БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен қосымшалар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 1 қазандағы № 369-н/қ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі 15 (он бес) жылға тең, оны есептеу осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күнінен басталады.
Осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізген кезінде осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізген кезінде Субъект бірінші аттестаттаудан өткен айдан кейінгі келесі айдың бірінші күні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Бұл ретте осы Шарттың 4-тармағында көзделген шарттық баға, қажет болған кезде құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайын индекстелуге немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаны шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне жыл сайын индекстелуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі және сатып алу мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатпайды.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақытылы пайдалануға берілмеген жағдайда, ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталу мерзімі мен күні қайта қаралмайды.
Субъектінің генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы салу жобасын іске асыру процесінде көрсетілген жобаны ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің осы Шартты кейіннен түзете отырып, ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен ұлғайту жағына да, азайту жағына да (көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен) 15 (он бес) %-ға ауытқуына жол беріледі.
Субъектінің ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің шарттық бағасы (жеке тариф), шарттық көлемі және сатып алу мерзімі осы Шартқа 1-қосымшада бекітілген нысанға сәйкес жылдар бойынша көрсетіледі.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Субъект құрылыс кезеңінде генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті индекстеу туралы уәкілетті органның қорытындысы негізінде осы Шартқа қосымша келісім жасасу үшін жүгінген жағдайда, осы Шартқа қосымша келісім генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жасасуға;";
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) құрылыс кезеңінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті индекстеу туралы уәкілетті органның қорытындысы негізінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті индекстеуді ескере отырып, осы Шартқа қосымша келісім жасасуға құқылы.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Субъект уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісімге жасалған қосымша келісім негізінде осы Шартқа қосымша келісім жасасу үшін жүгінген жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көретілетін қызметті сатып алу туралы осы Шартқа қосымша келісімді тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жасасуға құқылы.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге қосымша келісімде көзделген өзгерістерді ескере отырып, осы Шартқа қосымша келісім жасасуға құқылы.".
2. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:
12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"12) қосалқы жабдық – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты инвестициялық келісім жасалатын, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының тізбесі мен қосалқы жабдықтарына қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде белгіленетін немесе іске асырылатын жабдық және (немесе) іс-шара;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйым арасында жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайынғы индекстелуге тиіс тариф.";
мынадай мазмұндағы 24, 25, 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын:
"24. Уәкілетті органмен Келісім жасасқан энергия өндіруші ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, шетел валютасында тартылған шетел валютасымен қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жыл сайын 5 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға жібереді.
Өтінім уәкілетті органға осы есеп айырысу бойынша қаржы көрсеткіштерінің құжаттарын растайтын құжаттарды, тиісті есеп айырысуларды, энергия өндіруші ұйымның шетел валютасымен тартылған қарыздық қаржыландыруды қайтару бойынша шеккен шығындарын және Келісім шеңберінде Бірыңғай сатып алушыдан алынған кірістерді растайтын өтінім берілген жылдың алдыңғы жылындағы қаржылық есептілікті қоса бере отырып, қағаз және электрондық жеткізгіште жіберіледі.
25. Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларын жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту кезінде жеке тарифті жыл сайынғы индекстеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Келісімге қол қойылған күнінен бастап бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу басталғанға дейінгі шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне ұлттық валютаның шетел валютасына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, пайдалануға берілгенге дейінгі құрылыстың соңғы жылы мына формула бойынша:
Tенгізу – индекстелген жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);
Tбекіту – Келісімде айқындалған жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);
ШВенгізу – Келісім объектілері пайдалануға берілген және енгізілетін қуатты аттестаттаудан өткен жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен тартылған шетел валютасы бірлігінің құны;
ШВбекіту – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен тартылған шетел валютасы бірлігінің Келісімге қол қойылған күнгі құны;
2) Келісімде белгіленген бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің соңғы жылын қоспағанда, пайдалануға берілген жылдан кейін әрбір жылдан кейінгі жылына бір рет шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне, мынадай формула бойынша:
Tt+1 – индекстелген жеке тариф, мың теңге /(МВт*ай);
Tt – бұрын жүргізілген индекстеуді ескере отырып жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);
ШВtрас – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, келесі индекстеу жылының алдындағы жылдың 1 қазанындағы тартылған шетел валютасының бірлігіне теңгенің нақты бағамы;
ШВt – алдыңғы индекстеу сәтінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын тартылған шетел валютасының бірлігіне теңгенің нақты бағамы;
12 ай – 12 ай;
∆t – бұрын индекстелген жеке тариф бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтен алынған кірістер мен Келісімді іске асыруды қаржыландыру бойынша төлемдерге нақты жұмсалған шығыстар арасындағы нақты айырма, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
WшығысВЗ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен шетел валютасында баламалы көрсетілген, Келісімді іске асыруды қаржыландыру төлемдеріне нақты жұмсалған шығыстардың сомасы, алдыңғы индекстеу сәтінен бастап ағымдағы индекстеуге беру сәтіне дейін.
Сома тиісті қаржылық құжаттамамен расталады (өтеу графигі, төлем шоттары, төлем тапсырмалары);
Pатт – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке Келісімде және Шартта көрсетілген енгізілген объектінің МВт-дағы аттестатталған қуаты.
Келісім бойынша бірыңғай сатып алушыдан түсетін кірістердің сомасы тиісті қаржылық құжаттамамен (салыстыру актілері, шот-фактуралар) расталады.
26. Уәкілетті орган өтінім негізді болған кезде жеке тарифтің және Келісім бойынша қайтару сомасының өзгерістерін ескере отырып, 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде энергия өндіруші ұйыммен қосымша келісім жасасады.
27. Осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес, уәкілетті органмен қосымша келісім жасасқан энергия өндіруші ұйым оны бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілеін қызметке арналған шартқа қосымша келісім жасасу үшін уәкілетті органмен қосымша келісімге сәйкес жеке тарифті, ай сайынғы және жыл сайынғы қайтару сомаларын тиісті өзгертуге қосымша келісім жасалған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай сатып алушыға жібереді.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде қосымша келісім жасасады.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Энергия өндіруші ұйымдар мыналарға:
1) Заңға және осы Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы алуға;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 тіркелген) бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілеін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша ткөрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып тартылған шетел валютасындағы қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуге арналған өтінімді уәкілетті органға жіберуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті орган мыналарға:
1) осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды энергия өндіруші ұйымнан сұратуға және алуға;
2) Осы Келісіммен белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы Келісімнің 1-қосымшасында көрсетілген жаңғыртудың, кеңейтудың, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық (инвестициялық) бағдарлама (бағдарламалар) іс-шараларының іске асырылу мерзімдері бұзылғанда осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторға хабардар ете отырып өзгертуге;
3) энергия өндіруші ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, осы Келісімге Қағидаларға сәйкес қосымша келісім жасасу жолымен шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.".
3. "Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф – құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстелуге немесе уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайынғы индекстелуге тиіс аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландырудың көлеміне айқындалған тариф;".
93-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"93. Аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартының жобасын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткеннен кейін келесі айдың бірінші күнінен басталатын 15 (он бес) жылға тең мерзімге аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша айқындалған генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша көрсетілген шартқа қол қояды.
Осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткенге дейін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткен кезде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткеннен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.
Осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткеннен кейін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өту кезінде аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы бірінші аттестаттаудан өткен айдан кейінгі айдың бірінші күні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі және ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетуге жатпайды.";
мына мазмұндағы 93-1 және 93-2-тармақтармен толықтырылсын:
"93-1. Қажет болған кезде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайын индекстелуге немесе ұлттық валютадағы шетел валюталарсына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне мынадай формулалар бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне:
Tt+1 – генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке индекстелген жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай);
Tt – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф;
IL – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі;
i – тиісінше 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
n – бірыңғай сатып алушымен генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап ағымдағы индекстеу жылына қоса алғанда дейінгі жылдар саны;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландырудың көлеміне:
Tt+1 – генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке индекстелген жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай);
Tt – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф;
У.Е.t+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанындағы шетел валютасына теңгенің ағымдағы бағамы;
У.Е.ti – бірыңғай сатып алушымен генерацияндың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап индекстеу жүргізілетін әрбір жылдың 1 қазанының алдындағы он екі ай кезең үшін есептелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын шетел валютасына теңгенің орташа бағамы;
i – тиісінше 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
n – бірыңғай сатып алушымен генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап ағымдағы индекстеу жылына қоса алғанда дейінгі жылдар саны.
93-2. Қажет болған кезде аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалған инфляция деңгейіне жеке тарифті индекстеуге арналған өтінімді немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаны шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуге арналған өтінімді уәкілетті органға жібереді.
Өтінім уәкілетті органға индекстеу бойынша есеп айырысуды растайтын құжаттарын, осы есеп айырысу бойынша қажетті қаржылық көрсеткіштерді қамтитын қаржы-экономикалық модельді қоса бере отырып, генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілген жылдың алдындағы жылдың 5 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіште жіберіледі.
Уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей құрылыс кезеңінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті индекстеу (индекстеуден бас тарту туралы) туралы қорытынды дайындайды және оны аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазына жібереді.
Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қосымша келісім жасасу үшін құрылыс кезеңінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті индекстеу туралы уәкілетті органның қорытындысын 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жібереді.
Бірыңғай сатып алушы уәкілетті органның құрылыс кезеңінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті индекстеу туралы қорытындысының негізінде генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру жылының алдындағы жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде қол қоюды қамтамасыз етеді.".