Қазақстан Республикасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37026 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізілетін банк және микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді дамыту және іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 64 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін банк және микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында:

      2, 8, 8-1 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктер:

      1) қызметтер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде;

      2) клиенттермен жасалатын қызметтер көрсету туралы шартта;

      3) банктер электрондық банк қызметтерін көрсеткен кезде интернет-ресурста жеке кабинетте, мобильді қосымшада сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеді.

      Клиенттермен жасалатын қызметтер көрсету туралы шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі компьютерлік техника құрылғыларының көмегімен басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде басылады.

      Егер жалпы талаптар қызметтер көрсету туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.

      Банктер өзінің интернет-ресурсында қызметке байланысты барлық төлемдерді ескере және оның қорытынды мәнін көрсете отырып, клиенттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуіне арналған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін автоматтандырылған есептеу құралын (калькулятор) орналастырады.

      8. Заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшерлері мен мерзімдері, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдасына клиенттердің мынадай төлемдері кіреді:

      1) клиенттің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына кепіл берушінің пайдалануындағы және клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл затын сақтандыру шарттарын қоса алғанда, оларды жасасу банктік қарыз беру (өзгерту) талаптарына әсер ететін не банктік қарыз талаптарынан туындайтын банктік қарыз беру кезінде ерікті сақтандыру шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын банктік қарыз сомасы есебінен төленетін төлемдері;

      2) клиенттің кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;

      3) клиенттің екінші деңгейдегі банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі – банк) клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банк клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына төлемдері;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына байланысты емес, қарыз алуға, қарызға қызмет көрсетуге байланысты банктік шот шарттары және (немесе) банктік қызмет көрсету шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары шеңберінде банктің және (немесе) өзге де ұйымдардың пайдасына клиенттің комиссиялары мен төлемдері енгізіледі.

      Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің кредиттеудің бүкіл мерзіміне мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай кредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өндіріп алу фактісі банктік қарыз шартын жасасу күні белгісіз төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.

      8-1. Жеке тұлғаға берілетін қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшері мен мерзімдері енгізіледі.

      Егер қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде кредиттеудің бүкіл мерзіміне Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың пайдасына төлемдердің мөлшерін айқындау мүмкіндігі болмаса, сыйақының жылдық тиімді ставкасының есебіне осы тұлғалар белгілеген және олармен шарттар жасасу күніне айқындалған тарифтерді негізге ала отырып, кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер енгізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген, Тізбенің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 7-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген, банктік қарыз шартын жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда немесе олар банктік қарызға қызмет көрсету кезеңінде енгізілген кезде ескеріледі.";

      9. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне:

      1) Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, клиенттің үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдері;

      2) клиенттің айыпақыны және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін қоса алғанда, оның банктік қарыз шартының талаптарын сақтамауына байланысты, оның ішінде клиентке белгіленген овердрафт лимитінен асып кеткені үшін төлемдер енгізілмейді.".

      2. "Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:

      2, 3 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Микроқаржы ұйымдары:

      1) микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде;

      2) клиентпен жасалатын микрокредит беру туралы шартта;

      3) микрокредиттерді электрондық тәсілмен ұсынған кезде интернет-ресурста жеке кабинетте, мобильді қосымшада сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеді.

      Клиентпен жасалатын микрокредит беру туралы шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі компьютерлік техника құрылғыларының көмегімен басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде басылады.

      Егер жалпы талаптар микрокредит беру туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.

      Микроқаржы ұйымдары өзінің интернет-ресурсында (бар болса) микрокредитке байланысты барлық төлемдерді ескере және оның қорытынды мәнін көрсете отырып, қарыз алушылардың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуіне арналған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін автоматтандырылған есептеу құралын (калькулятор) орналастырады.";

      3. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебі:

      1) микрокредит беру туралы шарт, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдер жасалған күнге;

      2) қарыз алушының ауызша немесе жазбаша талап етуі бойынша;

      3) қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      4) қарыз алушы микрокредитке қызмет көрсету кезеңінде осы Қағидалардың 8-1-тармағында көрсетілген және микрокредит беру туралы шарт жасалған күнге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне енгізілмеген төлемдерді жүзеге асырған жағдайда, қарыз алушыға микрокредит беру туралы шартта көзделген тәртіппен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мәнінің өзгергені туралы хабарланады.

      8. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының оның микрокредит беру туралы шарттың негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша талаптарын сақтамауына байланысты туындаған төлемдерін (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, қарыз алушының негізгі борыш пен сыйақы бойынша барлық төлемі, оның ішінде Қағидалардың 8-1-тармағында көрсетілген қарыз алушының үшінші тұлғалардың пайдасына төлейтін өзге де төлемдері кіреді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне микрокредит беру туралы шарт жасау күніне белгілі үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушылардың өзге де төлемдер:

      1) қарыз алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына кепіл берушінің пайдалануындағы және қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл затын сақтандыру шарттарын қоса алғанда, оларды жасасу микрокредит беру (өзгерту) талаптарына әсер ететін не микрокредит талаптарынан туындайтын микрокредит беру кезінде ерікті сақтандыру шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын микрокредит сомасы есебінен төленетін төлемдері;

      2) қарыз алушының кепілдік (кепілгерлік) алғаны үшін кепіл болушыға (кепілгерге), бағалаушыға кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін төлемдер енгізіледі.

      Егер микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақта көрсетілген төлемдердің мөлшерін микрокредиттеудің бүкіл мерзіміне белгілеу мүмкіндігі болмаса, онда микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне олармен шарттар жасалған күні айқындалған осы тұлғалардың тарифтерін негізге ала отырып, микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер енгізіледі.

      Микрокредит беру туралы шарт жасалған күні алыну фактісі белгісіз осы тармақта көрсетілген төлемдер қайта есептелген жағдайда нақты төлемнен кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебінде ескеріледі.".

      3. "Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге мынадай комиссиялар мен өзге де төлемдер жатады:

      1) қарыз алуға арналған өтініш пен құжаттарды қарағаны үшін;

      2) қарызды ұйымдастырғаны үшін;

      3) берілген қарыз шарттарын өзгерткені үшін комиссия:

      өтеу кестесі;

      қарыз валюталары;

      сыйақы мөлшерлемелері;

      қарызды өтеу әдістері;

      4) комиссия мәселелерін қарау:

      қарыз алушының (қоса қарыз алушының), кепілгердің (кепіл болушының) бастамасы бойынша қарыз алушыға (қоса қарыз алушыға), кепілгерге (кепіл болушыға) байланысты шарттарды өзгертуге;

      қарыз бойынша кепіл затына ауыртпалық салу шарттарын өзгерту кезінде, сондай-ақ кепіл затын ауыстыру кезінде;

      кепіл берушіні ауыстыру;

      клиенттің өтініші бойынша клиенттің кредиттік досьесінде қамтылған кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды беру;

      клиенттің өтініші бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге (тіркеуден шығаруға), кепілді қамтамасыз етудің аумағында жүргізілген қайта жоспарлауды, құрылыстарды, жапсарлас құрылыстарды заңдастыруға келісетіні туралы анықтама беру;

      кепіл беруші ауысқан кезде пайдалануға берілген мүлікке меншік құқығын және (немесе) кепіл құқығын ресімдеу бойынша қызметтер көрсету;

      жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелерін үлестерге бөлу бойынша қызметтер көрсету;

      клиенттің өтініші бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылатын көлік құралының тіркеу нөмірін ауыстыруға, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге, көлік құралы бойынша жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы анықтама беру;

      5) клиенттің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына кепіл берушінің пайдалануындағы және клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл затын сақтандыру шарттарын қоса алғанда, оларды жасасу банктік қарыз беру (өзгерту) талаптарына әсер ететін не банктік қарыз талаптарынан туындайтын банктік қарыз беру кезінде ерікті сақтандыру шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын банктік қарыз сомасы есебінен төленетін төлемдері;

      6) кепілдікті (кепілгерлікті) алғаны үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға клиенттің төлемдері;

      7) екінші деңгейдегі банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі - банк) клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банк клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;

      7-1) клиенттің сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша банктің және (немесе) өзге де ұйымдардың пайдасына қарыз алуға, қарызға қызмет көрсетуге байланысты, осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларына байланысты емес банктік шот шарттары және (немесе) банктік қызмет көрсету шарттары шеңберіндегі комиссиялар және төлемдері жатады.

