ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23461 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары бекітілсін.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 104) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсырудың тәртібін белгілейді.";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оқу ұйымы/орталығы (бұдан әрі – оқу ұйымы) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды жүргізу құқығына "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының талаптарына сәйкес аттестатталған заңды тұлға;";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыруға жататын заңды және (немесе) жеке тұлғалардың басшылары, мамандары мен жұмыскерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау тәртібі оқытудың үздіксіз негізінде белгіленеді, онда оқыту сапасы тестілеу арқылы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып немесе жазбаша түрде емтихан тапсыратын адамдардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тексеріледі.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы басшылар, мамандар және жұмыскерлер:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2) басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.
8. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, Заңның 79-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қайта даярлануға жатады.";
25-тармақта ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: Емтихан тапсыру жөніндегі хаттама мен куәліктің нысандары, сондай-ақ, басшылар мен ТЖЕК мүшелерін қоспағанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, мамандары мен жұмыскерлері үшін де ресімделеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Үлгілік бағдарлама
| Бекітілді Даярлау, қайта даярлау жөніндегі ұйымның басшысы 20__ жылғы "__" ________ № _____ |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау оқу жоспары
Мақсаты: Қауіпсіздік ережелерін бұзу авариялық немесе жарақаттануға әкелгеніне немесе әкелмегеніне қарамастан, қауіпті өндірістік объектілердің басшыларына, мамандары мен қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапты екенін жеткізу Қауіпті өндірістік нысандардағы авариялардың, жарақаттанудың және жұмыс жүргізу технологиясының бұзылуының, төтенше жағдайлардың алдын алу.
Тыңдаушылар санаты: Қауіпті өндірістік объектілердің, аттестатталған; ғылыми-зерттеу; жобалау-конструкторлық және қауіпті өндірістік объектілерінде жұмыс істеуге тартылатын өзге де ұйымдардың басшылары, мамандары және жұмыскерлері, сондай-ақ оқу ұйымдарының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері.
Дайындау мерзімі: кемінде қырық/он сағат.
Оқыту түрі: күндізгі/қашықтықтан.
Сабақ режимі: _______ бастап _______ дейін.
№ р.с. | Модульдердің, тақырыптардың атауы1) |
1-Модуль. | Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы мәселелері |
1-тақырып | "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
2-модуль | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық реттеу |
1-тақырып | Техникалық реттеу туралы заңнама |
3-модуль | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды орындамауға жауапкершілік |
1-тақырып | Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексі |
4-модуль | Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету |
1-тақырып | Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілер және өзге ұйымдардың басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін даярлау және қайта даярлау тәртібі |
2-тақырып | Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар және жазатайым оқиғалар себебін тексеру тәртібі |
3-тақырып | Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару |
4-тақырып | Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау |
5-тақырып | Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауды өндірістік бақылау |
6-тақырып | Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасы |
7-тақырып | Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұйымның міндеттері |
5-модуль | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы арнайы Қағидалар және талаптар2) |
1-тақырып | Компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
2-тақырып | Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
3-тақырып | Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
4-тақырып | Газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
5-тақырып | Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
6-тақырып | Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
7-тақырып | Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
8-тақырып | Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
9-тақырып | Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
10-тақырып | Қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және қоқыр шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
11-тақырып | Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
12-тақырып | Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
13-тақырып | Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
14-тақырып | Өсімдік шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары |
15-тақырып | Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
16-тақырып | Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары және жанармай бекеттеріндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
17-тақырып | Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
18-тақырып | Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
19-тақырып | Фторсутекті қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
20-тақырып | Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
21-тақырып | Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары |
22-тақырып | Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары |
23-тақырып | Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығы |
1) Тақырыптар персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлануға, қайта даярлануға және емтихандар тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкеолер қызметінің бағыттары ескеріле отырып, бөлінуі, қайта топтастырылуы және толықтырылуы мүмкін.
2) Қағидалар мен талаптардың тізбесін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау кезінде білім беру ұйымы жаңартады және жеке құрамы өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауға, қайта даярлауға және емтихан тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қызмет бағыттарына байланысты оқу жоспарына енгізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламасы
1-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы мәселелері
1-тақырып. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қолданылатын негізгі терминдер және ұғымдар. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу. Авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау.
2-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық реттеу
1-тақырып. Техникалық реттеу туралы заңнама. Техникалық реттеу объектілері. Техникалық регламент түсінігі. Жалпы және арнайы техникалық регламенттер. Ұлттық стандарттар және стандарттау жөніндегі өзге құжаттар. Сәйкестікті бағалаудың формалары және әдістері. Техникалық регламенттерді әзірлеу, сәйкестендіру және қабылдау тәртібі
3-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды орындамауға жауапкершілік
1-тақырып. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәртібі
4-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету
1-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілер мен өзге ұйымдардың басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін даярлау және қайта даярлау және емтихан тапсыру тәртібі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсыру мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Өзге ұйымдардың басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін оқыту және білімін тексеру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлау, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды жүргізу құқығына ие аттестатталған ұйымдарда емтихан тапсыруды ұйымдастыру және жүргізу.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыру нәтижелерін ресімдеу.
