БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32037 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемелерін пайдаланушыларға және әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге қолданылады.";
13-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) білікті персонал – осы қағидаларда белгіленген біліктілік деңгейлеріне сәйкес жерде әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу бойынша оқудан өткен және жердегі әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу бойынша жұмыстардың белгілі бір түрін орындауға рұқсат етілген персонал;";
37-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"37) Әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізуші – ол әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу қызметін немесе оның жеке кезеңдерін жүзеге асыратын әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, жерде қызмет көрсететін тәуелсіз жеткізуші, әуе кемесін пайдаланушы;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) жердегі әуе кемелерін пайдаланушылардың және жердегі әуе кемесін мұз қатуға қарсы қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілердің қызметін бақылауды;
2) әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеуді орындайтын әуе кемелерін пайдаланушылары мен мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілерді жердегі әуе кемесін мұз қатуға қарсы қорғау бағдарламаларын бақылау барысында Автомобиль Инженерлері Қауымдастығының (SAE AS6285 - Aircraft Ground Deicing/Anti-Icing Processes, SAE AS6286 - Aircraft Ground Deicing/Anti-Icing Training and Qualification Program, SAE AS6332 - Aircraft Ground Deicing/Anti-icing Quality Management) жердегі әуе кемесін мұз қатуға қарсы қорғаудың халықаралық стандарттарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Осы Қағидалардың 25-3-тармағында көрсетілген дайындықтан басқа, зертханашылар тиісті зертханалық жабдықта сұйықтықтардың физика-химиялық көрсеткіштерін өлшеуді жүргізуге оқытылады.";
28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бастапқы даярлау ұзақтығы:
DI-L10 және DI-L60 үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 7 сағат және тағылымдама 7 сағат, содан кейін білім мен дағдыларды бағалау;
DI-L20, DI-L30, DI-L40, DI-L50, DI-L70 үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 14 сағат және тағылымдама 21 сағат, содан кейін білім мен дағдыларды бағалау;
DI-L30B үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 4 сағат және тағылымдама 4 сағат, содан кейін білім мен дағдыларды бағалау;
DI-L80 үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 7 сағаттан кем емес;
DI-L80В үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 4 сағаттан кем емес;
Қайта даярлау үшін оқытудың ұзақтығы:
DI-L10, DI-L20, DI-L30 DI-L40, DI-L50, DI-L60, DI-L70, DI-L80 үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 7 сағат;
DI-L30B үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 4 сағаттан кем емес;
DI-L80В үшін - теориялық оқыту (емтиханды қоса алғанда) 2 сағаттан кем емес;
DI-L80, DI-L80B санатындағы мамандарды оқыту компьютерлік жүйелерді қолданып (CBT – computer based training), қашықтан немесе электрондық оқытуға жол беріледі, оның мазмұны осы Қағидалардың талаптарына сәйкес DI-L70 санатты мұздануға қарсы өңдеу жөніндегі оқу жетекшісімен әзірленеді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымымен келісіледі.
Бұл жағдайда оқыту курсының тыңдаушыларына түсініксіз тақырыптарды дер кезінде түсіндіру, олардың сұрақтарына жауап беру және оқу бағдарламасының сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында DI-L40 санатты білікті нұсқаушы тарапынан үйлестіріледі.
29. Әуе кемесінің пайдаланушысы және мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қызметтерді жеткізушілер ұшу құрамының және жердегі персоналдың кәсіби даярлығы мен біліктілігін растаудың қатаң есебін жүргізеді. Бұл деректерді әуе кемесінің пайдаланушысы және мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қызметтерді жеткізушілер қызметкердің жеке ісіне қосады. Оқу жазбалары мен нұсқаушы біліктілігі туралы куәлік қысқы қызметке дайындық мұқабасына тігіледі. Деректерді есепке алу және сақтау қағаз және/немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.
Жазбалар мен сертификаттар азаматтық авиация ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №263 бұйрығымен бекітілген, сақтау мерзімі көрсетілген құжаттардың үлгілік тізбесіне сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі барысында қалыптасатын құжаттарға сай сақталады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15997 болып тіркелген).
30. Жердегі әуе кемесін мұздан қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлау оқу орталықтарында, Уәкілетті ұйым мақұлдаған Қазақстан Республикасының шетелдік авиациялық оқу орталықтарында және/немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша, даярлауды жүргізу үшін қажетті жағдайлар болған кезде және DI-L40 санаты бойынша оқудан өткен даярлықты және білікті нұсқаушы болған жағдайда азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылады.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Егер мұз қатуға қарсы сұйықтықтың өндіруші белгілеген кепілдік мерзімі өтіп кетсе, онда қызмет ету мерзімін ұзарту тек өндіруші тарапынан көзделген жағдайда ғана рұқсат етіледі, сұйықтық үлгілері сұйықтықты өндірушінің зертханасына жіберіледі, ал өндіруші өз кезегінде үлгілерді талдау нәтижелері бойынша оның жарамдылығын растайды және пайдалану мерзімін өндіруші белгілейтін кезеңге, бірақ 12 айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы қорытынды береді.
Мұздануға қарсы сұйықтықты пайдалану мерзімін бір реттен артық ұзартуға жол берілмейді. Кепілдік мерзімі өткен сұйықтық өндірушінің растауынсыз пайдаланылмайды.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Мұз қатуға қарсы сұйықтықтарды пайдаланған кезде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қызмет жеткізуші сұйықтықтың қасиеттерінің нашарлау факторларын анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін осы Қағидаларда, сұйықтық өндірушісінің нұсқауларында, не әуе кеменің пайдаланушы бағдарламасында (нұсқаулығында) көрсетілген сапаны бақылау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Мұз қатуға қарсы сұйықтықтың сұрыпталған барлық үлгілері келесі параметрлер бойынша бағалау туралы куәлігі бар әуежайдың ЖЖМ зертханасымен немесе өлшеулердің осы түріне аккредиттеу аттестаты бар зертханасында тексеріледі:
1) көзбен шолу: түсі, бөгде заттармен ластануы (тот бөлшектері, қоқыс және механикалық қоспалармен);
2) сұйықтықтың концентрациясын тексеру үшін рефрактометрмен сыну көрсеткішін тексеру;
3) рН тексеру (сутегі көрсеткіші);
4) тұтқырлық сынағы - II, III немесе IV типті сұйықтықтар үшін тұтқырлықтың зертханалық сынағы.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қызмет жеткізушілер сұйықтықтың құжаттамасын қарау және/немесе сұйықтық үлгілерін зертханалық сынау уақытынды ауытқулар немесе сәйкессіздіктер анықталған кезде тиісті әрекеттер жасау үшін рәсімдерді әзірлейді.
Рәсімдерге зертханалық сынақтардың нәтижелері рұқсат етілген шектерде болғанымен, мұз қатуға қарсы сұйықтықтың өндірушісінің сапа паспортындағы көрсеткіштерден елеулі айырмашылықтар анықталған жағдайда қабылданатын іс-шаралар да кіреді.";
92, 93, 94 және 95 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"92. 91-тармақтың талаптарын сақтау тәсілдерінің бірі мұз қатуға қарсы сұйықтықтардың сапасын қабылдау кезінде, сондай-ақ мұз қатуға қарсы өңдеу маусымы басталар алдында және оның барысында мұз қатуға қарсы сұйықтықтар мен техниканы маусым басында алғаш рет қолданар алдында, тексеру болып табылады, олар қыс мезгілі басталғанға дейін және кемінде бір рет жүргізіледі. Сапаны тексеру жұмыстары бағалау туралы куәлігі бар әуежайдың ЖЖМ зертханасымен немесе өлшеулердің осы түріне аккредиттеу аттестаты бар зертханасында.
93. I, II, III және IV типті сұйықтықтарды мұз қатуға қарсы өңдеу маусымы алдында және маусым ішінде тексеру кезінде үлгілер алынады:
1) сұйықтық сақталатын барлық резервуарлардан (ыдыстардан), оның ішінде мұздан қорғау техникасының цистерналарынан үлгілер алынады;
2) қолданылатын әрбір мұз қатуға қарсы машинасының бүріккіштерінен;
3) олардағы сұйықтықтың ластануына күдік болған жағдайда барлық ыдыстардан.
