БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі"
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 99 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларында:
17-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қағидаларға 6-1-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау объектісі – "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – сәулет және құрылыс қызметі туралы Заң) сәйкес алғаш рет пайдалануға қабылданған жаңадан салу арқылы немесе қолданыстағы объектіні өзгерту арқылы алғаш рет ашылған объект;";
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай:
1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін жоспарлау;
2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау;
3) көлемдерді орналастыруға рұқсат беру талаптарына сәйкес денсаулық сақтау субъектілері арасында көрсетілетін қызметтер көлемдерін және (немесе) қаражат көлемдерін бөлу және орналастыру;
4) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасу;
5) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау кезеңдерінен тұрады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемі және (немесе) медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат көлемі сатып алу жоспары шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімін өткізбей:
1) көрсетілген қызметтерді берушілер арасында қаражат көлемін орналастыру кезінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-170/2020 бұйрық) сәйкес бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер өзгерген кезде;
2) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша пилоттық жобаларды іске асыру кезінде;
3) бөлінбеген көлемдер мен қаражат болған кезде МСАК қызметтерін, "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрық) сәйкес халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулер мен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу кезіндегі көрсетілетін қызметтерін және олардың қаражат көлемін орналастыру бекітілген халыққа есептегенде жүзеге асырылатын, консультациялық-диагностикалық көмек, оның ішінде денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде МСАК субъектісіне бекітілген болған жағдайда орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға көрсетілетін қызметтерін көрсету кезде денсаулық сақтау басқармасының бұйрығының халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу туралы негізінде бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасы шеңберінде жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау объектісі бар және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкес келетін МСАК субъектісі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуы;
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оның міндеттемелерінің деректер базасына енгізілген денсаулық сақтау субъектісіне құқықтық мирасқорлығы кезінде қызметтер берушіні қайта ұйымдастыру кезінде;
5) кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша халық санына есептеліп, орналастырылатын медициналық көмек көрсетілген кезде:
тіркелген халық саны өскенде және (немесе) МСАК жеткізушісіне тіркелген халықтың жыныстық жас құрылымының өзгеруі кезінде;
кешенді жан басына шаққандағы нормативке кіретін қызметтер және (немесе) қаражат көлемінің ұлғаюы кезінде;
көрсетілетін қызметтер көлемі және (немесе) нақты шығындар бойынша төленетін шығыстар көлемі ұлғайған кезде;
6) денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде аталған қызметтерді көрсететін қолданыстағы қызметтер берушілер арасында МСАК қызметтер берушісіне бекітілген орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың саны мен орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға көрсетілетін қызметтің қаражат көлемі өзгерген кезде;
7) кешенді тариф бойынша пациенттер санына есептеліп орналастырылатын медициналық көмек көрсетілген кезде:
пациенттер санының ұлғаюы кезінде;
көрсетілген қызметтердің көлемі және (немесе) нақты шығындар бойынша төленетін шығыстар ұлғайған кезде;
8) жан басына шаққандағы норматив бойынша халық санына есептеліп, орналастырылатын медициналық көмек көрсетілген кезде:
халық санының ұлғаюы кезінде;
көрсетілген қызметтердің көлемі және (немесе) нақты шығындар бойынша төленетін шығыстар ұлғайған кезінде;
9) "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заң) сәйкес ауылдық елді мекенге жататын қызмет берушілерге ақы төлеу кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;
10) Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелге емдеуге медициналық көмек көрсетуге және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартуға арналған "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22866 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
11) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 31 мамырдағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге сәйкес Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенінің аумағында уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтарына Ресей Федерациясының федералдық медициналық ұйымдарының қызмет көрсетуге;
12) күтпеген шығыстарға арналған қордың резерві есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтер көрсетуге;
13) төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде қызметтер көрсетуге;
14) орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери-медициналық (медициналық) мекемелерінің (ұйымдарының), өзге де бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-37 бұйрық) сәйкес амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге;
15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі өзгерген немесе толықтырылған кезде. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тізбелердің өзгеруіне байланысты қызметтердің босатылған көлемін орналастыру сол көрсетілетін қызметтер берушілерге босатылған қаражаттан аспайтын көлемде жүзеге асырылады;
16) бекітілген (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының) халқының санына шаққанда денсаулық сақтау басқармасы бекіткен МСАК субъектілерінің тізбесіне сәйкес ірілендіруге жататын МСАК субъектілеріне қаражат көлемдерін орналастыру кезінде;
17) № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрыққа сәйкес халықтың нысаналы топтарына скринингтік зерттеулер мен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу кезінде МСАК көрсету үшін денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша МСАК қызметтер берушісінің қызмет көрсету аумағын қайта бөлуге байланысты МСАК қызметтерін берушінің бекітілген халқы санының ұлғаюы кезінде және ол консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қызметтерін, оның ішінде денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде МСАК субъектісіне көрсетілетін қызметтердің бөленбеген көлемі мен қаражат көлемі болған кезде бекітіп берілген жағдайда орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға көрсетілетін қызметтерді;
18) көрсетілген қызметтерді жеткізушілер арасында орналастыру кезінде қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтер көлемін және (немесе) қаражат көлемін ұлғайту кезінде;
19) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкес болған жағдайда, әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кезде;
20) денсаулық сақтау субъектілері арасында қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру бойынша қызметтер көрсетуге;
21) білікті мамандарды және (немесе) пациентті санитариялық көлікпен тасымалдауға байланысты жедел медициналық жәрдем пен медициналық көмек көрсетуге;
22) АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге;
23) туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге;
24) психикалық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге;
25) жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) қызметтерін қоспағанда, сатып алу жоспарында көрсетілетін қызметтер көлемінің бос қалдығы болған жағдайда көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында медициналық көмектің тиісті түрі (кіші түрі) бойынша қаражат көлемінің қалдығы болған жағдайда, көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға;
26) қызметтер және (немесе) қаражат көлемінің нақты орындалуы ұлғайған жағдайда "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) сәйкес жасалған медициналық қызметтер мен қаржылық міндеттемелер көлемдерінің орындалуын салыстыру мәліметтерінің негізінде ЖТМК қызметтерін және Ақы төлеу қағидаларының 78-тармақтың 2), 3) и 4) тармақшаларында көрсетілген қызметтерін қоспағанда, Ақы төлеу қағидаларына сәйкес медициналық қызметтерді сатып алу шартының орындалуын бағалаудың сызықтық шкаласы қолданылмайтын медициналық көмек түрлері бойынша жағдайларда орналастырылады.
Осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 12), 13), 17), 18), 19), 25) және 26) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемі және (немесе) медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат көлемі ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге көрсетілетін қызметтер көлемін орналастыру (азайту) қорытындылары туралы хаттаманың негізінде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (әрі қарай – таңдау рәсімінсіз орналастыру қорытындылары туралы хаттама) денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімін жүргізбей, қызметтерді сатып алу шарттарын немесе қызметтерді сатып алу шартына қосымша келісім жасасу түрінде комиссия шешімін ресімдемей орналастырылады.
Осы тармақтың 2), 3), 11), 14), 15), 16), 20), 21), 22) 23), және 24) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда көрсетілетін қызметтер көлемі және (немесе) қаражат көлемдерін бөлуі комиссия шешімінің негізінде жасалады.";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Өңірлік комиссиямен бекіту науқаны қорытындылары бойынша МСАК субъектілерін таңдау процедурасын қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын 10 қарашаға дейін қорға жібереді және өз интернет-ресурсында қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай бұйрықтарды:
қызмет көрсету учаскелерін көрсете отырып, МСАК субъектілерінің халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу туралы;
МСАК субъектілеріне балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балаларды; медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдарды; қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды тіркеу туралы бұйрықтарды орналастырады.
Жыл ішінде денсаулық сақтау басқармалары МСАК субъектілерімен халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу мынадай жағдайларда жасалады:
бюджет қаражаты есебінен немесе МЖӘ шеңберінде іске асырылған жаңа МСАК объектісі пайдалануға енгізілгенде;
МСАК субъектісін қайта ұйымдастырғанда;
қормен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бұзылғанда.";
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3 және 25-4-тармақтармен толықтырылсын:
"25-1. Бюджет қаражаты есебінен немесе МЖӘ жобасы шеңберінде іске асырылған жаңадан құрылған МСАК объектісін (бұдан әрі – жаңадан енгізілген МСАК объектісі) пайдалануға берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей МСАК субъектісі денсаулық сақтау басқармасын сәулет және құрылыс қызметі туралы Заңға сәйкес бекітілген объектіні пайдалануға қабылдаудың актісін қоса бере отырып, оның пайдалануға берілгені туралы хабарлайды.
Хабарлама қағаз жеткізгіште не электрондық құжат түрінде жіберіледі.
25-2. Жаңадан енгізілген МСАК объектіге аумақты бөлу кезінде бекітілген халық саны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) 8-тармақтың екінші бөлігімен анықталған бекітілген халық санына сәйкес анықталады.
25-3. Жаңадан енгізілген МСАК объектісі бар МСАК субъектісіне халыққа қызмет көрсету аумағын бөлуден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:
осы МСАК субъектіде сәулет және құрылыс қызметі туралы Заңға сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бекітілмеуі;
аталған МСАК объектіде жаңа МСАК объектісі ретінде оны ресми пайдалануға беру алдында медициналық қызметті жүзеге асыру фактілерінің болуы;
жаңадан енгізілген МСАК объектісін пайдалануға беру туралы хабарламаны ағымдағы жылдың 1 қарашасынан келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде ұсыныу.
25-4. Жаңадан енгізілген объектіде МСАК көрсету үшін халыққа қызмет көрсету аумағын МСАК субъектісіне бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармасы шығарады және осы Қағидалардың 25-3-тармағында көрсетілген кезеңді қоспағанда, осы Қағидалардың 25-1-тармағына сәйкес жіберілген денсаулық сақтау субъектісінің тіркелген хабарламасы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қорға жіберіледі";
27 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) денсаулық сақтау ұйымының ЖТМК көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындының көшірмесі – "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес берілген, жоспарланатын медициналық көмекке өтінім берілген тиісті технологиялар бойынша көлемі (ЖТМК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі ұсынады);".
3. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің және (немесе) қаражаттың көлемдерін бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің және (немесе) қаражаттың көлемдерін бөлу әдістемесінде:
8)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының болуы;";
екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру жөніндегі комиссияның ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер көлемін және (немесе) қаражат бөлу бойынша негіздемені (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер көлемін және (немесе) қаражат бөлу бойынша негіздеме) веб-порталда тіркей отырып, № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына сәйкес веб-порталда есептелген көлемдерді есепке алмағанда, денсаулық сақтау субъектілері арасында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтердің және (немесе) қаражат көлемдері мынадай жағдайларда қол режимінде бөледі:
егер медициналық көмектің түрі бойынша көлемдер веб-порталда осы Әдістемеге сәйкес есептелмеген жағдайларда;
осы Әдістемеге сәйкес көрсетілетін қызметтер көлемін және (немесе) қаражатты автоматтандырылған түрде дұрыс бөлуге кедергі келтіретін денсаулық сақтау субъектілерінен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың тиісті актілерімен немесе ресми хабарламаларымен расталған техникалық іркілістер туындаған жағдайларда, сондай-ақ автоматтандырылған бөлу нәтижелерінде негізделген дәлсіздіктер анықталған кезде. Бұл ретте, қол режимінде бөлу осы Әдістемеде белгіленген есептеу алгоритмдері мен индикаторларына сәйкес қабылданған шешімдерді міндетті түрде негіздей отырып жүргізілуі тиіс;
осы Әдістеменің 4-тармағында көзделген жағдайларда;
медициналық көмек түрлері бойынша сатып алу жоспары қаражат тапшылығы болған жағдайларда;
қызметтердің көлемдерін және (немесе) қаражатты, бюджет қаражаты есебінен немесе МЖӘ шеңберінде салынған жаңадан енгізілген объектілерге, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте (аудан, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) мәлімделген медициналық көмек түрлері мен көрсетілу шарттары бойынша жалғыз жеткізуші болып табылатын денсаулық сақтау субъектілеріне бөлу жағдайларда;
осы Әдістемемен белгіленген есептеу алгоритмдеріне сәйкес бөлінбеген қызметтер және (немесе) қаражат көлемі болған жағдайларда.
Денсаулық сақтау субъектілерінің ранжирлеу топтарына байланысты, ұзақ мерзімді сатып алу шарттарын жасасуға сәйкес келетін денсаулық сақтау субъектілері арасында қызметтер және (немесе) қаражат көлемдері басым тәртіппен Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 34-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 69-бабы 6-тармағына сәйкес бөлінеді.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлігімен толықтырылсын:
"Қызметтердің көлемдерін және (немесе) қаражатты қол режимінде бөлу жөніндегі комиссияның негіздемесі комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қордың келісуіне жіберіледі.".
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісіне бару нәтижелері бойынша қорытынды
_________________ ______ жылғы "___" _________ (орналасқан жері)
Мынандай құрамда "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ (бұдан әрі – Қор):
________________________________________________________________
(Денсаулық сақтау субъектісіне барған Қор қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) және лауазымы)
денсаулық сақтау субъектісі берген мәліметтерді өзектендіруге немесе медициналық
көмек көрсету түрлері немесе шарттары бойынша дерекқорға енгізуге арналған
өтінімді (бұдан әрі – өзектендіруге арналған өтінім) қарау шеңберінде
___________________________________________________________________
(өзектендіруге арналған өтінімге сәйкес көрсетілетін қызметтердің түрлері/нысандары
немесе шарттары (лот) көрсетіледі)
___________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(өндірістік базаның (-лардың) мекенжайы көрсетіледі)
мекенжайы бойынша өндірістік базаға (-ларға) барды.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қор келу нәтижелері бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
р/с № | Денсаулық сақтау субъектісінің атауы | Осы шешімге дауыс берілді | Шешім | ||||||
БСН/ЖСН | Қарсы емес, дауыс | Қарсы, дауыс | Өзектендіруге арналған өтінімде көрсетілген деректерге сәйкес өндірістік базалардың, медицина қызметкерлері мен медициналық техниканың болуын, денсаулық сақтау саласындағы стандартына (стандарттарға) сәйкестігін растайды (растамайды) | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Жұмыс орны | Лауазымы | Қолы | Қол қойылған күні | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||||