      8) клиенттің өтініші бойынша қарыз бойынша несие берешегі туралы анықтама бергені үшін төленеді.".

О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам банковской и микрофинансовой деятельности

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 29 сентября 2025 года № 64. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 октября 2025 года № 37026

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам банковской и микрофинансовой деятельности, в которые вносятся изменения и дополнение, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Департаменту развития финансовых услуг и поведенческого надзора в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по
регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Приложение к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 29 сентября 2025 года № 64

Перечень
нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам банковской и микрофинансовой деятельности, в которые вносятся изменения и дополнение

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137 "Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7663) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 7 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:"

      в Правилах исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 2, 8, 8-1 и 9 изложить в следующей редакции:

      "2. Банки указывают годовую эффективную ставку вознаграждения в цифровом выражении, в одинаковой по размеру и стилю оформления шрифтов (курсив, полужирный, выделение цветом) форме с другими ставками вознаграждения:

      1) при распространении информации о величинах вознаграждения по услугам, в том числе ее публикации;

      2) в договоре о предоставлении услуг, заключаемом с клиентами;

      3) в личном кабинете на интернет-ресурсе, в мобильном приложении при оказании банками электронных банковских услуг.

      В договоре о предоставлении услуг, заключаемом с клиентами, годовая эффективная ставка вознаграждения печатается при помощи устройств компьютерной техники в одном предложении с другими ставками вознаграждения.

      Если общие условия отражаются в договоре о предоставлении услуг в виде таблицы, годовая эффективная ставка вознаграждения указывается в отдельной строке (столбце), следующей после указания других ставок.

      Банки размещают на своем интернет-ресурсе средство автоматизированного расчета (калькулятор) годовой эффективной ставки вознаграждения, предназначенное для расчета клиентами годовой эффективной ставки вознаграждения с учетом всех платежей, связанных с услугой, и отображения ее итогового значения.

      8. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу, выдаваемому юридическому лицу, включаются комиссии и иные платежи, связанные с выдачей и обслуживанием займа, предусмотренные договором банковского займа, размеры и сроки выплаты, которых известны на дату заключения договора банковского займа, а также следующие платежи клиентов в пользу третьих лиц:

      1) платежи клиента в пользу страховой (перестраховочной) организации, в том числе за счҰт суммы банковского займа, осуществляемые в рамках договоров добровольного страхования при предоставлении банковского займа, заключение которых оказывает влияние на условия предоставления (изменения) банковского займа либо вытекает из условий банковского займа, включая договоры страхования предмета залога, находящегося в пользовании залогодателя и обеспечивающего обязательства клиента;

      2) платежи клиента гаранту (поручителю) за получение гарантии (поручительства), оценщику за оценку передаваемого в залог имущества;

      3) платежи клиента в пользу организаций (посредников), оказывающих услуги банку второго уровня, филиалу банка-нерезидента Республики Казахстан, организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций (далее - банк) по привлечению клиентов, осуществлению проверки документов, предоставляемых клиентами, на соответствие условиям выдачи займа, передаче документов клиентов банку, приему платежей и переводов от клиентов банка в счет погашения займов;

      4) комиссии и платежи клиента в пользу банка и (или) иных организаций в рамках договоров банковского счета и (или) договоров банковского обслуживания, договоров страхования (перестрахования), связанные с получением займа, обслуживанием займа, не связанные с подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения по займу, отсутствует возможность определения размеров платежей, указанных в подпунктах 1), 2), 3) и 4) части первой настоящего пункта, на весь срок кредитования, то в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу включаются платежи за весь срок кредитования, исходя из тарифов данных лиц, определенных на день заключения с ними договоров.

      Комиссии и иные платежи, предусмотренные договором банковского займа, а также платежи, указанные в подпунктах 1), 2), 3) и 4) части первой настоящего пункта, факт взимания которых неизвестен на дату заключения договора банковского займа, учитываются в случае перерасчета годовой эффективной ставки вознаграждения после фактического платежа.

