"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 1373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 қазанда № 37077 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру үшін азаматтардың (әскери қызметшілердің) денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды (бұдан әрі – талаптар) көздейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Бағандар бойынша талаптар) осы талаптарға 1-қосымшада айқындалған және мыналарға қойылады:

      1) І баған бойынша:

      әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін азаматтарға;

      мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі – ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;

      жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын (бұдан әрі – мектептер) әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) оқуға түсетін және онда оқитын азаматтарға;

      2) ІІ баған бойынша:

      техникалық және кәсіптік, жоғары білім бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін азаматтарға (әскери қызметшілерге);

      әскери кафедраға (әскери факультетке) оқуға түсетін және онда оқитын азаматтарға;

      запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға, сондай-ақ әскери атағы жоқ әйелдерге;

      запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға;

      қатардағы жауынгер және сержант құрамының әскери лауазымында резервтегі әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілерге;

      ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;

      мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне;

      әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғанға дейін ӘОО-да оқитын ұландарға, курсанттарға (кадеттерге);

      есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өтетін запастағы қатардағы жауынгерлер мен сержанттарға;

      3) ІІІ баған бойынша:

      әскери қызметке шақырылатын және келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіретін запастағы офицерлерге;

      офицер құрамының әскери лауазымында резервтегі әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілерге;

      келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

      әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге;

      әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);

      есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өтетін запастағы офицерлерге;

      4) ІV баған бойынша:

      Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі – ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі – ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМақБ) келісімшарт бойынша әскери қызмет немесе резервтегі әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілерге (келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға), әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге – талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабуылдау бөлімшелері мен барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабль мен кеме экипажына;

      танкілерді және басқа да машинаны суасты жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызметшілерге (әскери жиынға шақырылған азаматтарға) қойылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 722 "Об утверждении требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 октября 2025 года № 1373. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 октября 2025 года № 37077

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 722 "Об утверждении требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21863) следующие изменения:

      в заголовок приказа внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 приказа внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Требованиях, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      в заголовок и в пункт 1 внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Требования, предъявляемые к состоянию здоровья граждан (военнослужащих) к воинской службы по графам (далее – Требования по графам) определены в приложении 1 к настоящим Требованиям, и предъявляются:

      1) по графе I:

      гражданам при приписке к призывным участкам;

      гражданам при призыве на срочную воинскую службу;

      гражданам при отборе для подготовки по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан (далее – специализированные организации МО РК) на безвозмездной основе;

      гражданам, поступающим и обучающимся в военных учебных заведениях (далее – ВУЗ), реализующих общеобразовательные программы общего среднего образования (далее – школы);

      2) по графе II:

      гражданам (военнослужащим) при поступлении в ВУЗ, реализующие программы технического и профессионального, высшего образования;

      гражданам, поступающим и обучающимся на военных кафедрах (военных факультетах);

      гражданам при поступлении на воинскую службу по контракту из числа рядовых, сержантов запаса, а также лицам женского пола, не имеющим воинского звания;

      гражданам при поступлении на воинскую службу в резерве из числа рядовых, сержантов запаса;

      военнослужащим, проходящим воинскую службу в резерве на воинских должностях рядового и сержантского составов;

      гражданам при отборе для подготовки по военно-техническим и иным специальностям в специализированные организации МО РК на возмездной основе;

      военнослужащим срочной воинской службы;

      уланам, курсантам (кадетам), обучающимся в ВУЗе до заключения контракта о прохождении воинской службы;

      рядовым и сержантам запаса, при призыве на воинские сборы и прохождении воинских сборов, в учетных целях;

      3) по графе III:

      офицерам запаса при призыве на воинскую службу и поступлении на воинскую службу по контракту или воинскую службу в резерве;

      военнослужащим, проходящим воинскую службу в резерве на воинских должностях офицерского состава;

      военнослужащим, проходящим воинскую службу по контракту;

      офицерам, проходящим воинскую службу по призыву;

      военнослужащим, при поступлении в ВУЗ, реализующие программы послевузовского образования;

      курсантам (кадетам) ВУЗ после заключения контракта о прохождении воинской службы;

      офицерам запаса, при призыве на воинские сборы и прохождении воинских сборов, в учетных целях;

      4) по графе IV:

      военнослужащим, проходящим воинскую службу по контракту или воинскую службу в резерве (гражданам, поступающим на воинскую службу по контракту или воинскую службу в резерве), офицерам, проходящим воинскую службу по призыву в Десантно-штурмовых войсках (далее – ДШВ), Военно-морских силах (далее – ВМС), частях специального назначения (далее – ЧСН) – требования предъявляются для подразделений специального назначения, морской пехоты, десантно-штурмовых и разведывательных подразделений, боевым пловцам и водолазному составу, а также экипажу кораблей и судов;

      военнослужащим (гражданам, призванным на воинские сборы), привлекаемым к подводному вождению танков и других машин, а также к выходу в море.".

      2. Главному военно-медицинскому управлению Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Д. Косанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Служба государственной охраны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан