ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында:
6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:";
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Заң) 22-бабының 7) және 10) тармақшаларына сәйкес шетелдікке Қазақстан Республикасына кіруіне бас тарту негіздерінің болуы;";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес шақыруға құжаттарды ресімдеу және визаны беру үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемлекеттік баж алынады.
Салық кодексінде көзделген жағдайларда шақыру құжаттарын және виза ресімдеу үшін консулдық алым және мемлекеттік баж алынбайды.";
26-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген, Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттерден (14 күнге дейінгі мерзімге визасыз режимі бар елдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасына келген және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат алу үшін жүгінген азаматтарға "В8" және "В9" санатындағы виза өтінішхатты қарау үшін қажетті кезеңге, бірақ күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асырмай беріледі. Виза соңғы берілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі айда бір рет беріледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Заңның 23-бабымен белгіленген жағдайларда виза алушыға Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған виза беруден бас тартылады.";
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
27. | В19 | жазасын өтеген немесе жазадан босатылған адамдар, сонымен қатар пробациондық бақылау мерзімі өткен, жазаны орындау мерзімі ұзартылған адамдар. | бір мәртелік | 15 күнтізбелік күнге дейін | виза қолданылуының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің (мерзімінен бұрын шартты босату) хабарламасы негізінде береді. |
";
көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж өндіріп алынады, ол Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 666-бабы 3) тармақшасына сәйкес әрбір шақырылушы үшін мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. |
";
көрсетілген қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 666-бабына сәйкес мемлекеттік баж өндіріп алынады, ол: |
";
көрсетілген қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Визалық сауалнамада:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Сізбен бірге жүрген балалардың аты-жөнін көрсетіңіз (балалар паспортыңызға енгізілген жағдайда ғана толтырылады) / Indicate the full name of the children who are traveling with you (this line is field in if children are included in your passport):
№ |
Тегі, аты / |
Туған жері мен күні/ |
Азаматтығы/ |
Мен жоғарыда көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс екенін растаймын. Жалған мәліметтер беріліп қойған визаны жоюға немесе оны беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін екендігі маған мәлім. Мен визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға міндеттімін.
Мен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 678-бабына сәйкес төленген консулдық алымдар сомасының қайтарылмайтыны; берілген виза Қазақстанға кіруге толық кепілдік бермейтіні туралы хабардармын.
I undertake that the above-mentioned personal data are full and correct. I am aware, that wrong data can cause refuse and ca celing of already issued visa. I am obliged to leave the territory of the Republic of Kazakhstan before visa expiration.
I am told, that in accordance with the article 678 of the Tax Code of the Republic of Kazakhstan the sum of money paid as consular fee is not subject for return; the issued visa does not fully guarantee entry into Kazakhstan.
Күні және жері / Date and place |
|
".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, жиырма екінші, жиырма бесінші, отыз бірінші және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі |
__________Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
__________Е. Кошербаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі