ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағына, 82-бабының 1-тармағына және 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығымен бектілген |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама
20 ___ жылғы "_____" __________ № _________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы, коды, мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 82-бабының 1-тармағына және 137-бабының 3-тармағына сәйкес Сізге
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
_______________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
______________________________________________________салықтық
(салықтық есептіліктің атауы және салықтық кезеңі) есептілік бойынша
20____ жылғы "__" __________ анықталған алшақтықтар туралы хабарлайды.
Салық кодексінің 137-бабының 4-тармағына сәйкес Сіз осы хабарламаны оны табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындауыңыз қажет.
1) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын:
алшақтықтар анықталған салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
қосылған құн салығын қайтару туралы салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша бюджеттен бұрын қайтарылған қосылған құн салығының сомасын, сондай-ақ осындай сомаларды салық төлеушіге (салық агентіне) аудару күнінен бастап төлеу күніне дейінгі әрбір күн үшін өсімпұлды бюджетке төлеу;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін – арнаулы мобильді қосымшада деректерді көрсету және (немесе) салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
тиісті салық режиміне көшу мақсатында Салық кодексінің 716-бабында көзделген әрекеттерді жасау арқылы жоюы;
2) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіспеген жағдайда – Салық кодексінің 137-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) хабарламаны ұсынған салық органына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына алып келмейтін алшақтықтардың себептері туралы түсінік ұсынуы.
Хабарламада көрсетілген алшақтықтардың бір бөлігімен келіскен жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) алшақтықтарды анықталған бөлігінде жоюы және қалған бөлікте алшақтықтардың жоқтығы жөнінде түсінікті ұсынуы хабарламаның орындалуы деп танылады.
2. Белгіленген мерзімде осы хабарламаны орындамау салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға, электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтатуға және Қазақстан Республикасы аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-платформасына қол жеткізуді шектеуге әкеп соғады, бұл Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 86, 88 және 89-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 137-бабының 10-тармағына сәйкес түсіндірмеде көрсетілген себептердің дұрыстығын растау үшін немесе хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы камеральдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар бойынша салықтық тексеру жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 137-бабының 7-тармағына сәйкес Сіз тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты сатып алуды (алуды) растайтын жағдайларда, Салық кодексінің 137-бабының 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда осы хабарламаны сот тәртібімен даулауға құқығыңыз бар.
Шағымды іс жүргізуге қабылдау туралы сот актісінің көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны ұсынған салық органына ұсынады.
Бұл ретте тоқтата тұру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сот актісі шығарылған күннен бастап ол заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңге қолданылады.
Анықталған бұзушылықтар сипаттамасымен қосымша _________ парақта.
Мемлекеттік органның басшысы (басшысының орынбасары)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
(қолы) Мөр орны
Хабарламаны алды_____________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе))
(қолы, күні)
Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)