2-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібі
Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібі.
Авариялар, жазатайым оқиғалар, оқыс оқиғалар және жарылғыш материалдардың жоғалуы туралы ақпаратты ұсыну, тіркеу және талдау тәртібі.
Авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін анықтау.
Авариялардың себептерін техникалық тексерудің құқықтық негіздері.
Авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар. Авариялар себептерін тексеру жүргізу тәртібі және авариялар себептерін тексеру актісін ресімдеу.
3-тақырып. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару
Қауіпті өндірістік объектілер. Қауіпті техникалық құрылғылар. Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды қадағалау функциясын жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қауіпті техникалық құрылғыны есепке алу және есептен шығару рәсімі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қауіпті техникалық құрылғыларын тасымалдау туралы хабарлама.
Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері.
Қауіпті өндірістік объектілерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сай сәйкестендіру. Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өндірістік объектінің қауіптілігін сәйкестендіру нәтижелері бойынша ақпарат беруі.
4-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауы
Қауіпсіздікті декларациялаудың нормативтік-құқықтық негізі.
Қауіп және тәуекелдерді талдау бойынша негізгі нормативтік және әдістемелік құжаттар.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялаудың принциптері және мақсаттары. Өнеркәсіптік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу тәртібі. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялаудың құрылымы.
Қауіп және тәуекелдерді бағалауды жүргізу.
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясын әзірлеу және сараптама жүргізу тәртібі.
Тіркеу рәсімінен өту үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясын ұсынуға қойылатын талаптар.
Қауіпті өндірістік объектілердің қаупінің жалпы деңгейі.
5-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылаудың құқықтық негіздері.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын жауапты жұмыскердің міндеттері және құқығы. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауды тексеру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Өндірістік бақылау қызметтерінің азаматтық қорғау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
6-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасы
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасын жүргізу тәртібі. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасының объектілері.
Сараптамалық ұйымдарды аттестаттау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға аттестатталған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар.
7-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұйымның міндеттері
Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер.
Қауіпті өндірістік объектілерді жобалауға және пайдалануға қабылдауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның міндеттері. Қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлерінің міндеттері.
Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның зардаптарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлік жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары.
5-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар және талаптар
1-тақырып. Компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
2-тақырып. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді, қайта құруды, жаңғыртуды және пайдалануды, жүктер мен адамдардың орын ауыстыруын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
3-тақырып. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
4-тақырып. Газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
5-тақырып. Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
6-тақырып. Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
7-тақырып. Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
8-тақырып. Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
9-тақырып. Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
10-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және қоқыр шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасының аумағындағы қалдық және қоқыр шаруашылықтарының қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
11-тақырып. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары кесектеу (агломерациялау, брикеттеу, түйіршіктеу), байыту, ұсақтау және жылжымалы ұнтақтау-сұрыптау және құрастырмалы-ағытпалы ұнтақтау-сұрыптау және байыту қондырғыларын пайдалану жөніндегі қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
12-тақырып. Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
13-тақырып. Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
14-тақырып. Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары тамақ өнеркәсібі саласындағы өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
15-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары жарылыс жұмыстарын және жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
16-тақырып. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және жанармай бекеттері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және жанармай бекеттері үшін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
17-тақырып. Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
18-тақырып. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды, олар иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жеке жылдық тиімді дозаны 10 микроЗиверттен артық; терідегі жеке жылдық баламалы дозаны 50 миллиЗиверттен артық және көз бұршағында 15 мЗв артық; ұжымдық тиімді жылдық дозаны 1 адам-Зиверттен артық құрауы мүмкін*
19-тақырып. Фторсутекті қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
20-тақырып. Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*
21-тақырып. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, ерекше табиғи және климаттық жағдайларда газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезіндегі газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, жылу электр станциялары және қазандықтардың газ тарату жүйесі мен газ тұтыну объектілерін пайдалану кезіндегі жарылыс қауіпсіздігіне қойлатын талаптарды айқындайды, олар газ-қауіпті жұмыстар мен аварияларды оқшаулау және жою кезінде бу өнімділігі 35 т/сағ және одан жоғары қазандық қондырғыларына және жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ және одан жоғары су жылыту қазандық қондырғыларына қолданылады*
22-тақырып. Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары әзірленген және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды пайдалану және жөндеуге қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік тәртібін айқындайды*
23-тақырып. Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық 0,001 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 0,01 килограмм күш) қалдық қысымнан (вакуумнан) 20 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 3200 килограмм күш) шартты қысымға дейін және минус 196 градус Цельсийден 700 градус Цельсийге дейінгі диапазонда жұмыс температурасынан газ тәрізді, бу тәрізді және сұйық ортаны тасымалдауға арналған технологиялық құбыржолдарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету тәртібін нақтылайды*
* тақырыптар даярлықтан, қайта даярлықтан өтетін басшылар, мамандар дәне жұмыскерлердің нақты санаттарының қызмет бағытын ескере отырып ашылады.
| Бұйрыққа 2-қосымша Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау,
қайта даярлау оқу жоспары
| Бекітілді Даярлау, қайта даярлау жөніндегі ұйымның басшысы 20__ жылғы "___" ________ № ______ |
Оқу жоспары
___________________________________________________
(бағдарламаның, бөлімнің атауы)
Мақсаты __________________________________________________________
Тыңдаушылар санаты ______________________________________________
* Дайындық мерзімі ________________________________________________
*Оқыту түрі ______________________________________________________
Сабақ режимі ______________________________________________________
№ р.с. | Бөлімдердің, пәндер мен тақырыптардың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | Бақылау түрі | ||
Теориялық сабақтар | Семинарлар, көшпелі сабақтар, іскерлік ойындар және т. б. | Практикалық сабақтар | ||||
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
... | ||||||
Барлығы: | ||||||
* Оқытудың мерзімі мен нысаны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларына сәйкес айқындалады
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламасы
_____________________________________________________________________
(даярлау, қайта даярлау жөніндегі ұйымның атауы)
Курстың немесе пәннің бағдарламасы _____________________________________
(атауы)
1. Кіріспе
2. 1-бөлім (оқу материалын баяндаудың мазмұны және жүйелілігі)
3. 1-тақырып
4. 2-тақырып
5. 3-тақырып
6. Курсты немесе пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
7. Әдебиеттер тізімі
| Бұйрыққа 4-қосымша Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
№ _____ХАТТАМА
________________________________________________________________
заңды немесе жеке тұлғаның атауы
20___ жылғы "___"______________
Комиссия құрамы:
Төраға: __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының заңдарында және нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімі тексерілді*:
________________________________________________________________
№ р./с. |
Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Білімі | Комиссия қорытындысы (тапсырды, тапсырған жоқ) |
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Комиссия төрағасы: ______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Комиссия мүшелері: _____________________________________________
(комиссияның әр мүшесінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
*Хаттамада оқытатын ұйымның ерекшелігі мен салалық тиістілігі және осы хаттамаға
енгізілген мамандықтардың барлық түрлері ескеріле отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік
мәселелерін көрсететін барлық заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің тізімі
келтірілген.
| Бұйрыққа 5-қосымша Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеру туралы куәлік
|
2. Тұрақты жұмыс істейтін емтихандық |
3. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ |
4. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ |
Қағаз жеткізгіштегі куәліктерге қойылатын талаптар:
1. Куәліктің мұқабасы көк түсті, қатты;
2. Куәлік көлемі - 204 х 65 мм;
3. Фото - 3 х 4;
4. Білімді қайта тексеру туралы қосымша беттер 4 бет.
Электрондық куәліктерге қойылатын талаптар:
Куәлік статикалық QR коды арқылы лезде қол жеткізуге арналған жүйесі бар цифрлық ID карта түрінде ресімделеді;
ID картаның алдыңғы бөлігінде картаның нөмірі, емтихан тапсырған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және фотосуреті көрсетіледі;
Электрондық куәлікте мынадай ақпараттар болады: ID картаның нөмірі, емтихан тапсырған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және фотосуреті, тұрақты жұмыс істейтін емтихандық комиссияның хаттамасы мен куәлігінің нөмірі, жұмыс орны, лауазымы, куәліктің қолдану мерзімі, оқудан өткен оқу ұйымының немесе орталықтың атауы, өткен курстың атауы, курстан өту кезеңі және комиссия төрағасының цифрлық қолы.
| Бұйрыққа 6-қосымша Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларына 6-қосымша |
|
| Нысан |
Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
20__ жылғы "__" ________ № ____ _________ қаласы
Апелляциялық комиссия ___________________________________________________
(оқу орталығының/ұйымның атауы)
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы емтихандарды (компьютерлік бағдарламаны қолдана
отырып немесе жазбаша нысанда тестілеу) тапсыру құрамы:
______________________________________________________________
(комиссия құрамы)
өтініш бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы емтихандарды тапсыру нәтижелері
бойынша материалдарды қарап: __________________________________
______________________________________________________________
______________(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық атауы)) 20___ жылғы
"__" ________ өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімдерін тексеру.
Апелляциялық комиссия ________________________ шешім қабылдады.
(таңдау: қанағаттандыру/қанағаттандырусыз қалдыру)
_____________ ____________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________ _____________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________ ___________________________________________
қолы . (м.о.) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

