БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 729 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген |
Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 1-бөліміне сәйкес әзірленді және күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларының ішкі тәртіптемені айқындайды.
2. Осы Қағидалар:
1) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру;
2) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды жеке тінту, дактилоскопиялау, суретке түсіру, сондай-ақ заттарын тексеруді жүргізу;
3) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектерді және тамақ өнімдерін алып қою;
4) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
5) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттар мен басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алуы;
6) күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар қабылдау және тапсыру;
7) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақшалай аударымдарын алу және жіберу;
8) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
9) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың діни жоралар жасауы;
10) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды еңбекке тарту;
11) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
12) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
13) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
14) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы;
15) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың қорғаушылармен, туыстармен және өзге де адамдармен жолығысуын өткізу;
16) күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету;
17) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларға көтермелеу мен жазалау шараларын қолдану;
18) күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды тергеу изоляторы басшысының және ол уәкілдік берген адамдармен жеке қабылдауы;
19) тергеу изоляторда қайтыс болған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың мәйіттерін беру;
20) күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды күзеттен босату тәртібін айқындайды.
3. Әрбір тергеу изоляторында тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітілген күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың сол не өзге де құрамымен жұмыс істеу ерекшелігін, жыл мезгілін, жергілікті және басқа да мән-жайларды ескере отырып, қатаң регламенттелген, орындалуға және сақталуға міндетті күн тәртібі ұйымдастырылады. Күн тәртібінде сегiз сағаттық үзiліссiз ұйқы, ұйқыдан тұру, дәрет алу, тамақтану, серуендеу, жұмыс, тәрбиелiк iс-шаралар, ұйқыға жату көзделедi.
4. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы тергеу изоляторында жұмыс уақытында ғана жауап алынады, бұл ретте 21 сағаттан кешіктірмей камерасына қайтарады.
5. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың мінез-құлық қағидаларын сақтайды.
Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың мінез-құлық қағидаларын бұзуының, сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын алу және жолын кесу, азаптауларға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында бейнекамералар дәретханаларды, қол жуатын және себезгі бөлмелерін, моншаларды және ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінің жатын үй-жайларын қоспағанда, комиссия айқындайтын орындарда орнатылады. Бұл ретте күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды және сотталғандарды сыртқы дене тексеруі жүзеге асырылатын үй-жайлар шымылдықтармен жабдықталады.
Әйелдерді ұстауға арналған үй-жайларда бейнебақылау операторлары әйел жынысты қызметкерлерден тағайындалады.
Бейне мұрағатты сақтау мерзімі кемінде 60 тәулікті құрайды.
Бейнежазбалардың көшірмелерін беру қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының, қылмыстық қудалау органдарының, соттың, прокуратураның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексте (бұдан әрі - ҚПК) көзделген тәртіпте адвокаттардың және жәбірленушілерінің өкілдерінің ресми сұрауы бойынша жүргізіледі.
6. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тергеу изоляторында тексеруші адамдардың ескерту және ұсыныс кiтабы жүргiзiледi, оған тексеруші адам ескертулерiн, ұсыныстарын және кемшiлiктердi жою жөніндегі iс-шараларды орындау мерзiмдерiн енгiзеді.
2-тарау. Күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру тәртібі
7. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушыны тергеу изоляторына қабылдау үшін ҚПК-нің 147-бабына сәйкес күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына алу туралы соттың қаулысы негіз болып табылады.
8. Тергеу изоляторына түскен күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың қабылдау тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі - кезекші көмекші) немесе оның орынбасарымен тәулік бойы жүргізіледі, ол:
1) мыналарды:
тергеу изоляторына жеткізілген адамды қабылдауға негізі бар іс жүргізу құжаттарының барын тексереді;
қамауға алынған адамдардың жеке ісінде тігілетін жеке басын куәландыратын құжатының барын тексереді, олар қажет болған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі қылмыстық процесті жүргізуші органға, кейіннен қайтарумен беріледі;
туу туралы куәлiк немесе баланың медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттары, баланы асырап алу құжаты, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда қылмыстық iс жүргізуге берілген анықтау жүргiзетiн адамның, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жазбаша нұсқауы болуын тексереді (үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдi тергеу изоляторына қабылдау үшiн).
2) аталған адаммен сұрау жүргізеді және оның жауаптарын оның жеке ісіндегі деректермен салыстырады;
3) кезекші дәрігермен бірлесіп медициналық қарау жүргізеді.
9. Тергеу изоляторына судьяның не соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысынан көшірме ұсынылған жағдайларда, көшірме лауазымды адамның қолымен куәландырылып, елтаңбалы мөр қойылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаулының көшірмесін ауыстыруға жатады.
10. Транзитпен айдауылданған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторына қабылданады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына сәйкес жолшыбай тізіміне және жеке ісі бойынша анықтама негізінде белгіленген жерге жіберіледі.
11. Қылмыстық iстерi бойынша тергеу кезiндегi ұстау мерзiмi аяқталған және ұзартылмаған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторына қабылданбайды. Күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталған адамдар тергеу изоляторына қабылданғаннан кейiн тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жоспарлы айдауылдан босатылады.
12. Тергеу изоляторына қабылданған адамдар келiп түскен күні, бірақ бiр тәулiктен кешіктірмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитариялық тазалаудан өтедi. Медициналық куәландырудың нәтижелері медициналық амбулаториялық картаға енгiзiледi.
13. Санитариялық тазалаудан өткеннен және медициналық куәландыру нәтижелерін алғаннан кейiн күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар төсек жабдықтарын, сондай-ақ маусым бойынша киiм-кешектi (өз киім-кешегі болмаған жағдайда) алады.
Уақытша оқшаулау жайына, тәртіп изоляторына орналастырылған кәмелеттік жасқа толмаған адамдар киімдерін ауыстырады. Оларға тиесілі киімдері алынады және сақтауға беріледі.
14. Тергеу изоляторына қабылданған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар құқықтары мен мiндеттерi, күзетте ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпаратпен қол қою арқылы танысады.
15. Қарауылдан (айдауылдан) қабылданған жеке істерді ресімдеу кезінде күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар оқшаулау тәртібін сақтай отырып, жинақтау бөлiмшесінiң камераларына бiр тәулiктен аспайтын мерзiмге не орындықтармен және жасанды жарықпен жабдықталған бiр орындық бокс бөлмесiне екi сағаттан аспайтын мерзiмге орналастырылады.
16. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды камералар бойынша орналастыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камераларда орналастыру жоспары негізінде Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тергеу изоляторының әкімшілігі олардың арасындағы байланысты болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Жаңа келген күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды тергеу изоляторында ұстау тәртібімен және жағдайымен таныстыру, сондай-ақ денсаулығының жағдайын тексеру және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу, олармен психологиялық тексерістерді жүргізу мақсатында көрсетілген адамдар 15 тәулікке дейін карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Күдіктілерді, айыпталушылар және сотталушыларды камераларға жедел қызмет қызметкерінің келісімі бойынша, ал кәмелетке толмағандарды тәрбие жұмысы жөніндегі инспекторының келісімі бойынша кезекші көмекші немесе оның орынбасары орналастырады. Науқас адамдар медицина қызметкерінің нұсқауымен орналастырылады. Жұқпалы ауруы бар адамдар жеке камераларға орналастырылады. Карантинде ұстау мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша белгіленеді.
Заңның 32-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл ретте бейнебақылау жүйесі арқылы және қосымша (уақытша) бекет қою арқылы күшейтілген қадағалау қамтамасыз етіле отырып, суицид жасау қаупі бар адамдарды жалғыз ұстауға жол берілмейді.
17. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтiмге және байқауға мұқтаж науқастар басқа күдіктілерден, айыпталушылар және сотталушылардан бөлек орналастырылады.
18. Тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдарда күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар ауру түрлерiне қарай орналастырылады. Ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар бiр-бiрiнен бөлек орналастырылады. Аса ауыр және ауыр қылмыстар жасады деген күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар оқшау ұсталады.
19. Кәмелетке толмағандар жасын, денесiнiң жетiлуiн және мінез-құлқын ескере отырып, жеке корпустарда, секцияларда немесе режимдiк корпустардың қабаттарында орналасқан аз орындық камераларда кем дегенде 4-6 адамнан орналастырылады.
20. Камераларда құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Заңның 32-бабына сәйкес кәмелетке толмағандармен бірге алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған оң мiнезделетін ересек адамдар орналастырылады.
Аз орындық камераларда кәмелетке толмағандармен бірге ересектердiң бiр-екеуiн, жалпы камераларда үшеуін ұстауға жол беріледі.
21. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жабдықталған құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Заңның 31-бабына сәйкес тергеу изоляторы бастығының дәлелді қаулысы бойынша жалғыз басты камераларға күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды орналастыруға рұқсат етіледі.
22. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген оқшаулау тәртiбi күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың барлық орын ауыстыруы (серуендеу, санитариялық тазалау жүргізу кезiнде дәлiзде және тергеу изоляторының аумағында қозғалуы) кезiнде қамтамасыз етiледі.
23. Жүктi әйелдерді, үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерді орналастыру үшін жеке режимдiк корпустарда немесе режимдік корпустардың оқшауланған бөліктерінде орналасқан неғұрлым жарық және құрғақ камералар пайдаланылады. Камералар бiр қабатты жатын орындарымен жабдықталады.
3-тарау. Күдiктiлерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жеке тінту, дактилоскопиялау, суретке түсіру және заттарын тексеріп қарау тәртібі
24. Тергеу изоляторына түскен күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар толық жеке тiнтуден, дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өтеді, ал олардың жеке заттары тексеріп қаралады.
25. Күдіктiлерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жеке тiнту және олардың заттарын тексеріп қарау сақтауға және пайдалануға тыйым салынған не осы адамға тиесiлi емес заттарды, құралдарды және азық-түлiктi табу және алып қою мақсатында жүргiзiледi.
26. Күдіктiлерге, айыпталушыларға және сотталушыларға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарға өмiр мен денсаулыққа қауiп төндiретiн немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылатын не күзетпен ұстауға кедергі келтіре алатын заттар, заттектер және тамақ өнімдері, сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың өздерінде болуға, сақтауға, сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар арқылы және қолма-қол төлемсіз сатып алуға рұқсат етілген тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар, аяқ киiм, киім-кешек және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі – Рұқсат етілген заттар тізбесі) енгізілмеген немесе белгiленген мөлшерден асып кеткен тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар, аяқ киiмдер, киім-кешек және басқа да өнеркәсіптік тауарлар жатады.
27. Жеке тiнту толық және жартылай болады. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар:
1) тергеу изоляторына келген кезде;
2) изолятордан тыс жерлерге кеткенде;
3) жалғыз адамдық камераға, тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу кезінде, сондай-ақ Заңның 33-бабына сәйкес тергеу изоляторы бастығының немесе орынбасарының нұсқауымен басқа да жағдайларда толық тiнтілуге жатады.
Толық тiнту кезiнде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмдерi, аяқ киiмдерi, сондай-ақ протезi мұқият тексерiледi. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға толық шешiнiп, денесiнiң тиiстi жерiн көрсету ұсынылады. Пластырлы жапсырмалар, гипс және басқа да байлауыштар медицина қызметкерiмен бiрлесіп тексерiледi. Киiмге тiгiлген заттар табылған жағдайда матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен супинаторлар, темiр тағалар суырылып алынады.
Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға тек Рұқсат етілген заттар тізбесінде белгіленген өздерінде болуға және камерада сақтауға рұқсат етілген заттар, құралдар және тамақ өнiмдерi қалдырылады. Күдіктілерде, айыпталушыларда және сотталушыларда қалған олардың жеке заттары мен құралдары камера карточкаларына жазылады. Рұқсат етілген заттар тізбесіне кірмейтін заттар сақтауға қабылданады не акт жасаумен (еркін нысанда) тергеу изоляторы бастығының шешімімен жойылады.
28. Жартылай тiнту күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың тергеу изоляторының шегінде алып шыққан кезде (дактилоскопиялауға, дәрiгерге, тергеушiге алып шыққанда, туыстарымен және өзге де адамдармен кездескенге дейін және кейін, басқа камераға, оның ішінде жалғыз адамдық камераға ауыстыру кезінде) жүргiзiледi. Жартылай тiнту кезінде тiнтiлушiнi шешiндiрмей-ақ, киiмi және аяқ киiмi қаралады және тінтіледі.
29. Күдіктiлер, айыпталушыларды және сотталушыларды жеке тiнтудi тергеу изоляторының онымен жынысы бiр қызметкерi жүргiзедi.
30. Тергеу изоляторына келген күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды олардың жеке iстерiнде тану суреті және дактилоскопиялық картасы болмаған кезде фотодактилоскопия тобының қызметкерi суретке түсіредi және дактилоскопиялайды. Олардың әрқайсысына бiр дактилоскопиялық карта және көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотокарта (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан) дайындалады.
31. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың заттарын тексеру тергеу изоляторына түскен кезде, оның шегінен тыс жерге жөнелтiлер алдында, басқа камераға, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның стационарына ауыстыру немесе тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау кезінде олардың қатысуымен жүргiзiледi.
32. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды толық тiнту немесе заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi (еркін нысанда), оған еркін нысанда жасалған тыйым салынған заттарды, заттектерді және тамақ өнімдерін алып қою туралы акті қоса беріледі. Толық тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген кезде бiр хаттама жасалады. Хаттамаға күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы және тергеу изоляторының толық тiнту жүргiзген немесе заттарын тексерген қызметкерi қолдарын қояды. Күдіктiнің, айыпталушының немесе сотталушының хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi наразылықтары хаттамада жазылады. Хаттама мен алып қою туралы акті жеке iске тiгiледi. Толық жеке тiнту немесе заттарды тексеру туралы күдiктiнiң, айыпталушының немесе сотталушының камералық карточкасында тiнту жүргізген немесе заттарын тексерген адамның тегiн және күнiн көрсете отырып белгi қойылады.
33. Жартылай тiнту кезінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектерді мен тамақ өнімдерін алу туралы баянат (еркін нысанда) жасалады.
34. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды тiнту немесе заттарын тексеру кезінде тыйым салынған заттарды, заттектерді мен тамақ өнімдерін табуға арналған техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
4-тарау. Күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектерді және тамақ өнімдерін алып қою тәртібі
35. Күдіктiден, айыпталушыдан немесе сотталушыдан сақтауға қабылданған тиесілі ақшасы оның жеке шотына салынады. Құнды заттар (қымбат металдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, iнжу және одан жасалған бұйымдар, барлық түрдегi және маркадағы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта және ұялы байланыс құралдары) тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне тергеу изоляторында болған уақытта оларды пайдалану және иемдену құқығынсыз сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын және басқа құжаттар) тергеу изоляторының арнайы есепке алу бөліміне сақтауға беріледі. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар, құралдар мен тамақ өнімдері мекеменiң қоймасына сақтауға тапсырылады немесе соттың шешімімен жойылады.
36. Күдіктiлер, айыпталушылардан немесе сотталушылардан құндылықтарды алып қою не сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада акті толтырылады. Бiрiншi данасы күдiктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға берiледi, екiншi данасы қаржы бөлiмiне берiледi, ал үшiншi данасы жеке iсте сақталады. Ақша жеке шотқа түскеннен кейiн күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға қаржы бөлiмi шоттағы сақталатын сома көрсетiлген түбiртек бередi.
37. Күдіктілер, айыпталушылардан немесе сотталушылардан сақтауға қабылданған не алып қойылған ақшаның сомасы немесе құнды заттары туралы тергеу изоляторының әкiмшiлiгi олардың сұрау салуы бойынша өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамға немесе органға хабарлайды.
38. Күдіктіден, айыпталушыдан немесе сотталушыдан заттарды және тамақ өнімдерін сақтауға қабылдау комиссиялық түрде жүргізіледі. Комиссиялардың құрамын тергеу изоляторының бастығы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкері қатарынан акт бойынша тағайындайды.
39. Соттың шешімі бойынша құндылығы жоқ нәрселер, заттар, сондай-ақ тамақ өнімдері, оның ішінде: спирттік ішімдіктер немесе спирттік негіздегі бұйымдар, оларды дайындауға арналған өнімдер, есірткі (оларды тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жағдайларын қоспағанда) және оларды пайдалануға арналған құрылғылар, отқа қауіпті заттар мен құралдар, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйым медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған дәрілік заттар, ойын карталары, эротикалық, порнографиялық немесе зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын қолжазба, графикалық, баспа, фото және бейне өнімдер (қылмыстық іс материалдарын қоспағанда), тұтынылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін не тергеу изоляторларында қамтамасыз етілмейтін ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тамақ өнімдері, мақсаты немесе қасиеттерін анықтау мүмкін емес не өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін жоғалтқан және Рұқсат етілген заттардың тізбесіне енбеген өзге де заттар, заттектер мен тамақ өнімдері жойылуға жатады.
40. Күзетте ұсталу кезінде күдікті, айыпталушыдан немесе сотталушыдан алынған немесе айқындалған ақша немесе құнды заттардың әрбір фактісі бойынша, сондай-ақ өзге де қажетті жағдайларда олардың қайдан келіп түскенін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тергеу жүргiзiледi.
41. Күдіктілерден, айыпталушылардан немесе сотталушылардан, сондай-ақ камералар мен мекеме аумағына тиесілі ақша, бағалы қағаздар мен басқада құнды заттар, иелерін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес әкімшілікпен алынады және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударуға жатады.
Рұқсат етілген заттардың тізбесіне кірмейтін заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар мен азық-түліктер күдіктілерден, айыпталушылардан немесе сотталушылардан алынған, мекеме әкімшілігінің комиссия шешімі бойынша туыстарына беріледі немесе мекеме бастығының қаулысымен сақтауға тапсырылады немесе жойылады, осы туралы (еркін нысанда) акт жасалады.
42. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өтiнiшi бойынша және өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның не органның келiсiмiмен тергеу изоляторында сақталудағы заттар, заттектер және тамақ өнімдері күдiктi, айыпталушы немесе сотталушының туыстарына немесе өзге адамдарға (еркін нысандағы) қолхатпен берiледі және күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке ісіне қосылады.
43. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы қайтыс болған жағдайда сақтаудағы оған тиесілі ақша, құнды заттар, басқа да заттар, заттектер мен тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 235-бабында көрсетілген тәртiпте оның мұрагерлеріне беріледі.
5-тарау. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
44. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету Заңның 22-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Күзетте ұстау кезінде уақытша пайдалануға тегін мүлік беріледі.
Жатын үй-жайлар санитариялық талаптарға сай болуы тиiс (үй-жай ауданы, көзге қауiпсiз жарықтандыру, табиғи жарықтандыруда әдебиеттердi оқу мүмкiндігі, үй-жайды желдету).
Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген.
Күн тәртібімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.
45. Жалпы пайдалану үшін камераларға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес жеке гигиена құралдары беріледі.
46. Тергеу изоляторларының камералары:
1) үстелмен және орындықтармен және камерадағы орындар саны бойынша отырғызу орындарымен;
2) жатын орынмен;
3) санитариялық тораппен;
4) су құбыры кранымен;
5) электр құралдарын қосуға арналған розеткалармен;
6) азық-түлiк шкафымен;
7) сыртқы киiмге арналған iлгiшпен;
8) жуыну жабдықтарына арналған сөремен;
9) қабырғаға бекiтiлетін айнамен;
10) ауыз суға арналған ыдыспен;
11) отандық радиобағдарламаларды таратуға арналған радиодинамикпен;
12) әкiмшiлiк өкiлiн шұғыл шақыртатын батырмамен;
13) қоқысқа арналған ыдыспен;
14) күндiзгi және түнгi жарық беретін шамдармен;
15) тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген қосымша ақылы қызмет көрсетiлген жағдайда желдеткiш жабдығымен, сондай-ақ тұрмыстық құралдармен;
16) баласы бар әйелдер ұсталатын камераларда балалар кереуеттерiмен жабдықталады.
47. Камераларда су ысытатын құралдар болмағанда ішуге арналған қайнаған су күнделікті тергеу изоляторының әкімшілігі белгiленген уақытта қажеттілікті ескере отырып берiледi.
48. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларға аптасына кемінде бiр рет 15 минуттан кем емес ұзақтықта душта жуыну мүмкiндiгі берiледi. Апта сайын душта шомылғаннан кейiн төсек жабдықтары ауыстырылады.
Біржолғы қауіпсіз ұстаралар бекітілген кестеге сәйкес пайдалану уақытына тергеу изоляторы әкімшілігінің бақылауымен беріледі. Басқа уақытта бекетте жабдықталған арнайы металл жәшікте сақталады.
49. Үстел ойындары он адамға немесе бiр камераға бiр жиынтықтан берiледi.
50. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың өтiнiшi бойынша ұсыныс, өтiнiш, шағым жазу үшін жазу құралдары (қағаз, шариктi қаламсап) берiледi.
51. Тергеу изоляторының кiтапханасынан газеттер олардың келiп түсуіне қарай он адамға немесе бiр камераға есебінен бiр газеттен берiледi.
52. Тергеу изоляторының кiтапханасынан кiтап және журнал айырбастау аптасына бiр рет жүргiзiледi.
6-тарау. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттар мен басқа да өнеркәсіптiк тауарларды сатып алу тәртібі
53. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды және сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған басқа да өнеркәсіп тауарларын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тергеу изоляторының дүкенінен (дүңгіршегінен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алады.
Электрондық сауда алаңында тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу тапсырыс беру арқылы, арнайы стационарлық (терминал) не мобильді (планшет) құрылғы арқылы, Интернетке электрондық сауда алаңының интернет-ресурсына бару үшін ғана қол жеткізе отырып жүзеге асырылады.
54. Тергеу изоляторының дүкенінде (дүңгіршегінде) немесе электрондық сауда алаңында сатуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіп тауарларының ассортименті Рұқсат етілген заттар тізбесімен айқындалады.
55. Бiр адамға тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды сатудың нормасы ассортименті, саны бойынша белгiленбейдi. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушының өзінде болатын тамақ өнімдерінің жалпы салмағы 35 килограммнан аспауы керек. Сатып алынған тауарды сату айына екi реттен кем жүргізмейді.
56. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар дүкенге (дүңгіршекке) шығарылмайды. Дүкендегi (дүңгіршектегi) бар тауарлардың ассортиментi және олардың құны күзетпен ұсталатын адамдардың назарына жеткiзiледі.
57. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды және өнеркәсіптік тауарларды сатып алғысы келетiн адамдар тергеу изоляторы бастығының атына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш жазады, ол жеке шотында ақшасы бар екендiгi туралы ақша түбiртегiмен бiрге әкiмшiлiк өкiлiне тапсырылады.
Дүкеннiң (дүңгіршектiң) жұмыскері тауар сатып алғысы келген күдікті, айыпталушы және сотталушының жеке шотында ақшасының бар-жоғын қаржы бөлiмiнен тексередi. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылып, қолхат арқылы берiледi.
58. Егер тауар сатып алған күдікті, айыпталушы және сотталушының жеке шотында ақша қалса, оған тиiстi белгi қойылған түбiртек қайтарылады, ал егер қаражат болмаса түбiртек өтiнiшке тiркеледi. Жұмыс күнi аяқталған соң дүкен (дүңгіршек) жұмыскері аванстық есеп жасайды және оны өтiнiштермен бiрге жеке шоттағы ақшаны есептен шығару үшiн қаржы бөлiмiне тапсырады.
59. Тергеу изоляторында дүкен (дүңгіршек) болмаған жағдайда күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларға қажеттi тауарларды тергеу изоляторынан тыс жерде орналасқан сауда нүктесiнен сатып алынады.
Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың жеке шоттарынан талап еткен ақша сомасын есепке алу үшін күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардан тергеу изоляторының қаржы бөлімінің қызметкеріне тергеу изоляторының бастығы куәландырылған сенімхатты береді. Берiлген ақша есеп беретін адамнан осы туралы өтініш берген адамдарға сатып алынған тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды бергенін растайтын аванстық есеп және құжаттар негiзiнде есептен шығарылады. Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды алуға өтiнiштiң және қолхаттың негiзiнде олардың құны күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылады.
Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсаған ақша сомасы (күнi көрсетiле отырып) туралы оның жеке iсiнде белгi жасайды.
60. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың туыстарына не өзге адамдарға тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы тергеу изоляторының дүкендерiнде (дүңгіршектерде) немесе электрондық сауда алаңында сатуда бар тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың құнын кейiн оны күдіктiлерге, айыпталушыларға және сотталушыларға беру үшiн төлеу мүмкiндiгі берiледi.
Бұл жағдайда туысы немесе өзге адам тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне екi данада өтiнiш бередi, онда өзi құнын төлегiсi келетiн тамақ өнімдерінің және басқа да тауарлардың саны мен салмағы көрсетiледi және қажеттi соманы төлейдi. Сатып алынған тауарды күзетпен ұстауға алынған адам алғаннан кейiн оның қолы қойылған өтiнiштiң бiрiншi данасы тауардың құнын төлеген адамға қайтарылады, ал екiншi данасы жеке iсiне тiгiледi. Тиiстi белгi анықтама картотекасына қойылады.
7-тарау. Сәлемдемелерді, сәлем-сауқаттарды күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға қабылдау және беру тәртібі
61. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға арналған сәлемдемелерді, сәлем-сауқаттарды қабылдау тергеу изоляторының осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесінің жиһазы мен мүккәмалы тізбесіне сәйкес жабдықталған үй-жайында жүзеге асырылады. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға салмағы 20 килограммнан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттардың санын шектеусіз алуға рұқсат етіледі. Сәлем-сауқаттар келушілердің кезектілік тәртібінде қабылданады. Тізбе мемлекеттік және орыс тілдерінде сәлем-сауқаттар қабылдауға арналған үй-жайда ілінеді.
62. Сәлем-сауқаттарды жеткiзген адам осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада өтiнiш толтырады және оған қол қояды. Өтiнiштiң екi данасы, сәлем-сауқат, сәлем-сауқатты жеткiзген адамның жеке басын куәландыратын құжат тергеу изоляторының қызметкерiне берiледi.
63. Сәлем-сауқаттың ішіндегісінің болуын, салмағын салыстыру және тексеру оларды жеткiзген адамдардың қатысуымен осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес азық-түлік және заттай сәлем-сауқаттар мен сәлемдемелерді тексеру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Салынғанның тiзбесi және сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттардың салмағы тексерiледi және өтiнiште белгiленедi. Жеке басын куәландыратын құжат, сәлем-сауқаттардың ішіндегісін салыстыру не тексеру жүргізгеннен кейiн қайтарылып берiледi.
64. Тергеу изоляторының қызметкерi сәлем-сауқатты қабылдаған соң келушіге жеке құжаттарын және өтiнiштiң бiрiншi данасын қабылдағаны туралы қол қойып қайтарады, ал екiншi данасы сәлем-сауқатты алғаны туралы оның қолы қойылғаннан кейiн күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке iсiне тігіледі. Анықтама карточкасында бұл адамға сәлем-сауқатты қабылдағаны туралы белгi қойылады. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы өтiнiшке қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы өтiнiште тиiстi белгi қойылады.
65. Сәлем-сауқаттар мынадай жағдайларда:
1) адресат күзетпен ұстаудан босатылған немесе ол тергеу изоляторынан үш тәулiктен артық мерзімге кеткен;
2) күдіктi, айыпталушы немесе сотталушының қайтыс болған;
3) күдіктiнiң, айыпталушының немесе сотталушының өзiне арналған сәлем-сауқатты өз қолымен алуына немесе iшiндегiні керегiне жаратуға мүмкiндiгi болмаған;
4) сәлем-сауқаттың салмағы осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген нормаға сәйкес келмеген;
5) сәлем-сауқатты жеткiзген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;
6) күдiктi, айыпталушы немесе сотталушының өзiне арналған сәлем-сауқатты қабылдаудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайларда;
7) транзитпен айдауылданатын адамдарға қабылданбайды және келушiге керi қайтарылады.
66. Тергеу изоляторында немесе ауруханада емделу курсынан өтiп жатқан адамдарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау кезінде емдеушi дәрiгердiң ұсынымдары ескерiледi.
67. Сәлемдемелерді ашып және ішіндегісін салыстырғаннан кейiн екi данада тiзiмдеме жасалады, онда: заттар мен азық-түліктің атауы және тiзбесi, олардың сыртқы белгілері, сапасы, ішіндегіден нақты не алынғаны және сақтауға тапсырылғаны көрсетiледi. Сақтауға рұқсат етiлген заттар, заттектер және тамақ өнімдері күдіктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға тізімдемеге қол қою арқылы берiледi, оның бiрiншi данасы жеке iске, ал екiншi данасы номенклатуралық iске тiгіледi.
68. Сәлем-сауқаттарда табылған күдіктiлер, айыпталушылар немесе сотталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған тамақ өнімдері сәлем-сауқатты жеткiзген адамға қайтару себебiн көрсете отырып қайтарылады. Сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарда табылған ақша және бағалы заттарды тергеу изоляторының әкімшілігі алып қояды және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.
69. Осы Қағидалардың 65-тармағында көрсетiлген жағдайларда сәлемдемелер жөнелтушiлерге қайтарылады. Сәлемдемелер пошта арқылы үстеме төлеммен "керi қайтаруға жатады" деген белгімен қайтарылады.
70. Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған адамдардың атына келiп түскен сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар қоймаға сақтауға тапсырылады және күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға олардың тәртіптік изолятордан немесе уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн беріледi.
71. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар iшiндегісінің сақталуын қамтамасыз етедi, бірақ ұзақ уақыт сақталуына байланысты табиғи бұзылуына, сондай-ақ тексеру нәтижесiнде тауарлық бейнесiнің жоғалуына жауап бермейді.
72. Сәлемдемені немесе сәлем-сауқатты қабылдағаннан кейін күдіктiге, айыпталушыға немесе сотталушыларға бiр тәулiктен кешiктiрiлмей, ал күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы уақытша болмаған не жалғыз адамдық камераға, тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған жағдайда, ол қайтып оралғаннан кейiн не жазалау шарасын өтеу аяқталғаннан кейiн беріледі.
8-тарау. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларға жеделхаттарды, хаттарды, ақшалай аударымдарды алу және жіберу тәртібі
73. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар туыстарынан және өзге де адамдардан жеделхаттар мен хаттар алады және жiбереді.
74. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың хат алмасуы тек тергеу изоляторының әкiмшiлiгi арқылы ғана олардың өз есебiнен, өндірісінде қылмыстық iс бар адамның немесе органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады және прокурор мен сотқа арналған хаттарды қоспағанда басқалары цензураға жатады.
75. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар пошта қажеттіліктерiн (конверттер, маркалар) тергеу изоляторының дүкенiнен (дүңгіршегiнен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алады.
76. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың жеделхаттарын және хаттарын күн сайын әкiмшiлiк өкiлiмен, жөнелтушiнiң тегi, аты-жөнi және тергеу изоляторының пошта мекенжайы көрсетiле отырып қабылданады.
77. Күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардан жеделхатты немесе хатты қабылдаған сәттен бастап және оларды жібергенге дейін, сондай-ақ тергеу изоляторына жеделхат немесе хат келiп түскен сәттен бастап және оларды адресатқа тапсырғанға дейiн көрсетілген мекеменің әкімшілігі олардың сақталуын, хат алмасудағы құпияны қамтамасыз етедi.
78. Күдiктi, айыпталушы және сотталушының атына келiп түскен жеделхаттарды немесе хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оларды адресаттарға жіберуді тергеу изоляторының әкiмшiлiгi олардың келiп түскен немесе оны күдiктiге, айыпталушыға және сотталушыға тапсырған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Жеделхатты немесе хатты мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару қажет болған кезде олардың тапсыру мерзiмi аударма жасау үшін бір айға дейін ұзартылады.
79. Күдiктi, айыпталушы және сотталушыға жақын туысының өлiмi немесе ауыр сырқаттануы туралы мәлімет оны алғаннан кейін дереу хабарланады.
80. Жәбiрленушiлерге, куәгерлерге арналған, сондай-ақ iшiнде қылмыстық iс бойынша мәліметтер, қорлау, қорқыту, кек алуға, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасауға шақыру, тергеу изоляторының күзетi, оның қызметкерлерi туралы ақпарат, тыйым салынған заттарды беру тәсiлдерi және қылмыстық iс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі болатын немесе қылмыс жасауға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер бар, сондай-ақ құпия жазбамен, мемлекеттiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялар шифрленiп жазылған жеделхаттар немесе хаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға берілмейді және өндірісінде қылмыстық iс бар адамға немесе органға беріледі.
81. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың ақшасы тергеу изоляторының мекен-жайына пошта арқылы аударылады және олардың жеке шоттарына, сондай-ақ электрондық сауда алаңының сервисіндегі жеке шотын (логинін) толықтыру арқылы аударылады. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шотындағы ақша сомасын пошта арқылы аудару үшін ол тергеу изоляторы бастығының атына дәлелді өтініш жазады. Ақша аудару күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке шотындағы қаражат есебінен пошта арқылы жүзеге асырылады.
Туыстары мен өзге де адамдарға электрондық сауда алаңы сервисінің көмегімен күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың жеке шоттарын (логинін) толықтыруға, сондай-ақ электрондық сауда алаңында тапсырысты жүзеге асыруға және күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға сәлемдеме түрінде жіберуге жол беріледі.
9-тарау. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың ұсыныстар, өтініш және шағымдар жолдау тәртібі
82. Әкiмшiлiк өкiлдерi күн сайын камераларды аралайды және күдіктілерден, айыпталушылардан және сотталушылардан жазбаша және ауызша түрде ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар қабылдайды. Ұсыныстарға, өтiнiштерге және шағымдарға берiлген жауаптар күдіктiлер, айыпталушыларға және сотталушыларға қолхат арқылы жарияланады және жеке iсiне тiркеледi.
83. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар оларды шешуге жауапты адамға баяндалады.
84. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгiне арналған жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар тiркеледi және оларды шешу бойынша шаралар қабылдайтын тергеу изоляторының бастығына баяндалады. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға тиiстi түсiндірме берiледi.
85. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар желiмделген конвертте қабылданады және цензураға жатпайды. Келiп түсуiне қарай дереу адресатқа жолданады.
86. Мемлекеттiк органдарға жолданған ұсыныстарды, өтiнiштерді және шағымдарды тергеу изоляторының әкiмшiлiгi қарап, оны берген сәттен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей тиесілігі бойынша жолдауы тиіс.
87. Апелляциялық және кассациялық шағымдарды қоспағанда, ұсыныстарды, өтiнiштердi және шағымдарды жiберу бойынша шығыстарды төлеу жөнелтушiнiң есебiнен жүргізіледі. Күдіктiнiң, айыпталушының немесе сотталушының жеке шотында ақшасы болмаған кезде шығыс тергеу изоляторының есебiнен жүргізіледі.
10-тарау. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың діни жораларды жасау тәртібі
88. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар дiни жораларды камераларда, өзінің жатын орнының жанында осы Қағидаларда көрсетілген жағдайларды сақтай отырып орындайды. Мұндай мақсаттар үшін үй-жай бөлінбейді.
89. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың діни жораларды жасауы мекеменің жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі, ішкі тәртіптемені бұзбауы, сондай-ақ Заңның 16-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес басқа күдіктілер, айыпталушалар және сотталушылардың құқықтарын шектемеуі тиіс.
90. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға діни әдебиетті ұстауға және қолдануға рұқсат етіледі.
11-тарау. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды еңбекке тарту тәртібі
91. Еңбек етуге ниет білдірген күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың еңбегі тек тергеу изоляторларының аумағында камераларда, өндiрiстік алаңдарда, шеберханаларда және жөндеу-құрылыс жұмыстарында ұйымдастырылады. Жұмыс жүргізу кезiнде оқшаулаудың белгіленген талаптарын және Заңның 31, 32-баптарында белгіленген күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды бөлек орналастыру қағидаларын орындау қамтамасыз етiледi.
92. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторының арнайы есепке алу бөлiмдерiндегi, фотозертханалардағы, радиотарату желілеріндегі жұмыстарға, сондай-ақ күзеттің инженерлiк-техникалық, сигнализация және байланыс құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерiн және көбейтетін аппаратураны жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмысқа жiберiлмейдi.
93. Еңбек етуге ниет білдірген күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторы бастығының атына (еркін нысанда) өтiнiш жазады, ол оны үш жұмыс күні iшiнде қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды. Күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны мекемеде жұмысқа орналастыру мүмкiндігі болмаған кезде, оған тиiстi түсiндірме берiледi.
12-тарау. Күдiктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысу тәртібі
94. Күдіктiлердің, айыпталушылардың және сотталушылардың некесін тiркеуді "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 233-бабына сәйкес осы тергеу изоляторы орналасқан тіркеуші органы тергеу изоляторында жүргiзедi.
95. Күдіктiмен, айыпталушымен немесе сотталушымен некеге тұрғысы келетiн адам тергеу изоляторына тұрғылықты жері немесе тергеу изоляторы орналасқан орны бойынша тіркеуші органы куәландырған өтiнiшті (ерікті нысанда), сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның көрсетілген күдiктiмен, айыпталушымен және сотталушымен кездесуiне берген рұқсатын (ерікті нысанда) ұсынады. Некеге тұруға ниет білдіру туралы өтiнiш келiп түскен кезде тергеу изоляторының әкiмшiлiгi оны күдіктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға өзiне қатысты бөлiгiн толтыру үшiн бередi.
96. Өтiнiшке жетiспейтiн мәлiметтер енгізілгеннен кейiн тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтерді күдіктiнің, айыпталушының немесе сотталушының жеке iсiндегi құжаттармен салыстырады. Күдіктiнiң, айыпталушының және сотталушының қолының түпнұсқасы және көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қолымен куәландырылады және мекеменiң мөрi басылады, содан кейiн әкiмшiлiк неке қию туралы бiрлескен өтiнiштi тергеу изоляторы орналасқан жер бойынша тіркеуші органына жiбередi.
97. Күдіктiнің, айыпталушының немесе сотталушының жеке iсiнде оның отбасылық жағдайы туралы мәлiметтердiң дұрыстығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда олар туыстарымен беріледі, ал олар болмаған жағдайда бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органына сұрау салу жолданады.
98. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы некеге тұруға ниет білдіру туралы (еркін нысанда) өтініш берген жағдайда, тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күдіктiнің, айыпталушының немесе сотталушының некеге тұрғысы келетін адамға осы өтiнiшті жолдайды. Бiр уақытта көрсетiлген адамға тергеу изоляторының орналасқан жерi бойынша тіркеуші органының атауы және мекенжайы хабарланады.
99. Мұндай өтiнiш алған адам некеге тұруға келiскен кезде оған қатысты бөлiгiн толтырады және өтiнiште көрсетiлген қолдарды және мәлiметтердi куәландыру үшiн өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша тіркеуші органына береді, бұдан кейiн оған тергеу изоляторының әкімшілігі хабарлаған тіркеуші органына өтiнiштi жолдайды.
100. Тәртiптiк жазасын тәртіптік изоляторда өтеп жатқан күдіктімен, айыпталушымен немесе сотталушымен некені тiркеу осы жазалау шарасын өтелгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.
101. Тіркеуші орган қамаудағы адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді өндірісінде iс бар адамға немесе органға хабарлағаннан кейін жүргізеді.
Тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты болған кезде, некені тiркегеннен кейiн күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға Заңның 17-бабына сәйкес жұбайымен (зайыбымен) кездесуге рұқсат етеді.
102. Некенi бұзу үшiн күдікті, айыпталушы немесе сотталушы сотқа немесе кәмелетке толмаған балалары болмаса жұбайларының өзара келiсiмi болған кезде тіркеуші органына өтiнiш жолдайды.
103. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысады.
104. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен сенiмхат жазады, оны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес тергеу изоляторының бастығы куәландырады.
Сенiмхат арналып жазылған адамға өндірісінде қылмыстық iс бар адам немесе орган арқылы берiледi.
105. Күдіктiден, айыпталушыдан немесе сотталушыдан сенiмхат алуға ниет білдірген азаматтар тергеу изоляторы әкiмшiлiгi өкілінің жеке қабылдауына (еркін нысанды) өтiнiшпен жүгінеді не оны пошта арқылы жолдайды.
13-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың газеттерге және журналдарға жазылуын жүргiзу тәртібі
106. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлiмшелерi арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылу құқығы беріледі.
107. Жазылуды ресімдеу үшiн күдікті, айыпталушы және сотталушы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiшпен жүгінеді. Жазылуға ниет бiлдiрген адамға оның өз есебiнен абонемент және жеткізу карточкасының бланкілерi берiледi.
108. Жазылуды ресімдеуді тергеу изоляторының қызметкерi күдікті, айыпталушы және сотталушының жеке шотында бар қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының байланыс бөлiмшесiнде жүргiзедi.
109. Жазылуды басқа мекенжайға ауыстыру жазылушының жазбаша өтiнiшi бойынша тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен оның өз есебiнен жүзеге асырылады.
110. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының атына жазылуды оның туыстары немесе өзге адамдар ресімдейді.
111. Жазылу ресімделетін басылымдардың саны шектелмейдi.
14-тарау. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
112. Тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлері күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторына келiп түскеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей мiндеттi медициналық қараудан, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде флюрографиялық және зертханалық тексеруден өтеді. Медициналық тексеруден өтпеген адамдар басқа күдіктiлер, айыпталушылардан және сотталушылардан бөлек ұсталады. Медициналық тексерудiң нәтижелерi күдіктiнің, айыпталушының немесе сотталушының медициналық амбулаториялық картасында белгiленедi.
113. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкеріне күнделiктi камераларды аралаған кезде медициналық көмекке, ал ауру асқынған кезде тергеу изоляторының кез келген қызметкерiне жүгінеді. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қабылдайды.
114. Күдіктiлер, айыпталушыларға немесе сотталушыларға амбулаториялық жағдайда медициналық көмек камераларда, өзге де үй-жайларда, сондай-ақ тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдардың мамандандырылған кабинеттерiнде көрсетiледi. Дәрiлік заттарды беру дәрiгердiң тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қолхат арқылы жүзеге асырылады.
115. Заңның 24-бабының 3-тармағына сәйкес қамауға алынған адамдардың туыстарынан алған дәрілік заттарды қабылдауы медициналық көрсеткiштер бойынша және тек тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің бақылауымен қатаң түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте дәрiлік заттар тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымда сақталады.
116. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стационарлық жағдайларда тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар (жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу) "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) сәйкес аурулар бейіні бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне жіберіледі.
Бұл ретте көрсетілген адамдар жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталарға жатқызылады.
117. Медицина қызметкерi күзетпен ұсталатын адамдардың, оның iшiнде тергеу әрекеттерiнен немесе сот отырыстарынан тергеу изоляторына келген адамдардың, оларда дене жарақаттары мен терi және жұқпалы аурулардың белгiлерiн анықтау мақсатында сыртқы қарауды өткiзедi. Жұқпалы аурулар анықталған кезде олар дереу оқшауланады, эпидемияға қарсы кешендi іс-шаралар өткiзiледi. Дене жарақаттарына қарау нәтижелерi бойынша актi жасалады.
Дене жарақаттары табылған кезде медицина қызметкерi медициналық көмек көрсетедi, бiр тәулiк мерзiмде медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелерi қамауға алынған адамның амбулаториялық картасына жазылады. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күзетпен ұсталатын адамдарда дене жарақаттары табылуының әрбiр фактiсi туралы бiр тәулiк мерзiмде жазбаша түрде прокуратураға хабарлайды.
118. Заңның 23-бабына сәйкес күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының дене жарақаттарын медициналық куәландыруды денсаулық сақтаудың мемлекеттік жергілікті басқару органының медициналық ұйымының қызметкерлерi мынадай жағдайларда:
1) тергеу изоляторы бастығының шешiмi бойынша;
2) прокурордың нұсқауы бойынша;
3) өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның шешiмi бойынша;
4) дене жарақатын алған күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өтініші бойынша;
5) дене жарақатын алған күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қорғаушысының өтініші бойынша жүргiзеді.
119. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнің куәландыру жүргiзулерi үшiн дене жарақатын алған адам не оның қорғаушысы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш (еркін нысанда) бередi. Өтiнiш бiр тәулiк iшiнде қаралады.
15-тарау. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларды күнделікті серуенге шығару тәртібі
120. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар күнделiктi ұзақтығы бiр сағаттан кем емес, ал кәмелетке толмағандар екi сағаттан кем емес серуендеуді пайдаланады. Серуендеудің ұзақтығын тергеу изоляторының әкімшілігінің күн тәртiбі, ауа райы, мекеменiң толтырылуын және басқа да мән-жайларды ескере отырып белгілейді. Жүктi әйелдердiң және үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдердiң серуендеу ұзақтығы үш сағатқа дейiн ұзартылады.
121. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушыларға серуендеу көбіне тәулiктiң жарық уақытында берiледi. Әр камераларда ұсталатын адамдарды серуендеуге шығару уақыты жылжымалы кесте бойынша белгiленедi.
Тергеу изоляторының ішкі тәртіптеме қағидалары бұзылған жағдайда серуендеу мерзімінен бұрын аяқталады.
122. Серуендеу сипаттамасы осы Қағидаларға 14-қосымшада көрсетілген серуендеу аулаларының аумағында жүргiзiледi. Серуендеу аулалары отыруға арналған орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын шатырмен жабдықталады. Серуендеу уақытында кәмелетке толмағандарға дене шынықтыру жаттығуларына және спорттық ойындарға мүмкiндiк берiледi. Балалары бар әйелдерге арналған серуендеу аулалар көгалдандырылады және құмсалғышпен жабдықталады.
123. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар серуендеуді мезгiлiнен бұрын аяқтау үшiн серуендеуге жауапты адамға тиісті өтiнiшпен жүгінеді, ол тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының назарына жеткізіледі. Көрсетілген лауазымды адам өтiнiштiң мән-жайы бойынша шешiм қабылдайды.
16-тарау. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуын өткiзу тәртібі
124. Күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу Заңның 17-бабына сәйкес ұсынылады.
125. Тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары жазбаша түрде кездесуге рұқсат етеді және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы кезек есебімен оның ұзақтығын белгілейді.
126. Кездесу жалпы кезек тәртiбiнде ұсынылады. Кездесу басталар алдында оған келген адамдарға кездесу кезiнде өзін өзі ұстау тәртiбі туралы хабарланады және оны бұзған жағдайда кездесудiң тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
127. Кездесуге жеке басын куәландыратын құжаттарсыз не мас күйінде келген азаматтар, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетілмеген адамдар кездесуге жіберілмейді. Транзитпен айдауылданған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға кездесуге рұқсат берілмейді. Кездесуге рұқсат беруден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.
128. Күдіктiлердің, айыпталушылардың және сотталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуi қандай да бiр заттарды беруге жол бермейтін, бірақ сөйлесуге және көзбе көз қарым-қатынас жасауға кедергі келтірмейтін осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес кездесу өткізу үшін жабдықталған бөлмелерде тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң бақылауымен жүргiзiледi.
Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың кездесуге келген адамдармен сөйлесулері тікелей немесе сөйлесу құрылғылары арқылы жүзеге асырылады және тергеу изоляторының қызметкерлерімен тыңдалады.
129. Күдікті, айыпталушы және сотталушының қорғаушымен кездесуі жұмыс уақытында, бөлек, бөлу қалқаларынсыз және олардың саны мен ұзақтығына шектеу қойылмай жүргізіледі. Кездесу тергеу изоляторының қызметкерiне күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны және қорғаушыны көруге мүмкіндік беретін, бiрақ сөздерi естiлмейтiндей жағдайларда жүргiзiледi.
130. Күдіктімен, айыпталушымен немесе сотталушымен кездесу іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген - адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде, ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес іс бойынша қорғаушы болып танылған басқа адамға - өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын және жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде беріледі.
131. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен кездесуге рұқсат алған адамдарға тергеу изоляторлары бастығының немесе оны алмастыратын адамның рұқсатынсыз тергеу изоляторына техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино-, фото-, аудио-, бейне және көбейткiш аппаратураларды алып кiруге және оларды кездесу кезiнде пайдалануға рұқсат берілмейді.
132. Кездесуді мерзімінен бұрын тоқтату Заңның 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
133. Кездесу уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда тергеу изоляторының оны өткізуге жауапты қызметкері бұл туралы тергеу изоляторының бастығына кездесуді тоқтату себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде баяндайды.
134. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен қысқа мерзімге кездесулерді тоқтатқан жағдайда (карантинге, ерекше жағдайлар режимін енгізуге байланысты және басқа да себептермен) тергеу изоляторының бастығы бұл туралы тергеу изоляторында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлайды, қабылдау бөлмесінде келушілер үшін хабарландыру ілінеді.
17-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету тәртібі
135. Тергеу изоляторының әкімшілігі қылмыстық іс жүргізетін судьялардың, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтау жүргізетін адамдардың жұмыс уақытында күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеу изоляторына кедергісіз келуін қамтамасыз етеді.
136. Кезекші ауысымдардың кезекшілікті тапсыру-қабылдау кезінде (бір сағаттан көп емес), күн тәртібіне сәйкес тамақ ішу кезінде (таңғы, түскі, кешкі ас), сондай-ақ түнгі уақытта (кешкі сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін), ҚПК-мен көзделген жағдайларды қоспағанда, күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды камералардан кездесуге шығару жүргізілмейді. Көрсетілген уақытта шақыртулар бойынша шығарылған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар камераларға қайтарылады.
137. Тергеушінің, анықтауды жүргізетін адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша тергеу амалдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамаларды өткізу үшін тергеу изоляторының аумағында оның әкімшілігі:
1) жабдықталған үй-жай береді;
2) күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны жеткізеді және оның күзетін қамтамасыз етеді;
3) тергеу изоляторына тергеу амалдарына қатысуға тартылған өзге де адамдардың кіруін қамтамасыз етеді;
4) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мекеменің қоймасында сақталған немесе өзінің жеке пайдалануындағы мүлкін тінтуді, алуды, тыйым салуды жүргізеді.
138. Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторының әкiмшiлiгiнен қолда сақтау үшiн мына құжаттарды қолхат арқылы алады:
айыптау актісінің көшiрмесi;
тергеушiнi, анықтаушыны, қорғаушыны, судьяны ауыстыру туралы хабарлама;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрі – ҚК) басқа бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы қаулының көшірмесі;
үкiмнiң немесе сот ұйғарымының көшiрмесi.
139. Апелляциялық және кассациялық инстанцияның істі қарауы туралы хабарлама; күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы хабарлама; бір органнан басқа органға ауыстыру туралы хабарлама күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қолхат арқылы жарияланады және олардың жеке істеріне тігіледі.
140. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу әрекеттерін жүргізуге және соттарға этаппен апару алдында заттай нормаларға сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.
18-тарау. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртiбi
141. Көтермелеу және жазалау шаралары тергеу изоляторында ұсталатын барлық күдіктiлерге, айыпталушыларға және сотталушыларға Заңның 37-39-баптарына сәйкес қолданылады.
142. Сөгіс тергеу изоляторы бастығының қаулысымен беріледі. Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау түрiндегі жаза тергеу изоляторы бастығының дәлелдi қаулысымен осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан және медицина қызметкерiнiң күдіктiнiнің, айыпталушының немесе сотталушының онда болу мүмкiндiгi туралы қорытындысы бойынша беріледі. Жаза беру туралы қаулылар қолхат арқылы жарияланады. Қаулының көшiрмесi тексеру материалдарымен бiрге осы адамның жеке iсiне тігіледі.
Тергеу изоляторының бастығы болмаған жағдайда күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталушылар кезекші көмекшінің баянаты бойынша тәртіптік изоляторға, тергеу изоляторының бастығы келгенге дейін, бірақ 24 сағаттан аспайтын мерзімге қамалады.
Ауызша жарияланғандардан басқа барлық көтермелеулер мен жазаларды корпус бойынша аға қызметкер камералық карточкаларға енгiзедi және осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы есепке алу бөлiмiнің қызметкері жүргiзетiн күдіктiлердің, айыпталушылардың және сотталушылардың жазаларын және көтермелеулерiн есепке алу кiтабында есепке алынады.
Сипаттамасы осы Қағидаларға 19-қосымшада көрсетілген тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамауға жазаланған адамдарға мұқият тiнту жүргiзiледi және олар тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына бекiтiлген киiмдердi киедi.
Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған адамды санитариялық тазалау, ол жазаларын өтегеннен кейiн, ал дәрiгердiң нұсқауы бойынша оны тәртіптік изоляторда немесе уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау кезеңiнде де жүргiзiледi. Дәрiгердiң науқастанғанды тәртіптік изолятордан немесе уақытша оқшаулау үй-жайынан мерзiмiнен бұрын босату туралы нұсқауы дереу орындауға жатады.
143. Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған адамды тергеушiге немесе сотқа шығару, сондай-ақ тергеу изоляторынан уақытша кетуi оны салынған жазаны одан әрi өтеуден босатпайды.
19-тарау. Тергеу изоляторы бастығының немесе ол уәкілеттік берген адамдардың күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жеке қабылдау тәртібі
144. Тергеу изоляторы бастығының немесе ол уәкілеттік берген адамдардың күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
145. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушыларды жеке қабылдау олардың назарына жеткізілетін кесте бойынша жүргізіледі. Қажет болған кезде, жеке қабылдау кестеден тыс қосымша өткiзiледi.
146. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жеке қабылдауға жазуды тергеу изоляторының қызметкерлері күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырады. Қабылдау туралы өтініш тергеу изоляторы бастығының атына жазбаша түрде беріледі немесе ауызша айтылады және күдікті, айыпталушы және сотталушы қабылдауына барғысы келген лауазымды адамды көрсете отырып, жеке қабылдау журналында кезектілік тәртібінде тіркеледі.
147. Қабылдау өтiнiш беру кезектiлiгінің тәртiбiнде өткiзiледi. Қабылдау аяқталған соң журналда және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижелерi жазылады. Өтiнiш күдiктiнiң, айыпталушының және сотталушының жеке iсiне тiгiледi.
20-тарау. Тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың мәйіттерін беру тәртібі
148. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күдiктiнiң, айыпталушының және сотталушының қайтыс болуы туралы оның жақын туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргiзетiн прокурорға, сондай-ақ өндірісінде қылмыстық iс бар адамға немесе органға дереу хабарлайды.
Егер қайтыс болған адамның туыстары тергеу изоляторы орналасқан қалада тұрмаса, хабар пошта арқылы жіберіледі.
149. Қайтыс болған адамның мәйітін алуды талап еткенге дейiн, бiрақ жетi тәулiктен асырылмай не уәкiлеттi органның қайтыс болу фактiсi бойынша тексеру аяқталғанға дейiн жақын жердегi денсаулық сақтаудың медициналық ұйымындағы мәйiтханаға сақтауға тапсырылады. Қайтыс болған адамның мәйітін алуға оның жақын туыстарының айрықша құқығы бар. Олар болмаған немесе мәйітті алудан бас тартқан кезде мәйітті берудi талап еткен адамға беріледi.
150. Мәйітті беру өндірісінде қылмыстық iс бар адамның немесе органның рұқсатымен талап еткен адамның жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшiн жеке басын куәландыратын құжатты көрсету керек.
151. Қайтыс болған адамның туыстарына немесе өзге де адамдарға қайтыс болғаны туралы куәлiк алу тәртібі түсiндiрiледi. Жерлеу жабдықтарын мәйітті беруді талап еткен адам қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.
152. Егер қайтыс болған адамның туыстары немесе өзге де адамдар мәйітті алуға уақтылы келе алмаса, олар бұл туралы хабарлайды және мәйітті белгiленген уақыттан артық сақтау құнын төлейді.
153. Қайтыс болған күдiктiнің, айыпталушының және сотталушының көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген мәйіті мемлекет есебiнен жерлеуге берiледi.
21-тарау. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды күзеттен босату тәртібі
154. Күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталушыларды күзеттен босатуды тергеу изоляторының бастығы тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін не соттың дәлелді қаулысы бойынша жүзеге асырады.
155. Тергеу изоляторының бастығы күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны күзетпен ұстау мерзімі өткенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей бұл туралы өндірісінде қылмыстық іс бар органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға жазбаша хабарлайды.
156. Бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу судьяның қаулысын факсимильдік байланыс бойынша қабылдауға жол беріледі, қаулының түпнұсқасы пошта бойынша қабылданады. Егер бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімі өткеннен кейін күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны босату туралы не бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе тергеу изоляторының бастығы оны өзінің қаулысымен босатады, оның көшірмесін 24 сағат ішінде өндірісінде қылмыстық іс бар органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
157. Күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны нақты босатуға дейін күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу судьясының қаулысы келіп түскен жағдайда тергеу изоляторының бастығы өзінің қаулысының күшін жояды, ол туралы прокурорға хабарлайды.
158. Күзеттен босатылған күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақталған ақшалары, сондай-ақ оның күзетпен ұстау мерзімі және босату негіздері көрсетілген анықтама беріледі.
159. Күзеттен босатылған күдіктілердің, айыпталушылардың немесе сотталушылардың жеке шотында жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль немесе су көлігімен бару жолында жол жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусым бойынша киім және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
Босатылатын адамды тамақпен, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету заттай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Мекеме әкiмшiлiгi босатылғанға он күн қалғанда босатылатын адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына дейін жол жүру билетiн сатып алады.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 1-қосымша |
Күдіктiлердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу изоляторларындағы мiнез-құлық қағидалары
1. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылар:
1) Заңмен және осы Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген қамауда ұстау тәртiбiн сақтайды;
2) тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын сақтайды;
3) гигиена және санитария талаптарын сақтайды;
4) күнделiктi серуенге шығады (серуеннен босатуды медициналық қызметкердiң қорытындысы бойынша тергеу изоляторының бастығы жүзеге асырады);
5) өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтайды;
6) тергеу изоляторының мүлкiне ұқыпты қарайды;
7) кезектiлiк тәртіпте камераларды және басқа да үй-жайларды тазалайды;
8) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, күдіктілердің және айыпталушылардың, сондай-ақ өзге де адамдардың ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасамайды, қызметкерлермен "Сiз" деп сөйлеседі;
9) тергеу изоляторының қызметкерлерiне, сондай-ақ күзетпен ұстау тәртiбiн қамтамасыз ететін өзге адамдарға қызметтiк мiндеттерiн атқаруда кедергi келтiрмейді;
10) белгіленген күн тәртібін сақтайды;
11) камераға тергеу изоляторының қызметкерлерi кiрген кезде олардың командасы бойынша орнынан тұрады және көрсетiлген орында қатарға тұрады;
12) айдауылмен жүрген немесе тергеу изоляторының қызметкерлерi iлесiп жүрген кезде қолдарын артында ұстайды;
13) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, өзге де лауазымды адамдардың талабы бойынша өзiнiң тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) айтады;
14) тыныштық сақтайды;
15) кезектiлiк тәртiпте камера бойынша кезекшiлiк атқарады.
2. Камера бойынша кезекшi:
1) камераға тергеу изоляторының қызметкерлерi кiрген кезде, камерада отырған күдіктiлердің, айыпталушылардың және сотталушылардың саны туралы баяндайды;
2) камера мүкәммалының, жабдықтарының және басқа мүлкiнiң сақталуын бақылайды;
3) камерада ұсталатын адамдар үшiн ыдыс алады және оны тапсырады;
4) камерада тазалықты бақылайды;
5) камерада еден сыпырады және жуады, камераның сантехникалық торабын, серуендеу аяқталғаннан кейінсеруендеу ауласын тазалайды;
6) ауыз суға арналған ыдысты жуады.
3. Күдіктiлердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тәртіп бұзуы болып табылады:
1) тергеу изоляторының басқа камераларында немесе өзге де үй-жайларында ұсталатын адамдармен серуендеу аулаларында сөйлесуі, оларға қандай да бiр заттарды беруі, тықылмен белгi беруі немесе олармен хат алмасуы;
2) сөйлесудiң белгiленген тәртiбiн бұзуы, бостандықта жүрген немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қандай да бiр заттар беруі және олармен хат алмасуы;
3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз камералардан және режимдiк корпустардың басқа да үй-жайларынан шығуы;
4) тергеу изоляторлары объектiлерiнiң күзет желiсiн бұзуы;
5) алкогольдiк iшiмдiктерді, есiрткi және психотроптық заттарды дайындауы және пайдалануы;
6) материалдық немесе өзге де табыс табу мақсатында үстел ойындарын ойнауы;
7) өзiне немесе басқа адамдарға татуировкалар жасауы;
8) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жатын орындарына перде ілуі және ауыстыруы;
9) қолдан жасалған электр құралдарын пайдалануы;
10) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануы;
11) камерада ашық от жағуы;
12) жануарлар ұстауы;
13) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз сантехника, жарық бергiш және басқа да құралдарды жөндеуі немесе камера жарығын реттеуі;
14) камераларда сантехникалық тораптарды ластауы;
15) камералардың қабырғаларынан тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпаратты алып тастауы;
16) қабырғаларды, камера мүкаммалын қағазбен, фотосуреттермен, суреттермен, газет және журнал қиындыларымен желiмдеуі, оларға жазу жазуы немесе суреттер салуы;
17) тыныштықты бұзуы;
18) тергеу изоляторының аумағында қозғалу кезiнде саптан шығуы, темекi шегуі, сөйлесуі, камера тесiгiнен сығалауы, қандай да бiр заттарды жоғары көтеруі, дабыл сигнализациясының түймесін басуы;
19) терезелерден бiрдене тастауы, терезе алдына шығып тұруы, желдеткiштен басын шығаруы, есiктiң "көзшесіне" жабыса тақалуы, "көзшені" жабуы;
20) жеке пайдалану заттарын сатуы, сыйлауы немесе өзге де тәсiлмен иелiктен шығаруы;
21) өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасауы;
22) медициналық қызметкердің ұсынымы бойынша тергеу изоляторы бастығының рұқсатынан басқа, күн тәртібімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануы;
23) камераларда темекі шегуі (темекі шегуге арналған орынды тергеу изоляторының әкімшілігі белгілейді);
24) тамақ дайындауы;
25) камераларда киім, аяқ киім және іш киім жууы.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 2-қосымша нысан |
Тергеу изоляторын инспекциялайтын адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кiтабы
____________________________________________ (тергеу изоляторының атауы)
| "___" __________ басталды | |
| "___" __________ аяқталды |
р/с № | Күнi | Инспекциялайтын адамның лауазымы, ТАӘ (әкесінің аты болған жағдайда), атағы | Ескертулердiң мазмұны | Ұсыныстар | Орындау мерзiмi | Қабылданған шаралар |
Ескертпе:
1. Кiтап нөмiрленеді, тiгiледі, тиiстi қолмен куәландырылады және сүргiштi мөр қойылады. Кiтап тергеу изоляторының бастығында сақталады.
2. Кiтап қарау үшін және тергеу изоляторларын инспекциялауға құқығы бар адамдарға онда тиiстi жазбалар жазу үшiн ұсынылады.
3. Инспекциялайтын адамкiтапқа өзқұзыретініңшегінде барлық мәселелер бойынша негiзгi ескертулерi мен ұсыныстарын енгiзедi. Бұл ретте анықталған кемшiлiктердi жою мерзiмдерi көрсетiледi.
4. Тергеу изоляторының бастығы инспекциялайтын адам белгiлеген мерзiмде кемшiлiктердiң жойылғаны туралы жоғары тұрған бастыққа баяндайды.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 3-қосымша нысан Бекiтемiн Тергеу изоляторының бастығы ___________________________ (лауазымы, қолы, тегi) ____ жылғы "___" __________ |
Камера бойынша орналастыру жоспары
Бөлек ұсталады | Камера № | Камерадағы орын саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жоспар камера бойынша кезекші бөлімнің, жедел қызмет, режимдік және арнайы есеп сейфінде орналасқан.
Тергеу изолятор бастығының орынбасары
(атақ, қол, тегі)
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 4-қосымша |
Жалпы камераларды жабдықтау
Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар ұсталатын камералардың құрылысы сыртқы қоршаған ортадан және жапсарлас үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етеді. Камералардың жоспарлану нысаны есiктiң "көзшесі" арқылы олардың неғұрлым жақсы көрiнуiн қамтамасыз етеді.
Камералардағы есiк көлемi 90х200 сантиметр (бұдан әрi - см.) екi жақты болады. Еден деңгейiнен 95 см. биiктiкте 18x22 cм тамақ таратуға арналған терезе орналасады. Жалпы камераларды көлемi 1,88х0,65 метр жоспарында екіқабатты кереуеттермен, бiр адамға 0,4 метр үстел периметрiнiң есебiндегi үстелдермен және ағаш орындықтармен ұзына бойы 1метрге 5 орын есебiндегi киiм iлуге арналған шкафпен жабдықтау қажет. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітіледі.
Әр камерада қолжуғыштан және унитаздан тұратын санитариялық торап жабдықталады. Санитариялық торап бөлгiшпен бөлiнiп тұрады.
Терезенiң iшкi жағынан терезе тесiгiне қолжетімділіктішектейтін, қабырғадан 25x30 см. берi шығып тұратын тор қойылуы тиiс. Барлық камераларға боялған еден салу қажет.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 5-қосымша нысан Санкциялаймын ______________ Прокурор ___________________ (қолы, тегi) _____ жылғы "__"___________ |
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы тәртібінде күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
___________________________________________________________________
(жалғыз адамдық камерада ұстау үшін негiз болған
___________________________________________________________________
мән-жайларжазылады)
___________________________________________________________________
Қаулы еттi:
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
одан әрi жалғыз адамдық камерада ұстау үшін ауыстырылсын.
Тергеу изоляторының бастығы ________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
_____ жылғы "____"___________
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 6-қосымша |
Күдіктiлер, айыпталушылар және сотталушылардың өздерінде болуға, сақтауға, сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар арқылы алуға және қолма-қол төлемсіз сатып алуға рұқсат етілген тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар, аяқ киiм, киім-кешек және басқа да өнеркәсіптiк тауарлардың тізбесі
Күдіктілер мен айыпталушылар өздерінде болуға, сақтауға болатын, сауқаттар, сәлемдемелермен және қолма-қол төлемсіз ала алатын заттар:
1) жылытуды талап ететiн, сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ ашытқы, алкогольдік iшiмдiктерден және сырадан басқа тамақ өнімдері;
2) темекi бұйымдары, сіріңке (темекі бұйымдары 2 кг, темекі немесе папирос 20 қораптан аспауы тиіс);
3) белдiксiз, галстуксiз, тартпасыз киiмдердiң бiр жиынтығы (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), сондай-ақ бас киiм, маусым бойынша аяқ киiм (супинаторсыз, темiр тағасыз);
4) бiр жиынтық спорт костюмi немесе әйелдердiң үйге киетiн халаты (белгiленген үлгiдегi киiм алған күдіктілерден және айыпталушылардан басқа);
5) iш киiмдер;
6) шұлық;
7) шұлықтар немесе колготкалар (әйелдерге арналған);
8) қолғаптар немесе биялайлар;
9) бет орамалы;
10) бөлме аяқ киiмдері немесе спорттық аяқ киiмдер (бiр жұп);
11) жуыну жабдықтары (иіс, шаруашылық сабыны, сұйық сабын немесе су сабын (тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйым дәрiгерiнiң тағайындауы бойынша) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарауыш тарақ);
12) қалта айнасы (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе бiр ретпайдаланылатын қауiпсiз ұстара;
13) заттарға арналған қап немесе сөмке;
14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қорап;
15) үшбұрышты орамал, рейтуз, белдік, бюстгальтерлер, дәке,шашқыстырғыш, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар (әйелдергеарналған);
16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектер арбалары, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, көзге салынатын линзалар және оларды күтіп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);
17) зауытта жасалған тұрмыстық электр қайнатқыш;
18) жөке немесе ысқыш;
19) шариктi автоқаламсап, оның стерженьдері, қарындаштар;
20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерлерi, пошта конверттерi, ашық хаттар, пошта маркалары;
21) тергеу изоляторының дүкенiнен (дүңгіршегінен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алынған дәретхана қағазы;
22) бірыңғай ақ түсті төсек жабдығының бір жиынтығы (екi жайма және жастық тысы), сүлгі;
23) тергеу изоляторының кiтапханасынан не әкiмшiлiк арқылы сауда желілерінен сатып алынған көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзiмдi баспа басылымдары;
24) фотокарточкалар екiден аспауы керек;
25) үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино, нард);
26) бала күтуге арналған заттар (дәрiгердiң рұқсаты бойынша үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер);
27) тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның дәрiгерi тағайындаған дәрiлік заттар.
Тамақ өнімдерінің тізбесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органының нұсқамасы бойынша шектеледі. Күдiктiнің, айыпталушының немесе сотталушының өзiмен бiрге сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бiрiншi кезекте қажеттi заттардың, аяқкиiмнiң, киiм-кешектің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс. Осы тiзбеде көзделмеген заттар және құралдар тыйым салынған заттар болып табылады.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 7-қосымша |
|
| нысан |
Акт
Бiз, төменде қол қойған комиссия құрамында ____________________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан (сақтауға қабылдадық)
_____________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
құндылықтарды, ақшаны (______) _________________________ сомасында,
___________________________________________ заттар мен тамақ өнімдерін алып
қоюды жүргiздiк, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін
арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес санамаланады.
Барлығы берiлгенi: _______ құндылықтар атауы, ______ ақша,
Тамақ өнімдерінің, заттардың атауы
_________________________________________________
(саны)
бердiм: __________________ (тегi, аты, қолы)
қабылдадым: ____________________ (тегi, аты, қолы)
қатысқандар: ___________________ (тегi, аты, қолы)
20___ жылғы "___" ________
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 8-қосымша нысан |
Кереуетті жинау ҮЛГІСІ

Кереуетті жинау үлгісінің сипаттамасы
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 9-қосымша |
Қосымша ақылы қызмет көрсету тізбесі және тәртібі
1. Заңның 25-бабына сәйкес тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды тиісті жағдайлар болған кезде мынадай қосымша ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және өзгеде қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді:
1) емдеудің жекелеген түрлері;
2) денсаулық сақтау органдарының дәрігер-мамандарының консультациялары;
3) киім және іш киімді жуу және жөндеу;
4) аяқ киім жөндеу;
5) уақытша пайдалануға электр ұстараларын, электржелдеткіштер, тоңазытқыштар беру;
6) заң консультациялары;
7) мекемеде ұсталатын адамдардың жеке ісінде бар құжаттардың көшірмелерін түсіру.
2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қосымша ақылы қызметті тергеу изоляторларының қызметкерлері және осы мақсаттар үшін тартылған тиісті даярлығы мен лицензиясы бар мамандар көрсетеді.
3. Қосымша ақылы қызметті алу үшін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы тергеу изоляторы бастығының атына оның жеке шотынан ақылы қызметті көрсетуге ақшаны алуға өтініш жазады. Тергеу изоляторының жауапты қызметкері күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке шотында тиісті ақшаның бар-жоғын тексереді және өтінішке белгі қояды, содан кейін тергеу изоляторының бастығы өтініштің мәні бойынша шешім қабылдайды.
4. Қызмет көрсету төлемі сол жердегі қолданыстағы бағаларға сәйкес жүргізіледі.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 10-қосымша |
|
| нысан |
Жеке шотында _____ теңге № ____ камера түбiр. ________________
___ бар. ____________________________________________________
(күдіктінің, айыпталушының және сотталушының тегi, аты,әкесiнiң аты (болған
жағдайда)
Бухгалтер __________________
______ жылғы "___" __________
Өтiнiш
Төмендегi тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуды сұраймын:
р/с № | Тамақ өнімдерінің немесе заттардың атауы | Қанша сатып алу талап етіледі | Жiберiлген саны (салмағы) | Құны (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы:
Ескертпе:
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы 2 және 3-бағандарды толтырады.
Күдіктінiң, айыпталушының немесе сотталушының қолы
________________________________
сомасы_______________ теңгеге азық-түлiктi және бiрiншi кезекте
(жазбаша)
қажетті заттарды алғандығы туралы қолхат.
Бұл соманы менiң жеке шотымнан алуды сұраймын
____________________________________________________
(күдіктінiң, айыпталушының немесе сотталушының қолы)
______ жылғы "___" __________
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 11-қосымша |
Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесiндегi жиhаздың және мүкаммалдың тiзбесi
1. Сәлемдемелерді тексеруге арналған үстел;
2. Сәлемдемелерді қоюға арналған сөрелер;
3. Тара, камераларға сәлемдемелерді жеткiзуге арналған себеттер, сөмкелер;
4. Тоңазытқыш;
5. Пышақтардың, қасықтардың, ыдыстардың және т.б. қажетті саны;
6. Қолжуғыш, айна, сабын, орамал;
7. Таразы, гір жиынтығы;
8. Бақылаушыларға арналған ақ халаттар, бас киiмдер және медициналық қол қап.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 12-қосымша нысан |
Өтiнiш
Азамат ________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
__________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
(тұратын жерiнiң мекенжайы)
Күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға арналған сәлемдемені
қабылдауыңызды өтінемін
_________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
_________________________________ (туған жылы)
Сәлемдемедегі азық-түліктердің тізілімдемесі:
р/с № | Азық-түлiктердiң немесе заттардың атауы |
Салмағы | Саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өтiнiш берушiнiң қолы _____________________
______ жылғы "___"
Сәлемдемені қабылдадым ______________________________________________
(сәлемдемені қабылдаған қызметкердiң қолы)
Сәлемдемені алдым ____________________________________________________
(сәлемдемені алған күдіктінiң, айыпталушының немесе сотталушының қолы)
______ жылғы "___" __________
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 13-қосымша |
Азық-түлік және заттай сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртiбi
1. Нан тағамдары (бөлкелер, батондар, және т.б.) екi, үш бөлiкке бөлiнедi.
2. Сұйық тамақтар басқа ыдысқа құйылады.
3. Консервiлер ашылады да және басқа ыдысқа салынады.
4. Балық екi, үш бөлiкке бөлiнедi.
5. Шұжық тағамдары бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi.
6. Шашылатын заттар қайта салынады.
7. Кәмпиттер орамсыз қабылданады.
8. Хат алмасуды және тыйым салынған заттарды жасыру үшін пайдаланылатын басқа
да барлық азық-түліктер осы тәртiпте тексерiлуі тиіс. Тексеру азық-түлiктердің өз
сапасын жоғалтпайтындай жүргізіледі.
9. Заттар және құралдар да мұқият тексерiлуi тиіс.
Қажет болған жағдайда iздеу құралдары пайдаланылады.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 14-қосымша |
Серуендеу аулаларының сипаттамасы
Серуендеуаулаларын әдеттегідей режимдiк корпустардың жоғарғы қабаттарында орналастыру қажет. Мүмкiндiк болмаған жағдайда олар режимдiк аулада орналасады және жерасты және жерүстi жолдар корпустарымен бiрлесiп немесе оларға толықтай жабысып тұру керек.
Серуендеуге шығатын әр қамаққа алынғанғасеруендеуауласы 2,5-3 шаршы метр (бұдан әрi – м2) болуы тиіс. Серуендеуауласының ең аз көлемi - 12 м2.
Серуендеуауласының үстiңгi жағында металл жиек жапсырылады, ұяшығы 17x17 сантиметрден аспайтын металл торлар құйылады, ұяшығы 5x5 сантиметрден аспайтын "Рабица" типтес металл тор бекiтiледi.
Серуендеуаулаларының есiгi камера типтес желдеткiшсіз жабдықталады. Әрбiр серуендеу ауласының ортасында еденге жақсы жапсырылған орындықтар қойылады. Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында бақылаушыларға қарама-қарсы жерде атмосфералық жауын-шашыннан тасалау үшін ені 1, 2 метрдей жеңiл шымылдықтар iлiнедi.
Серуендеу аулаларынан мiндеттi түрде су көзімен қамтамасыз етiлуi керек.
Науқастарға, балалары бар әйелдер мен жүктi әйелдерге арналған серуендеу аулаларына шөп, гүл егуге рұқсат етiледi.
Балалар үшiн құмдағыштар орнатылады.
Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында серуендеу аулаларында жүрген барлыққамаққа алынғандарды әр уақытта бақылаушының қадағалауында болу үшiн тұғыр орнатылады. Бақылаушының бекетінде күзет-дабыл сигналы және аппараты немесе кезекшiмен телефонмен байланысу үшiн розеткалар орнатылады.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 15-қосымша нысан № ________________________ (облыс атауы) тергеу изоляторының бастығына |
Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуге рұқсат қағазы
Азамат(ша) __________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ҚК-нің _____ бабында көзделген қылмысты жасағаны үшiн жазаға тартылған,
____жылғы "__" ______ туған,
_____________________________________________________________________
(қылмыстық процесті жүргiзетін органның атауы)
тiркелген _____________________________________ -мен кездесуге рұқсат етiлгенiн
(күзетпен ұсталатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
хабарлаймыз.
_______________________________________________ қолы ________________
(қылмыстық процесті жүргiзетін адамның лауазымы, тегі)
20___ жылғы "___" __________
КЕЛIСЕМIН
__________________________________________________ қолы _____________
(қылмыстық процесті жүргiзетін орган басшысының лауазымы, ТАӘ (болған
жағдайда)
20___ жылғы "___" __________
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 16-қосымша |
Кездесу өткiзуге арналған бөлмелердi жабдықтау
Кездесу өткiзу бөлмесiнде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.
Әрбір кабина ені 80 сантиметр (бұдан әрi - см) және ұзындығы 1 метр метал каркастан, қалқан элементтерден және үстел мен қайырмалы орындықтардан тұрады. Кездесуге екi туысы балаларымен келген жағдайға 2-3 кабина ені 140 cм жасалады. Барлық кабиналар өзара еденнен төбеге дейiн қалқамен бөлiнеді. Кабинаның каркасы және қайырмалы орындықтар бұрыштық және жапырақшаболаттан құйылады, үстелдер ағаш талшықты плиталардан дайындалады. Кабиналар арасындағы қалқаларбиіктігі 80 см мықты тақтайдан сыртын пластиктен қаптай отырып жасалады, ал одан жоғары олар органикалық шыныдан жасалады. Туыстары мен қамаудағылар арасындағы қалқаларда екi жағы шыныланған декоративтi металл тор орнатуға жол беріледі. Келушiлерге арналған кабиналар жеңiл жабылғышы жоқ есiктермен жабдықталады.
Кабиналарблоктарының шетінде есту, ескерту және сөйлесудi үзуге арналған құрылғымен бақылаушының орны жабдықталады. Кабиналардың саны 10-нан асса бақылаушының орны кабиналар блогының ортасында мықты металл тормен жабдықталады. Бақылаушының жұмыс орнының ауданы 4 шаршы метрден кем болмауы тиіс.
Қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерi терезенiң саны бойынша перделермен, суы бар графинмен және стакандармен (келушiлерге арналған), қабырға сағаттарымен және бақылаушы үстеліндегі күзет-дабыл сигнализациясын беру құралымен қамтамасыз етiледi.
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 17-қосымша |
|
| нысан |
Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау туралы қаулы
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы
_________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), туған жылы)
____________________________________________________________________
___________________________________ режимін бұзуға жол берді (жіберілген
бұзушылықтың уақыты, мән-жайы және сипаты) "Адамдарды қоғамнан уақытша
оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау
тәртібі мен шарттары туралы" Заңның 39-бабын басшылыққа ала отырып қаулы еттi:
Режимдi қасақана бұзғаны үшiн күдікті, айыпталушы немесе сотталушы
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты) _______________________________________ тәулікке
тәртіптік изоляторға қамалсын.
№ _________ Тергеу изоляторының бастығы ____________________
(атағы, тегi, қолы)
Қаулы маған ___жылғы "___" ______ __________________
(күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қолы) жарияланды
Қаулыны жариялады _____________________________________________
(атағы, тегi,қолы)
(келесi бетi)
______________________________________________ тiнту жүргiздi
(тiнту жүргiзген адамның қолы)
Салынған жазаны орындағаны туралы белгiлер.
Тәртіптік изоляторға ___жылғы "___" сағат "___" "___" минутта қамалды.
Тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi
____________________________________________________________ (қолы)
Тәртіптік изолятордан ___жылғы "___" сағат "___" "___" минутта босатылды.
Тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi
_________________________________________________________(қолы)
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 18-қосымша |
|
| нысан |
Күдіктілер, айыпталушылардың және сотталушылардың жазалары мен көтермелеулерін есепке алу кiтабы
_____ж. "___" _________________ басталды
_____ж. "___" _________________ аяқталды
1-бөлiм
Жазаға тартылған адамдарды есепке алу
р/с № |
Т.А.Ә. | Жаза не үшiн салынған | Жазаның түрi | Жазаны кiм және қашан салды | Ескертпе |
2-бөлiм
Әкiмшiлiк көтермелеген адамдарды есепке алу
р/с № |
Т.А.Ә. | Көтермелеу не үшiн берiлдi | Көтермелеудің түpi | Кiм және қашан көтермеледі | Ескертпе |
| Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларына 19-қосымша |
Тәртіптік изолятордың сипаттамасы
(уақытша оқшаулау үй-жайының)
Тәртіптік изолятор бiр адамды ұстауға арналған арнайы жабдықталған камералық үй-жай. Еденi ағаштан жасалған. Есiгі түрмелiк құлпы бар камералық типтес.
Онда "көзше" қарағыш, тамақ беруге арналған желдеткiшжабдықталады, сыртқы жағынан вагон типтес құлып орнатылады.
Тәртіптік изолятордың мөлшері 0,5-0,5 метр металл торы бар және сыртқы жағынан қалқан-жалюзi бар терезесi болуы тиіс. Iшкi жағынан терезе тормен оқшауланады. Электрлi лампа есiк үстiнде қуыста немесе төбеде бекiтiледi және металл тормен оқшауланады.
Тәртіптік изоляторда:
1. Қабырғаға жапсырылып тұратын, ал тұрғаннан жатқанға дейiнгi мерзiмде көтерiлiп, бекiтiлетiн ағаштан жасалған жататын орны бар металл кереует;
2. Еденге немесе қабырғаға жапсырылған үстел және орындық;
3. Санитариялық торап орнатылады.
