынша орындалмаған хабарламалар болмаған түзетілген беру актісін ұсынады.
12. Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынған беру актісі МКО-ның қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада берешектің жоқ екенін көздейтін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді тіркеуші органға жіберу үшін негіз болып табылады, бұл туралы осындай заңды тұлғаны хабардар етеді.
13. МКО заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны тиісті МКО-ға береді.
Бұл ретте ҚҚС-тың асып кету есебінен қалыптастырылған ҚҚС бойынша сальдо кешенді салықтық тексеру нәтижелері бойынша ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығы расталған жағдайда құқықтық мирасқорға берілуге тиіс.
2-параграф. Заңды тұлғаны бөліну және (немесе) бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібі
14. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтық тексеру аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – есепке жатқызу және қайтару туралы өтініш) ұсынады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің берешегі, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға артық (қате) төлеген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың, айыппұлдардың, ҚҚС-тан асып кеткен сомалары, сондай-ақ кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары, есепке жатқызу және қайтару туралы салықтық өтінішсіз осындай берешекті өтеу есебіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарды ескере отырып, есепке жатқызылуға тиіс.
Есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін артық (қате) төленген сомалардың қалған бөлігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқықтық мирасқорына қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар қайтарылуға жатады.
15. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтық тексеру аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір мезгілде мынадай:
1) салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жататын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларының болмауы;
3) салықтық тексеру нәтижелері бойынша орындалмаған хабарламалардың болмауы шарттарын сақтай отырып, өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға түпкілікті бөлу балансын ұсынады.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес бөлу және бөлу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға ұсынған бөлу балансы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада берешектің жоқтығын көздейтін берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтерді осындай заңды тұлғаны хабардар ете отырып, МКО тіркеуші органға жіберу үшін негіз болып табылады.
17. Түпкілікті бөлу балансы салықтық тексеру актісінде көрсетілген мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
18. МКО заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен мәліметтерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны тиісті МКО-ға береді.
Бұл ретте ҚҚС-тың асып кету есебінен қалыптастырылған ҚҚС бойынша сальдо салықтық тексеру нәтижелері бойынша ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығы расталған жағдайда құқықтық мирасқорға берілуге тиіс.
3-параграф. Камералдық бақылау жүргізе отырып, бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемені орындау тәртібі
19. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға камералдық бақылау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға бір мезгілде мынадай:
1) салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) салықтық тексеру нәтижелері бойынша орындалмаған хабарламалардың болмауы;
3) электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатылмау;
4) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілмеуі шарттарын сақтай отырып, түзетілген түпкілікті беру актісін ұсынады.
20. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаны (бұдан әрі осы тармақтың мақсатында – хабарлама) орындамаған жағдайда және (немесе) егер МКО камералдық бақылау аяқталғаннан кейін жіберілген хабарлама бойынша ұсынылған түсіндірмелермен келіспесе, мұндай заңды тұлға камералдық бақылау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша МКО-ға бір мезгілде мынадай:
1) орындалмаған хабарламалар бойынша және (немесе) ұсынылған түсіндірмелермен МКО келіспеген хабарламалар бойынша салықтық тексеру актісінің болуы;
2) камералдық бақылау аяқталғаннан кейін өткізу және сатып алу бойынша айналымдардың болмауы шарттарын сақтай отырып, түзетілген беру актісін ұсынады.
21. Қайта ұйымдастырылатын тұлға осы Қағидалардың 20 және 21-тармағына сәйкес ұсынған беру актісі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада берешектің жоқтығын көздейтін берешектің жоқтығы (болуы) туралы мәліметтерді МКО-ның осындай заңды тұлғаны бұл туралы хабардар ете отырып, тіркеуші органға жіберу үшін негіз болып табылады.
22. МКО заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен мәліметтерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны тиісті МКО-ға береді.
3-тарау. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде салықтық тексеру жүргізу және камералдық бақылау жүргізу ерекшеліктері
1-параграф. Заңды тұлғаны біріктіру, қосу, бөлу және (немесе) бөлу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салықтық тексеру жүргізу ерекшеліктері
23. МКО тексеруге салықтық өтінішті алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей осы бұйрықпен бекітілген "Салық төлеушілерді (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын тарату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидаларының" (бұдан әрі - Тарату жөніндегі қағидалар) 2-тарауына сәйкес кешенді салықтық тексеру жүргізуге кіріседі.
Осы тармақтың ережесі қайта ұйымдастырудың әрбір қатысушысына қатысты Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде тексеруге салықтық өтініш берілген күнге дейін қолданылады.