Егер сұйықтық өндірушінің мөрленген контейнерлерінде (еуро-куб) бірдей жағдайда сақталса, онда сұйықтықтың қасиеттерін сақтағанына көз жеткізу үшін әр партия үшін бір контейнерден сынама алуға рұқсат етіледі;
94. Осы Қағидалардың 93 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, мұздануға қарсы өңдеу қызметін жеткізуші қолданатын барлық концентрациялар үшін I, II, III және IV типті сұйықтықтардың сынамалары мұздануды жою және алдын алу үшін мұздануға қарсы машиналардан алынады.
95. Араластыру жүйесі жоқ мұздануға қарсы машиналар үшін (пропорционалды араластыру жүйесі, автоматты араластыру жүйесі) осы Қағидалардың 93 тармағының 2 тармақшасында қарастырылған, сұйықтық біртекті болғаннан кейін бүріккіштің орнына, сұйықтық алдын ала араластырылған машинаның резервуарынан I типті сұйықтықтардың үлгісін алуға рұқсат етіледі.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Мұз қатуға қарсы өңдеу маусымы басталар алдында және маусым ішінде сұйықтықтың сапасын бақылаудан басқа, мұз қатуға қарсы машиналарды қолдану кезінде сұйықтықтардың немесе сұйықтықтардың сумен қоспасын концентрациясын күнделікті тексеру қамтамасыз етіледі. Үлгілерді атмосфералық жауын-шашынмен ластамай мұздануға қарсы машиналардың буріккіштерінен алынады.";
79-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
92, 93, 94 және 95 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"92. 91-тармақтың талаптарын сақтау тәсілдерінің бірі мұздануға қарсы сұйықтықтардың сапасын қоймалық тексеру болып табылады, олар қыс мезгілі басталғанға дейін және кемінде бір рет жүргізіледі.
93. I, II, III және IV типті сұйықтықтарды қоймалық тексеру кезінде таңдалады:
1) пайдаланылатын сұйықтық сақталатын резервуарлардан (ыдыстардан);
2) сұйықтықтармен толтырылған әрбір мұздануға қарсы машинаның резервуарлары мен бүріккіштерінен;
3) олардағы сұйықтықтың ластануына күдік болған жағдайда барлық ыдыстардан.
94. Мұздануға қарсы машиналардан I, II, III және IV типті сұйықтықтардың сынамалары мұздануды жою және алдын алу үшін қолданылатын ең көп таралған концентрациядағы барлық саптамалардан алынады.";
95. Араластыру жүйесі жоқ көліктер үшін (пропорционалды араластыру жүйесі, автоматты араластыру жүйесі) сұйықтық біртекті болғаннан кейін сұйықтық алдын ала араластырылған көліктің резервуарынан I типті сұйықтықтардың үлгісін алуға рұқсат етіледі.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Мұз қатуға қарсы өңдеу маусымы басталар алдында және маусым ішінде сұйықтықтың сапасын бақылаудан басқа, мұз қатуға қарсы машиналарды қолдану кезінде сұйықтықтардың сынамаларын немесе сұйықтықтардың сумен қоспасын күнделікті тексеру қамтамасыз етіледі. Үлгілерді атмосфералық жауын-шашынмен ластамай мұздануға қарсы машиналардың буріккіштерінен алынады.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Мұз қатуға қарсы сұйықтықтарды тексеру кезінде:
1) сұйықтықтардың сыртқы түрі сұйықтықтың түсіне және ластанудың болуына көзбен шолып тексеріледі, бұл ретте сұйықтық мұздануға қарсы сұйықтықтың қасиеттеріне әсер етпейтін материалдан жасалған таза бөтелкеге құйылады және тот, қоқыс, резеңке бөлшектерінің немесе сұйықтықтың түссіздену белгілерінің болуын көзбен анықтайды;
