ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 45-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Салық жүктемесі коэффициентін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығы "Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен бекітілген | 
Салық жүктемесі коэффициентін есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Салық жүктемесі коэффициентін (әрі қарай - салық жүктемесі коэффициенті) есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (әрі қарай - Салық кодексі) 45-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында пайдаланылатын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Салық жүктеме коэффициенті заңды және жеке кәсіпкерлер салық жүйесі әсерінің сипаттамаларын көрсетеді.
2-тарау. Салық жүктеме коэффициентін есептеу тәртібі
3. Салық жүктеме коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
СЖК = С және МТ / ЖЖТ х 100%,
мұнда:
СЖК – салық жүктеме коэффиценті;
С және МТ – тауарлар импорты кезінде төленген кедендік төлемдер, қосылған құн салығын және акциздерді, егер күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салықтың жалпы сомасы теріс мәнді құраған жағдайда қосылған құн салығын және төлем көзінен салық салынатын кірісінен ұсталатын жеке және корпоративтік табыс салықтарын қоспағанда, есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық есептілігінде көрсетілген басқа мемлекеттерге төленген салықтардың есептелген сомасы;
ЖЖТ – Салық кодексінің 25 пен 26 тарауларында көзделген түзетулерді есепке алмағанда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының және (немесе) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның табысы немесе жеке кәсiпкердiң есепті салық кезеңінде алынған жиынтық табысының сомасы.
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілікті шетел валютасында ұсынған кезде, декларацияда көрсетілген ЖЖТ сомасы ұлттық валютаға 2025 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының №56 қаулысымен және 2025 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №544 бұйрығымен бекітілген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамының айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) сәйкес айқындалатын нарықтық айырбастау бағамын қолдана отырып, салықтық есептілікті ұсыну күніне белгіленген нарықтық бағам бойынша қайта есептеледі.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентіне сәйкес салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні мынадай формула бойынша анықталады:
ОС СЖК = СЖК1+СЖК2+СЖК3….СЖКn/ N, ол жерде
ОС СЖК – салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні;
СЖК1, СЖК2, СЖК3, СЖКn–50 (елу) пайыздан артқан салықтық жүктеме коэффициентерді қоспағанда, салық төлеушілердің (салық агенттердің) әр саласындағы салықтық жүктеме коэффициенті;
N – ЖЖТ жоқ салық төлеушілерді (салық агенттерді) санамағанда, есепте қатысатын әр бөлімнің салық төлеушілердің (салық агенттердің) саны.
5. Салықтық жүктеменің орташа салалық коэффициентінің мәні Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 68-од бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызметтегі жалпы жіктеуіштер түрлерінің негізінде анықталатын тиісті салалар бойынша (кодтың екінші белгісіне дейін) есептеледі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) саласы есепті жылы ең ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылған экономикалық қызмет түріне сәйкес айқындалады. Әртүрлі экономикалық қызмет түрлері бірдей мерзімде жүзеге асырылған жағдайда, есеп есепті жылдың 31 желтоқсанындағы экономикалық қызмет түрі бойынша жүргізіледі.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (әрі қарай – Комитет) салықтық жүктеме коэффициентінің орта салалық мәні заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір облыс және облыстық маңызы бар қала бойынша жеке анықталады, сондай-ақ арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер (салық агенті) үшін, егер бұл режимді қолдану мерзімі алты айдан асып кетсе, және жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын тұлғалар үшін салық төлеушінің (салық агенті) орналасқан жері бойынша жеке айқындалады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері есепті жылдың ішінде басым орналасқан жеріне қарай айқындалады. Егер әртүрлі өңірлерде болу мерзімі тең болса, есеп салық төлеушінің есепті жылдың 31 желтоқсанындағы орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
7. Салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жылына бір рет есептеледі.
Есеп Комитетте бар деректер негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына арналған жағдай бойынша жүзеге асырылады.
8. Салықтық жүктеме коэффициенті әртүрлі салық кезеңдерінде нақты салық төлеушінің есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің жиынтығына талдау жүргізуге мүмкіндіктер береді және салық төлеушінің (салық агентінің) қызметінің соңғы нәтижесіне салық салу жүйесі әсерінің деңгейін көрсетеді.