Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 641 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қазанда № 37258 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 528-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 641 бұйрығымен бекітілген

Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 528-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленеді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) төленуін бақылау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекеті осы көрмелерде көрсетілетін тауарларды өткізуді көздемейтін көрмелерді ұйымдастыруға мен өткізуге қолданылмайды.

      3. Көрме – жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (бұдан әрі – ұйымдастырушы) көрме-жәрмеңкелік саудасын өткізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаны және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімімен жібереді.

      Хабарламаға қоса беріледі:

      1) басшы мен бас бухгалтердің (ол болған жағдайда) қолдарымен, сондай-ақ ұйымдастырушының мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) куәландырылған, оның мақсаты мен тағайындалуы көрсетілген көрме – жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы ұйымдастырушының шешімінің көшірмесі;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік саудасын өткізу уақыты мен орнын келісуді растайтын құжат.

      Хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жаңа хабарламаны бір мезгілде ұсына отырып, бұрын ұсынылған хабарламаны кері қайтарып алу жолымен жүргізеді.

2-тарау. Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ҚҚС төленбеген тауарларды көрме-жәрмеңкелік саудасында сатып алған кезде ҚҚС төлеуді тауарлардың меншік иесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісімен (төлеушісімен) көрме-жәрмеңке саудасына қатысушымен (бұдан әрі – резидент емес салық төлеуші) тауарды сатып алу-сату шарты (келісімшарты) болған кезде жүзеге асырады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың осы тармақтың 1 (бірінші) бөлігінде көрсетілген тауарды сатып алу-сату шартының (келісімшартының) бір данасын резидент емес салық төлеушінің көрме-жәрмеңкелік саудасына қатысушысы ұйымдастырушыға береді.

      5. Резидент емес салық төлеушімен тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарт (келісімшарт) болмаған кезде мұндай тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді Салық кодексінің 528-бабының 4-тармағына сәйкес ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      6. Ұйымдастырушы көрме-жәрмеңке саудасы аяқталған кезде орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есепті (бұдан әрі – есеп) көрме-жәрмеңке саудасы аяқталған айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      7. Есепке қоса беріледі:

      1) резидент емес салық төлеушінің көрме-жәрмеңкелік саудасына қатысушысымен шарт, оның негізінде көрме-жәрмеңке саудасында тауарлар өткізілді;

      2) ҚҚС төлеу туралы төлем құжаты;

      3) резидент емес салық төлеушінің көрме-жәрмеңке саудасына қатысушының тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін растайтын құжат;

      4) резидент емес салық төлеушінің көрме-жәрмеңке саудасына қатысушының осындай сауда аяқталғаннан кейін тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуін растайтын құжат.

      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, ұйымдастырушы ұсынған есептің негізінде мемлекеттік кірістер органы бюджеттік сыныптама кодтары бойынша оның дербес шоттарына ҚҚС есептейді.

      Ұйымдастырушы есепті ұсынбаған жағдайда, хабарламаның негізінде мемлекеттік кірістер органы бюджеттік сыныптама кодтары бойынша оның дербес шоттарына ҚҚС есептейді.

  Көрме-жәрмеңкелік сауда
бойынша қосылған құн
салығының төленуін
бақылау қағидаларына
1-қосымша

      нысан

  Көрме-жәрмеңкелік сауда
бойынша қосылған құн
салығының төленуін
бақылау қағидаларына
2-қосымша

     


      нысан

     


  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 641 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығын төлеуді бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16440 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 282 бұйрығы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы"" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18475 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 515 бұйрығы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы "Көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы"" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22916 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 20 наурыздағы № 286 бұйрығы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы"" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32118 болып тіркелген).

Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 октября 2025 года № 641. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2025 года № 37258.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026

      В соответствии с пунктом 4 статьи 528 Налогового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле.

      2. Признать утратившим силу некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Утверждены приказом
Министр финансов
Республики Казахстан
от 28 октября 2025 года № 641

Правила контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 528 Налогового Кодекса Республики Казахстан (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок контроля за уплатой налога на добавленную стоимость (далее – НДС) по выставочно-ярмарочной торговле товаров, ввезенных на территорию Республики Казахстан с территории другого государства-члена Евразийского экономического союза.

      2. Действие настоящих Правил не распространяется на организацию и проведение выставок, которые не предусматривают реализацию товаров, демонстрируемых на данных выставках.

      3. Налогоплательщик Республики Казахстан, организующий выставочно-ярмарочную торговлю (далее – организатор), за 10 (десять) рабочих дней до начала проведения выставочно-ярмарочной торговли направляет в орган государственных доходов по месту нахождения уведомление о проведении выставочно-ярморочной торговли по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – уведомление), и список участников торговли из государств-членов Евразийского экономического союза.

      К уведомлению прилагаются:

      1) копия решения организатора о проведении выставочно-ярмарочной торговли с указанием ее цели и назначения, заверенную подписями руководителя и главного бухгалтера (при его наличии), а также печатью организатора (за исключением юридических лиц, относящихся к субъектам частного предпринимательства);

      2) документ, подтверждающий согласование времени и места проведения выставочно-ярмарочной торговли с местным исполнительным органом соответствующей административно-территориальной единицы.

      Внесение изменений и дополнений в уведомление производится организатором путем отзыва ранее представленного уведомления в орган государственных доходов по месту нахождения с одновременным представлением нового уведомления.

Глава 2. Порядок контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле

      4. При приобретении налогоплательщиком Республики Казахстан на выставочно-ярмарочной торговле товаров, по которым не уплачен НДС, уплата НДС осуществляется собственником товаров при наличии договора (контракта) купли-продажи товара с участником выставочно-ярмарочной торговли налогоплательщиком (плательщиком) государства-члена Евразийского экономического союза (далее – налогоплательщик-нерезидент).

      При этом 1 (один) экземпляр договора (контракта) купли-продажи товара, указанного в части первой настоящего пункта настоящих Правил, участником выставочно-ярмарочной торговли налогоплательщиком-нерезидентом передается организатору.

      5. При отсутствии договора (контракта) на куплю-продажу товаров с налогоплательщиком-нерезидентом, уплата НДС по таким товарам осуществляется организатором согласно пункту 4 статьи 528 Налогового кодекса.

      6. Организатором при завершении выставочно-ярмарочной торговли представляется в орган государственных доходов по месту нахождения отчет по уведомлению о проведении выставочно-ярмарочной торговли по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – отчет) не позднее 20 (двадцатого) числа месяца, следующего за месяцем, в котором завершена выставочно-ярмарочная торговля.

      7. К отчету прилагается:

      1) договор с участником выставочно-ярмарочной торговли налогоплательщиком-нерезидентом, на основании которого реализованы товары в выставочно-ярмарочной торговле;

      2) платежный документ об уплате НДС;

      3) документ, подтверждающий ввоз товара на территорию Республики Казахстан участником выставочно-ярмарочной торговли налогоплательщиком-нерезидентом;

      4) документ, подтверждающий вывоз товара с территории Республики Казахстан участником выставочно-ярмарочной торговли налогоплательщиком-нерезидентом после завершения такой торговли.

      8. В случае, указанном в пункте 6 настоящих Правил, на основании представленного организатором отчета органом государственных доходов производится начисление НДС на его лицевые счета по кодам бюджетной классификации.

      При непредставлении организатором отчета, на основании уведомления органом государственных доходов производится начисление НДС на его лицевые счета по кодам бюджетной классификации.

  Приложение 1 к Правилам
контроля за уплатой налога
на добавленную стоимость
по выставочно-ярмарочной
торговле
  Форма

     


  Приложение 2 к Правилам
контроля за уплатой налога
на добавленную стоимость
по выставочно-ярмарочной
торговле
  форма

     


  Приложение к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 28 октября 2025 года № 641

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 174 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16440).

      2. Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2019 года № 282 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 174 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18475).

      3. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2021 года № 515 "О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 174 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22916).

      4. Приказ исполняющего обязанности Заместителя Премьер-Министра – исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 20 марта 2023 года № 286 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 174 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32118).