      8-1. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу, выдаваемому физическому лицу, включаются комиссии и иные платежи, связанные с выдачей и обслуживанием займа, предусмотренные договором банковского займа, размеры и сроки выплаты, которых известны на дату заключения договора банковского займа.

      Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения по займу отсутствует возможность определения размеров платежей в пользу лиц, указанных в подпунктах 5), 6), 7) и 7-1) пункта 2 Перечня, на весь срок кредитования, в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения включаются платежи за весь срок кредитования, исходя из тарифов, установленных данными лицами и определенных на дату заключения с ними договоров.

      Комиссии и иные платежи, предусмотренные договором банковского займа, указанные в подпунктах 3), 4), 5), 6), 7), 7-1) и 8) пункта 2 Перечня, факт взимания которых неизвестен на дату заключения договора банковского займа, учитываются в случае перерасчета годовой эффективной ставки вознаграждения после фактического платежа или при их введении в период обслуживания банковского займа.

      9. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу не включаются:

      1) платежи клиента в пользу третьих лиц, за исключением платежей, указанных в подпунктах 1), 2), 3) и 4) пункта 8 Правил и в подпунктах 5), 6), 7) и 7-1) пункта 2 Перечня;

      2) платежи клиента, связанные с несоблюдением им условий договора банковского займа, включая неустойку и иные виды штрафных санкций, в том числе за превышение лимита овердрафта, установленного клиенту.".

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 208 "Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19677) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:"

      в Правилах расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 2, 3 и 8 изложить в следующей редакции:

      "2. Микрофинансовые организации указывают годовую эффективную ставку вознаграждения в цифровом выражении, в одинаковой по размеру и стилю оформления шрифтов (курсив, полужирный, выделение цветом) форме с другими ставками вознаграждения:

      1) при распространении информации о величинах вознаграждения по микрокредитам, в том числе ее публикации;

      2) в договоре о предоставлении микрокредита, заключаемом с клиентами;

      3) в личном кабинете на интернет-ресурсе, в мобильном приложении при предоставлении микрокредитов электронным способом.

      В договоре о предоставлении микрокредита, заключаемом с клиентами, годовая эффективная ставка вознаграждения печатается при помощи устройств компьютерной техники в одном предложении с другими ставками вознаграждения.

      Если общие условия отражаются в договоре о предоставлении микрокредита в виде таблицы, годовая эффективная ставка вознаграждения указывается в отдельной строке (столбце), следующей после указания других ставок.

      Микрофинансовые организации размещают на своем интернет-ресурсе (при их наличии) средство автоматизированного расчета (калькулятор) годовой эффективной ставки вознаграждения, предназначенное для расчета заемщиками годовой эффективной ставки вознаграждения с учетом всех платежей, связанных с микрокредитом, и отображения ее итогового значения.

      3. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения производится:

      1) на дату заключения договора о предоставлении микрокредита, дополнительных соглашений к договору о предоставлении микрокредита;

      2) по устному или письменному требованию заемщика;

      3) в случае внесения изменений и дополнений в договор о предоставлении микрокредита, которые влекут изменение суммы (размера) денежных обязательств заемщика и (или) срока их уплаты.

      4) в случае осуществления заемщиком в период обслуживания микрокредита платежей, указанных в пункте 8-1 настоящих Правил, и не включенных в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения на дату заключения договора о предоставлении микрокредита, заемщик уведомляется об изменении значения годовой эффективной ставки вознаграждения в порядке, предусмотренном договором о предоставлении микрокредита.

      8. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по микрокредиту включаются все платежи заемщика по основному долгу и вознаграждению, в том числе иные платежи заемщика в пользу третьих лиц, указанные в пункте 8-1 Правил, за исключением платежей (пени, штрафа) заемщика, возникших в связи с несоблюдением им условий договора о предоставлении микрокредита по уплате основного долга и (или) вознаграждения."

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по микрокредиту включаются иные платежи заемщиков в пользу третьих лиц, которые известны на дату заключения договора о предоставлении микрокредита:

      1) платежи заемщика в пользу страховой (перестраховочной) организации, в том числе за счҰт суммы микрокредита, осуществляемые в рамках договоров добровольного страхования при предоставлении микрокредита, заключение которых оказывает влияние на условия предоставления (изменения) микрокредита либо вытекает из условий микрокредита, включая договоры страхования предмета залога, находящегося в пользовании залогодателя и обеспечивающего обязательства заемщика;

      2) платежи заемщика гаранту (поручителю) за получение гарантии (поручительства), оценщику за оценку передаваемого в залог имущества.

      Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения по микрокредиту, отсутствует возможность определения размеров платежей, указанных в настоящего пункте, на весь срок микрокредитования, то в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по микрокредиту включаются платежи за весь срок микрокредитования, исходя из тарифов данных лиц, определенных на день заключения с ними договоров.

      Платежи, указанные в настоящем пункте, факт взимания которых неизвестен на дату заключения договора о предоставлении микрокредита, в случае перерасчета учитываются в расчете годовой эффективной ставки вознаграждения после фактического платежа.".

      3. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2019 года № 218 "Об утверждении Перечня комиссий и иных платежей, связанных с выдачей и обслуживанием банковского займа, выданного физическому лицу" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19702) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Перечне комиссий и иных платежей, связанных с выдачей и обслуживанием банковского займа, выданного физическому лицу, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. К комиссиям и иным платежам, связанным с выдачей и обслуживанием займа, выданного (выдаваемого) физическому лицу, относятся следующие комиссии и иные платежи:

      1) за рассмотрение заявления и документов на получение займа;

      2) за организацию займа;

      3) комиссии за изменение условий предоставленного займа:

      графика погашения;

      валюты займа;

      ставки вознаграждения;

      методов погашения займа;

      4) комиссии за рассмотрение вопросов по:

      изменению условий, связанных с заемщиком (созаемщиком), гарантом (поручителем) по инициативе заемщика (созаемщика), гаранта (поручителя);

      изменению условий обременения предмета залога по займу, а также при замене предмета залога;

      замене залогодателя;

      выдаче по заявлению клиента правоустанавливающих документов на предмет залога, содержащихся в кредитном досье клиента;

      выдаче по заявлению клиента справки о согласии на регистрацию (снятие с регистрации) по месту жительства физического лица, на узаконение перепланировок, построек, пристроек, произведенных на территории залогового обеспечения;

      оказанию услуг по оформлению права собственности и (или) права залога на имущество, введенное в эксплуатацию при смене залогодателя;

      оказанию услуг по изменению целевого назначения недвижимого имущества, разделению земельных участков на доли;

      выдаче по заявлению клиента справки о разрешении на замену регистрационного номера транспортного средства, являющегося залоговым обеспечением, на переоформление свидетельства о регистрации транспортного средства, на восстановление утерянных документов по транспортному средству;

      5) платежи клиента в пользу страховой (перестраховочной) организации, в том числе за счҰт суммы банковского займа, осуществляемые в рамках договоров добровольного страхования при предоставлении банковского займа, заключение которых оказывает влияние на условия предоставления (изменения) банковского займа либо вытекает из условий банковского займа, включая договоры страхования предмета залога, находящегося в пользовании залогодателя и обеспечивающего обязательства клиента;

      6) платежи клиента гаранту (поручителю) за получение гарантии (поручительства), оценщику за оценку передаваемого в залог имущества;

      7) платежи клиента в пользу организаций (посредников), оказывающих услуги банку второго уровня, филиалу банка-нерезидента Республики Казахстан, организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций (далее - банк) по привлечению клиентов, осуществлению проверки документов, предоставляемых клиентами, на соответствие условиям выдачи займа, передаче документов клиентов банку, приему платежей и переводов от клиентов банка в счет погашения займов;

      7-1) комиссии и платежи клиента в пользу банка и (или) иных организаций в рамках договоров банковского счета и (или) договоров банковского обслуживания, договоров страхования (перестрахования), связанные с получением займа, обслуживанием займа, не связанные с подпунктами 5), 6) и 7) настоящего пункта;

      8) за выдачу по заявлению клиента справки о ссудной задолженности по займу.".