БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бірі бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11378 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бірі бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарда:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1106 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12541 болып тіркелген) үйлерді, құрылыстарды, ғимаратарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанына сәйкес жалпы пайдалану үшін қолжетімді жерде (ғимараттың кіреберісіндегі және/немесе ғимараттың залындағы ақпараттық тақтада 1.5 метрден төмен емес және 2 метрден жоғары емес деңгейде және/немесе ғимараттың қасбетінде негізгі кіреберістің жанында 1.5 метрден төмен емес және 2 метрден жоғары емес деңгейде) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының), үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум нысандарын басқару субъектісінің бастамасы бойынша ерікті негізде орналастырылады.".
2. "Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35442 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұрғын және Тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарда:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар объектісінің энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау үшін мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі, не басқарушы не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері жылу энергиясын тұтынудың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жылу энергиясын тұтыну мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы есепті мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі не басқарушы жиналыста айқындалған жалпыға қолжетімді жерде орналастырады және осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және бір айдағы заттай да, ақшалай түрде де жылу энергиясын тұтыну туралы деректерді, сондай-ақ нормадан ауытқудың ықтимал себептері туралы деректерді қамтиды.
8. Жылыту маусымында жылу энергиясын тұтыну нормасынан асып кеткен кезде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі не басқарушы не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері жылыту маусымы аяқталғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде жылу энергиясын тұтыну нормасынан асып кету себептерін анықтайды.
Жылу энергиясын тұтыну нормасынан асып кету себептерін өз бетінше анықтау мүмкін болмаған жағдайда, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі не басқарушы не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері жиналыста нысаналы энергия аудитін жүргізуге бастамашылық жасайды, ол Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) Энергия аудитін жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.".
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңда белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі