БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Директорлар кеңесінің мүшелері кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделін және кәсіби тәжірибесін ескеретін ашық және әділ конкурсқа сәйкес сайланады. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлау кезінде олардың Қоғамның директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі назарға алынады.
Қоғамның және ұйымның тәуелсіз директорларын іріктеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.";
218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"218. Акционерлер (жалғыз акционер) мемлекеттік органдардың Қоғамның операциялық қызметіне араласуын болдырмау, сондай-ақ қабылданған шешімдер үшін директорлар кеңестерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын директорлар кеңесінің мүшелерін сайлаудан қалыс қалғаны жөн.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланбайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелеріне кандидаттарға мемлекет қоятын ең аз талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының шешімі бойынша мемлекеттік қызметші болып табылмайтын адамдар директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттің өкілі ретінде ұсынылуы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің м.а. | А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі