ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Бірыңғай байланыс орталығына және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді.";
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жұмыс беруші жеке тұлғамен бірлесіп, Мемлекеттік корпорацияға өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтінішті не "электрондық үкіметтің" веб-порталы (egov.kz) немесе migration.enbek.kz арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) тізбесіне сәйкес құжаттарды береді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті берушілер өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызмет беруші "ШЖК ААЖ" арқылы құжаттар келіп түскен күні:
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарда көзделген құжаттардың;
2) Мемлекеттік корпорациядан алынған паспорт деректері мен мәліметтері бар өтініш мазмұнының;
3) шетелдік азаматтығының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға;
4) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға;
5) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 412-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына немесе 696-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша төлем сомасының сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Өтінішті қарау оң нәтиже берген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру немесе ұзарту осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші қай жүйе арқылы жіберілгеніне байланысты "ШЖК" ААЖ-дан "ХҚКО" ААЖ-ға немесе көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберу арқылы не migration.enbek.kz порталында жүзеге асырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (жұмыс беруші-жеке тұлға (бұдан әрі – жұмыс беруші) жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту кезінде: |
".
2. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
5) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген көшіп келушілер;
8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс берушілер еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;
9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
10) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
11) migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі – көшіп-қонушыларды есепке алуды және олардың қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күнді есептемегенде бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулер туралы шешім қабылдаған кезде жергілікті атқарушы органның орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жұмыс берушіге не ол уәкілеттік берген тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.".
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі. |
".
6, 8, 9 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;
4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетелшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бесінші және жиырма сегізінші абзацтарын және 2-тармақтың жиырма бірінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): КЖҚ-1
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең:_______ жылы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту үшін жүгінген кезде жылына бір рет
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары | Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам | Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам |
Жұмыс істеп тұрған қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлерді тартуға жоспарланатын қызметкерлердің сомасы |
тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы | қызметкерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің %-ы, 7-баған/ 6-баған*100% | |
Барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) | Оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | 1 және 2- санат | ||||||
2 | 3 және 4- санат | ||||||
3 | БАРЛЫҒЫ |
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
Атауы________________________ |
Мекенжайы___________________ |
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы _____________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________
________________________________________________________________
______________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – КЖҚ-1, кезеңділігі – жыл сайын)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты көрсетіледі;
3-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) көрсетіледі;
4-бағанда оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;
5-бағанда тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істеп тұрған қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлерді тартуға жоспарланатын қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда жұмыскерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің пайызы көрсетіледі, 7-баған/6-баған*100%.
Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): РАҰҮҚЕШ-2
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең:_________ жылы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ерекше жағдайларда рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін жүгінген кезде жылына бір рет
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Тартылатын шетелдік қызметкерлердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) | Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіп (мамандық) және (немесе) саны көрсетілген ерекше шарттардың атауы | Ерекше шарттарды орындау мерзімі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Атауы________________________ |
Мекенжайы___________________ |
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы _____________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________
________________________________________________________________
_________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – РАҰҮҚЕШ-2, кезеңділігі – жыл сайын)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;
3-бағанда жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) көрсетіледі;
4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олардың санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы көрсетіледі;
5-бағанда ерекше шарттардың орындалу мерзімі көрсетіледі.
Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): КАШШҚТККЖҚ-3
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: _________ жылы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жылына бір рет
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Лауазымдардың атаулары | Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам | Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам |
жұмыс істеп тұрған жұмыскерлердің және шетелдік жұмыскерлерді тартуға жоспарланатын жұмыскерлердің сомасы |
тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы | корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %-ы Қазақстан азаматтары қатарындағы қызметкерлердің жалпы санына, 7-баған/6-баған*100 % | |
Барлығы | оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Менеджерлер | ||||||
2 | Мамандар | ||||||
3 | Барлығы |
Ескертпе: егер шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
Атауы________________________ |
Мекенжайы___________________ |
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы _____________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________
________________________________________________________________
_________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – КАШШҚТККЖҚ-3, кезеңділігі – жыл сайын)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлер тартатын лауазымдардың санаттарының атауы көрсетіледі;
3-бағанда жұмыс берушінің барлық қызметкерлерінің саны, адам көрсетіледі;
4-бағанда оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;
5-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істеп тұрған жұмыскерлердің және шетелдік жұмыскерлерді тартуға жоспарланатын жұмыскерлердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына пайызы, 7-баған/6*100-баған көрсетіледі.
Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЕШОТШЖК-4
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: _________ жылы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жылына бір рет
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Рұқсат беретін органның толық атауы | Қайта оқытылған қазақстандық азаматтардың саны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген) | Шетелдік жұмыскерлерді ауыстырған қазақстандық азаматтардың саны тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген) | Жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген) | Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген) | Жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Шығу елі | Елдердің жіктеуіші | Шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар | Жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны | Экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны | Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, оның ішінде санаттар бойынша | |||
Шығу елі | Шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар | Жұмыс беруші атауы | ||||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
Атауы________________________ |
Мекенжайы___________________ |
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________
________________________________________________________________
_________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – ЕШОТШЖК-4, кезеңділігі – жыл сайын)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2 бағанда рұқсат беретін органның толық атауы көрсетіледі;
3-бағанда қайта оқытылған қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
4-бағанда шетелдік жұмыскерлерді ауыстырған қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
5-бағанда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
6 бағанда Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
7 бағанда жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны көрсетіледі;
8-бағанда шығу елі көрсетіледі;
9-бағанда 22-қосымшаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің жіктеуіші көрсетіледі;
10-бағанда шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар көрсетіледі;
11-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің көрсетіледі;
12-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің көрсетіледі;
13-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша шығу елі көрсетіледі;
14-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар көрсетіледі;
15-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша жұмыс беруші көрсетіледі;