ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 11-тармағына және Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес, цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттерімен цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес, цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес, цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес, цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 817 "Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасының құқықтық актілер тізімінде № 33233 реттік санымен тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 Бұйрыққа 1-ші қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.koldau.kz интернет – ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ЦАБМ1.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20____ жыл ____ тоқсан. ___
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.
Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттерімен цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтер 20___жылғы ____ тоқсан кезеңі үшін
№ | Цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Криптовалюта әмиян деректемелері |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Өткізілетін цифрлық активтің атауы | Өткізілетін цифрлық активтің саны | Сатып алу сәтіндегі бір бірлік цифрлық активтің құны (теңге) | Сатып алу сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны (теңге) | Өткізу сәтіндегі бір бірлік цифрлық активтің құны (теңге) | Өткізу сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны (теңге) | Оң айырма (теңге) |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Цифрлық активті өткізу мәмілесі жасалған күн | Цифрлық активті өткізу мәмілесі жасалған уақыт | Цифрлық активті өткізу күніне АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы | Сауда жұбы | Мәміле түрі |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
кестенің жалғасы
"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржасы мен өзге де қатысушыларының комиссиясы | |||||||
цифрлық активтерді сатып алатын тұлғалардан ұсталатын | цифрлық активтерді сататын тұлғалардан ұсталатын | ||||||
Цифр лық активтердің атауы | Цифр лық активтердің саны | Цифр лық актив тердің құны (теңге) | Ұсталған комиссия (теңге) | Цифр лық активтердің атауы | Цифр лық активтердің саны | Цифр лық актив тердің құны (теңге) | Ұстал ған комиссия (теңге) |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Ескерту: Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттерімен цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтер нысанын толтыруға арналған түсіндірме аталған нысанға қоса берілген қосымшада келтірілген.
Атауы __________________________________________________________________________
Адрес __________________________________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________________
Орындаушы __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттерімен цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтерді" толтыру бойынша түсініктеме
Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 2-бағанында цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты, әкесінің аты) көрсетіледі.
Нысанның 3-бағанында цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 4-бағанында криптовалюта әмиянның деректемелері көрсетіледі.
Нысанның 5-бағанында өткізілетін цифрлық активтің атауы көрсетіледі.
Нысанның 6-бағанында өткізілетін цифрлық активтің саны көрсетіледі.
Нысанның 7-бағанында сатып алу сәтіндегі бір бірлік цифрлық активтің құны теңгемен көрсетіледі.
Нысанның 8-бағанында сатып алу сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны теңгемен көрсетіледі.
Нысанның 9-бағанында өткізу сәтіндегі бір бірлік цифрлық активтің құны теңгемен көрсетіледі.
Нысанның 10-бағанында өткізу сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны теңгемен көрсетіледі.
Нысанның 11-бағанында оң айырма теңгемен көрсетіледі.
Нысанның 12-бағанында өткізу мәмілесінің күні көрсетіледі.
Нысанның 13-бағанында өткізу мәмілесінің уақыты көрсетіледі.
Нысанның 14-бағанында өткізу мәмілесі жасалған күнгі АҚШ долларының теңгеге қатысты уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес айқындалған бағамы көрсетіледі.
Нысанның 15-бағанында сауда жұбы көрсетіледі.
Нысанның 16-бағанында мәміле түрі көрсетіледі.
Нысанның 17-бағанында цифрлық активтерді сатып алатын тұлғалардан комиссия түрінде ұсталған цифрлық активтердің атауы көрсетіледі.
Нысанның 18-бағанында 17-баған толтырылған жағдайда, комиссия ретінде ұсталған цифрлық активтердің саны көрсетіледі.
Нысанның 19-бағанында 18-баған толтырылған жағдайда, цифрлық активтердің теңгемен құны көрсетіледі.
Нысанның 20-бағанында теңгемен ұсталған комиссия көрсетіледі.
Нысанның 21-бағанында цифрлық активтерді өткізетін тұлғалардан комиссия түрінде ұсталған цифрлық активтердің атауы көрсетіледі.
Нысанның 22-бағанында 21-баған толтырылған жағдайда, комиссия ретінде ұсталған цифрлық активтердің саны көрсетіледі.
Нысанның 23-бағанында 22-баған толтырылған жағдайда, цифрлық активтердің теңгемен құны көрсетіледі.
Нысанның 24-бағанында теңгемен ұсталған комиссия көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 Бұйрыққа 2-ші қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.koldau.kz интернет – ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ЦАБМ2.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20____ жыл ____ тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.
Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтер 20____жылғы _____ тоқсан кезеңі үшін
№ | Цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) – өткізетін тұлғалар дың тіркеу нөмірі | Цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыра тын құжатта көрсетіл се) | Сатып алушы немесе өткізуші тұлғаның туған күні | Цифрлық актив терді сатып алатын және (немесе) өткізе тін тұлғалар дың туған жері | Крипто валюта әмиян ның деректемелері | Заңды тұлғаның басшысы ның тіркеуші нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыра тын құжатта көрсетілсе) | Заңды тұлғаның басшысының туған күні | Заңды тұлға басшысының резиденттік мәртебесі | Заңды тұлға асшысының криптовалюта әмияны деректемелері |
8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Өткізілетін цифрлық активтің түрі көрсетіледі | Цифр лық активтің саны | Цифр лық активтің сатып алу сәтіндегі бір бірлігінің құны АҚШ долларымен | Сатып алу сәтіндегі цифрлық актив тің жалпы құны (АҚШ доллары мен) | Цифрлық активтің сату сәтіндегі бір бірлігінің құны АҚШ доллары мен | Сату сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны (АҚШ доллары мен) | Оң айырма (АҚШ доллары мен) |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
кестенің жалғасы
Операция жасалған күні | Операция жасалған уақыты | Операция жасалған күнгі АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы | Операция жасалған күнгі цифрлық активтердің орташа өлшенген құны | Сауда жұбы | Мәміле түрі |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
кестенің жалғасы
Цифрлық активтер биржасымен | |||||
Цифрлық активтерді сатып алушы тұлғалардан комиссия түрінде ұсталған | Цифрлық активтерді өткізушіден комиссия түрінде ұсталған | ||||
Цифрлық активтердің атауы | Цифрлық активтердің саны | Цифрлық активтер дің құны АҚШ долларымен | Цифрлық активтердің атауы | Цифрлық активтер дің саны | Цифр лық актив тердің құны АҚШ долларымен |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ескерту: Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтер нысанын толтыруға арналған түсіндірме аталған нысанға қоса берілген қосымшада келтірілген.
Атауы __________________________________________________________________________
Адрес __________________________________________________________________________
Телефон ________________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________________
Орындаушы ____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтерді" толтыру бойынша түсініктеме
Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 2-бағанында цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 3-бағанында цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Нысанның 4-бағанында сатып алушы немесе өткізуші тұлғаның туған күні көрсетіледі.
Нысанның 5-бағанында цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін тұлғаның туған жері көрсетіледі.
Нысанның 6-бағанында криптовалюта әмиянның деректемелері көрсетіледі.
Нысанның 7-бағанында заңды тұлғаның басшысының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 8-бағанында заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Нысанның 9-бағанында заңды тұлғаның басшысының туған күні көрсетіледі.
Нысанның 10-бағанында заңды тұлға басшысының резиденттік мәртебесі көрсетіледі.
Нысанның 11-бағанында заңды тұлға басшысының криптовалюта әмияны деректемелері көрсетіледі.
Нысанның 12-бағанында өткізілетін цифрлық активтің түрі көрсетіледі.
Нысанның 13-бағанында цифрлық активтің саны көрсетіледі.
Нысанның 14-бағанында цифрлық активтің сатып алу сәтіндегі бір бірлігінің құны (АҚШ долларымен) көрсетіледі.
Нысанның 15-бағанында сатып алу сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны (АҚШ долларымен) көрсетіледі.
Нысанның 16-бағанында цифрлық активтің сату сәтіндегі бір бірлігінің құны (АҚШ долларымен) көрсетіледі.
Нысанның 17-бағанында сату сәтіндегі цифрлық активтің жалпы құны (АҚШ долларымен) көрсетіледі.
Нысанның 18-бағанында оң айырма (АҚШ долларымен) көрсетіледі.
Нысанның 19-бағанында операция жасалған күні көрсетіледі.
Нысанның 20-бағанында операция жасалған уақыты көрсетіледі.