2) сыну көрсеткіші рефрактометрді пайдалана отырып айқындалады, оның слайдына сұйықтық үлгісінің тамшысы жағылады және егер рефрактометрдің температурасы 20℃ - ден өзгеше болса, сұйықтық өндіруші ұсынған коэффициентті қолдана отырып түзетілетін рефрактометр шкаласы бойынша көрсеткіштер айқындалады. Әрі қарай, сыну көрсеткішінің белгілі бір мәні сұйықтық концентрациясын анықтау үшін сұйықтық өндірушісі ұсынған кестелік мәндермен салыстырылады;
3) сұйықтықтың рН көрсеткіші рН метрін қолдану арқылы анықталады;
4) тұтқырлықты далалық талдау сұйықтық өндірушісі ұсынған әдісті қолдана отырып жүргізіледі, құлаған шар әдісі немесе тұтқырлықты өлшеуге арналған басқа портативті құрал; тұтқырлықты зертханалық талдау сұйықтық өндірушісі ұсынған әдісті немесе SAE AS9968 стандартын (динамикалық тұтқырлықты анықтауға арналған Брукфилд вискозиметрі немесе ұқсас өлшеу құрал-жабдықтары) қолдана отырып жүргізіледі.";
151-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"151-1. Сыртқы ауа температурасы -10°C-тан төмен болған кезде құрғақ қар немесе мұз кристалдары оның сыни беттерін қоса алғанда, суық құрғақ әуе кемесіне қатып қалмайды және әуе кемесінің беттерін Үрлеу кезінде жабысқан қар-мұз шөгінділері анықталмаған жағдайда, мұзға қарсы сұйықтықтарды қолдана отырып, әуе кемесін өңдеу талап етілмейді.
Егер қарлы мұз шөгінділері сыни беттерде жиналса, оларды әуе кемесі ұшып бара жатқанда оларды ұшырып жібереді деген болжаммен шектелмей, қолайлы тәсілмен алып тастау қажет.
Суық құрғақ ауа райы жағдайлары кезінде мұздануға қарсы өңдеу қажеттілігін бағалауда әуе кемелерін пайдаланушылары және мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтердің жеткізушілері мынадай аспектілерді ескереді:
1) құйылатын жанармай температурасы қанат қабығының температурасынан асатын жағдайлар бұрын қатып қалмаған жауын-шашын қанат бетіне қатып қалатын жағдайлар туғызады;
2) қыздырылған мұздануға қарсы сұйықтықтарды пайдалану осы сұйықтықтарды қолданғаннан кейін суық, құрғақ қардың немесе мұз кристалдарының сыни беттерге қату қаупін арттырады. Мұндай жағдайларда мұздануды болдырмау үшін мұздануға қарсы сұйықтықты қосымша қолдануды қарастырған жөн. Бұл ретте LOUT мұздануға қарсы сұйықтықты мұқият бақылау қамтамасыз етіледі;
3) жабдықтардың, жылудың бөлінуіне әкелетін механикаландыру құралдарының орналасуы, мысалы, жылжымалы қуат көздері, телескопиялық баспалдақтар, олар қар-мұз түзілімдері әуе кемесінің бетіне қатып қалуға жағдай жасай алады;
4) әуе кемесінің тұрақта орналасуы, мысалы, қанаттарының бірі күн сәулесінің астында, ал жақын орналасқан ғимарат желге кедергі келтіретін жағдайлар, әуе кемесінің бетіне қар-мұз түзілімдерінің қатып қалу қаупін тудырады;
5) қардың, мұз бөлшектерінің немесе ылғалдың сыни беттерге түсуіне немесе құрғақ қар мен мұз кристалдарының еріп, әуе кемесінің бетіне қатып қалуына әкелетін басқа әуе кемесіне жақын жерде әуе кемесіне қызмет көрсету.
Егер құрғақ қар немесе мұз кристалдары қатып қалмайтынын немесе сыни беттерде жиналмайтынын анықтау мүмкін болмаса, оларды әуе кемесі ұшуына дейін сыни беттерден тазалап тастау керек.";
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Тайжанов |