24. Салықтық тексеру жүргізу барысында МКО салық төлеушіге қатысты мынадай мәселелерді қамтиды:
1) беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген деректердің нақты мән-жайларға сәйкестігі;
2) беру актісінде немесе бөлу балансында осындай сомалар болған кезде Салық кодексінің 166-бабында көзделген тәртіппен ҚҚС-тың асып кету сомасының дұрыстығы.
25. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша басталған тексеруді тоқтатуға жол берілмейді.
2-параграф. Заңды тұлғаны біріктіру және (немесе) қосу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде камералдық бақылау жүргізу ерекшеліктері
26. МКО тоқтату туралы салықтық өтінішті алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес камералдық бақылау жүргізуге кіріседі.
Осы тармақтың ережесі қайта ұйымдастырудың әрбір қатысушысына қатысты Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін қолданылады.
27. Камералдық бақылау барысында осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде МКО Тарату жөніндегі қағидалардың 37-тармағында көзделген мәліметтерді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тарату жөніндегі Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен кешенді салықтық тексеруді тағайындау үшін материалдарды жібереді.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына 3 қосымша |
Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау қағидалары (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 74-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың (бұдан әрі-қызметін тоқтататын тұлға) салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін айқындайды.
2-тарау. Қызметін тоқтататын тұлғаның салықтық міндеттемені орындау тәртібі
1-параграф. Қызметін тоқтататын тұлғаның салықтық міндеттемені орындаудың жалпы ережелері
2. Таратудың салықтық есептілігін қызметін тоқтататын тұлға, осындай тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш (бұдан әрі - тексеруге салықтық өтініш) не осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті тоқтатуға арналған салықтық өтініш (бұдан әрі – тоқтатуға салықтық өтініш) берілген салықтық кезең басталғаннан бастап осындай өтініш берілген күнге дейінгі кезең үшін жасайды
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Қызметін тоқтататын тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді таратудың салықтық есептілігі мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей төлейді.
Егер таратудың салықтық есептілігі алдында табыс етілген салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі МКО-ға табыс етілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметін тоқтататын тұлғаның салықтық берешегі оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
5. Егер қызметін тоқтататын тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар Салық кодексінің 122-бабында айқындалған тәртіппен осы тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
Егер қызметін тоқтататын тұлғаның салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда, онда көрсетілген сомалар Салық кодексінің 123-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
6. Егер қызметін тоқтататын тұлға қосылған құн салығын төлеушінің тіркеу есебінен алынған күнге дейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бойынша есептелген салықтың қайтарылуға жататын сомасынан асып кеткен сомасы болған жағдайда, көрсетілген асып кету Салық кодексінің 125-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.
7. Қызметін тоқтататын тұлғаның салықтық берешегі болмаған кезде:
1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың қате төленген сомалары Салық кодексінің 123-бабында айқындалған тәртіппен осы тұлғаға қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары Салық кодексінің 122-бабында айқындалған тәртіппен осы тұлғаға қайтарылуға жатады;
3) айыппұлдардың төленген сомалары Салық кодексінің 122-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы тұлғаға қайтарылуға жатады;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы тұлғаға қайтарылуға жатады.
2-параграф. Салықтық тексеру жүргізе отырып, қызметін тоқтататын тұлғаның салықтық міндеттемені орындау тәртібі
8. Қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қызметін тоқтататын тұлға өзінің орналасқан жері бойынша МКО-ға бір мезгілде:
1) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі - тексеруге салықтық өтініш);
2) таратудың салықтық есептілігін;
3) Салық кодексінің 111-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Қызметін тоқтататын тұлға бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті бақылау-касса машинасы МКО-да есепке қойылған жағдайда ұсынады.
9. Салықтық тексеру МКО қызметін тоқтататын тұлғаны тексеруге салықтық өтініш алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады және Салық кодексінің 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.
10. Қызметті тоқтататын тұлға таратудың салықтық есептілігін табыс еткен күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін туындаған салықтық міндеттемелер бойынша салықтық есептілігін табыс еткен жағдайда, МКО Салық кодексінің 170-бабының 6-тармағында көзделген іс-әрекеттер жүзеге асырылады.
11. Қызметті тоқтататын тұлғаның салықтық міндеттемені салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша пайда болған берешегі болмаған немесе өтелген кезде Салық кодексінің 83-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде орындалды деп есептеледі.
12. МКО-да қызметін тоқтататын тұлғаны тіркеу есебінен шығару күні Осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес салықтық міндеттеменің орындалған күні болып табылады.
13. МКО осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында осындай салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы ақпаратты орналастырады.
14. Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығару үшін мынадай шарттарды бір мезгілде сақтау:
1) салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша, оның ішінде жүзеге асырылған салықтық әкімшілендіру қорытындылары бойынша берешектің болмауы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жататын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының, сондай-ақ кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларының болмауы негіз болып табылады.
15. Жүргізілген салықтық әкімшілендіру қорытындылары бойынша дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-параграф. Камералдық бақылау жүргізе отырып, қызметін тоқтататын тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау тәртібі
16. Камералдық бақылау жүргізе отырып, қызметті тоқтату қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын не егер мұндай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмаса, қызметін тоқтататын тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.
17. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бір мезгілде орналасқан жері бойынша МКО-ға:
1) тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған кезде, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны;
3) таратудың салықтық есептілігін;
4) Салық кодексінің 111-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Қызметін тоқтататын тұлға бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті бақылау-касса машинасы МКО-да есепке қойылған жағдайда ұсынады.
18. МКО тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға – қызметін тоқтататын тұлға жасаған мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасалатын мәмілелер туралы, сондай-ақ тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күнгі жағдай бойынша олардың мүлкі туралы мәліметтер беру туралы;
2) екінші деңгейдегі банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күні қызметін тоқтататын тұлғаның банк шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер қызметін тоқтататын тұлғаға қатысты Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде, тоқтату туралы салықтық өтінішті МКО алған күнге дейін салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін ұсынылады.
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген МКО-ның сұрау салулары бойынша мәліметтер оларды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
20. МКО осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды (бұдан әрі – камералдық бақылау қорытындысы) жасауға міндетті.
Камералдық бақылау қорытындысында камералдық бақылау нәтижелері және салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі көрсетіледі.
Камералдық бақылау қорытындысы кемінде екі данада жасалады және оған МКО лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы оған қол қойылғаннан кейін Салық кодексінің 51-бабына сәйкес қызметін тоқтататын тұлғаға 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.
21. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар болған жағдайда қызметті тоқтататын тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап 5 (бес) бес жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) табыс етіледі.
22. Қызметін тоқтататын тұлға хабарламаны орындауды Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық төлеуші ұсынған түсіндірмелермен МКО келіспеген жағдайда, қызметін тоқтататын тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мұндай хабарламаны орындау мерзімі өткен және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеушілік туралы түсініктеме алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады.
23. Салық төлеуші салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдерді төлеуді (аударуды) қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүргізеді.
24. Қызметін тоқтататын тұлға:
1) камералдық бақылау нәтижелер бойынша алшақтықтар және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – қорытынды жасалған;
2) мұндай алшақтықтар болған және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – хабарлама орындалған;
3) салықтық берешек болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар толық көлемде жойылған жағдайда – салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеген күннен бастап тіркеу есебінен алып тасталды деп танылады.
Осы тармақта айқындалған тәртіппен дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен алу туралы ақпарат, осындай салық төлеушілерді тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген мерзімде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
4-тарау. Салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижесі бойынша қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
25. Дара кәсіпкерлер салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижесі бойынша қызметті тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда жатады:
1) Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі кезеңінде таратылатын тұлғаның түзетулерін ескере отырып, жылдық жиынтық кірістердің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 000 (үш жүз мың) еселенген мөлшерінен аспайды;
2) МКО-ға тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде жасалған салықтар бойынша аудит қорытындысы бар;
3) Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде Салық кодексінің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған не тұрмайды.
Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижесі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу, аудару бойынша міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелерді салық төлеушіге салықтар бойынша аудиттің тиісті қорытындысы табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде таратылатын тұлға орындауға тиіс.
26. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бір мезгілде өзінің орналасқан жері бойынша МКО ға:
1) тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін;
3) салықтар бойынша аудит қорытындысын;
4) Салық кодексінің 111-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш бақылау-касса машинасы МКО-да есепке қойылған жағдайда ұсынылады.
27. МКО осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 137-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
28. МКО камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда таратылатын тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) ұсынылады.
29. Қызметін тоқтататын тұлға хабарламаны орындауды Салық кодексінің 137-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
30. Салық төлеуші салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүргізеді.
31. Хабарламаны орындамаған және (немесе) салық төлеуші ұсынған түсіндірмелермен МКО келіспеген жағдайларда, МКО қызметін тоқтататын тұлғаға қатысты Салық кодексінің 15-тарауында айқындалған тәртіппен Салық кодексінің 137-бабының 10-тармағына сәйкес салықтық тексеру жүргізеді.
Бұл ретте, салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау мерзімі өткеннен және (немесе) анықталған алшақтықтар бойынша келіспеу туралы түсініктеме алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады.
| Қағидаларға қосымша |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды
20___ жылғы "__"_______№ _______
Мен (біз), _________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(мемлекеттік орган қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), лауазымы)
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес және қызметті тоқтату туралы 20 жылғы "__" ____________ № __ (20__ жылғы "___" ___ кіріс № ____) салықтық өтініш негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасадым (жасадық)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(резидент-заңды тұлғаның атауы)
бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
____________________________________________________________________
20__ жылғы "__" __________ бастап 20__ жылғы "__" ___________ дейінгі кезең үшін.
1. Салық төлеуші туралы мәліметтер
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік _________________________________________
2. Салық салу режим _________________________________________
3. Қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру орындары:
№ | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы (ҚЭҚТЖ) | Атауы | Мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 |
4. Банктік деректемелер:
Банк атауы: _____________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды (БСК)__________________________
БСН___________________________________________________________
Облыс (қала, аудан) ___________________________________________
Банк шоттарының деректемелері:
Шоттың атауы _____________________________________________
Нөмірі ________________________________________________________
Ашылған күні _________________________________________________
Жабылған күні _________________________________________________
Шоттағы ақшалай қаражат қалдығы _______________________________
(соманы және валюта кодын көрсету)
5. Бақылау-касса машинасын тіркеу туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________ ________________
(тіркеу карточкасының нөмірі, маркасы, зауыттық нөмірі)
6. Қызметті тоқтата тұру туралы мәліметтер:
№ | Қызметті тоқтата тұрудың басталу күні | Қызметті тоқтата тұрудың аяқталу күні | Салықтық өтініш берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 |
7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы бұрын жіберілген хабарламалар және олардың орындалуы жөніндегі мәліметтер:
№ | Хабарлама № | Хабарлама күні | Жіберілген хабарлама бойынша алшақтықтың сипаттамасы | Орындалу нәтижесі (орындалды / орындалмады) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Камералдық бақылау нәтижелері
8. Камералдық бақылау барысында мынадай уәкілетті мемлекеттік органдардан, банктерден және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан мәліметтер алынды:
№ | Уәкілетті мемлекеттік органның, банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы | Сұрау салу жіберілген күн | Жауап алынған күн | Сұрау салуға берілген жауаптың сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
9. Салықтық есептілік нысандарының деректерін мемлекеттік кірістер органы деректерімен, бақылау-касса машинасының (БКМ) қолма-қол ақша есебі кітабымен, БКМ бойынша фискалдық есеппен, банктік шоттармен салыстыру:
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша шығыстар (шегерімдер) | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша шығыстар (шегерімдер) | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша салық салынатын кіріс | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша салық салынатын кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№ | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша залал | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша залал | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
10. Салық кодексінің 74 және 75-бабында белгіленген салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктерін сақтау***:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Салық кодексінің 75-бабының тармақшаларын және 137-баптың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын көрсете отырып, қолдану шарттарын сақтамау бұзушылықтарының сипатын егжей-тегжейлі сипаттау)
11. Салық кодексінің 723, 731-бабына сәйкес арнаулы салық режимдерін (АСР) қолдану шарттарының сақталуы, * ****:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Салықтық есептілік нысандарының деректерін басқа салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың деректерімен салыстыру*****:
№ | Салықтың немесе басқа міндетті төлемнің түрі | Салықтық кезең | Салық төлеушінің деректері бойынша | Жеке шот деректері бойынша | Мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
13. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
13-1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | ЖБМЗЖ есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | ЖБМЗЖ есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
13-2. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | МКЗЖ есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | МКЗЖ есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
14. Әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
15. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салықтық есептілік нысандарының деректерін салыстыру*****:
№ | Салықтық кезең | МӘМС аударымдарды (жарналар сомасын) есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша кіріс | Жеке шот деректері бойынша | МӘМС аударымдарды (жарналар сомасын) есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3. Қорытынды
16. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасалған сәтке салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік аударымдар, МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ, МӘМС бойынша аударымдар және (немесе) жарналар жөніндегі есеп айырысу жағдайы ******:
№ | Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әлеуметтік аударымдардың, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, МӘМС бойынша аударымдар және (немесе) жарналардың түрі | Жеке шот деректері бойынша | Есеп айырысу сальдосы (+, -) | ||
Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әлеуметтік аударымдардың, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, МӘМС бойынша аударымдар және (немесе) жарналардың сальдосы (+, -) | Өсімпұл сальдосы (+, -) | Айыппұл сальдосы (+, -) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
17. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда, камералдық бақылау бұзушылықтарсыз аяқталған болып есептеледі.
18. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы мынадай салықтық есептілік түрлері бойынша хабарлама ресімдейді
№ | Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі | Бюджеттік сыныптаманың коды (БСК) | Салықтық есептілік нысанының коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік органның лауазымды адамдары
____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Қорытындыны алдым _______________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, күні)
Қорытынды салық төлеушіге табыс
етілді__________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), қолы, күні)
Қорытынды салық төлеушіге жөнелтілді _____________________________________
(жөнелту және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескертпе:
** жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша толтырылады. Мемлекеттік кірістер органында деректер, БКМ бойынша деректер болмаған кезде, сондай-ақ банктік шоттар болмаған кезде деректер 3-бағаннан 4-бағанға көшіріледі.
*** Салық кодексінің 74 және 75-бабында белгіленген салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктерін сақтау шарттарын бұзушылық анықталған жағдайда толтырылады, бұзушылықтың түрі егжей-тегжейлі жазылады және таратылатын салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі.
**** Арнаулы салық режимін қолдану шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда толтырылады, бұзушылықтың түрі егжей-тегжейлі жазылады.
***** Уәкілетті мемлекеттік органдарда салық салу объектісі туралы деректер болмаған жағдайда деректер 5-бағаннан 6-бағанға көшіріледі. Әрбір салық түрі және басқа міндетті төлемдер бойынша бөлек толтырылады.
****** Уәкілетті мемлекеттік органдарда деректер болмаған жағдайда деректер 4-бағаннан 5-бағанға көшіріледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына 4 қосымша |
Қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі және оңайлатылған тәртіп қолданылатын салық төлеушілерді жекелеген санаттарға жатқызу шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және бір мезгілде мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмауы;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмауы;
3) Салық кодексінің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмауы;
4) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
5) таратудың есептілігі алдындағы салықтық кезең үшін салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы;
6) орындалмаған хабарламалардың, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалардың болмауы;
7) ашық банк шоттарының болмауы шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібін айқындайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшалары қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қолданылады.
2-тарау. Салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі
2. Осы Тәртіптің 2-тармағында айқындалған талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер Салық кодексінің 49-бабына сәйкес орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО):
1) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметін тоқтатуға салықтық өтінішті (бұдан әрі – тоқтатуға салықтық өтініш);
2) таратудың салықтық есептілігін;
3) Салық кодексінің 111-бабы 4-тармағында айқындалған тәртіппен, бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Дара кәсіпкер бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті бақылау-касса машинасы МКО есепке қойылған жағдайда ұсынады.
3. Дара кәсіпкер таратудың салықтық есептілігін төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салық, бюджетке төлемдер және әлеуметтік төлем түрлері бойынша тоқтатуға салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осы өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезеңге жасайды.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Тоқтатуға салықтық өтінішті қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы өңдеу нәтижесі Салық кодексінің 51-бабына сәйкес көрсетілген өтініш ұсынылған күні дара кәсіпкерге жіберіледі.
5. Оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтату кезінде таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу МКО-ға таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
6. Дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткеннен кейін, аталған есептілікте көрсетілген сомалар салық төлеушінің дербес шотында көрсетіліп, салықтар, бюджетке төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайда орындалды деп есептеледі.
7. Егер таратудың салықтық есептілігі кірістер мен салықтар, бюджетке төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттеменің болмауымен ұсынылған жағдайда, көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кейінгі күн болып есептеледі.
8. Оңайлатылған тәртіппен тоқтату туралы салықтық өтінішті өңдеу МКО-ның ақпараттық жүйелері (ақпараттандыру объектілері) арқылы осы Тәртіптің 1-тармағында келтірілген шарттарға сәйкес форматтық-логикалық бақылау негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады.
9. Осы Тәртіптің 6 және 7-тармағында көзделген салықтық міндеттеме орындалған күннен кейінгі бір күннен кешіктірілмей МКО дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарады және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпаратты орналастырады.
10. Жеке тұлға Салық кодексінің 51-бабына сәйкес дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы растауды алады.
3-тарау. Қорытынды ереже
12. Жеке тұлға оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін МКО Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде дара кәсіпкердің қызметін салықтық әкімшілендіруді жүзеге асырады.
МКО осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет бойынша алшақтықтарды (бұзушылықтарды) анықтаған кезде жеке тұлға:
1) осындай қызметті жүзеге асыру кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша салықтық міндеттемелерді есептейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік міндеттемені орындайды.