Нысанның 21-бағанында операция жасалған күнгі АҚШ долларының теңгеге қатысты уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес айқындалған бағамы көрсетіледі.
Нысанның 22-бағанында операция жасалған күнгі цифрлық активтердің орташа өлшенген құны көрсетіледі.
Нысанның 23-бағанында сауда жұбы көрсетіледі.
Нысанның 24-бағанында мәміле түрі көрсетіледі.
Нысанның 25-бағанында цифрлық активтерді сатып алушы тұлғалардан комиссия түрінде ұсталған цифрлық активтердің атауы көрсетіледі.
Нысанның 26-бағанында 25-бағаны толтырған жағдайда ұсталған цифрлық активтердің саны көрсетіледі.
Нысанның 27-бағанында 25-бағаны толтырған жағдайда цифрлық активтердің құны көрсетіледі.
Нысанның 28-бағанында цифрлық активтерді өткізуші тұлғалардан комиссия түрінде ұсталған цифрлық активтердің атауы көрсетіледі.
Нысанның 29-бағанында 28-бағаны толтырған жағдайда ұсталған цифрлық активтердің саны көрсетіледі.
Нысанның 30-бағанында 29-бағаны толтырған жағдайда цифрлық активтердің АҚШ долларымен құны көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 Бұйрыққа 3-ші қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.koldau.kz интернет – ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ЦАБМ3.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20____ жыл ____ тоқсан. ___
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.
Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтері 20______ жылғы ___ кезеңі үшін
№ | Цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыра тын құжатта көрсетілсе) | Цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі | Резиденттік мәртебесі | Критовалюта әмиянының деректемелері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін сыйақы ретінде төленген цифрлық активтердің түрі | Цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін алынған сыйақының саны | Цифрлық активтер биржасы арқылы цифрлық активтер мен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін төленген сыйақының құны теңгемен | Сыйақының алынған күні |
6 | 7 | 8 | 9 |
Ескерту: Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары мемлекеттік кірістер органына цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер нысанын толтыруға арналған түсіндірме аталған нысанға қоса берілген қосымшада келтірілген.
Атауы __________________________________________________________________________
Адрес __________________________________________________________________________
Телефон ________________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________________
Орындаушы ____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыру нәтижесінде резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді" толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
2-бағанда цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
3-бағанда цифрлық активтерді сатып алатын және (немесе) өткізетін адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4-бағанда резиденттік мәртебесі көрсетіледі.
5-бағанда криптовалюта әмиянының деректемелері көрсетіледі.
6-бағанда цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін сыйақы ретінде төленген цифрлық активтердің түрі көрсетіледі.
7-бағанда цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін алынған сыйақының саны көрсетіледі.
8-бағанда цифрлық активтер биржасы арқылы цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін төленген сыйақының құны теңгемен көрсетіледі.
9-бағанда сыйақының алынған күні көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 Бұйрыққа 4-ші қосымша |
Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы "Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары" (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – АХҚО құқығы бойынша тіркелген заңды тұлғалар және АХҚО-да аккредиттелген өзге де заңды тұлғалар.
2) уәкілетті орган – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3) цифрлық актив – криптография мен компьютерлік есептеулерді қоса қолдану арқылы электрон-цифрлық түрде жасалған, цифрлық коды бар, деректердің үлестірілген тіркеу технологиясы негізінде ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік.
4) цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтерді саудалау, шығару, айналымға жіберу және сақтауды ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ететін цифрлық платформа.
5) цифрлық активтердің орташа өлшенген құны – coinmarketcap (www.coinmarketcap.com) ашық көзі бойынша 24 сағат ішіндегі нарықтық капитализация мен айналым көлемі деректерінен есептелген орташа өлшенген құн.
2-Бөлім. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мәліметтерді ұсыну тәртібі
3. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ АХҚО-ның өзге де қатысушылары есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұсынады.
Цифрлық активтер биржаларында операциялар болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген Мәліметтер нөлдік мәнімен ұсынылады.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген Мәліметтер мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде Комитетіне ұсынылады. Техникалық ақаулар (қателер) болған кезде Мәліметтер Комитетке қағаз күйінде ұсынылады.
5. Комитет алынған мәліметтерді салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру барысында пайдаланады.